Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57

Жақсылықова г.С., Досметова Ю.А. – студент, 

«Менеджмент» мамандығы «Қаржы Академиясы» АҚ



КӘСІПОРЫННЫҢ МеНШІКТІК КАПИТАл еСеБІ ЖӘНе 

ОНЫ ПАЙДАлАНУ ТИІМДІлІгІН ТАлДАУ

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты 

мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе 

– ол капиталдың жеткіліктілігі.

Ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылы-

ғына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айна-

лысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің 

ақшалай  көрінісі  үйымның  меншікті  капиталы  болып  табылады.  Меншікті  капиталдың 

есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қы-

зметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті ка-

питалы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді 

орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді.

Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес  кәсіпорындар  өзінің  құрылуы  барысында, 

яғни  шаруашылық  қызметпен  айналысу  үшін  белгілі-бір  мөлшерде  мүліктерге  ие  болуы 

тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншік-

ті капиталы болып саналады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы 

яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың ак-

тивінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын  мүлкінің  құрамы  айналыстан  тыс  және  айналыстағы  активтер  болып  екіге 

бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі активтер» және «айналымдағы 

активтер» деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвести-

циялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпо-

рынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға не-

гізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық 

салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа активтер жа-

тады. Кәсіпорын мүліктерінің құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен 



45

айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері 

болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген табыс;

Кәсіпорынның жарғылық капиталы – қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан 

құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толты-

руға  және  ағымдағы  табыс  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  дивиденттерді  төлеуге  арналып 

кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығын-

дарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пай-

даланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұй-

ымның шығарған акцияларының түрлері, акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның 

атаулы  (номиналдық)  құнына  сәйкес  акционерлік  қоғамның  серіктестіктердің,  өндірістік 

кооперативтердің  жалпы  жиналысында  бекітіледі.  Жалпы  кез-келген  ұйымның  жарғысы 

тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. 

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай ак- циялар», 5010-шы 

«Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-

ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі. 

5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» шот- тарының кре-

диті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салы- натын салымдары бой-

ынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» 

шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған  акциялардың  немесе  жарналардың  номиналдық  құны  төленсе,  онда  ол: 

1030;1010 дебеті бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Егер  де  шығарылған  акциялардың  номиналдық  құны  негізгі  құралдармен,  материал-

дық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 

2730;2410;1310;1320;1330;1350 және 5110 шоты кредиттеледі.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капиталда азаяды, де-

мек: 5030 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010, 2730, 2410, 1310, 1320, 1330 шоттары кредиттелінеді.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5020, 5010 шотта-

ры дебеттеледі де, «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі. 

Капиталдың  қозғалысы  бойынша  операциялардың  дұрыс  көрсетілуінің  маңыздылығы 

әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті 

операциялар көрсетілген.

Төленбеген  капиталдың  есебі.  Төленбеген  капиталдың  есебін  жүргізу  үшін  5110-шы 

«Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шару-

ашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы 

туралы ақпарат жинақталады.

5110  «Төленбеген  капитал»  шоты  шоттардың  Бас  жоспарында,  «Меншік  капиталы» 

ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің 

табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Жарияланған  (белгіленген  тәртіппен  тіркелген)  жарғылық  қор  сомасына  5110-шы 

«Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің 

шоттары – 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционер-

лік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акцио-

нерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.


46

Қайтарылып  алынған  капиталдың  есебі.  Акционерлік  қоғам  акцио-  нерлердің  жалпы 

жиналысында акциялардың номиналдық құнын, не жалпы акцияның шығарылуы көлемін 

қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бой-

ынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз – акционер-

лік қоғам өз акцияларын олардың атаулы бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен 

сомасы. Мұндай капиталдың есебі 5030-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүр-

гізіледі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5030 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 

1010, 1030.

Сатылған  акциялар  бойынша  шоттарды  төлеуге  ұсынған  кезде  сатылған  акциялардың 

тұрақты құны 1280-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша  төленбеген  капиталдың  есебі.  Капиталдың  бұл  түрініңесебі  үшін  5400-шы 

«Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арнал- ған. Бұл бөлімшенің қатары-

на мынандай синтетикалық шоттар кіреді:

5420-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 

5430-шот  «Инвестицияларды  қайта  бағалаудан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»; 

5460-шот «Басқа да қосымша төленбеген капи- тал» . 5400-ші «Қосымша төленбеген капи-

тал» бөлімшесінің шоттарында құн- сыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвести-

цияларды және басқа актив- терді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен 

қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Резервтік капиталдың есебі. Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да та-

раптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік 

капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жет-

кіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді жабуға пайдаланылады. Резервтік капиталды құру 

және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. 

Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік ба-

ланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті 

шоттарында жүргізіледі: 5410-шы «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5460-

шы «Басқа да резервтік капитал».

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюд-

жетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төле-

геннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы» болып табылады. Ұйымдарда 

«бөлінбеген табыстың» есебі бухгалтерлік есептің  Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімше-

сіндегі шоттарында жүргізіледі.

5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»

5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы»

Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын 

есепке алу үшін 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын та-

бысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіп- орынның келтірілген пайдасынан гөрі залалы көп 

болса, онда шот активті бо- луы мүмкін.

Жыл  ішіндегі  әртүрлі  қызмет  түрлерінен  түскен  табыстар  6000-шы  «Не-  гізгі  қызметтен 

түскен табыстар» бөлімшесінің 6010 шотында, 6200-шы «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» 

бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 7000-шы «Сатылған тауарлардың өзіндік құны» бөлім-

шесінің шоттарында, оған 7010 шоты кіреді, сондай-ақ 7110, 7210, 7410, 7470, 7710, 7510, 7610 

шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.

Талдау жүргізгенде баланс активінің құралу көздерін талдау керек. Бұл кезде кәсіпорын 

мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға 

алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті 


47

капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы оның қаржылық тұрақтылығын көр-

сетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі 

қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал 

жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған ка-

питалдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. 

Сондықтан  да  қаржылық  есеп  берудің  ағымдағы  активтерінің  құрастырылукөздерін  шек-

теу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір ке-

зеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол 

банктердің қысқа мерзімді активтерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің не-

гізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді 

есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты 

етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан 

соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және 

технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да 

есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Пайдалынған әдебиеттер:

1. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Кеулімжаев.

2. «Аудит негіздері» Алматы 2005ж. Абленов Д.О.

3.  «Қаржылық  есеп»  КеулімжаевҚ.К.,  Әжібаева  Ж.Н.,  Құдайбергенов  Н.А.,  Жантаева 

А.А., Алматы 2001ж.

4. «Бухгалтерлік есеп» Радостовец В.К., Габдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., 

Алматы 2003ж.

5. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері» Әбдіманапов Ә. Алматы 2006ж.



Жиембаева М. С. – «Экономика» мамандығының Э-22к тобының студенті

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды қ.

Zamira250172@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Мухамбетова З.С.



ҚАРАҒАНДЫ ОБлЫСЫНЫҢ ХАлЫҚТЫ ӘлеУМеТТІК 

ҚОРҒАУ ЖҮЙеСІ ЖеТІлДІРУ

Адамдардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігінен айырылуы олардың материал-

дық жағдайы мен дүниеге деген көзқарасына қатты әсер етеді. Мүгедектер, тіпті олардың 

айналасындағы  адамдар  өздерін  жалғыз,  кеміс  және  өмірден  түңілген  адам  ретінде  сезі-

неді. Сондықтан адам құндылығын түсінетін қоғам оларға барынша жан-жақты көмек көр-

сетуі керек. Яғни қоғам мүгедектерді оңалту жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік біріктіру-

ге ат салысса, мүгедектер қоғам тіршілігінің әр түрлі бағыттарына белсенді қатысуға, сау 

адамдарға арналған және адам өмірінің әр түрлі салаларымен, атап айтқанда оқу, кәсіби 

салаларымен байланысты әлеуметтік құрылымдар құрамында бола алуға мүмкіндік алады. 

Кешенді оңалту процесінің құрылымына оңалтудың барлық түрлері кіреді: медициналық, 

кәсіби, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени және т.б.

Мүгедектер саны үнемі артып отыратын халықтың ерекше тобын құрайды. Әлем қоғамда-

стығы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесін өте маңызды мәселелер қатарына жатқызады.

Мүгедектерге  қолдау  жасаудың  негізгі  бағыттарының  бірі  –  мүгедектерді  әлеуметтік 

қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатын кәсіби оңал-

ту. Кәсіби оңалтудың негізгі мақсаты – мүгедек адамға тиісті жұмысқа орналасуына немесе 

жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік беру, сол арқылы оның әлеуметтік бірігуіне, мате-


48

риалдық тәуелсіздікке қол жеткізуіне немесе табысын арттыруға және өзін-өзі қамтамасыз 

етуіне жәрдемдесу. Соңғы кездері мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясат қоғам арасында 

кең таралған мүгедектің тек біреуге арқа сүйеу арқылы өмір сүретін адам емес екенін, яғни 

ол жарымжан емес, өмірден бөлектенген адам емес екенін, керісінше, толыққанды, тәуелсіз, 

қоғам өміріне өз үлесін қоса алуға қабілетті азамат екенін түсіндіруге бағытталған [1; 23б.].

Мүгедек тобына қарамастан, әр адамның еңбек етуге құқығы бар. Еңбек кодексіне сәй-

кес, медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға 

кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсізді-

гіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шар-

тын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға тыйым салынады.

Қазақстанда және басқа көптеген мемлекеттерде мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін 

шешуге,  ең  алдымен,  мүгедектердің  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілеттілігінің  төмен  және 

олардың  жұмысқа  орналасуы  үшін  жағдайлардың  болмауы  кедергі  келтіреді.  Мүмкіндіктері 

шектеулі болғандықтан, мүгедектер жұмыс іздеу барысында көптеген қиындықтарға тап бола-

ды, сондықтан мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оларды кәсіби оңалтуға жәрдемдеседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бой-

ынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстандағы еңбекке қабілетті мүгедектердің саны 

404 851 адамды құрады, оның ішінде 82 607 адам жұмыс істейді, немесе 20,4 пайыз. 

2015 жылдың нәтижелері бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің көрсеткіші 13035 

адамға өсті, яғни 95 642 адамды құрады, яғни мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейі 23,8 пай-

ыз. Жұмысқа орналасқан мүгедектер ішінде өз бетімен жұмыс тапқандар саны 2 606 адамды 

құрады (2,7 пайыз), ал Жұмыспен қамту жол картасы аясында 2 696 адам жұмысқа тұрды (2,8 

пайыз), жергілікті бағдарламалар арқылы – 7733 адам (8,1 пайыз). Қазақстандық мүгедектерге 

жұмыс орындарын беру үшін үкімет шамамен үш миллиард теңге бөлген. 2016 жылы үкімет-

те мүгедектерге арналған әртүрлі мамандықтарды оқытатын орталықтар ашу жоспарлануда. 

2015 жылдан бастап билік өкілдері мүгедектерге жұмыс орындарын беруге жәрдемдесуде. 

Мемлекет кәсіпорындарға жалақыны төлеуге жартылай көмектесетін болады [2; 35б.].

Қарағанды  облысы  бойынша  мүгедектер  тобы  мен  аурудың  жеке  түрлері  бойынша 

құрылымы төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 1).

Кесте 1 – Қарағанды облысы бойынша мүгедектер тобы мен аурудың 

жеке түрлері бойынша құрылымы адам

Көрсеткіштер 



2014 ж.

2015 ж.


Серпіні %

1

Мүгедектер барлығы:



55179

50695


91,9

2

Оныңішінде:



3

1 топ


6442

6412


99,5

4

2 топ



24570

24506


99,7

5

3 топ



20246

19777


97,7

6

16жасқа дейінгі мүгедек балалар



3921

3845


98,1

7

Соқыр мүгедектер 



5000

4367


87,3

8

Кресло- коляскамен қозғалатындар



2300

2111


91,8

9

Есіту қабілеті нашар мүгедектер



3800

3768


99,2

10 Тірек -қозғалыс аппараты бұзылғандар 

4700

4555


96,9

11 ҰлыОтансоғысыныңмүгедегі

217

103


47,5

12 Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілгендер

2709

2625


96,9

Е с к е р т у – «Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 

деректері негізінде автормен жасалған


49

Кестеден  көріп  отырғанымыздай,  Қарағанды  облысы  бойынша  мүгедектер  тобы  мен 

аурудың жеке түрлері бойынша құрылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 2015 жылы 

төмендегенін көріп отырмыз. Мәселен Ұлы Отан соғысының мүгедектер саны орташа есеп-

пен екі еседей қысқарған.

Қарағанды облысындағы еңбек жасындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 15676 

адам. Еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынған оның ішінде:

– Жұмыс істейтіндері 9139 адам;

– Өзбетінше жұмыспен қамтылғандар 5029 адам;

– жұмыссыздар 1509 адам [3; 13б.].

Қарағандыоблысында2015 жылғы мәліметтер бойынша барлығы 1509 жұмыссызмүмкін-

дігішектеуліазаматтар бар,олардыңқұрылымы төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте 2).



Кесте 2 –Қарағанды облысындағы 2015 жылғы мүгедектік тобының құрамы адам

Барлығы 


1509

Мүгедектіктобыбойынша:

Біріншітопта

92

Екіншітопта



391

Үшіншітопта

1026

Жас аралығыбойынша:



18 – 29 жасаралығы

302


30 – 40 жасаралығы

324


41 – 50 жасаралығы

445


50 – денжоғарыжастағы

438


Білімібойынша:

толықемес орта білімді

123

жалпы орта білімді



929

орта арнаулыбілімді

322

жоғарыбілімді



134

Е с к е р т у – «Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 

ММ деректері негізінде автормен жасалған

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2015 жылғы мүгедектік тобы бойынша үшінші топтағы 

мүгедектер саны басым – 1026 адам. Ал мүгедектерді жас аралығы бойынша қарастыратын бол-

сақ, 41 – 50 жас аралығындағы мүгедектер саны ең жоғарғысы – 445 адам және 50 – ден жоғары 

жастағы мүгедектер – 438 адам. Кәсіпорында тікелей өнім өндірумен көп жағдайда жалпы орта 

білімді азаматтар жұмыс жасайтын болғандықтан, мүгедектенр саны да көп, яғни жалпы орта 

білімді мүгедектер – 929 адамды құраса, ал орта арнаулы білімді мүгедектер саны – 322 адам. 

Облысымыз бойынша толық емес орта білімді мүгедектер саны ең төменгісі – 123 адам.

Қарағанды облысының мүгедектер санының серпінін қалалар мен аудандар бойынша қа-

растыратын болсақ, ол келесі кестеде көрсетілген (кесте 3).



Кесте 3 –Қарағанды облысының мүгедектер санының серпіні, қалалар мен аудандар бойынша адам

Өңір атауы



2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Облыс бойынша барлығы



52574

55179


50695

2

Приозерск қ.



175

178


212

3

Қаражалқ.



595

595


601

4

Ақтоғай ауданы



617

636


628

50

5

Ұлытауауданы



611

640


645

6

Нұра ауданы



1153

1156


1258

7

Осакаров ауданы



1299

1277


1254

8

Жаңаарқа ауданы



1357

1355


1376

9

Шетауданы



1613

1633


1704

10 Қарқаралыауданы

1991

1901


1953

11 Сарань қ.

1699

1916


1925

12 Бұқар Жырау ауданы

2147

2233


2231

13 Абай қ.

2300

2340


2332

14 Шахтинск қ.

2516

2594


2668

15 Балқаш қ.

2921

2993


3171

16 Жезқазған қ.

4024

4063


4128

17 Сәтпаевқ.

3983

4081


4218

18 Теміртауқ.

5380

5443


5742

19 Қарағанды қ.

18193

18469


18885

Е с к е р т у – «Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 

ММ деректері негізінде автормен жасалған

Кестеден  көріп  отырғанымыздай,  Қарағанды  облысының  мүгедектер  санының  серпіні 

облыс бойынша барлығы1879 адамға төмендеген, ал аудандар ішінен Осакаров ауданында 

45 адамға төмендеген. Облыстың қалған барлық қалалары мен аудандары  бойынша керісін-

ше соңғы жылдары артып жатыр.

Халықтың  нысаналы  топтарына  (аз  қамтылғандарға,  зейнеткер  жасына  дейінгі  тұлға-

ларға,  оралмандарға,  мүгедектерге,  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылған 

тұлғаларға және басқа азаматтарға) әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, ол орындарға 

357 адам жұмысқа орналастырылды.

Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің қарқынымен оңтай-

лы, қолайлы демографиялық жағдаймен, сондай-ақ білім берудің сапалы қызметтерін ұсы-

нуды жақсартумен сипатталады.

Елбасының  тапсырмасы  бойынша  дағдарыстық  кезеңге  қарамастан,  облысымызда  ха-

лықты әлеуметтік қорғау шығындарының көлемі жыл сайын артып келеді.

Мүгедектер үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру:

– Сәулетті жоспарлықтың қолжетімділігі;

– Көліктік қолжетімділік;

– Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. 

Соңғы жылдары мүгедектерді тұрақты жұмысқа орналастырумен қатар, оларды әлеуметтік 

жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға орналастыру дамып келеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  «Қарағанды  облысының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің есебі 

 2. Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, www.kisi.kz 

 3. Омарханова Ж.М. Социальная устойчивость: проблемы исследования  и анализа //

Проблемы и перспективы развития экономики и управления: Материалы международной 

научно-практической конференции 3-4 декабря Прага. 2013. с.63-68

 4. Омарханова Ж.М. Развитие пенсионной системы Республики Казахстан как фактор 

обеспечения социальных гарантий // Аналитический журнал «Труд в Казахстане: пробле-

мы, факты, комментарии». – 2010. – №4 (136). – с.24-29



51


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет