Саяси Лидерлік



Дата21.04.2023
өлшемі15,55 Kb.
#85390
Байланысты:
Саяси лидерлік. Қабдолда Ақерке


Саяси Лидерлік
Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам.Лидер (көсем) сөзі саясатқа кішкене де болса қатысы бар көптеген адамдар үшін тартымды күшке ие. Басқа адамдарды басқару, оларды өз артынан ерту, қоғамның күнделікті өміріне ықпал ете алу мүмкіндігі тартымды болуға ескірмейтін сипат береді. Оның үстіне, көптеген адамдар үшін саясат ірі тұлғалар мен ерекше дарынды адамдардың айналысатын іс-қызметі ретінде көрінеді.
Лидер ұғымы көп жағдайда беделі, басқару дағдысы, жеке басының тартымдылығы бар қажетті қасиеттерге ие нақты тұлғаны білдіреді. 
Лидердің негізгі қызметі:
- интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;
- алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;
- билік органдарының қоғам -мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;
- бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру.
Мен политологиялық лидер деп Қазақстандық танымал блогер, экономист, журналист Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты көремін.
Дәулет Мұқаевтың басты қағидасы: Екі сөйлеу емес, әділет үшін күресем. Ол 1992 жылы 4 мамыр айында туылған. Оқу орны: Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Мамандығы: экономист. Дәулет Мұқаев 2020 жылы құрылған «Дәулеттен Қайырымдылық Қоры» қайырымдылық қорының және волонтерлік қызметтің арқасында «Дәулеттен» деген бүркеншік атпен кең аудиторияға танылды. Қор жұмыс істеген уақытта 57 отбасы баспаналы болды. 2021 жылы қазақстандық БАҚ Мұқаевтың африкалық ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қаражат жинау арқылы Гамбия халқына қалай көмектескені туралы жазды.
Блогер өз блогында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, кәсіп ашу жолдары және қазақтілді халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы да айтып беруімен танымал.
Дәулет Мұқаев Instagram желісіндегі ең көп жазылушы қазақтілді блогерлердің бірі, оның 2,4 миллионнан астам жазылушысы бар.
Дәулет "Халық үшін қолымнан келгенше соңына дейін" деп барынша ат салысып жатыр. Лидер деп көремін, себебі: Ол қазіргі таңда блогер ретінде қазақ тілін дамытуға өз үлесін қосып жатыр. Яғни, ол барлық контенттерін қазақша жүргізеді. Тұлға лидер болады, ол өзінің ең бірінші мемлекеттік тілін құрметтесе.
Мен Дәулетті лидер көремін: ол халық үшін барлығын аямай еңбек етіп, халықтың көзімен сауатын ашуға барынша ат салысып жатыр. Оған дәлел халықтың несие мен үй алудағы аңқаулықтарын, көрсететін осал тұстарын айтып, үйде баламен отырған аналардың өзіне тиесілі ақшасын адал жолмен алуды көрсетіп халықтың ойына жаңаша жаңалықтар енгізіп жатыр.
Қазіргі таңда, депутаттар сайлауына түсіп, халықтың арқасында Мәжіліс депутаты болды.
Мен Дәулетті лидер көремін, себебі: оның сырт келбетінен сенімділік пен көзінен от жалынды, халыққа деген жанашырлықпен адалдықты көремін. Мемлекеттің негізі халық екенін ұғынып, халықтың жағдайына шын жаны ашитын жалғыз жан.
Халықтың бұқаралық мұң-мұқтажы мен мәселелерін тыңдап, елмен бірге езіліп, халық пен мемлекеттің арасына үлкен байланыс орнатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет