Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет8/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57

Қабланова г. Р. – студент, «Менеджмент» мамандығы, 

«Экономика и Менеджмент» кафедрасы, АҚ «Қаржы академиясы», Астана қ.

cool_girl_nera@bk.ru

Ғылыми жетекші: э.ғ.м., Имангожина З.А.



ЖАСЫл ЭКОНОМИКА-ЖАРҚЫН БОлАШАҚҚА ЖОл БАСТАЙДЫ

Қазіргі кезде «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді.Бірі бұл елдің табиға-

тын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінсе,басқалары бұл сөзді табиғатқа 

көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің 

өзіндіктүрідепесептейді.Ал,үшіншілері мақсатты экологиялық таза өнімдерді құру болып 

табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп түсінеді.

«Жасыл»  экономика  –  бұл  табиғи  қорларды  тиімді  пайдалану  есебінен  қоғамның  әл-а-

уқатын сақтауға бағытталған,сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайта-

руды қамтамасыз ететін экономика [1]. «Жасыл» экономика бірінші кезекте,қазіргі уақытта 

сарқылуға ұшыраған пайдалы қазбалар сияқты ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқыл-

майтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде–таза 

немесе «жасыл» технологиялар жатыр.Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы 

дамыту,көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағда-

рысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.Жасыл экономика бұл – қорлардыңтиімділі-

гін арттыру,инфрақұрылымды жетілдіру,халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

«Жасыл» экономикаға өту орасан көп пайдасын тигізуде.Атап айтсақ,пайдалы қазбаларды 

ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлар-

ды өте бай ел ретінде танылған.Сондықтан мұнай,газ-бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергети-

калық қорлардың бірі ретінде саналады,бірақ тіпті олардың өз уақыты келгенде сарқыла-

ды,демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет.Бұл ретте Қазақстанның жақсы экожүйеге 

жер қыртысына және орманға ие болуы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Сонымен қатар,қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болады. Лас 

көшелер,үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кезде-

стіресіз.Қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  қалдықтарды  өндірістік  өнімнің  қайтала-

ма өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.Осылайша,мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды 

кешенді  қайта  өңдеу  және  балама  отынды  алу  технологиясы  Алматыда  іске  асырылуда.

Таза  көлікті  дамытуда  іске  асырылуда.Қазақстандағытасымалдардың  көпшілігі  дизелде/

бензинде жүргізіледі.Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин негізінде жүзеге 

асырылады.Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарылуына жағай жасаай-

ды.«Жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі,пайдалы қазбалардың сарқылуы және 

су ресурстарының тапшылығы сияқты әлемдік қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.«Жасыл» 

экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторы-

на құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: [2].

1-ші кесте – «Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламалары

1

Ауыл шаруашылығы



2

Балық аулау

3

Орман шаруашылығы



4

Өнеркәсіп

5

Энергетика



6

Балық аулау

7

Су Қорларын Басқару



52

8

Туризм



9

Көлік


10

Қалдықтарды Кәдеге Жарату Және Қайта Өңдеу

«Жасыл» бизнесакадемия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де ресурстарды жинау 

саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын 

әзірлеу болады. Академияда онлайн-семинарларды өткізу, инновациялық әдістерді қолдану 

жоспарлануда. Академияның онлайн-семинарлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы 

сарапшылар/мамандар арасындағы диалогқа, сондай-ақ «жасыл» өсу стратегиясын құруға 

бағытталған. Жасыл өсу және тұрақты даму тақырыбы бойынша жаңашыл электронды қор-

лар барлық студенттер үшін қол жетімді болады. Жасыл бизнес академиясы тұрақты дамы-

ту стратегиясын іске асыру жағдайында, әсіресе әлеуметтік қажеттіліктер және мәселелерді 

барынша ұстанатын тәжірибе, табиғи қорларды кешенді пайдалану саласында болатын ба-

рынша тәжірибелік кәсіби жұмыс күшін дайындауға көмектеседі [3].

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасыинвестициялық жобаларды іске асыру, саясат-

тарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша 

мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін 

болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, со-

нымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да – серіктестіктің жаңа деңгейін құру және 

көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі – жа-

сыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді 

құру арқылы экономиканы көгалдандыру. Жасыл көпір жаңашыл жасыл технологиялар – 

жасыл бизнес үшін қолайлы шарттарды тудыру үшін төлемнің жаңа тетігін ұсынады [4].

«Жасыл  экономика»  қалыптастыруда  көптеген  экологиялық  проблемалар  алдына  шығып 

отыр. Оның бастыларына тоқталатын болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған отбасынан 

бастап, Отан аумағын таза сақтап, ластаудан қорғау, ауа  мен судың бүлінуіне,кейбір өзен көл-

дердіңшарасы тарылып бара жатқанын,жұрт болып жұмылып,қалпына келтіру ісіне үлес қосу. 

Егер біз осыайтқандарды уақытында атқара алмасақ, ата-бабамыздан қалғанбасты байлығы-

мызды тоздырып алуымыз мүмкін.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың энергиясы» 

туралы көптен бері айтып, соны дүние жүзілік деңгейге көтеріп, EXPO-2017 Бүкіләлемдіккөр-

месін  ұйымдастыруда  Астана  төріне  әкелуіне  тегін  болмаса  керек.  Атқарылатын  жұмыстың 

арғы жағында ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін денсаулығын жақсарту,тіпті көңіл-күйін 

көтеру – бәрі өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға тәуелді екені анық. «Жасыл экономика» бағы-

тын таңдаудың негізінде осындай ғұмырлық істерді ілгерілетіп жатырмыз.Мұны жүзеге асыру 

кезінде азаматтар еңбек етумен қатар,ненің тиімді,неңің залалды екенін танып,білсе екен дейміз.

Ауылдың  көркеюі,  өсіп-өнуі  арқылы  халықтың  тұрмысын  оңалтуға  болады  [5].  Олар-

дың айналысып отырған шаруасына сай экология талаптарынан мағлұмат беру біздің басты 

міндетіміз саналады. Әсіресе, пайдаға аспай жатқан жерлерді игілікке жарату, су көздерін 

зая жібермеу жағы да өзекті проблемалардың бірі болып есептеледі. Ал, қала, ауыл, елдіме-

кендердегі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтай отырып, 

көгалдандыру ісі биік дәрежеде болуын ойластыру керектігі түсінікті.

Кейбір  ескі  ғимараттарды  бұзып  орнына  жаңа  тұрғын  үй  немесе  мекеме  мекенжайын 

тұрғызу барысында экологиялық талаптарбірінші кезекте ескеріліп, көгалдандыруға бөлі-

нетін жер алдынала жоспарлы түрде шешілсе, ұтылмасымыз анық. Өмірдің нәрі де, әрі де 

су екені мәлім. Тіпті, кейбірөзен-көлдердің ернеуінен төмендеп бара жатқаны қай-қайсы-

мыздың да жанымызға батпай қоймайды. Бұл тұрғыдан келгенде, Мемлекет басшысының 

«Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Соңғы 60 жылда Жер шарында ауызсуды пайдалану 

8 есе өсіпті, осы жүзжылдықтың ортасына қарай, көптеген елдер суды сырттан алдыруға 

мәжбүр болады. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. 

Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда», деп қадап 



53

айтуы тегін болмаса керек [6].Біздің елде сумен қамту мәселесі өте күрделі.Өйткені ағын-

сыз бассейндер және көл бетінің булануының жоғары деңгейі,сондай-ақ Қытайдан,Ресей-

ден,Өзбекстаннан және Қырғызстаннан басталатын трансшекаралық өзендерге тәуелділік 

судың айтарлықтай жұмсалуына әкеледі.

Су тапшылығының және су ресурстарын тиімсіз басқарудың қауіп-қатері Қазақстанның 

тұрақты экономикалық өсімі мен әлеуметтік дамуыүшін негізгі кедергі болуы мүмкін.

Сондықтансуресурстарытапшылығынқысқартуүшінмына  шараларқабылдауқажет:Ауыл 

шаруашылығында суды үнемдеу, яғни суарудың заманауи әдістері мен басқа да су үнемде-

уші заманауи технологияларды енгізу, егіс алқаптарын тамшылатып суаруды және басқа да 

қазіргі заманғы су үнемдеуші технологияларды енгізу, жабық топырақ алаңдарын ұлғайту, 

қосылған құны неғұрлым жоғары дақылдарға және суды аз қажетсінетін дақылдарғакөшу, 

2030 жылға қарай күріш пен мақтаның егіс алқаптарын 20-30 пайызға біртіндеп азайтып, 

су ресурстары тұрғысынан суды неғұрлым аз талап ететін көкөніске, майлы және азықтық 

дақылдарға алмастыру [7].

Өнеркәсіпте  су  пайдалану  тиімділігін  арттыру,  яғниөнеркәсіптік  кәсіпорындар  үшін 

суды жинау және тазарту стандарттарын арттыру, сарқынды суларды қайталап пайдалану 

және сумен қайталама жабдықтау, энергия тиімділігі мен су үнемдеу технологияларын енгі-

зу есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда су тұтынуды азайту.

Коммуналдық шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін арттыру: үйлер мен коммунал-

дық желілердегі судың ағыпкетуін жою, тарату тораптарындағы судың қысымын бақылау, 

тұрмыстық  техника  мен  сантехникаға  арналған  суды  үнемдеу  стандарттарын  арттыру.Су 

ресурстарының қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру.

2-ші кесте SWOT-талдауы

Сыр


тқы ор

та

Мүмкіндіктері



Ауыл  шаруашылығында  ет,құс  өнімдерінің  экспортқа  шығару,Шикізат 

ресурсатрға бай болуы.Жаңа технологиялардың арқасында халыққа тиімді 

дүниелердің шығарылуы.

Қатерлері

Ресурстардың  тапшылығы,ауыл  шаруашылығындағы  егіс  алқабтары  мен 

мал шаруашылығында құбылыстардың  табиғаттың кері әсері етуі.

Ішкі ор

та

Басымдықтары



Жеке  кәсіпкерлікпен  шұғылдану,және  соған  мемлекет  тарапынан  көмек 

көрсету,  жұмыспен  қамтамасыз  ету,  қаржылай  көмектің  көрсетілуі,жаңа 

технологияны  пайдалану,соның  ішінде  мұнай  өндіретін  кәсіпорындар 

модернизациялану  процессі  өткізіліп,болашақта  мұнай  кешенінің  тиімді 

пайдалануы.

Кемшіліктері

Іс жүзінде Қазақстан қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін жаңадан 

түзуі  қажет.Қалдықтарды  ұтымды  пайдалануға  арналған  нормалар 

жеткіліксіз, ал неғұрлым кешенді жүйені құру мен оның жұмыс істеуі үшін 

жауапкершілік бөлінбеген.Шикізатты тиімді пайдаланбай,және оны дұрыс 

өндіре  алмаудың  себебінен  ең  арзан  бағамен  сатылып  жатқаны.Сонымен 

қатар  өз  елімізде  тауарларды  шығару  жоқтың  қасы.Негізінен,  өз  елімізде 

шикізатты  өз  зауыт,фабрикаларымызда  пайдалансақ,біздегі  тауарлар 

қымбат  болмас  еді.Сондықтан  шет  елдерге  шикізат  өнімдерін  сатып,біз 

көп  шығынға  батудамыз.Инфрақұрылымның  дамуы  мен  жұмыс  істеуін 

орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.

Қазіргі уақытта елдегі кешенді шаралар қабылдауды қажет ететін мәселе – ауыр өнер-

кәсіп, агроөнеркәсіп кешені және пайдалы қазбаларды игеруден жиналған қалдықтар. Бұл 

жүйені қалыптастыру қалдықтарды кәдеге жаратудың келісілген жүйесін құру, қайта өңдеу 

мен қайталама пайдалануды кеңінен қолдануға көше отырып, полигондар санын қысқар-



54

ту, одан тысқары да өнімді көп айналымды пайдалана отырып, тұйық цикл экономикасын 

дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту 

тектес тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы қажет [8].



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 

тұжырымдама туралы» Жарлығы. // Егемен Қазақстан газеті, 2013

2. Ж. Жағыпарұлы // Ел ертеңінің тұғыры – «жасыл экономика» // Егемен Қазақстан га-

зеті. – 21 ақпан 2013-4б.

3. «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан 

мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.

4. Акимова Т. А., Хаскин В. В. Экология. М., 1998

5. Андерсон Дж. М. Экология и наука об окружающей среде. Л., 1985

6. Горелов А. А. Экология (курс лекций). М., 1998

7. Агаджанян Н. А., Торшин В. И. Экология человека. М.,1994

Қадырбекова г. Н. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Есеп және аудит» мамандығының 2-ші курс студенті



Мақсатова Б.  М. – «Қаржы Академиясы» АҚ «Есеп және аудит» 

мамандығының 2-ші курсстуденті

Kadyrbekova.gulnura@mail.ru

Ғылыми жетекші: Баймуминова Н.Х.– «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Экономика және Менеджмент» кафедрасының оқытушысы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНе ОРТА БИЗНеСТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ

Қазір біздің елімізде бизнесті дамытудың бұрын – соңды болмаған қолайлы ахуалы туып 

отыр. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастап, аталмыш салаға айрықша көңіл 

бөліп отыруы, сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға 

қоюы тікелей мұрындық болуда. Бұлай болатыны, Мемлекет басшысы шағын және орта 

бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте 

жақсы біледі. Ал бұл тектес кәсіпорындар өз ретінде орасан зор ақша айналымы мен жұмыс 

орындарын жасап қана қоймайды, сонымен қатар өндіріске жаңа технологияны бірінші ен-

гізіп, бизнесті жүргізудің соны тәсілдеріне батыл қол создырады.

Егер мемлекет ырғақты және тұрақты даму долына түскісі келсе, оның әлеуметтік – эко-

номикалық бағдарламасына міндетті түрде шағын және орта бизнесті ынталандыру шара-

ларының енгізілу қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінде дамыған елдерде ішкі 

жалпы өнім көлемінің 40 – 90 пайызы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Себебі, бұл 

мемлекеттердің үкіметтері аталмыш секторды жолға қоюға алдыңғы кезекте мән береді.

Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақстандықтар 

әл  –  ауқатының  көтерілуі  оның  дамуымен  тығыз  байланысты.  Статистика  агенттігінің 

үстіміздегі жылғы мәлімет бойынша, қазіргі таңда елімізді 627779 белсенді компания мен 

жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шару-

асын шалқытып жүргендер болып есептелінеді. Соның ішінде барлық субъектілердің 61,1 

пайызын жеке кәсіпкерлер, 27,1 пайызын шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,4 пайызын 

шағын кәсіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны жөнінен екі облыс алда келеді. (ке-

сте 1) Солардың ішінде осындай 119246 құрылымымен еліміздегі жалпы көрсеткіштің 18,99 

пайызын құрайтын Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Екінші орындағы Ал-

маты облысы жалпы көрсеткіштің 16,44 пайызын қамтитын 103241 субъектіге ие. Ал бұдан 


55

кейінгі орындардағы аймақтардың үлес салмақтары бұлардан едәуір төмен. Бұған көз жеткізу 

үшін үшінші – төртінші орындарға жайғасқан Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қала-

сында тиісінше 61995 және 56221 шағын және орта бизнес құрылымдары бар екенін айтсақ та 

жеткілікті. Қызылорда облысы кестенің соңында. Сыр бойындағы кәсіпкерлік құрылымдар-

дың 12917 деген цифрмен шектеледі. Соңынан санағанда екінші болатын, халқының саны 

аталмыш өңірдегіден екі еседей аз Маңғыстау облысындағы көрсеткіш бұдан біршама биік 

–  15941.  артта  қалушылардың  көшін  атырау  облысы  17700  деген  цифрмен  тиянақтайды. 

Кәсіпкерліктің жекелеген тармақтарына келсек, заңды тұлғалы шағын және орта кәсіпкерлік 

субъектілері бойынша Алматы қаласының алдына түсетін ешкім жоқ. Оңтүстік астанада бұл 

көрсеткіштер тиісінше 18215 және 2335 сандарын көрсетеді. Қалған аймақтарда бұл цифра-

лар едәуір төмен. Сол сияқты жеке кәсіпкерлік пен шаруа (фермерлік) қожалықтарының саны 

жөнінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары шығандап алға шығып кеткен. Ал осы-

лардың шаруа (фермерлік) қожалықтарынан басқалары бойынша Қызылорда облысы көштің 

ең соңында орын тепкен. Енді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жөнінде (кесте 

1) мәліметтер, ол мынадай көріністерді ұсынар еді. Статистика агенттігінің биылғы жылғы 1 

қазандағы мәліметі бойынша, еліміздегі шағын және орта бизнес құрылымдарына 2156901 

адам жұмысқа тартылған. Олардың 552445 – і заңды тұлғалы шағын бизнес, 422464 – і заң-

ды тұлғалы орта бизнес құрылымдарында есепте тұрады, 728682 – сі жеке кәсіпкерлікпен 

шұғылданады, 453310 – ы шаруа қожалықтарында жұмыс жасайды.



1 – кесте. ҚР шағын және орта бизнес жөніндегі мәліметтер

Аймақ атауы

Кәсіпкерлік 

субъектілер

Шағын 

бизнес


Орта 

бизнес


Жеке 

кәсіпкерлік

Шаруа 

(фермер) 



қожалықтары

Оңтүстік Қазақстан

119246

4455


474

55496


58821

Алматы облысы

103241

4256


520

49454


49011

Шығыс Қазақстан

61995

4517


499

41580


15399

Алматы қаласы

56221

18215


2335

35664


7

Қарағанды

41756

4875


747

30161


5973

Жамбыл


35042

1518


171

17967


15386

Қостанай


33114

2602


509

24978


5025

Астана қаласы

24843

5859


810

18172


2

Ақмола


24724

1964


428

18632


3700

Павлодар


22400

2520


340

16684


2856

Ақтөбе


21441

2769


448

14585


3639

Солтүстік Қазақстан

19080

1763


397

13745


3175

Батыс Қазақстан

18118

1989


240

12339


3550

Атырау


17700

2168


374

13502


1656

Маңғыстау

15941

4303


374

10518


746

Қызылорда

12917

1754


210

9801


1152

Шағын және орта бизнес құрылымдарында күнкөрісін ажыратып жүрген жұртшылықтың 

саны жөнінен де Оңтүстік Қазақстан облысы 285308 көрсеткіштерімен алда келеді. Осы 

салалар арқылы әл – ауқаттарын көтерушілердің қатары Алматы қаласы мен облысында 

да  едәуір.  Оларда  бұл  деңгейлер  тиісінше  275447  және  255321  мөлшерінен  қайтады.  Ал 

оларды субъектілер түрлеріне қарай бөліп қарастырғанда, заңды тұлғалы шағын және орта 

бизнесте Алматы қаласының үлесі айрыұша көп. Онда бұл салалар тиісінше 126330 және 

71791  адамды  асырап  отыр.  Сол  сияқты  89658  адамға  жұмыс  тауып  берген  Шығыс  Қа-

зақстан облысы жеке кәсіпкерлікті дамыту жөнінен көш басында тұр. Ал шаруа (фермерлік) 


56

қожалықтарында нәпақа айырып жүргендер қарасы Оңтүстік Қазақстан облысында бәрінен 

де көп, олар 141403 адамды құрайды. Көрініс мейлінше түсінікті болуы үшін кесте – 2 де 

төмендегі мәліметтер келтірілген.



Кесте – 2. Шағын және орта бизнеспен жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Аймақ атауы

Кәсіпкерлік 

субъектілер

Шағын 

бизнес


Орта бизнес

Жеке 


кәсіпкерлік

Шаруа 


(фермер) 

қожалықтары

Оңтүстік Қазақстан

285308


43900

25273


74732

141403


Алматы қаласы

275447


126330

71791


77269

57

Алматы облысы



255321

36885


24531

71006


122899

Шығыс Қазақстан

199578

44297


34146

89658


31477

Қарағанды

167212

46860


33424

62180


21748

Жамбыл


128779

20310


10841

27621


70007

Қостанай


123105

26859


32373

52557


11316

Астана қаласы

109869

44492


27794

37579


4

Ақмола


99565

19645


30309

38943


10668

Солтүстік Қазақстан

90318

15723


28251

38805


7539

Павлодар


85911

22135


15657

40725


7394

Ақтөбе


84911

23750


21968

29256


3175

Батыс Қазақстан

72027

18505


15553

27314


10655

Маңғыстау

64549

28044


17643

17622


1240

Атырау


62243

18510


16957

23099


3668

Қызылорда

53232

16200


15953

17316


3763

Ал кез – келген еңселі елдің экономикалық өсімі мен өркендеуінің негізі болып табы-

латын осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әкеліп жатқан табыстар қандай, енді 

соған тоқталайық. Статистикалық агенттік ұсынған 2010 жылдың қаңтар – қыркүйек айла-

ры аралығындағы мәліметтерде оның республика бойынша 4 трлн. 108млрд. теңге болғаны 

байқалады. Бұлардың арасында заңды тұлғалы шағын кәсіпкерліктің табысы – 1 трлн. 114 

млрд. 843 млн., заңды тұлғалы орта кәсіпкерліктің үлесі – 2 тлрн. 450 млрд. 288 млн., жеке 

кәсіпкерлердің қосқаны – 336 млрд. 344 млн., ал шаруа (фермерлік) қожалықтарының әкел-

гені 206 млрд. 605 млн. теңге маңынан қайырылады. Аймақтардың жайына келсек, мұнда 

Алматы қаласының десі бәрінен басым. Осы субъектілер әкелген барлық табыстың 27,64 

пайызы, яғни 1 трлн. 135 млрд. 482 млн. теңгесі оңтүстік астананың үлесіне тиеді. Келесі 

орындағы Астана қаласына тиесілі қаржының қоржыны бұдан екі еседен де төмен, ол – 504 

млрд. 569 млн. теңге. Үшінші орындағы Батыс Қазақстан облысчының еншісіне 334 млрд. 

967 млн. теңге жазылсы, төртінші орынға табан тіреген Атырау облысында 273 млрд. 877 

млн. теңге бар. Бұдан соңғы бесінші орынды – Алматы (255409 млн.), алтыншы орынды 

– Оңтүстік Қазақстан (206367 млн.), жетінші орынды – Шығыс Қазақстан (193747 млн.),  

сегізінші орынды Қарағанды (188068 млн.), Ақмола (122443 млн.) және Павлодар (114048 

млн.) облыстары 11 – 13 орындарға жайғасқан. Кестенің соңын Қызылорда (113144 млн.), 

Солтүстік Қазақстан (108537 млн.) және Жамбыл (85450 млн.) облыстары аяқтайды.

Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйек ай-

ларында өнім өндіру көлемі республика бойынша 5,3 пайызға өскен. Соның ішінде шағын 

және орта бизнес белсенді субъектілерінің саны 1,1 пайызға артып, оларда жұмыс жасай-

тындардың қатары 2,5 пайызға көбейген. Мұнда өнім өндіру мөлшерін  113,8 пайызға өсір-

ген Ақтөбе облысы көш басында тұр. Үздік үштіктің үзірі бұдан басқа Палодар (106,9%) 

және Қарағанды (106,8%) облыстарына тиесілі. Көштің соңында Алматы (101,9%), Қызы-

лорда (102,7%) және Солтүстік Қазақстан (102,1%) облыстары қалып қойған.



57

Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэко-

номикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнесті орны маңызды. Ендігі 

мәселе шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша Заңнамалық базаны 

нығайту болып табылады. Осы орайда: «Меншікті тіркеу», «Лицензиялау туралы», «Ин-

весторларды  қорғау»,  «Салық  салу»  өлшемдері  бойынша  Заңдарды  оңтайлы  нәтижелері 

көрініс болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 

жолдауы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Егемен Қазақстан. 

2 наурыз 2006жыл 4-бет.

2. Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М.1992год 245с.

3. Найт Ф. Риск, неопределенность и прибыль Thesis. –1994 год –Выпуск 5.-214с. 

4. Кирцнер И. Конкуренция и предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-494с. 

5. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология экономической 

классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с.

6. David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van Nostranal. 1961).

7. Макконел К., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Тал-

лин, 1995год-Т 1.-538с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет