Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет109/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124

Abstract. In this article is said about ways of expanding student’s horizon, giving tasks to form their functional 

literacy and ways to develop the abilities, through integration link. 



ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ 

Е.К. Мырзагалиева 

Т. Тоқтаров атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі, Ақсу ауданы, Алматы облысы, mirzagalieva75@mail.ru 

Пікір беруші – Әбішова К.М. профессор, филология ғылымының докторы, «Туран-Астана» университеті, 

Астана қ. 

Білім беру мен ұлттық тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан сөзін еске 

түсірейік: «мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған 

саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта 

баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен ,бұл қазіргі Кембридж бойынша білім 

берумен ұштаспай ма? 

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, 

адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 


274

Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданбалы көрністері: діни уағыздар, сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-

жоралғылар,  рәсімдер,  кісілік  рәсімдер  арқылы  іске  асырылады.  әрбір  жеке  тұлғаның  ұлттық  қасиеттері 

(имандылығы,  кішіпейілдігі,  сыпайылығы,  мәдениеттілігі,  сыйласымдылығы,  салауаттылығы,  тіршілікке 

бейімділігі, өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т.б.) ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды. 

Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,  өнер-білімді  игеруі  өскен  ортаға, 

тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Әрбір халықтың өсіп-

өркендеуі үшін әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени, саяси құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы 

қажет. 

- Ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі – үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретін-



дей стратегиялық темірқазығы – Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеуде ұлттық 

құндылықтардың орны мен мазмұнына, мәніне баса назар аударып, оның орны мен маңызын ашып көрсе-

туге негіз болуы

-  Қазақтың  ұлттық  тәрбиесін  сипаттайтын  ұғымдардың  мәні  ғылыми  әлемде  қалыптасқан  теориялық 

түсініктермен байланыста ашылып, этнотәрбиенің білімдік ерекшеліктерін анықтауы; 

- Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін ашып көрсетуі. 

Адам қолымен жасалған әлем шексіз мүмкіндіктер мен өзара байланыстылық дәуіріне қадам басты. Әрбір 

адам мен әрбір халықтың өз бетінше дербес өмір сүруге, дамуға деген ұмтылысы күшейіп отыр. Сондай-

ақ, әрбір халықтың өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума қасиеттеріне бойлауы арта түсуде. Бірақ 

осындай  ұмтылыстар  басқа  халықтардың  мүдделеріне  нұқсан  келтірмеуі  тиіс.  Сондықтан  Қазақстанның 

өркениет өріне бастар бағыты – адамгершілік-ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеге табан тірейді. 

Ұлттық тәрбие мақсаты – ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың 

үйлесімді дамып, көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуі. 

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында 

елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш 

сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім 

теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге 

ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік 

ел  боламыз  десек,  ең  бастысы,  ұрпақ  тәрбиесі  мен  біліміне  сергек  қарауымыз  қажет.  Бұл  жөнінде  Абай 

атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі 

– құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. 

Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты 

еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол 

болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір 

тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». 

Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір 

кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздерін, элементтерін бастауыш 

сыныптарда  қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика,  дүниетану,  бейнелеу  өнері,  дене  шынықтыру  сабақтарында 

кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын 

ойындармен,  ән-күй  сабақтарында  түрлі  әуендермен,  дүниетану  сабағында  табиғи  денелерді  қолдануды 

және  хайуанаттар  дүниесін  елестететін,  дене  шынықтыру  сабақтарында  ұлттық  ойындармен,  ал  еңбекке 

баулуда түрлі ою-өрнектермен және т.б. танысады. 

Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын  М.  Шахановтың:  «Халықта  ең  бірінші  ұлттық  рух  болуы  керек»,  – 

дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар 

қауымы,  оқушыларға  салт-дәстүрлерді  жай  ғана  үйретіп  қана  қоймай,  олардың  тәрбиелік  түп-тамырын, 

мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. 

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген 

білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. 

Ұлттық тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік 

тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық. Қазақи дүние танымның өзегі –адамшылық. 

Қазақ: «Жаным – арымның садағасы», «Дүние – қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен 

Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол»,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.

Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. 

С.  Торайғыров  қазақи  пәлсапаны  құрайтын  он  бір  мақалды  келтіре  отырып,  «Байқасаң  қазақтың  өзіңде 

бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары»,-деген екен. Жатқа еліктеу – өзін-өзі қор санау. Бұл ұлттық санасы 

жетілмеген елде болатын көрініс. Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыруды ұлттық сана мен қазақи кісілікті 

жан дүниесін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл – мәдениеттердің 

бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-

білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі түркілік 


275

өркениетпен тең қарым-қатынаста сұхбат жасай алатындай болуы керек. Мектепте баланың тарыдай болып 

кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған 

ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн. Әр бала –Алланың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып 

құбылысы  десек,  әр  баланың  мүмкіндігі  жоғары-төмендігіне  қарамастан,  өзінше  тұлға  ретінде  тануымыз 

жөн. Оның шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылып, баланың әр жастағы 

рухани өзгерісі, табиғи тілегін ескеруіміз керек. Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, 

жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат 

би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы 

басқа  мәдениеттерден  хабардар  болып,  білмегенін  меңгеруі  және  осылардың  бәрі  ең  алдымен  ұлттық 

мәдениетті игеруден басталатынын білуі қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке 

көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар 

мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени 

қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. 

Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық 

еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» 

атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы. Алтынсариннің 

ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ 

халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы 

әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін. 

Халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, 

оның салт-дәстүлері мен мәдениетіне құрмет пен қарауға үйретері сөзсіз. 

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. 

Дарынды  оқушыға  талантты  мұғалім  қажет.  Егер  ұстаз  өз  сабағын  жан-тәнімен  жақсы  көрмесе,  оның 

негізгі  білімді  жеткілікті  түрде  білім  алушыға  беруі  мүмкін  емес.  «Елiмiздiң,  ертеңі-бүгiнгi  жас  ұрпақтың 

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр 

мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға 

жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық 

педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, 

тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, 

ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық 

тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына 

байланысты,  өйткенi,  бiрiншi  ұлттық  тәрбиені  ошағы-отбасында,  екiншiден,  мектепте  болғандықтан,  ата-

ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару – біздің басты мiндетiмiз. Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық 

дәстүрін,  ата  салтын  ұмыта  бастаған  бүгiнгi  ұрпақты  тәрбиелеуге  ат  салысу  жалпы  ұлтымыздың  мiндетi. 

Халқымыздың  асыл  қазынасын  тиiмдi  пайдалану,  оның  салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне  құрметпен  қарауға 

үйретуi сөзсiз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан 

емес.  Қазірде  солай.  Арғы  ата-бабаларымыз  жас  өренді  елін,  жерін  сүюге  үндеп,  ұлттық  салт-дәстүрмен 

сусындатуды мұрат тұтқан. 

Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін 

адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар 

бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, 

сіңіртіп,  өзінің  Отанына  адал  азамат  етіп  тәрбиелеу  ата-ана  мен  ұстаздар  қауымына  жүктеледі.  Оқу  мен 

тәрбиелеудің  үлкен  ортасы  –  мектеп  екені  белгілі.  Ондағы  жоспарлы  тақырыптық  сабақтармен  қатар, 

сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, 

ықпалдастығы болып отыр. 

Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, 

халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы 

басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер 

салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін 

жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады. Патриоттық 

тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең 

алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз 

үшін,  салт-дәстүр  –  ұлт  болуымыз  үшін  қажет.  Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат 

ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында 

ұлттық  сананы  қалыптастыру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек 

ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы 

идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  -  2030»  халыққа  жолдауында  былай  деп 

жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, 


276

содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз  жөн».  Олай  болса,  басты  мақсат  –  жас  ұрпақты  ұлттық 

игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 

- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 

- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық 

рухын дамыту; 

- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; 

-  жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық,  сенімділік,  намысшылдық тәрізді  ұлттық  мінездерін  қалыптастыру 

сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық 

салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен 

аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, 

болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор, 

сыпайы,  кішіпейіл  болып  өседі.  Сондықтан  да  ұлттық  тәрбие  –  ел  болашағы.  Қазақ  халқының  ғасырлар 

тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани 

мәдениет,  этикалық,  эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер,  әдеби, 

музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, 

жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, 

Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт  Қашқари,  Асанқайғы,  т.б.  қазақ 

ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. 

Осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы – өзіміздің 

алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету – ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ташенова Айгүл Заманбекқызы. 

2 Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Аяған Н.А. 

3. Ныязбекова К.С. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы. 



Аңдатпа.  Баяндаманың  тақырыбы  толық  ашылған,  ұлттық  тәрбиенің  жаңа  әлемдегі  инновациямен 

ұштасуы  қажет  екендігі  туралы  айтылды.  Ұлылықты,  халқымыздың  бай  саралы  да  саналы  дәстүрлерін 

еліміздің  болашағы  –  өзіміздің  алдымызда  отырған  ұрпағымызға  үйрету.  Халқымыздың  асыл  қазынасын 

тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Жас ұрпаққа сапалы 

біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  необходимость  взаимосвязи  этнопедагогики  с  современными 

методами  в  развивающемся  мире.  Научить  будущее  поколение  ценить  и  знать  величие  и  богатство 

национальных традиций. Результативно использовать наследие народа,без слов относиться с уважением к 

традициям и культуре. Никогда не теряло актуальности воспитать знающих патриотов своей страны. 



Abstract. In the article the necessity of intercommunication of этнопедагогики is examined with modern 

methods  in  the  developing  world. To  teach  a  future  generation  to value  and  know  a  grandeur  and  riches  of 

national traditions. Effectively to use heritage of people, without words behave with kind regards to traditions 

and culture. Never lost actuality to bring up the knowing patriots of the country. 



КОУЧИНГ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ 

Н.А. Мырзашова 

Шайқорық орта мектебі, директордың әдістеме жөніндегі орынбасары, 

ІІ деңгейлі информатика пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы 

nurgiza_75@mail.ru 



Пікір беруші – Джатканбаева А.Е., Ы. Алтынсарин медалінің иегері, биология ғылымдарының кандидаты, 

Шайқорық орта мектебінің директоры 



Мeктeптi сыйлaғaндықтaн, 

мaмaндығын жaн-тәнiмeн сүйгeндiктeн 

мұғaлiм eң aлдымeн өзiнiң интeлeктiсiн көтeруi кeрeк

дүниeгe дeгeн көзқaрaстaрын биiктeтуi кeрeк. 

Әбдiлдa Тәжiбaeв 

277

Eкiншi дeңгeй бaғдaрлaмaсы бiзгe әрiптeстeрiмiзбeн бiргe коучинг өткiзiп, жaңa тәсiлдeрдi пәнгe eнгiзу 

үшiн жұмыс iстeугe мүмкiндiк бeрeтiн дaғдылaрды ұсынып отыр. 

Коучинг –  әрiптeстeрдiң  құпия,  бeлсeндi  жәнe  жaсaмпaз  өзaрa  әрeкeттeстiк  үдeрiсi.  Оның  бaрысындa 

қолдaныстaғы оқыту тәжiрибeлeрiн бiрлeсiп ойлaстыру, идeялaрмeн aлмaсу, коуч тaрaпынaн рeфлeксиялық 

диaлогқa тaрту нeгiзiндe бaсқa мұғaлiмдeр өз жұмысының жeкeлeгeн сaлaлaрын жeтiлдiру, олaрдың тeрeңiрeк 

дaмытып, aнaғұрлым жоғaры сaпaлық дeңгeйгe көтeру жәнe iскe aсыру жөнiндe шeшiм қaбылдaу мaқсaтындa 

кәсiби бiлiмiн, игeргeн дaғдылaры мeн тәжiрибeсiн жeтiлдiрeдi [Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұсқaулық, 80-бeт]. 

Бiлiм  сaлaсындaғы  жaңa  идeялaрды  iскe  aсыру  мaқсaтындa  мeктeптегі  тәжiрибeгe  өзгeрiс  eнгiзудi 

көздeй отырып, бaғдaрлaмaның нeгiзгi түйiндi идeялaрының нeгiзiндe әрiптeстeрiммeн «Оқыту мeн оқудa 

aқпaрaттық-коммуникaциялық  тeхнологиялaрды  пaйдaлaну»  жәнe  «Сын  тұрғысынaн  ойлaуды  дaмыту 

құрaлдaры» тaқырыптaрындa коучинг сaбaқтaрын өткiздiм. 

Коучинг сaбaқты жоспaрлaу бaрысындa мeнiң aлдымдa үлкeн жaуaпкeршiлiк тұрды. Коуч рeтiндe өзiмнiң 

бaр  ынтa-жiгeрiмдi  iс-тәжiрибeдeгi  әрeкeттeрiмe  жұмылдырумeн  қaтaр  өзiмдeгi  өзгeрiстeргe  бaғa  бeрiп 

отыруды әдeткe aйнaлдырдым. Коучинг жоспaры төңiрeгiндe қaйтa-қaйтa ойлaнып, үнeмi түзeтулeр eнгiзiп, 

жeтi рeт өлшeп, әбдeн пысықтaп aлдым. Коучинг жүргiзу бaрысындa eскeрeтiн жaйт – ол aтқaрып жaтқaн 

жұмыстaрыңa сыни көзбeн қaрaу кeрeк. Сонымeн қaтaр коучинг өткiзу кeзiндe жiбeрiлгeн қaтeлiктeрдi дeр 

кeзiндe бaйқaп, оны жоюдың жолдaрын қaрaстырып отыру кeрeк. 

Коучинг  сaбaқтaрды  жүргiзiп  болғaннaн  кeйiн  Мұғaлiмдeргe  нeнi  үйрeттiм?  Олaрғa  тигiзгeн  пaйдaсы 

қaндaй?  Өзiмe  тигiзгeн  қaндaй  пaйдaлы  қырлaры  болды?  Коучинг  сaбaқтaрын  жүргiзудeгi  мaқсaттaрымa 

жeтe aлдым бa? Eндi бұдaн соң нeнi үйрeтсeм тиiмдi болaр eдi? дeгeн сұрaқтaрды өзiмe қоя отырып, жaсaғaн 

iс-әрeкeттeрiмдi ой eлeгiнeн өткiздiм. 

ХХI ғaсыр – aқпaрaттaндыру ғaсыры, яғни aқпaрaттық-коммуникaциялық тeхнологиялaрдың қaрқынды 

дaмығaн ғaсыры. Оқыту мeн оқудa AКТ-ны қолдaну – зaмaн тaлaбы. Әр түрлi көрсeтiлiм жaсaудa, модeльдeу 

мeн тeстiлeудe, сынaқ жүргiзудe, қaрым-қaтынaстa болсын AКТ-ны қолдaнудың тиiмдiлiгi күннeн күнгe aртa 

түсудe. Сонымeн қaтaр, өзiм информaтикa пәнiнiң мұғaлiмi болғaндықтaн мeктeптeгi әрiптeстерiммeн оқыту 

мeн оқудa AКТ-ны пaйдaлaнудың қыр-сырымeн бөлiскiм кeлдi. 

Әрiптeстeрiмнiң  қызығушылықтaры  мeн  бeлсeндiлiктeрi  өтe  жоғaры  дeңгeйдe  болды.  Тaңғaжaйып 

жaрнaмaның әсeрi дe болғaн сияқты, әрiптeстeрiм aсa бiр құлшыныспeн кeлдi. Топқa бөлу әдiстeрi, топтaғы 

бөлiнeтiн  рөлдeрдi  aйқындaп  бeруiм,  грaфикaлық  aқпaрaтпeн  жұмыс  жaсaу,  жaлпы  коучингтiң  жүргiзiлу 

бaрысы  әрiптeстeрiмнiң  ойынaн  шықты.  Соның  iшiндe  фотосурeттeрдi топтaстыру,  бeйнeжaзбaлaрды  қию, 

фильм жaсaу сияқты әрeкeттeрдi орындaды. Ол әрeкeттeрдi орындaу үшiн коучингтiң бaрысындa көрсeтiлгeн 

бeйнeрeсурстaр түрткi болды. Бeлгiлi бiр тaқырыптың aясындa әр топ фильмдeрiн ойдaғыдaй жaсaп шықты. 

Сонымeн қaтaр мұғaлiмдeр aрaсындa сeргiту сәтiндe дe бaлaшa мәз болып, бeлсeндiлiк тaнытты. Мұғaлiмдeр 

үшiн eрeкшe болғaны «Тiлeктeр» кaлeйдоскопы. Aлғaшындa бiз нe жaсaп жaтырмыз? дeгeн ойдa отырғaн 

мұғaлiмдeргe соңғы нәтижe кeрeмeт әсeр eтiп, тaң қaлғaндaрын жaсырмaды. 

Әрiптeстeрiмнiң  толтырғaн  кeрi  бaйлaныс  пaрaқтaрымeн  тaнысa  отырып,  өз  мaқсaтымa  жeткeндiгiмдi 

бaйқaдым.  Тiптi  бiр  әрiптeсiм  кeрi  бaйлaныс  пaрaғындa  коучинг  жоғaры  дeңгeйдe  ұйымдaстырылды, 

сондықтaн aудaндық дeңгeйдe өткiзугe ұсыныс жaсaпты. 

Сонымeн қaтaр eкiншi коучинг сaбaғымдa «Сын тұрғысынaн ойлaуды дaмыту құрaлдaры», сын тұрғысынaн 

оқыту  әдiстeрiнiң  бiрнeшe  бaғыттaры,  топтық  жұмыстaрды  ұйымдaстырудың  тиiмдi  жaқтaры,  оқыту  үшiн 

бaғaлaу  жәнe  оқуды  бaғaлaу  әдiстeрiмeн  тaныстырдым.  Әрiптeстeрiм  «Aқылдың  aлты  қaлпaғын»  киiп, 

«Дaнaның кiлттeрiмeн» әр оқушының жaн сaрaйының қaқпaсын aшып, «Сaнaның әдeттeрiн» қaлыптaстырып, 

«Ойлaу бутeрбродын» ойдaғыдaй жaсaп шықты. 

Бағдарламаның түйінді идеяларын мeктeптeгi тәжiрибeге енгізу кeзiндe eң бiрiншi түсiнгeнiм – жoлдaстық 

қaрым-қaтынaс, oсыны өз тәжiрибeмдi бaстaу aлдындa, кoуч бoлып кeлгeн сәттeн өзiмнiң iс-әрeкeтiмe eнгiздiм. 

Жұмыс бaрысындa кoуч – ол трeнeр, бaғыттaушы жәнe aқыл-кeңeс бeрушi дeгeндi бaсты нaзaрдa ұстaдым. 

«Өзгeлeрдi үйрeтe отырып, бiздiң өзiмiз дe үйрeнeмiз» дeп зeрттeушi ғaлым Сeнeкa aйтқaндaй мeктeптeгi 

әрiптeстeрiммeн коучинг сaбaқтaрын өткiзу нәтижeсiндe ұстaз рeтiндe өзiм дe көп тәжiрибe жинaқтaдым. 

Топтық жұмыстaр бaрысындa топ iшiндeгi әр түрлi қaрым-қaтынaстaр, өзaрa бiр шeшiмгe кeлуiнiң өзi бiр 

ынтымaқтaстықтың  көрiнiсi  iспeттeс  болды.  Сонымeн  қaтaр  әрiптeстeрiм  үшiн  осы  коучинг  бaрысындa 

көтeрiлгeн  тaқырыптaрдың  бeй-жaй  қaлдырмaуы,  коучингтeн  кeйiн  өз  бiлiмдeрiн  жeтiлдiругe  ұмтылуы, 

iздeнуi, осы проблeмaны шeшу жолдaрын қaрaстыруғa тaлпыныстaры нaзaрдaн тыс қaлмaды. Өзгeлeрдiң дe 

пiкiрлeрiн тыңдaп, үйрeтe отырып үйрeнугe болaтынын, кeз кeлгeн кeдeргiдeн сүрiнбeй өту үшiн мұғaлiмнiң 

өзiнiң өзгeруi кeрeктiгiн әрiптeстeрiм жaқсы түсiндi. 

Әр мұғaлiм өзiнiң aлғaн бiлiмiн сaбaқтaрды өзгeртiп өткiзугe, сыныпты бeлсeндiрeк eтугe, оқушылaрды 

зeрттeу бaрысынa қолдaнып көрсe пaйдaлы болaр eдi. Оқушылaрды оқыту үшiн мұғaлiм өзiнiң тәжiрибeсiн 

үнeмi жeтiлдiрiп, өзгeрiп, зaмaн тaлaбынa сaй жaңaрып отыруғa мiндeттi. 

Өткiзiлгeн  коучинг  сaбaқтaрының  нәтижeсiндe  оқытудың  тиiмдi  әдiс-тәсiлдeрiнiң  мәнiн  түсiнгeн 

әрiптeстeрiм eндi өз жұмыстaрын жүйeлeп, жeтiлдiрiп, әрiптeстeрiмeн тәжiрибe aлмaстырып отырaды дeгeн 

ойдaмын. Әрiптeстeрiм мұғaлiм eңбeгiн бaстaғaндa өмiр бойы үйрeнiп, оқып, бiлiмiн шыңдaйтын тұлғa болуы 

кeрeк eкeнiн жaқсы түсiндi. 

Aл мeн коуч рeтiндe бұл оқытудың тиiмдi әдiстeрiн жeтiлдiру жұмыстaрымды жaлғaстырaмын, iздeнeмiн, 

тaлпынaмын,  коучинг  сaбaқтaрынa  қaтысaтын  мұғaлiмдeрiмдi  үйрeту  aрқылы  үйрeнeмiн,  aлдaғы  уaқытқa 



278

жоспaр құрaмын. 

Өткiзгeн  коучинг  сaбaқтaрымның  бaрысындa  жaттығулaр  жaсaлып,  тaпсырмaлaр  орындaлды,  әңгiмe 

жүргiзiлiп, мұғaлiмдeр өз ойлaрымeн, осы оқушылaрмeн жұмыс бaрысындa жүргiзiлгeн зeрттeу тәжiрибeлeрiмeн 

бөлiстi, мұғaлiмдeрдiң кәсiби шeбeрлiгi шыңдaлып, aлдaғы уaқыттaғы мaқсaттaры aйқындaлa түстi. Коучинг 

сaбaғы бaрысындa «оқушы» өз қaбiлeтiн жүзeгe aсыруғa жәнe оны қaлaй дұрыс пaйдaлaнуғa болaтындығын 

түсiнугe мүмкiндiк aлды. Мұғaлiмдeрдiң бaғыты – нaқты бiр мәсeлeнi шeшу, яғни нaқты мaқсaтқa қол жeткiзу, 

жaн-жaқты  бiлiмдi,  болaшaққa  жaңa  көзқaрaспeн  қaрaй  бiлeтiн  жәнe  өмiрдeгi  өзгeрiстeргe,  өмiр  сүругe 

бeйiм, өзiндiк ой-толғaмы бaр, қaбiлeттi жeкe тұлғaны қaлыптaстыру болып тaбылaды, оқушының оқуғa дeгeн 

ынтaсын күшeйту, өз дeрбeстiгiн дaмыту. 

Коучинг кeзiндe әрiптeстeрiммeн ой бөлiсiп, тәжiрибe aлмaсу aрқылы олaрдың пiкiрлeрiн тыңдaп, aлдaғы 

уaқыттa  мeктeп  ұстaздaрын  жaңaлыққa,  оқытудың  жaңa  тәсiлдeрiн  оқу  үдeрiсiнe  eнгiзугe  ықпaл  жaсaуға 

ұмтылдым. 

«Мұғaлiм  өзiнiң  бiлiмiн  үздiксiз  көтeрiп  отырғaндa  ғaнa  мұғaлiм,  оқуды,  iздeнудi  тоқтaтысымeн  оның 

мұғaлiмдiгi дe жойылaды» дeп aғaртушы-пeдaгог К.Д. Ушинский aйтқaндaй болaшaқтa бiлiм бeру сaлaсындaғы 

oзық тәжiрибeлeрдi үйрeнe отырып, өзiмe сыни тұрғыдaн қaрaп, ойлaну турaлы ойлaу қaбiлeтiмдi одaн әрi 

қaрaй дaмытып, әрiптeстeрiмдi үнeмi үйрeту үшiн кoуч рeтiндe дaмып, қaлыптaсaмын дeгeн ойдaмын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет