Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет38/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

№12. Ответы:




  1. Осн. заб.: Аллергическая бронхиальная астма (гиперчувствительность препаратам пенициллинового ряда), контролируемая, персистирущая средняя степень тяжести (ІІІ ступень), фаза обострения. (J45.0)


Осл.: ДНI.

  1. 1,2,7

  2. 1, 2, 3, 5.

Клиникалық жағдай №13

Қабылдау бөлiмiне 30 жастағы науқас басылмаған экспирациялық тұншығу ұстамасымен түстi. 10 жылдан берi бронхтық астманың инфекцияға тәуелдi түрiмен дертті. Ұстамалары сальбутамол ингаляциясымен басылып жүрген. Соңғы аптада жағдайы ауырлай түскен, бета-стимуляторлармен басылмайтын ұстама мен iрiңдi қақырықпен жөтел, қызба мазалаған. Тәулiгiне эуфиллин таблеткасын бірнеше, сальбутамол ингаляциясын 10-12 ретке дейiн қабылдаған. Қазiргi ұстама 8 сағат бұрын басталған.


Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, дене қалыбы мәжбүр, мазасыз, қозу күйiнде. Терi жамылғылары малшынған тер, диффузды цианоз, мойын веналары томпайған. Тыныс жиілігі 36 минутына, беткей, көмекшi бұлшық еттері тынысқа қатысады. Дистанциялық сырылдар жоқ. Кеуде сарайы күбi тәрiздi. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы везикулалық, өте әлсiз, жауырын арасында бiрлi-жарым құрғақ сырылдар естiледi. Жүрек тондары тұйық, семсерше өскiнше үстiнде шоқырақ ырғағы, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi мен систолалық шу, АҚ 100/65 мм сын. бағ., пульсi 120 минутына, кiшi.
Қанның жалпы анализiнде: эрит 6,2x1012/л, Нв 140 г/л, гематокриті 50%, лейк 13,0x109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпе суреті күшейген, өкпе жазығының ауалылығы жоғары.
Қанның РаСО2 58 мм сын. бағ. (№ 32,5-42,7), РаО2 47 мм сын. бағ.
Электрокардиограммада: SІ, QIII синдромы, QRS ені 0,10сек, V1,V2rSr1; II,III,AVF, V1-V2 биiк үшкiр Р; биiк RIII, V6терең S.

1. Астмалық статустың сатысын анықтаңыз:



  1. I сатысы

  2. II сатысы

  3. III сатысы


2. Осы науқастың астмалық статусын провакациялаған (арандатушы) факторлар:

  1. Бронхтық инфекция

  2. -агонистердi аса көп қолдану

  3. Бронходилятаторлардың жеткiлiксiз дозасы

  4. Бронхтық астманың ауыр барысы

3. Науқас есiнен танды. Жедел көмек шаралары:



  1. Преднизолонды 60-90 мг дозасында, сонан соң әр 4 сағатта 60 мгв/і

  2. Преднизолонды 300 мг, сонан соң әр 3 сағатта 200 мг в/і болюспен

  3. Қақыртқыш дәрмектер в/і

  4. Оттегi тұрақты ағыммен

  5. Жүрек гликозидтерi

  6. Наркоз, өкпенiң жасанды вентиляциясы (ИВЛ)

4. Диагнозын жазыңыз.

13. Жауаптары:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет