Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет67/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №36

48 жастағы науқас әйел, қабылдауға мына шағымдармен келдi: iрiңдi қақырықпен жөтел, физикалық күшке айқын ентiгу, бетi мен аяқтарындағы iсiну, бел аймағының ауырсынуы, тәбетiнiң төмендеуi, iшiнiң кебуi, мезгiл-мезгiл iшiнiң өтуi, жұмысқа қабiлетiнiң төмендеуi, жалпы әлсiздiк:


Анамнезiнде: 20-22 жаста өкпе туберкулезiмен ауырған, емделген, бірақ, жиі суықтап, сол кезден iрiңдi бронхит мазалаған. Соңғы бес жыл бойы несебiнде жекеленген белок табылып жүрген. Осы жылы аяқтары мен бетiнде iсiну пайда болып, несеп мөлшерi азайған.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Терi жамылғылары қуқыл, бетi, қабақтары, бел аймағы, аяқтары iсiнген, ісіну жұмсақ. Өкпесiнде қорап реңкiлi өкпе дыбысы. Тынысы қатаң, құрғақ ызыңдаған және ысқырған сырылдар, төменгi бөлiктерiнде ылғалды сырылдар, ТЖ 26 минутына. Жүректің шала тұйықтығының сол шегi бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты. АҚ 110/90 мм сын. бағ., пульс саны 82 минутына, кернеуi мен толуы қалыпты. Iшi жұмсақ, перкуссияда бос сұйықтық кіндігінен бүйіріне дейін 5 елі аралығында, іші ауырмайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, жұмсақ, серпiндi. Талағы қабырға доғасының деңгейiнде, консистенциясы қаттылау. Қағу симптомы екi жағында да терiс.
Қан анализiнде: эрит. 3,5х1012/л, Нв 102 г/л, ТК 0,9, лейк. 6х109/л, лейкограммасында ауытқу жоқ. ЭТЖ 35 мм/сағ.
Несеп анализi: сабан сары, қышқыл, мөлдiр, тығыздығы 1008, белогі 4,4 г/л, эрит. 3-4 к/а, лейк. 10-12 к/а, түйiршiктi гиалиндi цилиндрлер 1-3 к/а.
Жалпы белогі 56 г/л, альбуминдері 30%, А/Г 0,4, холестерині 10 ммоль/л.

1. Жетекші синдромдары.


2. Болжам диагнозды құрыңыз.
3. ЖДП тактикасы.

36. Жауаптары:


1. Бронх өткізгіштігінің бұзылыс синдромы (іріңді қабынудың басымдылығымен); бүйректік ісіну нефротикалық синдром себебінен (асцит); ЖШ, кіші шеңбердегі іркіліспен; тезауризмоз (орфанды дерт) – қор жиналу синдромы: бүйрек, талақ амилоидозы.


2. Нег. ауруы: Бүйрек амилоидозы, нефротикалық синдромды сатысы. Талақ, бауыр, жүрек зақымдануымен (амилоидозымен). Е85
Фондық ауруы: Созылмалы іріңді-обструкциясыз бронхит, өршу фазасында. ТШII.
3. БСА (ХБП) сатысына байланысты жоспарлы немесе шұғыл госпитализация сұрағы шешіледі. БСА хаттамасына сәйкес тексерулер жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет