Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет46/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



         Практикалық    жұмыстар  кезінде    кейде  нақты  обьектіге    барып,  өндірістік  немесе 

басқадай    өмірлік-практикалық    маңызды    нақты  есептер  құрып,  шешу  деректері 

жинақталады.  Мұндай  жұмыстарды    математикалық    немесе  кешендік    (бір  мезгілде  

бірнеше пән бойынша ) серуендемемен  ұштастыруға болады. 

      

Жер  бетінде  өлшеу  жұмыстары    негізінен    геометрия  (үшбұрыштардың 

ұқ

састығы,аудандар өлшемі және т.б.) немесе  үшбұрыштарды  тригонометриялық шешу 

(алыстағы нүктенің  қашықтығын есептеу,заттың биіктігін табу және т.б)  мәселелерімен 

байланысты . Жұмыс 5-7 оқушыдан құралған топтар бойынша жүргізіледі [1,93 бет].  

      

Жер  бетінде  өлшеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін    мектепте    өлшеу  құралдары 

(эккер,астролябие,мензула және т.б.) болуы қажет.Сыныпта  және далада  қашықтықтарды 

ө

лшеу  тапсырмаларын  орындауға  болады  .Мысалы,  «Жер  бетінен  кез  келген  екі  нүктенің 

арасын  көзбен мөлшерлеңдер де, ол аралықты  жіппен,рулеткамен немесе т.б.  құралдармен 

ө

лшеңдер.  Көзбен    мөлшерлеудің    және    өлшеудің  нәтижелерін    салыстырыңдар».  Өлшеу 

жұмыстарына    масштаб    бойынша  есептеу  жұмыстары,нәрсенің  биіктігін  анықтау,  жер 

бөлігінің  сызбасын  түсіру,ауданын  табу,  табанына  баруға  болмайтын  нүктеге  дейінгі 

арақашықтықты өлшеуді алуға болады. 

      

Математика  ғылымының  ерекшеліктеріне  оның  абстрактылығы,логикалық 

жүйелілігі  және  қаталдығы,  қолданысының  кең  көлемділігі  жатады  .  Математиканың 

абстрактылығы  жайлы  Ф.Энгельс    былай  деп  жазады:  «  Барлық    басқа  ғылымдар  сияқты  

математика да  адамдардың  практикалық  мұқтаждықтарынан ,жер учаскелерінің  ауданы 

мен    ыдыстардың  сыйымдылығын    өлшеуден,уақытты  есептеуден    және  механикадан 

шықты» және « Сан және  фигура ұғымдары  басқа ешқайдан емес ,тек шындық  дүниеден 

алынған...Санау  үшін    саналуға  тиісті  нәрселердің    болуы  ғана  емес  ,сонымен  бірге    бұл 

нәрселерге  көз жібергенде,олардың санынан басқа қасиеттеріне  алаңдамайтын  қабілет те 

болуы керек,ал ол қабілет  тәжірибеге сүйенген  ұзақ  тарихи дамудың нәтижесі» [2,11 бет]. 

      

Математика  пәнін оқытуда  халық педагогикасының   тәлім-тәрбие  процестерін 

негізге алу -  оның білімдік және  тәрбиелік мақсатын  жүзеге асырумен қатар, халқымыздың 

салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын  қастерлеп,оқушыларды    ұлттық  мақтаныш  рухында  

тәрбиелеуде    маңызы  зор.  Оқушыларды  қазақ  халқының  ұлттық  бұйымдарымен,халық 

педагогикасы  элементтерімен    таныстыру  сабаққа  тек    ұлттық  сипат  қана  беріп  қана 

қ

оймай,оның    қызықтылығы  мен    мағыналылығы    арта  түседі.  Сонымен  қатар,  оқушылар  

айналадағы    қоршаған  ортадағы    заттарды  және  қолөнер  бұйымдарындағы,киіз  үй 

жабдықтарындағы 

математикалық 

ерекшеліктерді 

байқап,зерттеп,салыстырып,математикалық тұжырым жасауға жетелейді.  

 

Қ

азақ  халқының  сан    ғасырлық  ақыл-ойының,өмірлік  тәжірибесінің  ,шынайы    аңбек 

пен  табиғатты  түсіне    білуінің,сонымен  қоса    шын  шеберлік  пен  даналық  суреткерлігінің  

құ

діретті туындысы – киіз үй [3,5 бет]. Халқымыздың қолданбалы өнер  түрлері ішінде  бір 

жүйеге  келтірілгені  –  ою-өрнек.  Өрнектің  жай    немесе  күрделі    элементтері  бәрнеше  рет 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



қ

айталанса  да    симметрия  заңы,тең  пропорциясы    және  тепе-теңдігі      қатаң 

сақталады[4,66 бет]. 6-сыныпта «Осьтік және центрлік симметрия» тақырыбын өткенде  

осы  деректерді  келтіру  оқушы  қызығушылығын  арттырары  сөзсіз.Функция  графиктері  

жөнінде  ұғымдарды  меңгертуде    кереге  желісінің  профилі  кубтық  парабола  және  уық 

параболаның бір тармағы тәрізді екенін, шаңырақ беріктігінің параболаға ұқсастығын,ал 6-

сыныпта  жазықтықтағы түзулердің орналасуы тақырыбын меңгертуде  кереге желілерінің  

ө

зара  параллель  орналасатындығын  және  т.б.  мысалдар  келтіру  арқылы    ұлттық 

дүниетанымын дамытуға болады.(1-сурет) Сонымен қатар,киіз үйдің сықырлауығы  түзуге 

қ

арағанда    симметриялы  фигура  екендігі  айтылады.  8-сыныпта  төртбұрыш    түрлері 

ұғ

ымдарымен  таныстыруда киіз үй беті түрлі геометриялық фигуралардан  тұратындығы 

жөнінде  дерек  келтіру  оқушының  сабаққа  деген  ынта-ықыласын    оятады.  Мысалы,керегені 

жабатын  туырлық  пішіні  трапецияға  ,  уықты  жабатын  үзік  қиық  конусқа  және  

шаңырақты  жабатын  түндік  шаршы  ұқсас  екендігін  ,кереге  желілерінің  параллелограммға 

мысал  болатынын    практикалық  жұмыстар  жасау  арқылы  зерттеуге,табуға  ,есептеуге 

және  өлшеуге  болады.  [3,23  бет].  Қазақ  халқының    математикалық  білімдерінің  қолданыс 

жағы басымдау.Қазақ педагогикасының математикалық астарлары ерекше . [5,37 бет]. 

 

Математиканың  маңызды  міндеті  -    барлық  оқушыларға    математикалық 

дайындықтың  кепілдік деңгейін қамтамасыз ету .  Кез келген адам  өз өмірінде кездесетін  

күрделі  есептерді  шешуді,  есептеуіш  техниканы  қолдануды,  геометриялық  өлшемдердің  

және  салудың    практикалық    тәсілдерін  меңгеруді  ,кесте  ,диаграмма,график    түріндегі 

ақпараттарды  оқуды,  кездейсоқ  оқиғалардың    ықтималды  сипатын  түсінуді  ,күрделі  емес 

алгоритмдерді құрастыруды  және т.б.  білуі қажет.  

      

Оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  шыңдау  үшін    оқу  үрдісінде    төмендегідей 

талаптар  қойылады: 

-бірінші  деңгей-«үйренушілік».  Оқушылардың    жаңа  тақырыптан  алған    білімдерін  бекіту 

ү

шін  ,еске  түсіріп,қайталау  үшін  алған  білімдері  практикада  қолдана  білуге  

жаттықтырады. 

-екінші  деңгей-«алгоритмдік».Мұнда  кері  байланысқан    функцияларды    орындау  үшін  

тексеру  тапсырмалары,материалды  жүйеге  келтіруге  ,реттеуге  арналған    мазмұны 

ө

згертілген жағдайдағы  тапсырмалар беріледі .   

-үшінші  деңгей-«эвристикалық».Оқушыларға    берілген  тапсырмалар    танымдық  ізденіс 

түрінде    ,игерген  білімдерін  тереңдету  үшін    әр  түрлі    логикалық  опрацияларды  

(анализ,синтез,салыстыруды)  керек етеді.  

-төртінші деңгей-«шығармашылық». Әр тапсырманы  өз бетімен түсініп,талдай отырып 

орындау  ,ғылыми-шығармашылық    тұрғыдан    шағын  зерттеу  жұмысын  жүргізу, 

«кішкентай» жаңалық ашқанмен парапар.[6,9 бет]. 

      

Осындай  талаптарға  сәйкес  әрбір    оқушының    тұлға  ретінде  қалыптасуы  ,дамуы 

математикалық  білім барлық  оқушының  қажетін  өтеуін көздейді  десек, математикалық  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



білімнің    ізгіліктік  қағидаларын  басшылыққа  алып,математиканың    негізгі  мақсаттары  

жүзеге асырылуы керек: 

1.Ақыл-ойды дамыту; 

2.Математикалық іс-әрекеттің  сипатына сай  ойлауды қалыптастыру; 

3.Қоғамдық өмір практикасына қажетті  математикалық ойлауды  қалыптастыру; 

4.Математикалық  білімді игеру  процесінде тұлғаны  тәрбиелеу; 

5.Практикалық іс-әрекетінде  қолдану үшін ,кәсібіне сәйкес ,нақытылы білім алу; 

6.Болмысты , табиғат пен қоғамды  тануда математикалық мазмұндай  (модельдей) білу; 

7.Болмысты  ,табиғат  пен  қоғамды    тануға    қажет    математикалық  идеялар  мен 

ә

дістермен таныстыру; 

8.Алдына  қойылған  сұрауға  немесе  есепті    шығаруға    оптимальды    (жылдам,сенімді  және 

дұрыс) жауап беруге дағдылану,ұмтылу. [7,2 бет]. 

 

 

  

Ә

дебиеттер тізімі: 

1. А.Әбілқасымова.«Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» Алматы,Білім.2005 

2.А.Көбесов. «Математика тарихы».Алматы,Қазақ университеті.1993 

3.А.Құралұлы.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы. «Сөздік-словарь»,1998 

4.Өмірбекова М.Ш.Энциклопедия.Қазақтың ою-өрнектері.Алматы, «Кітап»,2003 

5.А.Құралұлы.Ұлттық дүниетаным.Алматы.«Өнер»,2002 

6.«Математика  және  физика»  журналы.№1,2003 жыл 

7 .«Математика  және  физика»  журналы.№1,2005 жыл 

 

ЖАҢАША ОҚЫТУҒА -  ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 

 

Жусупбекова Сандугаш Инкарбековна 

№6 ЖББОМ, 

физика пәні мұғалімі 

Қ

арағанды қаласы, Қазақстан 

 

Түйін 

 

Қ

азіргі  таңда  біздің  елдің  басым  бағыты  әлем  елдерінің  арасында  көшбасшы  бола 

алатын білімге көшу болып табылатындықтан, әлем елдерінің, атап айтқанда, Сингапур, 

Финляндия,  Улыбритания  елдерінің  білім  беру  жүйесіндегі  жетістіктері  сараланды.  

Мұғалімдердің  педагогикалық  тәжірибелерін  жетілдіру  мен  бағалай  білуге  көмектесу, 

сындарлы оқуға бағыттау іс-шаралары туралы ой қозғалды.    

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Аннотация 

 

Поскольку в настоящее время приоритетным направлением является переход нашей 

страны  к  знаниям,  которые  могут  стать  лидером  среди  стран  мира,  стран  мира,  в 

частности,  Сингапур,  Финляндия,  Великобритания,  проанализировали  достижения  в 

системе образования стран. Совершенствование педагогического опыта учителей, ценить и 

помогать, направлять на обучение в конструктивных мероприятий возбуждено мысли. 

 

Қ

азіргі кезде егемен елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге талпыныс басым. Білім 

беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. 

Мұғалімнің  кәсіби  дамуы  үшін  тәжірибелік  дағдыларды  қалыптастыруға,  сонымен 

қ

атар  оқушылардың  бойында  қалыптастыратын  дағдыларға  қойылатын  талаптарды 

түбегейлі  өзгертуге  ерекше  көңіл  бөлініп  отыр.  XXI  ғасыр  дағдылары  жүйесі  мұғалімдер 

арасында ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің 

де өзгеруін талап етеді.  

Тәуелсіз еліміз дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылуы үшін заман талабына 

сай  жаңа  мазмұнды  білім  алуға  жігерлі  күш  қайратымызды  салып,  білімді,  ғылымды 

дамытуымыз керек. 

Бұл тұрғыдан зерделер болсам, көреген А.Байтурсынов «Білімсіз халық қанша бай болса 

да байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен өсиетін тиек 

ете келе, халықаралық зерттеулерге қатысқан әлем елдерінің нәтижелі көрсеткіштеріне зер 

салдым.(4) 

 Әр  елдің  білім  беру  жүйесі  қандай  да  бір  мақсатты  міндеттерді  көздейді  және 

қ

айталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар екен. 

«Әлем  елдерін  тану-білім  азығы»  деп  ойлай  отыра  өзім  зерделеген  Сингапур  елінің 

білім  беру  жағдайына  үңіле  келе  түсінгенім,  Сингапур  елінің  білім  жүйесіндегі  табысты 

жақтары бізге үлгі болатындай екен. Сингапур елінің соңғы 45 жыл ішінде құрылып, әлемдік 

білім деңгейіндегі жетістіктерімен әлемді таң қалдырғаны баршамызға мәлім (5). 

Сингапурдағы  білім  жүйесіндегі  жетістіктеріне  тоқтала  кетсем:  біріншіден,  оқу, 

санау,  екіншіден,  екі  тіл  білу  міндеттілігін  көздейді,  үшіншіден,  дене  және  адамгершілік 

тәрбиесіне,  төртіншіден,  шығармашыл  және  тәуелсіз  ойлауды  дамыту.  Білім  жүйесіндегі 

көрсеткіштерінің  нәтижесіне  тоқталатын  болсақ,  халықаралық  тестілеуде  үнемі  жоғары 

көрсеткіштерге иеленген. 

 «Болмасаң  да,  ұқсап  бақ»-деп  ұлы  Абай  атамыз  айтқандай,  біздің  мектепте  оқыту 

мен  оқуда  білім  сапасын  арттыру  жағдайында,  өзіндік  сыни  көзқарастарын  арттыру 

жағдайында  қолдануға  болатын  іс-әрекеттерге  тоқталатын  болсам:  «сыныпты  зерттеу» 

(Lesson  study)  үрдісін,  қалыптастырушы  бағалауды,  бағалаудың  өзіндік  критерийлерін, 

математиканы оқытудың  заманауи тәсілдерін, сыныпта бірлескен оқу әдісі  мен ұжымдық 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



оқу  әдістерін,  сабақ  беру  барысында  диалогтік  оқыту,  ақпараттық-коммуникативтік 

технологиялар, сындарлы ойлау әдістерін қолдануды қолға алдым. 

Сындарлы  ойлау  барысының  тиімділігі:  біріншіден  ортақ  проблема  болады,  олар  бұл 

мәселе  бойынша  бірлескен  түсінік  қалыптастырады,  екіншіден  идеялармен  пікір  алмасып, 

бір-бірінің  идеяларын  талқылайды  баға  береді,  үшіншіден  ұжымдық  білім  мен  түсінік 

қ

алыптасады, төртіншіден өз ойларын дауыстап айтады, болжам, ұсыныстарын талқылап 

ү

йренеді. 

Бұл  модуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды 

саналы және оймен қабылдауын көздейді. 

Сингапурда  білім  жүйесінде  АКТ-ны  пайдалану  кеңінен  қолданыс  тапқан.  Атап 

айтсақ:  Интернет  желісімен,  өзіндік  ізденіс  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырулары,  оны 

логикалық  өңдеу  мақсатында  көздейтіндіктері,  онлайн  режимінде  желі  бойынша  өздеріне 

қ

ажетті  мәліметтерді  білікті  мамандармен  байланыс  жасай  отыра  тауып  білуге 

толықтай жағдай жасалған. 

Келесі еліміз-Финляндия дүние жүзіндегі білім берудегі бірден-бір көшбасшы ел. 

«Финляндия  елі  нені  жақсартты?»  деген  сұраққа  жауап  іздесек,  бұл  елдің  реформасы 

білімнің табысты болуы мен баланың қоғамға бейімделуіне ықпалдандырылған. Реформаның 

негізгі  аспектілері  оқу  бағдарламасын  қайта  құру,  реформаның  дидактикасы,  мектепті 

және  білім  сапасын  басқару.  Жас  финдер  тек  сауаттылық  бойынша  ғана  емес,  сонымен 

қ

атар  математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  көшбасшыларының  бірі 

болып саналады (3). 

Менің  ойымша,  баланың  қоғамға  бейімделуі  өз-өзіне  деген  сыни  көзқарасының  жоғары 

болуында,  деп  ескере  келе,  оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға,  іс-әрекетті  зерттеу 

ү

дерісін, қалыптастырушы бағалауды енгізу, математиканы оқытудың заманауи тәсілдерін 

қ

олдану тиімді деп ойлаймын. 

Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен 

жұмыс  істейтінін  анықтадым.  Фин  мектептерінде  барлық  бала  бірдей,  шағын  топтарда 

бірін-бірі  оқыту  арқылы  оқыту    жұмысы  ұйымдастырылған.  Егер  оқушы  бір  пәннен 

ү

лгермесе,  мектеп  оған  жан-жақты  көмектесуге  міндетті,  мысалы  оған  «мектеп 

көмекшісі» жәрдем береді, әр сыныпта мұғалімнен басқа тәрбиешілері де болады екен.(3)  

Мен мектепте оқушылардың сеніміне кіру үшін, «Сенім дәптерін», бағалау кезеңіндегі 

формативті  бағалауды,  өзін–өзі  бағалау  критерийлерін  қолдана  отыра  сендіру  іс-әрекетін 

жасауды ұсындым.  

Бұл  әрекет    барысында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға, 

идеяларды  ұсынуға  және  қорғауға,  әртүрлі  ұстанымдармен  алмасуға,  басқа 

тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Айтылған  жағдайлар  мұғалім  мамандығының  мәртебесін  көтеріп,  әлеуметтік 

жағынан қолдау мәселесін нұсқайды. Қазіргі таңда біздің елдің басым бағыты әлем елдерінің 

арасында көшбасшы бола алатын білімге көшу болып табылады. 

Келесі  еліміз–Ұлыбритания.  Білім  беру  жүйесі  бойынша  назар  аударғаным,  бұл 

мектептің білім беру саласы төрт сатыға бөлінеді екен: мектепке дейінгі білім, міндетті 

бастауыш,  орта  білім  беру,  мектептен  кейінгі  орта  және  жоғарғы  білім  беру.  Бастауыш 

мектеп сегіз жастан бастап оқытылады.(4) 

 Менің  түсінігім  бойынша,  Британдық  мектептің  басты  мақсаты-шығармашыл, 

ө

зіне-өзі сенімді өз бетімен жұмыс істей алатын адам тәрбиелеу. 

«Бұл  ел  білім  саласын  қалай  дамытты?»  деген  ойға  келетін  болсақ,  оқушыларды  өз 

беттерімен  оқу  дағдыларына  қалыптастырылуы,  оқу  бағдарламалары  оқушы  талабы  мен 

қ

ызығушылықтарын  ескере  құрылуы,  өз  бетімен  оқитын  пәнді  оқушының  өзінің  таңдауы, 

алдарына қойған мақсатқа жетуге тынбай еңбектенуі жолдарын тілге тиек етуге болады. 

 «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі–бір ғана әдісті 

болу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу. Мұғалім орында жоқ әдісті табу керек, оларды 

ө

зіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деген Л.Толстой сөзі өткен ғасырда 

айтылса  да,  қазіргі  ұстаздарға  айтылғандай,  әлі  өз  мәнін  жоймаған  асылдығымен  қымбат 

сөз (5). 

 Әлем  елдерінің  білім  жүйесіндегі  нәтижелі  жетістіктеріне  үңілетін  болсақ,  баланы 

жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыра  отыра,  өздігінен  білім  алуға  дағдыландырып,  алған 

білімдерін өмірде шынайы қолдана білуіне қолдау көрсетулері бізге үлгі. 

Ә

лем елдеріндегідей жетістіктерге жетуге ұмтылуымызға бізге мемлекет тарапынан 

барлық жағдай жасалған. 

 Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер,  сыни  тұрғыдан  ойлануға  үйрету;  білім 

беру  үшін  бағалау  және  оқытуды  бағалау;  білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас 

ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; білім берудегі басқару және көшбасшылық. 

Сын  тұрғысынан  ойлау-ой  жүгірту,  тұжырым  жасау,  проблеманы  шешу  ұғымдарын 

ашады.  Неге  сенуге  болады?,  Не  істеу  керек?,  Қалай  ойластыруға  болады?,  Қалай  шешуге 

болады?  деген  сұрақтар  төңірегіндегі  мағыналы  ойды  ашады.  Сыни  ойлау  қай  нәрсені  де 

болмасын терең ойлап, салыстыра талдау жасап, өз ой көзқарастарын білдіріп, өз ойларын 

нақты да тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын. 

 Оқушымен  бірге  мұғалімнің  өзі  де  сыни  ойлау  арқылы  оқытудың  тиімділігін 

арттыруға  ықпалдасатынына  көз  жеткіздім.  Қазақстан    Республикасының  педагог 

қ

ызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсының  бірінші  (ілгері)  деңгей  бағдарламасын 

тәмамдау  барысында  мұғалімдердің  бойындағы  төмендегі  дағдыларды  қалыптастыру 

мақсатын жүзеге асыруды жоспарладым. Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу; 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет