Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар

бет3/5
Дата27.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#87565
1   2   3   4   5

Идеологиялық - еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастыруына байланысты 4 түрі:

Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Индияның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.

Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат"Мен демократиялық партияның мүшесімін" демейді,"Мен демократтар үшін дауыс беремін" дейді.

Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға "Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, хайуанаттарды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет