Клиникалық жағдай №28
54 жастағы әйелдің шағымдары: өте көп мөлшерлі көбікті қақырық (800-1200мл дейін) тастайтын жөтел, кеуде сарайының ауырсынуы, дел-салдық, әлсіздік.
Анамнезінен: ЖРВА кейін қақырықты жөтел қалып қойған, күшейе келе, көлемі де ұлғайған. Әлсіздік пен салмақ тастау, кеуде сарайының ауырсынуы кейін қосылған.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене салмағы кеміген. Тері жамылғылары қуқыл, диффузды және шамалы акроцианоз. Қалыптыда ентігу бар – тыныс жиілігі 34 мин., перкуссияда – қос өкпенің төменгі бөліктерінде өкпе дыбысы біркелкі емес қысқарған; аускультацияда түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Пульсі 116 мин., АҚ 150/90 мм сын. бағ.
ЭКГ: жүректің оң бөліктеріне күш түсу белгілері бар. Рентгендік зерттеуде: қос өкпенің төменгі және оң орта бөліктерінде өкпе тінінің біркелкі емес, түрлі өлшемді, бұрыс пішінді инфильтраттық тығыздалулары анықталды. Оң орта бөліктегі инфильтрат плевралық саңылаудан өтіп, жоғары бөлігінің алдыңғы сегментіне тараған. Тығыздалу фонында бөліктік және сегменттік бронхтардың қуыстары байқалады. Түбір аймақтары мен медиастинумде лимфа түйіндердің ұлғаюы бақыланбады.
Жетекшi синдромдары. Болуы мүмкін дерттер. ДД жүргізетін нозобірліктер.
Науқасты кеңеске және емдеуге жіберетін маман.
№28. Жауаптары:
1. Жөтел, өте көлемді қақырық тастау, оның көпіршікті болуы – бронх-альвеолалық рактен күдіктендіреді. Жетекші синдромдары: өкпенің диссеминациялық процесі (түйінді); ТШ; салмақ тастау; АГ; ЖШ. Нақты аталған дерттен күдіктенгенмен келесі аурулармен де ДД жүргізу керек: екі жақты пневмония; өкпе шемені; өкпенің туберкулезі.
Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Бронх-альвеолалық рак. С34
2. Шешуші зерттеулер қатарына КТ, БАЛ жатады. Онкологиялық диспансерде, көрсетпелеріне байланысты онкологиялық зерттеу институттарында тексерулер мен ем тағайындалады.
Клиническая ситуация №28
Больная 54 года, жалобы на кашель с пенистой мокротой в большом количестве (до 800-1200мл), боли в грудной клетке, утомляемость, слабость.
Из анамнеза: после перенесенной ОРВИ, сохранился кашель с мокротой, который со временем усилился и увеличилось количество мокроты. Позже присоединились боли в грудной клетке, слабость, потеря веса.
Об-но: общее состояние средней тяжести, признаки снижения массы тела. Кожные покровы бледные, диффузный и незначительный акроцианоз. Одышка в покое, частота дыхания 34 в мин., при перкуссии – в нижних отделах обоих легких перкуторный звук неоднородно притуплен; при аускультации разнокалиберные влажные хрипы. Пульс 116 в мин., АД 150/90 мм рт. ст.
ЭКГ: перегрузка правых отделов сердца. Рентгенологическое обследование: неоднородность легочной ткани, в нижних отделах обоих легких и в среднем отделе справа, определяются инфильтративные затемнения разных размеров и неправильной формы. Отмечается распрастранение инфильтрата из средних отделов через плевру в передний сегмент верхней доли справа. На фоне затемнения определяется полости долевых и сегментарных бронхов. В области корня легкого и медиастинума определяются увеличение лимфатических узлов.
1. Ведущие синдромы. Возможные заболевания. Нозологии для ДД.
2. К какому специалисту направляется больной для консультациии и лечения.
№28. Ответы:
1. Кашель, с большим количеством мокроты, пенистого характера – позволяет думать об бронхо-альвеолярном раке. Ведущие синдромы: диссеминация легких (узловая); ДН; потеря веса; АГ; СН. Несмотря на подозрение на конкретное заболевание нужно провести ДД со следующими патологиями: двусторонняя пневмония; отек легких; туберкулез легких.
Предварит. диагноз:
Осн. заб.: Бронхоальвеолярный рак. С34
2. К решающим методам обследования относятся проведение БАЛ и КТ. В онкологическом диспансере, по показаниям в исследовательском онкологическом институте, назначаются обследования и лечение.
Достарыңызбен бөлісу: |