Список литературы:
1.
Эдвард Кар. История Советской России. Большевистская революция 1917-1923.—Москва, 1990.-
кн.1.- С.234
2.
Мауно Койвисто. Русская идея. - Москва: Весь мир, 2002.- С180
3.
История Казахстана сдревнейших времен до наших дней в пяти томах- Алматы: «Атамура», 2010.-
Т.4 -768 с.
4.
Деревянко А.П., Шабельникова Н.А. История России. 3-е издание. М.: Проспект, 2009.-С.338
5.
Системная история международных отношений в двух томах. События 1918-1945 годов. -М.,
Культурная революция, 2007.- т.1.- с.348
6.
Аяган Б. и др. Современная история Казахстана.- Алматы, 2010- С.96
7.
1939 год. Уроки истории.-Москва: Мысль, 1990.-С.452
8.
Шамбаров В. Государство и революции.- Москва: Алгоритм, 2001.-С.335
9.
Всемирная история. Вторая мировая война.-Минск-Москва, 2002.- т.23.-С.346
10.
Новая Газета», 06 мая.2005 года, с. 5
11.
Энгл Э. Паанинен Л. Советско-финская война. — М., 2008. — 239 с.
12.
Зимняя война 1939-1940 гг. И. В. Сталин и финская кампания.-. М.: Наука, 1998- кН.2.-с. 234
13.
Маннергейм К.Г. Мемуары.-М., 1999-с.137
14.
Фельштинский Ю. Оглашению подлежит: СССР - Германия. 1939—1941: документы и
материалы.-М., 1984.-с.281
15. Веригин С. Г. Формирование и боевые действия Финской народной армии в зимней войне 1939—
1940 годов.- Москва, 2001 –с.232
16.
Вторая мировая война: исторический очерк / Институт всеобщей истории РАН. М., «Наука»,
2005.-
Т.4. –с..265
17.
Лукашук И.И. Международное право. –Москва: Издательство БЕК, 1997.-С.304
18.
Советско-финская война 1939—1940 гг. - Минск: «Харвест», 1999. с.175
19.
Семиряга М. И. Тайны сталинской дипломатии 1939-1941.-М.,1992- с.134. 20.Черниловский З.М.
Всеобщая история государства и права.- М., Юрист, 1996.- С.487
20 http://q99.it/6CGIo8p
170
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Г. Ғ. Еркибаева
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
(Түркістан, Қазақстан)
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс
қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды.
Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес
қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді,
республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны офицерлер дайындап шығарды.
Соғыс – шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына
көшіру жүзеге асырылды. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейілінше қысқартылды,
көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок
жабдықтары сондай кәсіпорындарының пайдасына қайта бөлінді.
Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның
өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан жасауға
тура келген саласында да оның үлесін арттыруды талап етті.
1941-
1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрикалар, кеніш, шахта және жеке өндірістер
салынды. Бұлардың қатарына көшіріліп әкелінген, оның ішінде метал өңдейтін және машина
жасайтын сауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер,
радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысу мәселесі бірнеше еңбектерде орын
алды. Атап айтатын болсақ, осы мәселелеге қатысты бірнеше кандидаттық диссертациялар
қорғалды: Л.С.Ахметова («Проблемы патриотического воспитания казахстанцев в условиях
советсткой командно-административной системы. 1945-1991 гг.(по материалам СМИ)»;
Д.С.Кусаинова («Патриотическое воспитание старшеклассников на героизме Алии и
Маншук») [1; 2]. Отан соғысқа салмақты үлес қосқан батырымыз Б.Момышүлының
еңбектерінде («Ел басына күн туса», «Психология войны») көрініс тапты [3;4]. Осы мәселе
мынадай жұмыстарда қарастырылды: Г.Абишев («Казахстан в Великой Отечественной
войне»), М.К.Козыбаев («Казахстан - арсенал фронта»), »Казахстан в период Великой
Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Сб. документов и материалов» [5; 6;
7].
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар
шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншылырға қарсы
кескілескен ұрыс жүргізді. Соғыстың алғашқы күндерінде жаңа құрамалар мен бөлімшелерді
жасақтау және жаттықтыру жөніндегі қызу жұмыс күндіз-түні бір толастаған емес: қалардың
шет аймақтарында жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полигондар мен оқ ату тирлері
шапшаң салынып жатты. Қазақстанда алғашқылырдың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы
жасақталды. Оның адам құрамының ұйытқысы Алматы, Жамбы және Оңтүстік Қазақстан
облыстарының, ішінара Қырғыстанның еңбекшілірі болды. Дивизия командирі болып азамат
соғысына қатысқан, атақты Чапаев дивизиясының қатарында шайқасқан генерал-майор
И.П.Панфилов тағайындалды.
Қазақстандық әскери бөлімшелер негізінен жұмысшылардан (40 пайызға дейін),
колхозшылырдан (50 пайыз), және зиялылардан (10 пайыз) жасақталды. Олардын
шамамамен әрбір жауынгерлері мен командирлері коммунист, бүкіл құраманың 15-20
пайызына дейінгісі комсомол мүшелері еді. Жасақталып жатқан әскери құрамалар мен
бөлімшелер көп ұлтты болатын.
Ұлы Отан соғысында ерекше ерліктері үшін 1160 адамға Кеңес Одағының батыры
атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97 - қазақ. Қазақстандықтардың ішінен
бірінші болып, 1941 жылы шілдеде Кеңес одағының батыры атағын 19-танк дивизиясының
171
командирі генерал-майор К.С.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990ж 11 желтоқсанда)
мұндай атақ панфиловшы, аға-лейтенант Б.Момышұлына берілді.
Ерекше ерлік көрсеткен төрт жауынгер: ұшқыш-штурмовшиктер Т.Я.Бегелдинов,
Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский Кеңес Одағының батыр
атағын екі реттен алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Ж.Мәметованың, мерген
Ә.Н.Молдағулованың, атқыштар С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың,
зеңбірекшілер С.Мүткеновтың, И.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К.Миллердің, минометші
Қ.Спатаевтың, атты әскер М.М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончаровтың есімдері бар; 110
қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесіне де ие болды.
Кеңес халқының соғыста бүкіл дүниежүзілік-тарихи жеңіске жетуінде кеңестік
патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік, халықтар достығы маңызды рөл атқарды.
Жеңіс қымбатқа түсті, оған жету жолында сол кезде Кеңес Одағын құраған көп ұлтты
халықтың 27 миллион ұл-қыздары құрбан болды.
Соғыс жылдарында шайқасып жатқан армия қатарына 1 196 164 қазақтандық қосылды,
өнеркәсіпте жұмыс істеуге тағы да 670 мың адам мобилизацияланды, яғни республиканың
әрбір төртінші тұрғыны жауды жеңуге атсалысты. Ұлы Отан соғысында кеңес адамдарының
ерен ерлігін, сондай-ақ олардың орасан зор күш-қайрат жұмсап, әлемдік өркениетті фашистік
тағылардан аман сақтап қалғанын ешкім де және ешқашан да жоққа шығара алмайды.
Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутынан бастап батыс шекарада жаумен
шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың
қатарында да болды.
Жау қолында қалған аудандарда соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар
қозғалысы пайда болып, кеңінен өрістеді Оған қазақстандықтар да қатысты: Ленинград
облысындағы 220, Смоленск жеріндегі 270-тен астам, Украина мен Белорусияда 3000-дай
қарсыласу қозғалысына 300-дей қазақстандық азаматтар араласып, ерлік істерімен танылды.
Мысалы, И.С.Арискин, А.Жұмағалиев, К.Ғ.Омаров, З.У.Хұсанов жолдарды бүлдірді,
басқыншыларға қарсы операциялар жүргізгенде тосқауылдан шабуылдап, батыл қимылдар
жасап отырды. Саяси қызметкерлер Г.Акмолинский, Т.Жангелдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев
партизандар мен тұрғын халықты неміс - фашист басқыншыларына қарсы күреске
жұмылдыруда елеулі жұмыстар атқарды. Т.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, И.А.Морозов,
С.А.Олексенко, С.О.Төлешов, В.И.Шаруада партизан отрядтары мен құрамаларының
командирлері болып, жеңіс күнін жақындатуға үлкен үлес қосты.
Қазақстандықтардың жеңістегі үлесі әсіресе Москва түбіндегі шайқаста ерекше зор
болды.
Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 316-
атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия жауынгерлері 1941 жылы 26
қазаннан 18 қарашаға дейін Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолы бағытын қорғауда күші
өзінен 4 есе басым жаумен кескілескен ұрыстар жүргізеді. Дубосекова разъезіндегі болған
шайқаста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 1941 жылы 18 қарашада И.В.Панфиловтың өзі
де көз жұмды. Бұл дивизияның политругі В.Г.Клочковтың: «Россия кең-байтақ, бірақ
шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва»,- деген сөзі бүкіл майданға тарап, Кеңес
жауынгерлерін ерлікке жігерлендірді. Кейіннен 28 панфиловшы ердің есімі тарихта алтын
әріптермен жазылды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, КСРО батыры қазақстандық
П.Б.Вихрев те ерлікпен қаза табады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмайды.
9 мамыр қарсаңында дипломалдық практикаға барған студенттеріміз 10-сыныпта
«Қазақстандықтардың ұлы Отан соғысына қосқан үлесі» атты тәрбие сағатын өткізді. Осы
тақырыпқа сәйкес оқушылар баяндамалар дайындады.
1-
ші оқушы: Б.Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы жасаған ерлігі туралы баяндама
жасады: Б.Момышұлының есімі соғыс кезінде аңызға айналды. Оның ерліктері А.Бектің
«Волоколомск тас жолы», А.Кривицкийдің «Мәскеу түбіндегі қарауыл», Кеңес Одағының
Батыры М.Ғабдуллиннің «Сұрапыл жылдар», Кеңес Одағының Батыры, армия генералы
К.Н.Галицкийдің «Сұрапыл соғыс жылдары», Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник
172
И.М.Чистяковтың «Отанға қызмет етеміз» кітаптарына, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен
аңыз» романына арқау болып, атақ-даңқы алысқа тарады.
Б.Момышұлы мемлекет байлығы және жеке адам байлығының нәтижесінде
құралатындығына тоқтала келе, өткенгі, бүгінгі және болашақтағы тарихтың өзара
байланысы, қарым қатынасы арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға болады дейді.
Б.Момышұлы Қарулы Күштер қатарында 25 жыл қызмет етіп, 45 жасында отставкіге
шықты.Соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастаған ол өмірінің соңына дейән
шығармашылықпен айналысып, көптеген кітаптар жазды. Олардың ішінде «Мәскеу үшін
шайқас» және «Ұшқан ұя» кітаптары оқырмандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Әдеби
қызметі үшін Момышұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, Абай атындағы
Республикалық сыйлықтың лауреаты атанды. Ол өздерінің шығармаларын орыс және қазақ
тілдерінде жазды, бірқатар кітаптары шет тілдеріне аударылды. Б.Момышұлының еңбектері
де, ерлік істері де біздерге, жастарға, интернационалдық тәрбие беруде үлкен өнегелі мектебі
болып табылады, елжандылыққа тәрбиелейді.
2-
ші оқушы: Ұлы Отан Соғысының ержүрек батыры - Төлеген Тоқтаров
Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, жаудың
біраз солдатының көзін жойған. Сол үшін Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының Батыры
атағы берілді.
Бұл Төлегеннің қайтпас қайсар жауынгер деген даңққа ие болуының алғашқы кезеңі
еді. Төлегеннің мұндай ерлік істері көптеп саналады. Оны соғыс уақытында жарық көрген
дивизия газеттерінен айқын көруге болады.
Төлеген Тоқтаров қазақ халқының ұлттық батыры атанды. Оның ерлік істерін
мадақтайтын, өнеге ететін өлеңдер мен әндер дүниеге келді. Оған композитор Рамазан
Елібаевтың Ғаббиден Мұстафиннің сөзіне жазған «Жас қазақ» әні дәлел болады.Әннің
авторлары жастарға Төлегеннің ерлігін үлгі ету арқылы оларды Отанын, туған жерін, елін
дұшпандардан қорғап сақтай білуге, қасық қаны қалғанша аянбай күресуге, қандай жағдайда
болмасын, соңында болашақ жастарға үлгі боларлықтай із қалдыруға шақырады. Мұңды
әуен жүректі сыздатып, көңілді өксік сезімге бөлейді.
3-
ші оқушы. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин
Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин 1941-1945 жылдары генерал И.Панфилов
басқарған даңқты 28-гвардиялық дивизия сапында шайқасқа қатысады. М.Ғабдуллин
басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды.
Оның майдандағы ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б.Полевойдың « Правдада » жарияланған
« Эпостың тууы » очеркінде баяндалады. Көптеген қазақ ақындары М.Ғабдуллинге арнап
өлең-жырлар шығарады. Мәлік батырдың сом бейнесі, жан дүниесі, кісілігі, кішіпейілдігі,
арлылығы, тазалығы, инабаттылығы, мейірілімдігі ақындар жырында әсерлі бейнеленген.
М.Ғабдуллиннің соғыстағы ерлік істері, соғыстан кейінгі еңбектері, парасатты,
кішіпейіл мінезі мен адамгершілік асыл қасиеттері, адамды сүйе білу қабілеті, ақыл -ой
байлығы мен жастарға деген қамқорлығы қазақ жастарына үлкен үлгі -өнеге.
4-
ші оқушы: Ұлы отан соғысына қазақтардың қатысуы.
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста да өздерінің ерлік істерімен дараланды.
Мәселен, осы қала төңірінде болған шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов
Александр Матросовтың ерлігін қайталап, Кеңестер Одағының Батыры атанды.
«Киров» крейсерінде 156 қазақстандық қызмет атқарған. Олардың 30%-дан астамы
Ленинград түбіндегі шайқаста қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс
окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған.Сондай-ақ Ленинград түбінде Д. Шыныбеков,
С. Жылқышев, Г. П. Зубков, т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.
Осы шайқаста фашистердің қоршауында қалған қаһарман қала халқына, оны қорғаушы
жауынгерлерге қазақтың ұлы ақыны Ж.Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған:
«Ленинградтық өренім» деген жыры үлкен шабыт-қайрат, рухани дем берді.
Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Мысалы, Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапса, Г.Сафиуллин,
173
М.А.Баскаков сияқты азаматтар басқарған әскери бөлімдер де жауды талқандауда көссіз
ерлік жасады. Ал Кеңестер Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіров болса, ұшағын
жаудың әскери базасына құлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.
Қ.Сыпатаев пен А.А.Бельгин Сталинградты азат етутегі ерлігі үшін Кеңестер
Одағының Батыры атағына ие болды. Т.С.Позолотин басқарған 17 -ші гвардиялық танк полкі
Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші рөл атқарды. Жалпы Ұлы Отан соғысныда
бетбұрыс кезең болған Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алады.
Қазақстандық жауынгерлер Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы
ерлерді азат етуде де жанқиярлықпен шайқасты. Бірқатар жауынгерлер (Ә.Досмұхамбетов, Г.
Айтықов, Қ. Аухадиев, Ж. елеусізов) ерлік істері үшін Кеңестер Одағының Батыры атағына
иеленді.
Соғыс жылдары қазақстандық ұшқыш - штурмовиктер де ерекше ерлік көрсетті.
Солардың ішінде Т. Ж. Биегелдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов және ұшқыш - истребитель С.
Д. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие балды.
5-
ші оқушы. Ұшқыш жауынгер Талғат Бигельдинов ерлігі
Т.Бигелдинов жауға қарсы 305 рет ұшып шықты. Әуе ұрыстары кезінде ол жаудың 7
самолетін атып түсірді. Бомба тастап, пулемет- зеңбіректен оқ атып, дұшпанның ондаған
танкін, зеңбірегін, пулеметін және басқа көптеген соғыс техникасы мен адамдарын жойды.
Т.Бигелдиновтың қайтпас қайсар мінезі, батыл қимылы, намыс-жігері, шұғыл шешім
қабылдай білу әрекеті, «тар жол, тайғақ кешуде» өзін еркін ұстай білу қабілеті біздерге, яғни,
қазақ жастарының қайсыбіріне, болмасын өнеге екені даусыз.
Оқытушы: Осындай батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген
Ә.Молдағұлованың, атқыштар С.Баймағанбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың,
зеңбірекшілер С.Мүткеновтың, И.К.Новиковтың, бронь бұзушы П.К.Милердің, минометші
Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің
командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдерін
атауға болады.
Әлбетте, ерлік жасау, батыр болу әрбір адамның қолынан келе бермейтіні анық.
Батырлық, ерлік, ұлттық тәрбиенің, соның ішінде патриоттық тәрбиенің негізінде, ұлттық
салт-дәстүрлерді, мәдени мұраны, патриоттық-ерлік дәстүрлерді меңгеру барысында
қалыптасады.
Олай болса, Ә.Молдағұлованың да, М.Мәметованың да патриоттық көзқарасының
қалыптасуына көптеген факторлар әсер еткендігі белгілі.
6-
ші оқушы: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар.
Соғыс жылдары Кеңес армиясының қатарында құрастырылған қазақстандық
бөлімшелер мен құрамалардың жауынгерлік істерін де елжандылықтың жоғары үлгісіне
жатқызуға болады.
1941 жылы қыркүйекте Свирь өзенінің жағасында петропавлдық 314-атқыштар
дивизиясы, Волховта ақмолалық 310-шы дивизия, қазан-желтоқсан айларында Мәскеу
түбінде 312, 316, 238, 391, 397-атқыштар дивизиялары, 17 атқыштар, 74-75ші теңіз атқыштар
бригадалары ұрысқа кірді. Қазақстандық қалған дивизиялары, бригадалар мен полктер
майдандағы армия қатарына 1942 жылы кіргізілді.
312-
ақтөбелік дивизия Малоярославль
түбінде жаудың 3-4 дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді,
оның құрамына екі полк әкетіліп, бір полктің құрамында жауынгерлердің үштен бір бөлігі
қалған кезде ғана ол Нара өзеніне шегінеді. 312-нің қалған бөлімшелері басқа екі
бөлімшелердің қалған бөліктерімен қосылып, жаңа 53-дивизия құрылды, ол соғысты Вена
түбінде аяқтады. 102-ші шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс
шебін ұстап тұрды, одан Солтүстік Кавказға шегініп, сол жерде таратылып жіберді. 74-ші
теңізші атқыштар бригадасы 292-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. Сталинградтың
солтүстік батысында қазан айында болған ұрыстарда ол да таратылып жіберілді. Бір апта
әскер дивизиясының (96-шы қазақ ұлттық), Өскеменнің өзінде-ақ екі атты әскер
дивизиясының (105-ші жамбылдық және 106-шы ақтөбелік қазақ ұлттық) майданға жақын
174
өңірде адам құрамы басқа бөлімшелерге беріліп, таратылып жіберілді, өйткені танк
корпустарымен армиялары қайтадан негізгі жедел қимылды жылжымалы күшке айналды. 81-
ші жамбылдық атты әскер дивизиясы таратылмай тұрып, Сталингрд түбінделі ұрыстардың
нәтижесіне салмақты үлес қоса алды: 1942 жылы қарашаның аяғында желтоқсанның
басында ол Котельниково қаласын алуға әрекет жасаған кезде мұнда қоршауда қалған
Паулостың армиясын босату үшін дайындалып, жау әскерлерінің тобы жасақтала бастағанын
анықтап берді. Соғыс бітерге қарай аталған барлық қазақстандық 12 дивизия құрметті атаққа
ие болды, олардың бесеуі бір орденге, төртеуі екі, екеуі үш орденге ие болды. Бес дивизия
гвардиялық дивизия атағын алды: Ленин, Қызыл Ту, Суворов ордені, Кеңес Одағының
Батыры, генерал - майор И.В.Панфилов атындағы 8- гвардиялық дивизия, новобугтік Қызыл
Тулы, Богдан Хмельницкий орденді (бұрынғы жаңақазалылық 75-ші теңіз, мұнан кейін 3-
гвардиялық атқыштар гвардиясы) 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы, ригалық Қызыл Тулы
(бұрынғы 238-ші семейлік) 30-шы атқыштар дивизиясы, Сталинград - Дунайлық Қызыл
Тулы (бүрынғы 38-ші алматылық) 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, красноградтық
Қызыл Тулы (бұрынғы 29-шы ақмолалық) 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы.
Қорыта айтқанда, КСРО-ның Ұлы Отан соғысында осындай жеңіске жетуі - ұлтаралық
қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуына, патриоттық тәрбиенің дұрыс жүзеге
асырылуына байланысты десе, артық емес. Оны Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір ұлт
өкілдерінің өзара достық қарым-қатынасы айғақтайды.
Пайдалынған әдебеттер тізімі:
1.
Ахметова Л.С. Проблемы патриотического воспитания казахстанцев в условиях советсткой
командно-административной системы. 1945-1991 гг. (по материалам СМИ). Дисс. ...канд.пед.наук.-
Алматы, 1998. - 155 с.
2.
Құсаинова Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу:
пед.ғыл. канд. дис., Алматы, 1999.
3.
Момышүлы Б. Ел басына күн туса. – Алматы: Қазақстан. 1970. -320 6.
4.
Бауржан Момыш-улы. Психология войны. Алма-Ата. «Казахстан» 1990 г.
5.
Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-Ата, 1958
6.
Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970
7.
Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Сб. документов
и материалов. Алма-Ата,1975
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІ
Л.Н. Нурсултанова
т.ғ.д., Аймақтану кафедрасының профессоры
Ш.А. Шадаева
Саясаттану ғылымдарының магистрі, Аймақтану кафедрасының оқытушысы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
(Астана, Қазақстан)
Неміс фашистерінің командованиесі 1940 жылдың орта кезінде КСРО-ны жаулап алу
үшін «Барбаросса жоспары» аталатын стратегиялық жоспарын жасағаны тарихтан белгілі.
Бұл жоспар бойынша олар Оралға дейінгі жерді аз ғана уақыт ішінде алуға тиіс болды.
Соңғы кезде табылған мұрағат құжаттарына қарағанда, жау Қазақстанға, соның ішінде
мұнайға, балыққа, кенге бай Атырау бойына да ерекше көңіл бөлген.
Соғыс алдында Атырау мұнайын Орскідегі мұнай жөндеу зауытына жеткізу үшін
ұзындығы 800 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры іске қосылған болатын. Құбырдың
бойына мұнайды айдайтын жеті бекет салынған еді. Немістердің диверсанттар жіберудегі
175
бір мақсаты осы станцияларды істен шығару болса, ендігі бір жоспарлары
ел арасындаүгіт жұмыстарын жүргізіп, бүлік жасау болды.
Алайда, алдын ала жүргізілген қапысыз әрі қарығы шаралардың нәтижесінде
немістердің қазан-қараша айларында мұнай резервуарларымен Ширина, Қарабатан және
Таушық поселкілеріне тастаған фугастық бомбалары ешқандай зиян келтіре
алмады.Соғыс жылдарында Атырау облысы Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіпті аудандардың
бірі болды. Облыстық партия комитеті КСРО-ның батыс аудандарынан Атырау өңіріне
көшірілген кәсіпорындарды жұмысқа тез қосу, мемлекеттік тапсырыстарды мерзімде
орындау, адамдарды орналастыру, кәсіпорындарын мамандармен толықтыру жолында
көптеген игілікті істер атқарды.
Кеңес мемлекеті мен партия соғыс басталардың басында әскери өнеркәсіпті нығайту
мақсатында халық шаруашылығындағы барлық ресурстарды қайта бөлуге ықпал жасайтын
маңызды шараларды жүзеге асырды. Қандай да бір соғыс болмасын ол орасан зор шикізат
талап ететіні белгілі. Көптеген ссалаларда оның ішінде авиацияда бензин, керосин,
мұнайдың орны ерекше. Сондықтан, Волга, Урал, Қазақстан аудандары мен Орта Азияда
мұнай өндіруді жан-жақты жылдамдату Кеңес әскерлерінің жауынгерлік рухын арттыру мен
халық щаруашылығын бірінші кезектегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды шешетін
маңызды саяси жәнеәскери шаруашылық міндеттер болып табылады. 1942 жылдың 22
қыркүйегіндегі Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің қауласында осы міндеттер алға
тартылды.
Отан соғысының алғашқы жылы іске асқан экономиканы қайта құру, өндірісті қауіпті
аудандардан Шығысқа көшіру мерзімі мен аумағы жөнінен теңдессіз ауыр міндет болды.
1941 жылғы 29 маусымдағы КСРО Халық Комиссиялар Кеңесі мен БКП (б) Орталық
Комитетінің директивасында көрсетілгендей, негізгі өндірістік қорларды сақтап қалу,
көшірілген құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, Шығыс аудандар мен Оралдың
өнеркәсібін күшейту – осы көшірудің басты мақсаты болып табылады. Көшіруді тек қана
шарасыздық амалы емес, оны халық шаруашылығын соғыс қажеттіліктеріне қарай
жұмылдыру, қайта құру деп түсінген жөн.
Мұнай өнеркәсібін соғыс жағдайында қайта құру мұнай өндірушілер алдына өзекті екі
міндетті шешуді қойды. Оның біріншісі – ескі мұнай аудандарында мұнай өндіруді барынша
арттыру; екіншісі – КСРО-ның шығысында, әсіресе, Волга мен Оралдың аралығында
мұнайлы орындарды барлау мен пайдалану жұмыстарын күрт күшейту.
Гурьев – Астрахань темір жолы құрылысына 1942 жылы Гурьев, Батыс Қазақстан,
Ақтөбе және Қостанай облыстарынан 30 мың колхозшы, 4,5 мың күш-көлік бөлі туралы
шешім шықты. Нармонданақ – Мақат мұнай құбырын және Мақат – Қосшағыл тар темір
жолын салу жұмыстарына Ақтөбе мен Гурьев облыстарынан 2 350 адам, 200 күш-көлік
тартылды. Құрылыс жұмыстарына Гурьев, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай
облыстарынан жоспарланған 30 000 адамның орнына 15 493 адам еңбек етті. Құрылысқа
келген адамдарды жатын орынмен қамтамасыз ете алмаған №108-ші құрылыс бастығы
Тибилов 12-ші қарашада аталған облыстардан адамдарды алуды 1942 жылдың 25-ші
қарашасына дейін тоқтата тұру жөнінде жеделхат жолдайды. Осы мерзім аралығында жатын
орындарды дайындап үлгерем деген ойы жүзеге аспай, жұмыс күшін қабылдау шын мәнінде
тоқтатылды. Неге екені белгісіз, 15 493 адамнан әртүрлі себетермен 3 124 босатылған. 1942
жылдың 1 желоқсанында құрылыста 12 369 адам жұмыс істеген. Автотранспорттың да
жағдайы мәз болмады. Гурьевтегі 36-шы жеке автобатольонның 150 машинасының тек 8-і
ғана тамақ тасуға бөлінді.
Қазақстан территориясына: Полтава жіп иіру, Харьков – шұлық, «Большевичка» тігін,
айна жасау, трикотаж тігу, Киев жіп иіру, аяқ киім жасау фабрикалары көшірілген болатын.
1941 жылдың 30 желтоқсанына дейін Қазақстанға бұрынғы КСРО жеңіл өнеркәсібінің 16
кәсіпорны көшірілді. Тамақ өнеркәсібі 10 саладан: нан пісіру, макарон, кондитерлік, т.б.
Олардың құрамында 4 кеңшар мен 177 өнеркәсіп кәсіпорындары болды.
176
Ақтөбе химия комбинаты, Вишневский кеніші, Индерборстрой, Брич-Молла
комбинаттары, Жетіқара металлургия зауыты химия өнеркәсібі қатарына енді. Брич-Молла
таулы-химиялық комбинат арнаулы тапсырыспен Дашкестан кобальт рудаларын күйдіріп,
балқыту арқылы кобальт шпейзаларын өндірді[1].
Қазақстанның алтын өнеркәсібіне «Қазалтын», «Майқайыңалтын», «Алтайалтын»,
«Жетіқараалтын» қарады. Соғыс кезінде одақтық маңызы бар түсті металдардың 15 кен орны
барланып, ашылды. Соғыс жылдарында Қазақстан ірі өнеркәсібінің жалпы өнімінің
құрылымы одан әрі өзгеріске ұшырады. Егер 1940 жылы ірі өнеркәсіптегі жалпы өнімнің
өндірістік үлес салмағы 51,1% болса, 1944 жылы ол 66% болды.
Шымкент түрлі фабрикалардың жабдықтарын қабылдап алды. Осылайша,
Краснополянск жіп иіру фабрикасы Мәскеу облысынан Оңтүстік Қазақстан облысының
Пахтарал кеңшарына көшіп келді. Олардың қатарында: 838 жанұялы жұмысшылар, атап
айтқанда, 535 жұмысшы, 38 инженерлік-техникалық жұмысшы, 37 қызмет көрсетушілер, 55
фабрикалық-зауыттық шәкірт бар еді. Олардың барлығы Шымкент қаласындағы клубтар мен
мектептерге орналастырылды. Харьковтан 232 шұлық автоматы әкетіліп, 102 адам
жанұясымен бірге көшірілді. Харьков шұлық фабрикасы 1941 жылдың 23 қарашасында
әкелініп, 20 вагон әкетіліп, 150 жұмысшылар жанұяларымен көшірілді. Харьков айна
фабрикасы 1941 жылдың 17 қазанында көшіріледі. 20 мың жіп иіру ұршығы мөлшеріндегі
Запарск және Завидовск фабрикаларының жабдықтары мен Глуховск комбинаты мен
Серпуховск жаңа тоқыма фабрикасының 300 тоқыма станогы көшірілген. Осташковск
былғары зауыты құрамында 178 вагон мен 64 адаммен, 3-ші Полтава жіп иіру фабрикасы – 5
қазанда 14 008 ұршықпен және 66 адаммен, ал Харьков тігін фабрикасы бөліне отырып,
алғашқысы – 29 қыркүйекте 254 жұмысшымен көшіп келді [2, б. 34].
Соғыс жылдарындағы республиканың транспорты мен өнеркәсібі фашистік Германия
талқандауға өздерінің қажырлы еңбектері мен лайықты үлестерін қосты. Қазақстандағы
геологиялық қызмет пен геологиялық ғылымның шын мәніндегі орталығына айналған
Алматының ролін ерекше атап өту керек. Мұнда «Казцветметразведка» тресті, КСРО ҒА
қазақ бөлімшесінің геологиялық ғылымдар институты, жоғарғы оқу орындарының геология
факультеттері орналасқан. Қалада лабораториялар мен шеберханалар, транспорт мекемелері
т.б жұмыс істейді. 1941 жылдың соңына қарай КСРО ҒА -сы Президиумының бүкіл құрамы
Алматыға көшірілді. Еліміздің қорғаныс қуатын нығайту жұмыстарына бірден бел шеше
кірісіп кеткен геолог-ғалымдар, кеншілер, металлургтар т.б келген. 1942 жылы Алматыда
Қ.И Сәтбаевтың бастауымен майданға барынша көмек көрсетуге арналған бірінші ғылыми
конференция өткізілді. Әртүрлі мекемелердегі геологиялық жұмыстарды бақылау мен
тиімділігін арттыру мақсатында ҚазКСР Халық коммисарлар кеңесі жанынан Геологиялық
Кенес құрылды. Соғыс жылдарында кеңес арқылы 150 ұсыныс түсті. Елдегі табиғи
ресурстарды майдан қажеттілігін жұмылдыруды мақсат еткен Қ.И. Сәтбаев бастаған Қазақ
бөлімшісінің ғалымдары 1943 жылы КСРО ҒА – ның президенті В.Л. Комаров бақаруындағы
КСРО ға -ның комиссиясы құрамына енді.
Геология институты Жезқазған мен Маңғышлақтағы марганец, Семей облысындағы
темір рудалары, Ақтөбедегі никель кен орындарын зерттей бастады.
1942 жылдың қарашасында Қ.И.Сәтбаев Қазақстандағы барлық темір рудалары
орындарының нақты геологиялық-экономикалық сипаттамаларын түбегейлі зерттеп, КСРО
ҒА-ның Орал, Қазақстан, Батыс Сібір ресурстарын жұмылдыру комиссиясына жібереді.
Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының сирек металдар, Орталық Қазақстанның сынап
минералдары, Ақмола облысындағы Павлодардың қорғаныс-мыс орындары зерттелді.
1942 жылдың 16-20 мамыры арасында Түркістан – Сібір теміржолында 210 вагон
болатын яғни 5 эшелонға жүк тиелді, көрші жолдардан 56 вагоны бар 61 эшелон
қабылданды, жол бойында 5 эшелонның 127 вагоны түсірілді, көрші жолдарға 765 вагоны
бар 62 эшелон өткізілді. Жол бойынша күндік орташа жылдамдық кесте бойынша 432,7
шақырымның орнына 661,5 шақырымға жеткізілді.
177
Республика өнеркәсібі біршама дамыған салаларымен, әсіресе түсті металлургия
саласында алға шықты. КСРО Наркомцветмет жүйесіне қарасты Бүкілодақтық өндірісте
түсті металургияның үлес салмағы: мыс бойынша-30,7%, қорғасын бойынша-85,8%, алтын
бойынша-19,3%, көмірдің үлес салмағы 1943 жылдағы КСРО-дағы көмір өндіруде -12,6%,
мұнайдың үлес салмағы 1943 жылдың 9 айындағы мұнай өндіруде-6%, ай сайынғы мұнай
өндіруде Бакуден кейінгі екінші орынды иеленген. Қорғасын өнеркәсібі өз құрамына 22
кәсіпорынды біріктіре отырып, қару-жарақ пен оқ-дәрілер шығарумен айналысты. 1943
жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда әскери мүліктер мен қару-жарақтар шығаратын 35
зауыттар мен кәсіпорындар жұмыс істеді.
Соғысқа дейінгі жылдардағы республика өнеркәсібінің даму қорытындысы ретінде 700
жаңа өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындары болды. 1940 жылы республикамызда 2,5 мың
жаңа және соғысқа дейінгі бесжылдықта қайта құрылған ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс
істеді. Сонымен қатар, Қазақстанның ірі өнеркәсіп өнімдерінің үлесінің үштен екісіне ие 268
ірі жаңа әрі толығымен қайта құрылған кәсіпорындарда негізгі өндірістік қор мен
республиканың бүкіл жұмысшыларының шамамен жартысының 80%-дан көбі шоғырланған
[3, б. 345-346].
Соғыс жылдарында ауыл шауашылық жұмысшылары жеңіске ортақ үлесін қосты.
Тылдағы еңбек күші бидай шаруашылығымен айналысып, нан және ет өнімдерін майданға
жіберіп отырды.
Сайрам ауданы Манкент машина-трактор станциясының комбайншысы Степченко
1941 жылдың 24 маусымында 10 гектарлық норма кезінде 22 гектар бидай орса, Куро мен
Бойко 20 гектар астық орды.
1941 жылдың тамыз айында республиканың барлық ұжымшарларында Семей облысы
Үржар ауданының «Қызыл Таулы қырандар» ауыл шаруашылық артелінің
ұжымшаршыларының хаты талқыланды. Аталған хатта олар Қазақстанның барлық ауыл
шаруашылығы еңбеккерлерін жауды толығымен талқандағанға дейін стахановск вахтасына
тұруға шақырады. Үржарлықтар хаты облыстағы еңбеккерлердің патриоттық сезімінің
жаңадан тулауын тудырды.
Созақ ауданы «Жұмысшы» ауыл шаруашылығы артелінің ұжымшаршыларының
жиналысында мынадай шешім қабылданған: «Жұмысты әскери бейінге өзгертіп, ұжымшар
жұмыстарына барлық ер кісілерді, қыз-келіншектерді, қарттарды, жасөспірімдерді тартып,
сағат 5-тен кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс істейміз, жұмыс орындарында қоғамдық
тамақтануды ұйымдастырамыз. Аналардың жұмыс уақытында уайымдамауы үшін балалар
бақшасын ашып, комбайндар мен тракторлардың тәулік бойғы жұмысын ұйымдастырамыз».
Пахтарал ауданының Мақталы ұжымшарының 70 жасар тұрғыны Әлшіров Тезекбай
күнделікті норманы 150%-ға дейін асыра орындады. Ұжымшаршылардың жиналысында ол
былай деді: «Менің жасым 70-те, соғысқа дейін ұжымшарда жұмыс істеген жоқпын, өзімді
қарт деп есептедім. Біздің Отанымызға адамзаттың жауы – Германиялық фашизм жау
шапқан кезде, мен жұмысқа шығып, 1,5-2 атқарым нормасын орындап жатырмын. Мен
сияқты егістік жерлерде жұмыс істеуге барлық қарттарды жауды талқандағанға дейін өз
күштерін аямастан жұмыс істеуге шақырамын». Келес ауданындағы Чапаев атындағы
ұжымшарда Үржар ұжымшаршыларының үндеуіне дейін 99 адам жұмыс істесе, міндеттемені
мойнына алғаннан кейін 150 адам жұмыс істей бастады.
«Шымкент» тарихи-ақпараттық жол көрсеткіште (1991 ж., б.21-29) көрсетілгендей,
тылда ағаш ұсталары Юрьев, Гребнев, Скрипников, қорғасын зауытының машинисті
Е.Чернов еңбекте ерлік көрсетілгендігі айтылады. Майдангерлерге сыйлықтарды
республиканың делегациясының құрамында қорғасын зауытының жұмысшылары Ерназаров
пен Аширов тапсырған.
1942 жылы облысқа тағы да 645 адамы бар 6 балалар үйі келсе, 1943 жылы 390
адамы бар 6 балалар үйі келген.
1942 жылдың 1 қаңтарына қарай облысқа 8 көшірілген аурухана орналастырылған.
Оның ішінде: 200 төсек-орны бар №3983 қоныс аударғандарға арналған аурухана Сайрам
178
ауданы Манкенттегі бұрынғы Бүкілодақтық кәсіподақтық орталық кеңесінің демалыс
орнына; Сарыағаш ауданындағы ауыл шаруашылығы комбинатының ғимаратындағы 500
төсек-орындық қоныс аударғандарға арналған аурухана; педагогикалық училище, дәріхана,
қалалық клуб пен Ленин атындағы мектеп ғимаратындағы 500 төсек-орындық №2068
қоныс аударғандарға арналған аурухана; Түлкібас ауданының Балықшы ауылындағы
балалар шипажайының ғимаратында 250 төсек-орындық №2921 қоныс аударғандарға
арналған аурухана болды.
Облыс бойынша қоныс аударғандарға арналған ауруханаларда жалпы 3350 науқас
пен жаралы адамдар емделді.
1943 жылдың желтоқсанында Түлкібас бекетінің теміржолшылары пойыздарды
жылдам өңдеу әдісін қолданды. Желтоқсан айында 100 жылдамдықты бағыттан жоғары
жіберілген. Бұл жағдай 6 мың пойыз минутын үнемдеуге мүмкіндік берді. Құрамын өңдеуге
қажетті нормамен белгіленген тұрақ уақыты екі-үш есеге қысқартылған болатын.
1944 жылдың наурызында Ащысай кенішінде үш жас-жеткіншектерден құралған
майдангер бригадалары жұмыс істеді. Комсомолшы Ыдырысов басқаратын бригада бәрінен
озық еңбек етті. Ол бірнеше адамды босатып берді де, еңбек өнімділігін 120%-ға арттыруға
мүмкіндік берді. Байжансай кенішінде жастардан құралған майдан бригадасы құрылған
болатын.1944 жылдың наурыз айының соңына қарай Ащысай байыту фабрикасында
Юнусовтың
басқаруымен
жұмыс
істейтін
комсомол-жастар
ауысымы
ұйымдастырылған болатын. Аталған ауысымның 19 бірдей мүшесі өндірістік нормаларды
тұрақты түрде орындап отырды.
Ұжымшаршылар, зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысшылары өз күштері мен
денсаулығын аямастан еңбек етті. Майданға жіберу туралы жүздеген өтінімдер келіп түсіп
жатты. Медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер мен мектеп оқушылары өз
Отанын қорғау үшін майданға баруға асықты. Жүздеген қыз-келіншектер мен жасөспірімдер
машинист, от жағушы кәсіптерін меңгеріп, 2-3 еселік норманы орындай отырып жұмыс
істеді [4, б. 10-24].
Шымкент қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының комсомол ұйымдарының 1944
жылдың мамыр айындағы жұмысы туралы баяндамада көрсетілгендей, өнеркәсіптік
комсомол ұйымдарында 942 комсомолшы комсомолдық есепте болды, оның ішінде тікелей
өндірісте жұмыс істейтіндердің саны – 661, жастар – 2366 адамды құрады.
Комсомолшылардың саны – 385, екпінділердің саны – 215 адамды құрады. Май шығару
зауытының комсомол жастардан құралған бригадасы (бригадир Ратников) жақсы нәтижеге қол
жеткізді.
Шымкент бекетінің теміржол торабының комсомолшылары мен жастары өздерінің белсенді
түрде ат салысуы арқылы пойыздарды тезірек қозғалтуға, вагондар мен паровоздардың жөндеуге
тұрып қалу уақытын қысқартуға аса назар аударды. Темір ұстасы болып жұмыс істейтін
комсомолшылар Галушкин, Медведев, Полтораков өз тапсырмаларын 200%-ға
орындады [5, б. 131-132].
Қазақстанда халық шаруашылығын әскерге лайықтап қайта құру, көшірілген
кәсіпорындарды орналастыру бағытында орасан зор жұмыстар жасалынды. Соғыс
жылдарында жаңа құрылыстар салынып, жаңа кәсіпорындар бой көтерді. Халық
шаруашылығының барлық салаларын мамандармен қамтамасыз етуде де үлкен істер
тындырылды. Бұл ретте жастар мен әйелдер зор роль атқарады.Әйелдер өнеркәсіп пен
транспорт кәсіпорындарын толықтырды, қиын мамандықтарды игерді, ірі жетістіктерге
жетті. Соғыс жылдарында республика жұмысшыларының қатарын 400 мыңнан аса ерікті
азаматтар толтырды, соның салдарынан өнеркәсіптегі еңбеккерлер 62% дейін өсті.
Соғыс кезеңінде Қазақстанда 1320 шақырым магистральды және облысаралық
байланысжелілері пайдалануға берілді, 11000 шақырым жаңа желілер, оның ішінде 7000
шақырым мыс желілер тартылды. 1943 жылдың мамырында Алматы-Қарағанды-Ақмола-
Орск-Чкалов-Мәскеу телефон магитралі іске қосылды.Гурьев пен Орал телеграф-телефон
байланысының маңызды торабына айналды.
179
Соғыс уақытында адамдардың бастан кешірген қиыншылықтарына уақыт үстемдік
жасай алмады. Ол өте ауыр, бірақ ерлікке толы, ерекше қасиетті уақыт. Герман фашизмімен
болған соғыстағы біздің Жеңіс бұрынғы кеңес халықтары өмірінің жұлдызды кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |