Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
30.Н. Ә. Назарбаев бәсекелестікке қабілетті мемлекет мәні туралы (2006 ж. Қазақстан халқына жолдауы). Еліміздің әлеуметтік мемлекет ретінде дамып, қалыптасуының нақты бағыттары жыл сайынғы Елбасы Жолдауларының ең маңызды арқауы болып табылады. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын 2006 жылғы Жолдауда Елбасы Қазақстан халқының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға ерекше ден қойды.Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті
Осы орайда мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санайды:
1. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру
Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІT-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.
2.Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру
Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі тиімді пайдалана білу керек.
4. Қазақстанда зиаткерлік меншік құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндірісі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру
Қазақстанның авторлық құқық пен сауда белгісін қорғаудың қатаң кепілі ретіндегі беделін нығайту бізге экономиканың жаңа секторларын белсенді түрде дамытып, әртараптандыруға мүмкіндік береді.
5. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
6. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру
Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосып отырған келешегі зор сенімді әріптес ретіндегі беделін нығайта түседі.