Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет36/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №12


Науқас 28 жаста, стационарда процедуралық кабинетте медбике болып iстейдi. 2 жыл бұрын пенициллинмен жанасқанда тамағының қышығанын, мұрнының бiткенiн, ұстамалы жөтелдiң, кейiннен тұншықпа ұстамасының пайда болғанын айтады. Үйiнде жағдайы жақсарады. Аллергиялық анамнезiнен: анасы аллергиялық ринитпен ауырады.


Науқасты горизонталь қалыпта қарап жатқанда, кенеттен тұншығу ұстамасы дамып, ол сальбутамол ингаляциясымен басылды. Мұрнымен тыныс алуы қиын. Аускультацияда везикулалық тынысы әлсiреген, тыныс шығару фазасы ұзарған, өкпенiң барлық бөлiгiнде жөтелгенде жоғалмайтын, шашыраңқы дискантты сырылдар естілді, тыныс жиілігі 16 мин. Пульсi 98 мин., екi қолында бiрдей. Жүрек тондары тұншығып естіледі, ырғақты. lшi жұмсақ, ауырмайды. Бауырдың Курлов бойынша өлшемдерi 11-9-7 см, перифериялық ісiнулер жоқ.
Қанның жалпы анализiнде: Нв134 г/л; лейк. 8,0х109/л, эоз. 10%, нейтрофильдердің: таяқша ядролылары 2%, сегментті ядролылары 68%; лимфоциттер 15%, моноциттер 5%, ЭТЖ 12 мм/сағ.
Қақырықтың анализiнде: консистенциясы шыны тәрiздi, тығыз, ашық түстi, эозинофильдер өте көп мөлшерде, Шарко-Лейденнiң бiрен-саран кристалдары, Куршман шиыршықтары.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпе жазығы жоғарғы мөлдiрлiкте.
Спирограммада: ӨТС 70%, ФТШК1 52%, ФТШК1/ФӨТС47%. Беротек ингаляциясынан кейiн: ФТШК160%, ФТШК1/ФӨТС 52%.
1. Диагнозын қойыңыз.

2. Бронхтық обструкциясының даму механизмдерiн көрсетiңiз.



  1. Бронхоспазм

  2. Бронхтар кiлегейiнiң iсiнуi

  3. Бронхтар қабырғасының жасушалық инфильтрациясы

  4. Бронхтардың деформациясы және облитерациясы

  5. Кiлегейдiң гиперсекрециясы

  6. Бронхтардың iсiну сұйықтығымен толуы

3. Науқасқа келесi iс-шаралар қажет:



  1. Емдік тактиканы таңдау. Стационарлық немесе стационар алмастырушы технологияны қолданып өршуін басу, GINA ұсыныстарына сүйеніп (хаттамада ұсынылған) бронх өткізгіштігін бақылау арқылы рецидивтерінің алдын алу

  2. Пенициллинмен арандатушы сынама

  3. Үй шаңымен арандатушы сынама

  4. IgE анықтау

  5. IgМ анықтау

  6. Фибробронхоскопия

  7. Процедуралық кабинеттен ауыстыру. Антибиотиктермен жанаспайтын жерге мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет