Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70

Список литературы: 

 

1.Учебник «История Казахстана».Автор М.К. Козыбаев. Алматы 1993г. 



2.История Казахстана (очерк) Алматы 1993г. 

3.Журин Н.И. «Сверяя шаг по Ильичу». Алматы 1969г. 

4.Даниленко Р.К. «Алия – наша гордость» Алматы 1995г. 

5. СССР В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 1941-1945. Военное издательство министерства 

обороны СССР, М., 1970 г. 

 


 

199 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА СЕМЕЙДЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП 

ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНІМ ШЫҒАРУ ҚАРҚЫНЫ 

 

Р.Ж. Мұхамеджанова  

т.ғ.к., доцент 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетттік университетінің  

(Семей, Қазақстан) 

 

Тыл мен майдан жұбы бір, жігі ажырамас тұтас қимыл көрсетті. “Бәрі де  майдан үшін, 



бәрі де жеңіс үшін” деген ұран ел есінде. Сол ұран майдандағы жауынгерлер мен тылдағы 

еңбекшінің  міндетіне    міндет,  қайратына  қайрат  қосты.  Қан  мен  тер  бірге  төгіліп,  жеңіс 

арнасына бірге құйылды. Тылымыздың мықтылығынан құрсанған жауды жеңдік. Ұлы жеңіс 

бүкіл халыққа ортақ. “Өткенді ескермеген өшеді, қастерлеген өседі”- деген сөзді еске алсақ, 

дәл  қазіргі  күннің  талабына  сай  айтылған  өнегелі  сөз  екенін  ұғынуға  болады.  Сондықтан, 

Ұлы Отан соғысы жайлы сөз қозғағанда, ардагер ата-апаларымыздың майдан мен тылдағы 

еңбегіне тоқталмай кетуге болмайды. 

Соғыс  жылдарының  алғашқы  күндерінде  қой  жүнін  өңдеу  фабрикасының  ұжымы 

көптеген қиыншылықтарға кездесті, шикізатты жеткізетін және дайын өнімдерді шығаратын 

адамдар  жетіспеді,  бұл  өндірістік  жоспарды  орындай  алмау  қаупін  туғызды.  Фабриканың 

жұмысшылар  ұжымы  артық  шығынсыз,  өз  күштерімен  теміржол  тармағын  ұзартып,  оны 

цехқа  дейін  жеткізді.  1941  жылдың  бірінші  жартысында  фабрикада  барлығы  496 

жұмысшылар күнделікті нормаларын артығымен орындап отырды [1;13] 

Тері комбинатында да , соғыстың  бастапқы жылдарында илеуіш, химикат жабдықтары 

қысқартылып,  жұмысшыларт  саны  азайды(себебі  жұмысшылардың  40%  Армияға 

шақырылды).  Өнімдерді  шығару  ұлғайтылды.  Егер  1941  жылдың  бірініші 

жартыжылдығында комбинат ай сайын 690 мың  рубльге өнім шығарып тұрған болса, 1941 

жылдың екінші жартыжылдығында өнімдер шығару 875 мың рубльге жетті. Әсіресе, Қызыл 

Армияның  жауынгерлеріне арнайы тапсырыстарды орындаған ұжым; тұлыптар, қолғаптар 

және  аң  терісінен  тігілген  желеттер  шығаруда  жоғарғы  көрсеткішке  ие  болды.  [2;8]. 

Кәсіпорындармен  қатар,  қаладағы  “Красный  кожевник”,  “Пимокат”  сияқты  артельдер  де 

арнайы  тапсырмаларды  орындауға  кірісті.  Былғары  комбинаты  тұлыптар,  қолғаптар 

дайындап, майдан қажетін өтеуге ат салысып жатты.[3;164] 

“Гражданин”  пароходында  барлық  жұмысшылар  әйелдерден  болды.  Партия 

ұйымдарының жетекшілігімен эвакуацияланған өнеркәсіптерде кадрлар дайындау жүргізілді. 

Сөйтіп, аяқ киім фабрикасында 1942 жылдың басында 850 жұмысшы жұмыс істеді, олардың 

750- 

уі  өндіріске  бірінші  рет  келгендер  болса,  қысқа  мерзімде  үйретіліп  ,  олар  білікті 



мамандар  болып  шықты.  Соғыстың  3  жылында  қалада  17 527  білікті    маман  жұмысшылар 

дайындалып болса, соның 13 356-сы әйелдер болды.Соғыс жылдарында қала тұрғындарының 

және  Семей  қаласына  қарасты  аудандар  мен  ауылдардың  еңбеккерлері  майдан  үшін  жан 

аямай  еңбек  еткенін  мынадай  мәліметтерден  көреміз.  Көптеген  әйелдер  ерен  еңбегі  үшін, 

ордендер  мен  медальдармен  марапаттарға    ие  болды.  Ет  комбинатының  инженері 

К.М.Старухина  соғыс  жылдары  5-рет  үкіметтік  наградаға  ие  болса,  тері  заводының 

жұмысшысы П.С. Миронова “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. Ал, кеме жөндеу 

заводының  жұмысшысы  М.К.Александрова  –  “Құрмет  белгісі”  орденімен  мараппаталды. 

Бүкілодақтық  социалистік  жарыста  озып  шыққан  М.И.Калинин  атындағы  ет-  консерві 

комбинаты,  ет-сүт  өнеркәсібі  қызметшілері  1942  жылдың  1-ші  жарты  жылдық  жоспарын 

113,7% орындады және еңбек өнімдерін 114 %-ке арттырып, 1237,5 мың сом үнем жасады. 

12 шілдеде комбинат ұжымының ет-сүт өнеркәсібінің қызметкерлері Халық Комиссарынан 

комбинатқа  мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  ауыспалы  Қызыл  Туы  және  1-ші    дәрежелі 

сыйлығы  берілгендігі  жайлы  жедел  хат  алды.  Сондай-ақ  тыл  еңбекшілерінің  бірі  Квитко 

тамыз-қыркүйек  айларындағы  нормаларын  325%-ке  орындап,  жаңа  орналасқан 

жұмысшыларды машинист мамандығына үйретіп отырды. [4;2]  



 

200 


 

Семей  қаласында  1941  жылы  30  қыркүйекте  партия  ұйымдарының  хатшыларының 

мәжілісі  болды.  Онда  Қызыл  Армия  жауынгерлерін  жылы  киім–кешектермен  қаматамасыз 

ету мәселесі қарастырылды. 

Осыған  байланысты  КП  (б)  К  қалалық  комитетінің  хатшысы  Шестов  Николай 

Митрофанович сөз алып: 

Қызыл  Армияның  жауынгерлері  мен  командирлері  кеңес  жерін  герман  фашизимінің 

шапқыншылығынан  қорғауда.  Біздің  міндетіміз  қызыл  әскерлерді  барлық    керек- 

жарақтарымен  соның  ішінде  жылы  киімдермен  қаматамасыз  ету.  Жылы  киімдермен  кеңес 

әскерлерін  қамтамасыз  ету  бұл  қайырымдылық  емес,  ол  барлық  халықтық  жалпы 

мемлекеттік іс! – деді. Жоғарғы Ертіс өзеншілері жылы киімдер жинауды қолдап, олар 150- 

ден  астам  жылы  киімдер  жинады.  Өзен  сауда  және  танспорт  жұмысшылары  19    жылы 

киімдер, сонымен бірге 10 жылы көйлек, 3 пар пима, 3 метр бойка жинап өткізді.[5;2] 

Семейдегі  “Инпошив”  артельде  алдыңғы  қатарда  келе  жатқан  аяқ  киім  цехінің  бірі 

болды. Инпошив артелінің ұжымы Қызыл Армия жауынгерлеріне арнап, 80 пар малақай, 20 

пар  жылы  қолғап,  2  шолақ  тон  және  басқа  да  көптеген  бұйымдар  жіберді.  Крупская 

атындағы  артелінің  ұжымы,  майданға  соңғы  (1942ж)  3-4  айдың  ішінде  3  шолақ  тон,  8  пар 

пима, 25 пар жылы қолғап, 20 малақай, 4 мақталы шалбар, 4 фуфайка, 10 пар жылы шұлық 

жөнелтті. [6;]  

Семей  станциясының  теміржолшылары  да  Кеңес  Армиясының  жауынгерлеріне  деген 

жылы  киімдер  қорына  көп  үлес  қосты.  Контор,  шеберхана  жұмысшылары  6  мақталы 

фуфайка, 5 мақталы шалбар, 2 пар пима, 5 құлақшын- малақайлар, қолғап сол сияқты қажетті 

дүниелерді  майданға  жөнелтті.  400-ден  астам  жылы  киімдер  жинауда  Қызыл  Армияның 

жауынгерлеріне Семей қаласының байланысшылары да көмек көрсетті олар 50 малақай, 30 

пар  пима,  82  пар  қолғап-  бес  саусақтар,  30пар  жаңа  киімдер,  13  тері  желеттер,  7  шолақ 

тондар және тағы басқа бұйымдар өткізді.. [7;5]. 

Қаладағы  “Пимокат”  артелінің  мүшелері  Қызыл  Армияның  жауынгерлеріне  99  пар 

пиманы  сыйға  тартты.  Ал,  аяқ  киім  фабрикасының  ұжымы  жауынгерлерге  10  пар  пима, 

шолақ тон, 20 құлақшын, 19 пар жылы көйлек, шұлық, қолғап тапсырды.  

Майдан  үшін,  майдандағы  жауынгерлерге  деген  шексіз  көмекті  тек  қала 

тұрғындарының тарапынан ғана емес, сонымен қатар, Семей қаласына қарасты аудан, ауыл 

еңбеккерлерінің атқарған жұмыстарынан да байқаймыз.              Мысалы, Аякөз ауданындағы 

Сталин  атындағы  ауылшаруашылық  артелінің  мүшелері,  Қызыл  Армияға  жылы  киімдер 

жинаудың бірінші күнінде: 5 қой терісінен тігілген тон, 2 жылы көйлек, 6пар жүн қолғап, 4 

пар  шұлық  және  95  күндік  еңбек  ақыларын  аударған.  1942  жылы  Семейдегі  “Красный 

кожевник”  артелінің  ұжымы  жауынгерлерге  жылы  киім  тігу  жұмыстарын  белсенді 

ұйымдастырған.  Артелдегі  шолақ  тон  тігетін  цехтың  стахановшылары  бастығы  Е.М. 

Неустроева мереке алдындағы (7 қараша) жарыста үздік болып алға шықты. [7;] 

Соғыс  жылдарында  басқа  өндіріс  орындарына  үлгі  көрсетуші  ұжымдар  көп  болды. 

Соның  бірі-  жүн  өңдеу  фабрикасы  1941  жылдың  жоспарын  қараша  айының  16-  шы 

жұлдызында  орындап  шықты.  Ал,  жоспардан  тыс  2  миллион  707  мың  сомның  өнімі 

өндірілді.  1942  жылы  Семей  кеме  жасау  заводы  Бүкілодақтық  жарыстың  жеңімпазы  деп 

танылды.  Семей  станциясының  ұжымы  1942-1943  жылдардың  қысына  мемлекет 

қаржысынсыз-  ақ,  әзірлік  жасау  жөніндегі  Түркістан-  Сібір  теміржолындағы  жарыстың 

инициаторы болды. 1943 жылдың көктемінде егіс жұмыстарына қызу әзірлік кезінде Семей 

қаласынан  облыс  шаруашылықтарына  көмекке  артта  қалған  МТС-  тарға  90  жұмысшы,  15 

токарь, 57 слесарь, 7 электр маманы, 14 ұста мамандығы жұмысшыларын қосымша жіберді. 

Семей теміржол станциясындағы 1-шеберхана ұжымының жиналысында шебер ұста Сергей 

Подколзин  майданға  көмек  көрсету  туралы  өз  ұсыныстарын  айта  келіп,  ендігі  жерде  өз 

нормасын 300 %- ға орындайтындығын мәлімдеді.[8;227 ] 

Кеме  жөндеу  зауытының  ұжымы  өздерінің  жақсы  көрсеткіштері  үшін,  Қазақстан 

Республикасы  Жоғарғы  Кеңесі  президиумының  жоғарғы  наградасына  ие  болды.  Зауытта 

стахановшылардың, тыл еңбекшілерінің қатары күн санап өсуде болды. Мысалы, ағаш өңдеу 


 

201 


цехының  стахановшысы  Толстова  күнделікті  нормасын    200-  400 %-ға  орындаса,  ағаш 

шебері  Н.Н.  Павлов  200-  560 %-ға,  майдандағы  жауынгер  4  баланың  әкесі,  ағаш  ұстасы 

Брагин  222%-  ға,  қалыптаушы  (формовщик)  Жұмағұлов  240%  орындады.  Ал, 

рационализатор  Санаров  өзінің  енгізген  ұсынысы  бойынша  19 000  сом  үнемдеді.  Сонымен 

қатар,  зауыт  жұмысшылары  кемелердің  қыс  жағдайындағы  техникалық  дайындық 

жұмыстары  жөніндегі    күнделікті  жөндеу  жұмыстарын  мерзімдерінен  бұрын  орындауға, 

отынның,  электр  қуатының  материалдардың  5  пайызын  үнемдеуге  міндеттемелер 

алды.[9;118] 

Соғыс жылдарында вагон депосында ескі вагондарды қайта қалпына келтіріп, жөндеу 

үшін өндіріске экономикадан бірнеше миллион ақша бөлді. Семейдегі вагон депосында ескі 

оратылған сым қалдықтарынан шеге жасау өндірісі іске қосылды. Жаңа Семей ауданынның 

вагондарын техникалық қадағалаушы мастері Бабанский депоға 306 килограмм сым жинап, 

өткізген,  ал  Шар  ауданының  мастері  Орлов  80  килограмм,  Жармада  120  килограмм  сым 

жиналынып  өткізген.  Семей  темір  жолының  шебер  ұстасы  С.Подколзин  ескі  буферлік 

пружиналардан  спиральды  бұрғы  жасауды  ойлап  тапты.  Халық  шаруашылығының  басқа 

салаларындағы  сияқты  мұнда,  яғни  теміржол    транспортында  да  әйелдердің  рөлі 

айтарлықтай  болды.  1942  жылы  Турксибтегі  жұмысқа  шамамен  үш  мыңдай  әйелдер 

дайындалып жіберілсе, қосымша тағы үш мыңдай әйелдер оқытылып жатты. Соғысқа дейін 

Қарағанды теміржолында 1840 әйелдер жұмыс істесе, 1942 жылдың наурызында 4000 әйел 

адамдар  жұмыс істеді де, тағы екі мыңдайы оқу үстінде болды [10;216-218]. 

Қалалық  және  аудандық  партия  комитеттеріндегі    әйелдер  өз  жұмысын  өнеркәсіп 

орындарында,  әскери  бөлімдерде,  совхоздар  мен  жергілікті  кеңестерде  әйел  кеңестерін,  ал 

колхоздарда әйел ұйымдарын құрудан бастады. Республикада әйелдер кеңесінің саны артты. 

Мысалы, 1943 жылы Семей облысында 58 әйелдер кеңесімен 220 әйел ұйымдастырушылар 

болды. [11; 69]. 

Соғыс әйелдер шаруасы емес. Алайда, майдангер қыздар қауіп төніп тұрған жау оғына 

қарамай ер адамдармен бірге  шабуылдарға қатысты, жаралы жауынгерлерді ұрыс даласынан 

алып  шығып,  медсанбаттар  мен  госпитальдерде  күтті.  Олар  байланысшы  да,  механик  те 

болып  жұмыс  істеді.  Соғыс  кезінде  байланыс  бөлімшелерінің  80  пайызын  құраған 

байланысшы  әйелдердің  жорық  жолдары  да  қауіп-  қатерге  толы  болды.  Шайқас  тағдырын 

шешетін байланысты жолға қою үшін, өздерін қатерге тіге жүріп, олар фашизиммен күресте 

қомақты үлес қосты. [12;93]. 

Семей  ет  комбинатының  жұмысшысы  Бармашова  қорғаныс  қорына  10 790  сомға 

мемлекеттік облигация және 2 мың сом ақша берді. Трензелева деген оқытушы мемлекеттік 

банкқа  алтын  бұйымдарымен  500  сомға  облигация  өткізді.  Семей  облысының  “Көк- 

Жартас”артелінің колхозшысы Айдарханова 3 жұп күміс сырға, 2 білезік, ескі күміс тиындар 

өткізді.  1941  жылдан  бастап,  Қазақстанда  балалар  үйлерінің  саны  көбейе  берді.  Егер  1941 

жылы  17 949  баласы  бар  140  балалар  үйі  болса,  1945  жылы  олар  182  болды.  Олардағы 

балалар саны 27008 балаға жетті. Балаларға көмек ұйымдастыруда Семей қаласының әйелдер 

кеңесі 1943 жылы қыркүйек пен қазан айларында көркемөнерпаздар кешін ұйымдастырып, 

одан түскен 20 000 сом қаржыны балалар қорына аударды. [11;134]  

Ер азаматтар майданға кеткенде кадр даярлау мәселесі ерекше қолға алынды. Соғыстың 

алғашқы жылдарында- ақ 1347 әйел слесарь және токарь мамандықтарын еркін меңгерсе,683 

әйел күрделі өндірістік операцияларды меңгеруге жетісті. Соғыстың алғашқы үш жылында 

ғана 13 348 әйел кадрлары өндіріс үшін еңбек етуге даярланса, соның ішінде 1700- ге жуығы 

қазақ қыздары еді.[8;27] 

Семей  өңірі  еңбеккерлері  де  Жеңістің  жақындауына  өз  үлестерін  қосты  деп  айтуға 

болады.  Олар  жауынгерлерді  киіндірумен  қатар,  азық-  түлікпен  қамтамасыз  етуге  аянбай 

еңбек  етті.  Соғыс  жылдарында  қала  жеңіл  өнеркәсіптер  орталығына  айналды.  Қалалықтар 

соғыс  даласындағы  майдангерлерге  және  уақытша  оккупацияда  болып,  азат  етілген 

аймақтарға  да  үнемі  қол  ұшын  беріп  тұрды.  Өнеркәсіп  орындары  соғыс  кезіндегі 


 

202 


қиыншылықтарға  қарамастан  әскери  тапсырмаларды  орындап,  кез  келген    уақытта 

сұраныстарды артығымен орындауға тырысты.  

Эвакуацияланған  кәсіпорындардың  ішінде,  Семейде  орналасқан  жеңіл  өнеркәсібі 

жақсы  дамыды,соғыстың  соңғы  жылдарына  таман  біздің  қаламыз  жеңіл  өнеркәсіптің  ірі 

орталықтарының  біріне  айналды.  Соғысқа  дейін  қалада  не  бәрі  2  ірі  өнеркәсібі  болды 

былғары  комбинаты  және  алғашқы  жүн  өңдеу  фабрикасы  (ПОШ).  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында эвакуациялық құрылғылардың негізінде 7 жаңа кәсіпорын құрылды.  

 

Семей кәсіпорындарының Ұлы Отан соғысы кездеріндегі шығарған өнімдерінің 



жалпы сипаттамасы 

 

Р.С 



Кәсіпорындар 

 

 



 

 

 



1926-

27жж бағалардан өзгеріссіз шығарылған өнімдер  

(мың сом көлемінде) 

1940ж 


1941ж 

1942ж 


1943ж 

1944ж 


1945ж 

Аяқкиім фабрикасы 



3767 



4824 

4470 


7600 

«Большевичка  украины» 



тігін фабрикасы 

10918 



4869 

6230 


6230 

7700 


Володарский  ат.  тігін 

фабрикасы 



3603 

7097 


7000 

8000 


Жіп иіру фабрикасы 



245 



703 

6345 


729 

Шұлық фабрикасы 



635 



1236 

2162 


2650 

Осташковский  былғары 



зауыты  



4050 

6065 


6020 

6500 


Былғары комбинаты 

8247 

9448 


11088 

9186 


9200 

9400 


Алғашқы  жүн  өңдеу 

(ПОШ)фабрикасы 

17856 


18241 

17059 


16948 

16900 


17200 

Шұға комбинаты 





841 

890 


744 

 

Семей кәсіпорындарының Ұлы Отан соғысы кездеріндегі шығарған өнімдерінің жалпы 



сипаттамасын жоғарыдағы мәліметтерде берілген. Біз көрсеткен мәліметтердің барлығынан 

Ұлы Отан соғыс кезіндегі тылдағы еңбекке семейліктердің айтарлықтай үлесі болғандығын 

байқаймыз. 

     


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.Құсайынов М. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында.Алматы 1985 



2. Городецкая В.С., Потылицина В.А. Наш край в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. 

Семипалатинск, СПИ 1991 

3. Семипалатинску 250 лет. Алма-Ата.,1968 

4.// Екпінді 1945, 9 мамыр 

5. Прииртышская правда 1943 №6685 

6. ШҚО ҚЗТҚО 611 қ.-1т.-13 ic.-11 п. 

7

.Прииртышская правда 1942 №4341,4592,4688. 



8. 

//Екпінді 1943,№3227 ,3368 

9. 

Беликов А.М.Тыл кует победу, Москва,1965 



10. 

Козыбаев М.К. Қазақстан арсенал фронта Алма-Ата,1970 

11. Әбжанов Қазақстандықтардың жеңіске үлесі//Қазақ тарихы 1996,№4,43-45. Абжанов К. 

Перестройка экономики Отечественной войны// Известия  АНКазССр Сер.общ. наука 1984, №6 ,с .16-

20. 

12. 


Потапов А.В. Гвардейцы фронта и тыла Алма-Ата., 1974. 

 


 

203 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 

ЭВАКОГОСПИТАЛЬДАР ҚЫЗМЕТІ 

 

А.Ж. Оразбақов  

т. ғ. к., доцент  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 



З.О. Атеева  

№ 212 мектеп, тарих пәнінің мұғалімі 

(Қызылорда, Қазақстан) 

 

Соғыс жылдарында майданда және госпитальдарда жұмыс істеуге 700 мың медицина 



саласының қызметкерлері шақырылды. Олардың 280 мыңы дәрігер, 11 мыңы фармацевтер, 

57  мыңы  фельдшерлер,  қалғандары  медбикелер  және  санинструкторлар  болды.  Бұған  қоса 

Қазақстандағы  медициналық  оқу  орындары  оның  ішінде  Қызылордада  орналасқан 

Симферопольден  көшірілген  Қырым  медициналық  институтын  қосқанда  5  мыңнан  аса 

дәрігерлер  мен  17389  фельдшерлер  оқу  орындарын  соғыс  кезінде  бітіріп  көбісі  майданға 

аттанды.  

Медицина  қызметкерлері  тылдағы  госпитальдарда  ғана  емес,  шайқас  далаларында  да 

қажырлы  еңбегімен  көзге  түсіп,  жаралыларды  өлімнен  құтқарып,  өз  өмірлерін  қиды.  Тек 

1941  жылдың  өзінде  427  дәрігер,  611  фельдшерлер  қаза  тапты.  Бұл  кеңес  әскерлерінің 

шегінген  кезеңі  болған.  Шегінген  кезде  көбісі  мерт  болып,  із-түзсіз  жоғалып  кеткендер 

қатарына  ілінді.  1941  жылы  1273  дәрігер  мен  1776  фельдшерлер  із-түзсіз  кетті.  Соғыста 

бетбұрыс байқалды деген 1943 жылдың өзінде майдандардағы және тылдағы госпитальдарда 

3556  дәрігер  мен  7637  фельдшер  қаза  тапты[1,43  б.].  Қаншама  санитарлар  алғы  шеппен, 

тылдағы  госпитальдарды  бомбалау  кезінде  қаза  тапты.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  117 

госпиталь  жау  қолына  түсті,  17  госпиталь  қоршаудан  шығу  кезінде  үлкен  шығындарға 

ұшырағандықтан  таратылды,  14  госпиталь  із-түссіз  кеткендер  санатында.  Бұлардың 

қатарындағы дәрігерлердің 41%, фельдшерлердің 43%, медбикелердің 100% жуығы әйелдер 

болды [2,306-309 б.]. Соғыс кезінде әскерге шақырылған медицина саласы қызметкерлерінің 

200  мың  дәрігері,  жарты  миллионға  жуық  орта  медициналық  қызметкерлері  1  миллион 

адамға  лайықтап  жасалған  6000  эвакогоспитальда  әскери  киім  киіп,  өздерінің  отан 

алдындағы борышын өтеді. 22326905 жаралы мен ауруларға көмек берді. Олардың 14685593-

і  жаралы  болса,  7641312-сі  аурулар  болды.  Госпитальдарға  жараланып  я  сырқаттанып 

түскендердің  17157243-і,  я  76,9%  қайтадан  әскер  қатарына  жіберілді.  3798158-і,  я  17% 

әскерден босатылды немесе демалысқа жіберілді, 1371504-і, я 6,1% қайтыс болды. Жарақат 

алған  жауынгерлердің  70,8%  қолынан  не  аяғынан  жарақат  алғандар  болды  [3,244  б.].  1352 

күнге  созылған  бұл  соғыста  күніне  11398  кеңес  әскерінің  солдаттары  мен  офицерлері 

жараланып  я  қаза  тауып  отырған.  Кеңес  халқы  да  өз  көмегін  аямады,  соғыс  кезінде  5,5 

миллион адам қан тапсырып донор болды. 

Ұлы  Отан  соғысының  бастапқы  айларында  эвакогоспитальдар  екі  жүйеге  бағынды, 

Қызыл  Армияның  бас  әскери-санитарлық  басқармасына  және  Денсаулық  Сақтау  Халық 

комиссариатына,  ал  1941  жылдың  қазанында  бұл  екі  мекеменің  эвакогоспитальдары 

Денсаулық  сақтау  Халық  комиссариатына  берілді.  1941  жылдың  10  қазанында  Халық 

комиссарының  орынбасары  С.И.  Миловидов  басқарған  эвакогоспитальдардың  бас 

басқармасы құрылды. Осыған сәйкес Қазақстанда және облыс орталықтарында оның ішінде 

Қызылордада  эвакогоспитальдар  басқармасы  құрылды.  Госпитальдардағы  жаралыларға 

сапалы ем жасау үшін әрбір госпитальда дәрігерлерден «госпитальдық кеңес» құрылды.  

Мемлекеттік  және  қоғамдық  мекемелердің  жаралыларға  көмегін  реттестіріп  отыру 

үшін  «Жаралыларға  және  ауруларға  көмек  беретін  жалпы  одақтық  комитет»  құрылды. 

Комитет жұмысын ВКП(б) ОК хатшысы А.А.Андреев басқарды. 

Бұл комитет госпитальдар орналасатын ғимараттарды жөндеуге, отынмен қамтамасыз 

етуге,  тағы  басқа  көмек  беру  істерімен  айналысты.  Мысалы  осы  комитеттің  тікелей 


 

204 


араласуының арқасында облыстық партия комитетінің шешімімен облыстағы үш госпитальға 

қосымша  құрылыс  материалдары  беріліп,  1942  жылдың  өзінде  Жаңақорғандағы  3980 

госпиталінде  пештер  қайта  салынып,  балшықпен  емдеу  бөліміне  жылыту  жұмыстары 

жүргізілді  және  госпитальге  су  торабы  тартылды.  Ал  3978  және  3979  госпитальдарында 

ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Облыс көлемінде орналасқан елді мекендердің еңбекшілері әсіресе бақша дақылдарын 

өсіретін  шаруашылықтар  көбінесе  өз  еріктерімен  госпитальдардағы  жаралыларды  өз  әке-

балалары сияқты көріп қауын, қарбыз, әңгелек, жүгері және бақша өнімдерінен дайындалған 

қауынқақ,  тұздалған  қияр,  помидор  сияқты  азықтарды  жаралыларға  әкеліп  тұрды.  Қала 

мектептері  мен  орта  және  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  мен  оқытушылары 

госпитальдарға  көмек  жасау  үшін  оларды  бөліп  алып,  концерттер  қойып,  жаралылардың 

үйіне хат жазуға көмектесті және басқа да көмектерін аямады. 

Осындай жұмыла кіріскен жұмыс арқасында Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің 

1941  жылғы  №1829-821  қаулысына  сай  1941  жылдың  қазанына  дейін  Қазақстанда  6400 

орындық эвакогоспитальдар жұмысын бастады. Қазақстан үкіметінің екінші тапсырмасына 

сәйкес  1941  жылдың  соңына  дейін  тағы  5800  адамға  орындар  дайындалды.  Бұған  қоса 

санаториялар мен демалыс үйлерінің базасында 1941 жылдың соңына дейін 910 орындық 6 

эвакогоспиталь ашылды.  

1941  жылдың  желтоқсанында  Солтүстік  Қавказдан  9150  орындық  20  эвакогоспиталь 

Қазақстанға  көшірілді.  Оның  1800  орындық  үш  госпиталі  Қызылорда  облысына 

орналастырылды.  1941  жылдың  22  желтоқсанында  Қызылорда  облысындағы  үш 

эвакогоспиталь  Ташкентте  орналасқан  №  60  эвакуациялық  пунктке  бекітілді.  Алайда 

Ташкенттің  Қызылордадан  қашықта  орналасуы  және  басқа  республика  жерінде  болуы 

Ташкент  тарапынан  Қызылорда  госпитальдарына  керек  заттардың  толық  емес  және 

уақытылы  түспеуінің  себебі  болды.  Осыған  байланысты  Қызылорда  облыстық  партия 

комитеті  1942  жылдың  9  желтоқсанында  Ташкентті  болып  жатқан  жағдайлар  туралы 

хабардар  етті  [4,141  п].  Қызылордадағы  госпитальдан  айығып  шыққандар  Ташкентке 

жіберіліп,  сол  жерден  әскерге  аттанатын  болды.  Қызылорда  госпиталдеріне  көп  көмекті 

Қырым  медицина  институтының  ұжымы  көрсетті.  Қызылордаға  көшіп  келгенде  Қырым 

медицина  институты  өзінің  жеке  құрамын  толық  сақтады.  Мұнда  21  профессор,  кафедра 

меңгерушілері,  оқытушылары  толық  болды  және  бес    курста  530  студент  оқыды.  Оның 

бірінші  курстағы  200  студенті  Қызылордада  қабылданды  және  құрамында  біздің  көп 

жерлестеріміз  болды  [5,98  б.].  Бұл  институт  Қызылордада  4  рет  200  маманнан  шығарып, 

жартысын майданға, қалғандары Қызылорда облысының аудандарына, Қазақстанның басқа 

жерлеріне және азат етілген аудандарға жіберілді. Бұған қоса институт емдеу-хирургиялық 

госпиталі есебінде жұмыс істеді. 

Қызылордадағы  эвакогоспитальдар  осы  институттың  клиникалық  базасына  айналды. 

Соғыс  кезінде  Қазақстанда  оның  ішінде  Қызылордада  жұмыс  істеген  дәрігерлердің  38,8% 

КСРО-ның әр қалаларынан келген жоғары дәрежелі ғалым мамандар болды. Бұлар әскерге 

кеткен  жергілікті  дәрігерлердің  орнын  толықтырды.  Қазақстан  және  Қызылорда 

дәрігерлерімен  орта  медицина  қызметкерлерінің  санын  көбейткен  келесі  бір  топ  соғыс 

жылдары  күштеп  Қазақстанға  қоныс  аударылған  халықтардың  өкілдері  болды.  Күштеп 

қоныс  аударылғандардың  құрамындағы  медицина  саласының  қызметкерлері  облыстың 

барлық ауруханалары мен емханаларына жұмысқа алынды. 

Госпитальдар  ғалымдардың  озық  ойларын  тікелей  іске  асырған  орындарға  айналды. 

Озық ойлы іс-тәжірибелер арқасында емдеудің жаңа үрдістері пайда болған Алматы, Семей 

госпитальдарымен  бір  қатарда  Қызылордада  орналасқан  3978,  3979  және  Жаңақорғанда 

орналасқан  №  3980  госпитальдар  болды.  Бұдан  бөлек  облыс  аймағында  Қысқы  мерзім 

болсада  жаралыларды  емдеумен  айналысқан  №1581,  №2061,  №2103  және  Арал,  Қазалы 

қалаларында орналасқан тағы екі эвакогоспитальдар болған. Ашып айтсақ: 

1.

 

№ 3978 әскери эвакогоспиталі 1941-1944 жылдар аралығында қазіргі «Жібек жолы» 



сауда  ойын-сауық  орталығына  қарсы  жерде  орналасқан  қалалық  емхана  негізінде  жұмыс 

 

205 


істеді.  1941  жылдың  24  қарашасындағы  мәлімет  бойынша  осы  госпитальда  557  жауынгер 

емделуде болды. 

2.

 

№3979  әскери  эвакогоспиталі  1941-1944  жылдар  аралығында  қазіргі  Қорқыт  Ата 



атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  №1  оқу  ғимаратының  қарсы  бетінде 

орналасты.  1941  жылдың  24  қарашасындағы  мәлімет  бойынша  бұл  госпитальда  247 

жауынгер емделуде болды.  

3.

 



Қызылорда  қаласына  көшіп  келген  Қырым  медицина  институты  емдеу-

хирургиялық госпиталі ретінде 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. 

4.

 

Жаңақорған қыстағындағы №3980 әскери эвакогоспиталі кейін больница 1941-1945 



жылдарда Жаңақорған санаториі жанында, саноторий базасын пайдаланып жұмыс істеді. 

5.

 



Арал  қаласында  әскери-ветериналдық  академияның  филиалы  және  әскери-емдеу 

госпиталі  жұмыс  жүргізіп,  қалада  жалпы  500  төсектік  емдеу  орындары  жарақат  алған 

жауынгерлерді емдеумен айналысты. 

6.

 



Қазалы  қаласында  әскери-санитарлық  бақылау  пункті  жұмыс  істеп,  500  төсектік 

емдеу орындары жаралы жауынгерлерге қызмет көрсетті. 

7.

 

Облыс  территориясында  №1581  көшіру-емдеу  госпиталі  болды,  мұнда  1941 



жылдың 6 қарашасынан – 1942 жылдың 20 тамызына дейін жаралы жауынгерлерді емдеді, 

орналасқан жері туралы мәліметтер жоқ. 

8.

 

Облысымызға  №2061  әскери-емдеу  госпиталі  көшіп  келіп,  1941жылдың  26 



маусымынан  1942  жылдың  22  тамызына  дейін  жаралы  жауынгерлерді  емдеу  жұмысын 

жүргізді, орналасқан жері туралы мәлімет жоқ [6]. 

9.

 

Соғыс шайқастары жүргізіліп жатқан КСРО территориясынан №2103 әскери-емдеу 



госпиталі  көшіп  келіп,  1941  жылдың  6  қарашасынан  1942  жылдың  20  тамызына  дейін 

жаралыларды емдеді, орналасқан жері туралы мәлімет жоқ [7,11 б.]. 

Жаралы  жауынгерлерді  емдеп,  қатарға  қосуда  қосымша  дәрі-дәрмектердің,  әсіресе 

витаминдердің көмегі көп болды. Бұрын Қазақстанға басқа республикалардан әкелінген дәрі-

дәрмектер соғыс жылдары Қазақстанда өндіріле бастады. Медицина саласының ғалымдары 

жаралыларға  өте  пайдалы  гематогенді  Алматы,  Орал,  Қызылорда  ет  комбинаттарында 

шығаруды жолға қойды. 

1942  жылдың  20  қаңтарында  Қазақстанға  эвакуацияланған  26600  орындық,  тағы  55 

госпиталь  келді.  Бұл  госпитальдар  облыстарға  бөлініп  берілді.  Бір  жағынан  облысқа 

эвакуацияланған  госпитальдар  келіп  жергілікті  мамандармен  толықтырылып  жатса,  екінші 

жағынан  қоршауда  қалып  жойылған  және  жаңадан  құрылған  әскери  құрамалар  үшін 

Қазақстандағы  госпитальдар  майдандарға  адамдарымен,  құрал-саймандарымен,  керек-

жарағымен жіберіліп жатты. 1941 жылы 9350 орындық 26 госпиталь жіберілсе, 1942 жылдың 

қаңтарында тағы 3900 орындық 13 госпиталь жіберілді. 

Егер  соғыс  барысында  бір  поездбен  келген  жаралылар  бір  облыс  орталығында 

қалдырылса,  енді  облыс  орталықтарындағы  госпитальдар  жарақатына  қарай  маманданып 

бөліне  бастады.  Сондықтан  бір  қалаға  басынан  жараланғандар,  екінші  бір  қалаға  аяғынан, 

үшінші қалаға денесінен жараланғандар поездан түсіріліп кететін болды. 

1942  жылдың  екінші  жартысында  майдан  тұрақталып,  майданнан  алыс  Қазақстанға 

жаралыларды  тасу  қажеттілігі  жойылғасын  және  майдан  шептеріндегі  госпитальдар 

көбейгесін  Қазақстанға  жаралыларды  әкелу  қысқарды.  1942  жылғы  24  қыркүйектегі 

Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысына сәйкес эвакогоспитальдардағы орындар 

23475-

тен  15500-ге  қысқарды.  1942  жылы  Қазақстанда  43310  орындық  106  эвакогоспиталь 



жұмыс  істеген.  Ал  жалпы  алғанда  1941-1945  жылдары  Қазақстанда  59465  орындық  155 

эвакогоспиталь  болған,  бұлардың  44915  орындық  110  госпиталі  жаралыларды  қабылдаған. 

Ал 14550 орындық 45 госпиталь жаралыларды қабылдамастан майданға жіберілген.   

Қазақстан  госпитальдарындағы  жауынгерлер  орта  есеппен  72  күн  ем  алған.  Бұл 

негізінен  госпиталдардағы  емін  жалғастыру  үшін  келгендер  есебінен  болып  тұр.  Ал 

жараланғаннан кейін Қазақстан госпитальдарына түскендер орта есеппен госпитальда 148,5 

күн  ем  алған.  Соғыс  жылдары  госпитальдарды  тексерген  көптеген  комиссиялар  емделіп, 


 

206 


айығып шыққан жауынгерлердің госпитальдарда көп екенін айтады. Сырт көзге олар айығып 

шыққан  болып  көрінгенімен,  госпиталь  дәрігерлері  оларды  толық  айықтырып  шығуға 

тырысты  және  осыған  байланысты  олар  көп  жағдайда  «Дені  сауларды  әдейі  алып  қалып 

жатыр»  -  деп  сөгіс  алып  жатты.  Осыған  байланысты  Қазақстан  үкіметі  мен  кәсіподақтары 

бірігіп  1942  жылдан  бастап  емдеуден  өткен  жаралыларды  тезірек  қатарға  қосу  үшін 

санаторийлер  мен  демалыс  үйлері  базаларында  емдеуді  жалғастыратын  1560  орындық 

бірнеше  госпитальдар  ашу  туралы  шешім  қабылдады.  Осыған  сәйкес  Қазақстан  үкіметінің 

1942  жылғы  12  желтоқсандағы  №581  өкімімен  Қызылорда  облысының  Жаңақорған 

поселкісінде  300  орындық  балшықпен  емдейтін  аурухана  ашылып,  жұмысын  тоқтатқан 

№3980  госпитальдың  медициналық  құрамы,  құрал-саймандары  және  «Жаңақорған» 

курортының қосымша шаруашылығы осы ауруханаға берілді. 1918 жылдан жұмыс істеп келе 

жатқан  Жаңақорған  курортының  негізінде  құрылған  №  3980  госпиталінде  бұған  дейін 

жаралыларды  емдеу  жұмысы  жүргізілген  болатын.  1942  жылдың  1  қаңтарынан  -1 

қыркүйегіне  дейін  мұнда  796  жаралы  хирургиялық  жолмен  ем  алып  күн  жылыған наурыз-

шілде  айларында  386  адам  балшықпен  ем  алған.  Бірінші  қыркүйекке  дейін  бұл 

жаралылардың  188  ғана  госпитальда  қалған,  қалғандары  ем  алып,  жазылып  шықты. 

Жаңақорған  госпиталіне  аурулары  асқынып  кеткендерді  әкелетін,  олардың  30%  қайтадан 

әскер  қатарына  алынғаны  басқа  госпитальдарға  қарағанда  төмен  болса  да,  ауруы  асқынып 

түскен  Жаңақорған  госпиталінің  ем  алушылары  үшін  жоғары  көрсеткіш  болды.  Бұл 

госпитальдан  емделіп  шығарылған  басқа  жауынгерлердің  8%  қосымша  әскери  бөлімдерге 

жіберілсі,  59%  уақытша  жарамсыз  деп  танылды.  Осы  көрсеткіштерден-ақ  Жаңақорған 

госпиталінің  ауыр  жаралылармен  жұмыс  істегені  көрініп  тұр.  Госпитальдың  бас  дәрігері 

Медовардың  Қызылорда  облыстық  партия  комитетінің  бюросында  айтқанындай  - 

«Балдақтарымен  келгендер  бізден  балдақсыз  кетті».  Соғыс  жылдары  мамандар  жетіспей 

жатқанда осы госпитальдың негізінде жергілікті орта кәсіптік білімі бар мамандар дәрігердің 

жұмысын атқаруға тартылып, жақсы маман болып шықты [3,269-270 п].  

Қызылорда  облыстық  денсаулық  сақтау  бөлімі  соғыс  жылдары  облыс  көлеміндегі 

госпитальдардағы  емдеу  жұмыстарын  қадағалап,  назарда  ұстады  және  емделушілердің 

жазылып  шыққандығын  куәландыратын  комиссиялар  құрып  госпитальдармен  тығыз 

байланыста болды.  

1943-

1944  жылғы  қысқартулардан  кейін  1945  жылы  Қазақстанда  810  орындық  11 



госпитальдар  жұмыс  істеді.  Олар  Ақмола,  Алматы,  Батыс  Қазақстан,  Семей,  Оңтүстік 

Қазақстан  облыстары  және  Алматы  қаласында  орналасты.  1945  жылдың  өзінде  Қазақстан 

госпитальдарының  жұмысы  қауырт  болғанын  1945  жылдың  24  мамырында  Алматыға  400 

жаралысы бар соңғы эшелонның келгенінен көруге болады. 

Соғыстың  бітуімен  Қызылорда  облысындағы  госпитальдар  өз  жұмысын  тоқтатса  да, 

Жаңақорғандағы жаралыларға арналған аурухана жұмысын тоқтатқан жоқ. Бұл жерде айта 

кететін тағы бір нәрсе  1943 жылдан бастап кеңес жауынгерлерін емдеген Ақтөбе, Ақмола, 

Жамбыл, Семей және Повлодар облыстарындағы 8 госпиталь әскери тұрғындарды емдеуге 

көшіп 50-ші жылдарға дейін жұмыс істеді, ал Қызылордадағы құрылыстарда жұмыс істеген 

басым көпшілігі жапон тұтқындары қалалық емханада емделді. 

Соғыс  жылдары  Қазақстан  госпитальдарына  түскен  жаралылардың  55,5%  қайтадан 

әскер қатарына қосылды. Бұл Қазақстандағы медицина саласы қызметкерлерінің арқасында, 

госпитальдарды  керек-жарағымен  қамтамасыз  еткен  жергілікті  мекемелер  мен  халықтың 

қажырлы  еңбегі  және  Жаңақорған  санаторийі  сияқты  емі  қонымды  жерлердің  болуы 

арқасында  іске  асты  деуге  болады.  Госпитальдардан  шыққандардың  қатарға  қайта 

қосылғандары жағынан Қазақстан Ресеймен Украина госпитальдарынан кейінгі 3-ші орынды 

алды. Госпитальдардан шыққан басқа жауынгерлердің 4,6% ем алу үшін отпускке жіберілсе, 

38,7% запасқа жіберілді. 

Соғыс кезінде мыңдаған жауынгерлер мүгедек болып қалды. Емделіп шыққанан кейін 

олар қайыр сұрамай жұмыс тауып кетуі үшін госпитальдарда мамандық алып шығатын түрлі 

үйірмелер  жұмыс  істеді.  Мұнда  мүгедектерден  ювелирлер,  колхоз  санақшылары,  колхоз 


 

207 


председательдері,  шаштараздар,  мұғалімдер,  электромонтерлер,  киномеханиктер, 

музыканттар,  мүсіншілер  тағы  көптеген  мамандар  даярланды.  Соқырлар  үшін  баянистер 

курсы  жұмыс  істеді.  Осындай  курстарда  Қазақстан  бойынша  1942-1945  жылдары  жалпы 

саны  83359  соғыс  мүгедегінің  28483-і  мамандық  алып  шықты,  оның  4176  басшылық 

қызметке  орналасты.  Ал  жалпы  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  2  млн  576  мың  КСРО  азаматы 

мүгедек  болып  қалды.  Осындай  қосымша  үйірмелер  1942  жылдан  бастап  Қызылорда 

облысындағы  барлық  госпитальдарда  жұмыс  істеді.  Бұған  тікелей  госпиталь  басшылары 

және жергілікті собез қызметкерлері жауапты болды. Олар тек оқытуға ғана емес, сонымен 

қатар  жұмысқа  тұрғызуға  көмектесті.  Осыған  байланысты  көптеген  мүгедектер  бірінші 

кезекте  Қызылорда  госпитальдарына  және  Қызылорда  мен  Жаңақорғандағы  мекемелерге 

орналастырылды. 

Ұлы Отан соғысы кезінде Қызылорда қаласына эвакогоспитальдардың жұмыс істегенін 

куәландыратын белгі есебінде Ақмешіт мөлтек ауданындағы «Сырдария» сауда орталығына 

қарсы бейіттің төрінді орналасқан госпитальдарда қайтыс болған солдаттардың бейіттеріне 

қойған  белгілерді  айтуға  болады.  Қызылордадағы  госпитальдарда  қайтыс  болған  69 

солдаттардың  есімі,  кезінде  Мырқы  Исаевтың  басшылығымен  шығарылған  «Боздақтар» 

кітабында енгізілді [8,449-484 б.]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет