Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет67/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Боздақтар – Алматы. – 1995 ж. 

2.

 



Козыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта  Алматы. – 1970 г. – 370с. 

3.

 



Төрекелдин М. Кадрлар алтын қорымыз Алматы. – 1984 ж.  

4.

 



Назарбаев Н.Ә. 2015 ж халыққа жолдауынан. «Нурлы жол-болашаққа бастар жол» 

 

 



 

ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ 

 

Ұ.С. Сайранбекова студент 

т.ғ.к., профессор М.Қ.Каримов  

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

(Семей, Қазақстан) 

 

Аға ұрпақтың ешуақытта ұмытылмайтын, өнегелі істерінің аса маңыздыларының бірі – 



Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отандарын қорғау жолындағы жанкешті ерліктері. 

Ұлы Отан соғысы туралы бүгіндері әртүрлі пікірлердің айтылып жүргені мәлім. Біздің 

қаһарман аға ұрпақ, сол соғыста Отаны үшін қасық қандарын аямағанда, бүгінгі ұрпақтың 

кейбірінің  осы соғысқа біздікі емес деп, күмән жасауы ешбір қисынға келмейді.  

Ал  шындығында,  Ұлы  Отан  соғысы  сол  кездегі  бүкіл  Кеңес  Одағы  халқының,  оның 

ішінде қазақстандықтардың  да Отанды қорғау соғысы болды.  



 

472 


Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж), бұрынды соңды осы заманғы соғыстарды көрмеген 

қазақ  халқына  үлкен  сын  болғаны  белгілі.  Тіпті,  сол  кездерде  соғыстың  бас  кезіндегі  

сәтсіздіктерді,  қазақ  сияқты  бұрын  осы  заманғы  үлкен  соғыстарды  көрмегендерден  көру 

байқалған. Ұзақ жылдар бұрынғы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет 

жасаған,  бүгіндері  зейнеткер,    профессор  Ғазиз  Ыдырысұлы  Айманов  бұл  туралы:  «Мен 

соғыс  басталғанда  14-15  жастағы  балаң  жігіт  едім.  Бірақ  жұрт  сәтсіздіктерді  біздерден  де 

көрді. Сол кезеңде, осы сендер сияқталардың соғыса алмауынан әскер жеңілуде дегенді де 

естідік. Кейде осы негіздегі кикілжіңдер болып қалатын. Көп ұзамай жауды бөгеген Москва 

түбіндегі ауыр ұрыстар басталып, Кеңес информбюросы 28 панфиловшылар, генерал Иван 

Васильевич Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров сияқты 

ерлеріміздің  аттарын  халыққа  жеткізгенде,  жаңағыдай  ашынып,  ғайбат  сөйлегендердің 

ауыздары жабылды»,- дейді.»[1,25].  

Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  небір  ерліктің  үлгілерін 

көрсеткендері  мәлім.  Қазақстанның  өзінен  ғана  497  Кеңес  Одағының  Батыры  шыққаны 

белгілі.  Қазіргі  нақтыланған  мәлімет  бойынша  тек  қазақ  халқының  өзінен  108  Кеңес 

Одағының  Батыры  шықты.[2,485]  Бүгіндері,  қазақстандық  әрбір  жауынгердің  ерлігі,  оның 

өткен өмірі зерттеуге тұрарлық. Уақыт өткен сайын жаңа есімдерді, небір оқиғаларды біліп 

отырмыз.  

Осы  жолғы  зерттеуімізге  негіз  болған  тұлға  –  Кеңес  Одағының  Батыры  Қойгелді 

Ауқадиев.  

Қойгелді Аухадиев 1907 жылы бұрынғы  Семей облысының Көкпекті ауданы жерінде  

дүниеге  келген.  Қазіргі  деректерде  ол  кісіні  Өрнек  ауылында  туған  дейді.  Бірақ,  Өрнек 

сияқты  ауылдың  пайда  болуы  30-шы  жылдардың  басындағы  колхоз  құрылысымен 

байланысты болғандықтан, болашақ батырды  көшпелілік жағдайдағы ортада дүниеге келді 

деп айтамыз. Біздің осы ойымызбен ол кісінің ұрпақтары да келіседі. 

 

Қойгелді ағаның балалық және жалындаған жастық шағы – ақпан, қазан төңкерістері, 



азамат  соғысы  сияқты  аумалы-төкпелі  заманға  және  арты  қазақ  халқын  орны  толмас 

аштыққа ұрындырған ұжымдастыру науқаны кезеңіне тұспа-тұс келді. Қойгелдіні білетіндер 

оның  үлкен  талапшыл  жас  болғанын  айтқан  көрінеді.  Сол  кездегі  оның  құрбыларында  да 

болған  -  әлеуметтік  белсенділік    Қойгелді  ағада  да  жоғары  болыпты.  Бұл  кісі  де  өз 

құрбылары  сияқты  комсомол  болған,  кейіннен  коммунистік  партия  қатарына  өткен.  Оның 

үлкен іскерлік қасиеті сол аштыққа ұрынған елге көмек ұйымдастырудан, аштан аман алып 

қалудан  көрініпті.  Аштыққа  ұрынған  елдің  үлкен  бір  бөлігі  сол  кездерде  шекара  асып, 

Қытайға  кетіп  жатса,  ал  қалған  бөлігі  елде  қалған.  Міне  осылар  көмекті  қажет  етті. 

Көкпектімен көршілес бүгінгі Тарбағатай, Жарма және Аягөз өңірлерінен де ашыққан жұрт 

бұрыннан  егін  салатын  Көкпектіге  қарай  шұбырған.  Әдетте  халық  айтатындай,  азаматтың 

азаматшылығы  әсіресе    қиын-қыстауда  көрінетіні  мәлім.  Қойгелді  қаншама  баланы 

Көкпектідегі ашылған балалар үйіне жиып әкеп, өткізіп тұрыпты. Кешегі күндерге дейін сол 

сұрапыл  аштықты  басынан  өткеріп,  аман  қалғандар,  Қойгелді  ағадан  аз  да  болса  жәрдем 

көргендер аз болмапты. Олар Қойгелдінің шарапатын айтып жүрген көрінеді. 

Қойгелді  Аухадиев  Көкпекті  ауданы  жеріндегі  алғашқы  ауыл  шаруашылық  артелі  – 

«Талапкер»  колхозының  бірден-бір  ұйымдастырушысы  және  төрағасы  болған.  Аштықтан 

кейінгі  халықты  көтеру  үшін  ол  колхоздың  жұмысын  барынша  өрге  бастыруға  тырысқан. 

Сөйтіп жүргенде соғыс басталған.  

Қойгелді  Аухадиевқа  жергілікті  өкімет  орындары  оның  тылда  да  керек  екендігін 

ескертіп, оған соғысқа жібермейтін  бронь берген. Бірақ, Қойгелді қоймай  сұранып жүріп, 

ақыры  1942 жылдың мамырында майданға аттанды.  

1943 жылда Қызыл Армия жауды еңсере бастағаны белгілі. Біздің әскерлер шабуылмен 

Украина  жеріне  кірді.  Немістермен  шайқастар  барысындағы  ең  үлкен  кедергінің  бірі  –  су 

кедергісі, өзендер болды. Бүкіл Украинаның халқы, Н.В. Гоголь мен Тарас Шевченко жырға 

қосқан қасиетті Днепр суын кешіп өту - біздің жауынгерлерге өлшеусіз сын болды. Зерттеу 


 

473 


барысында  байқағанымыз,  біздің  бірталай  жерлестеріміз  Кеңес  Одағының  батыры  атағын 

Днепр үшін алған.  

Қойгелді Аухадиев орталық майданның 60-армиясына қарасты 6-гвардиялық атқыштар 

дивизиясы  құрамында  шайқасты.  1943  жылдың  күзінде  10-гвардиялық  полктің  командирі 

полковник Удылин Днепрдің арғы жағалауына барлаушылар тобын жібереді. Кіші сержант 

Қойгелді  Аухадиев  сол  кезде  рота  парторгі  көрінеді.  Ол  бірден,  Днепрден  өтетіндерді 

бастауға өзін ұсыныпты.  

Днепрден, бүгінгі Беларусь Республикасы Гомель облысы Брагин ауданының Нижные 

Жары  деревнясы  маңынан  өткен  Аухадиевтің  шағын  тобы  өздері  басып  алған  тоқымдай 

жерді  арттан  негізгі  күштер  өтіп  болғанша,  табан  тірей  қорғады.  Сөйтіп,  олар  әскердің  

кедергісіз  өтуін  қамтамасыз  еткен.  Оқиғаға  үңілген  кезде  болған  жағдай  айқын  көрініс 

береді. Днепрдің жау жақ бетіне Қойгелді батыр бірінші болып өтіп шыққан. Өзінің жалғыз 

екеніне қарамай, артынан тобы жеткенше жаумен өзі шайқасқа түсіпті. Осы шайқаста бұлар 

үлкен  шығынға  ұшырағандарына  қарамай,  жаудың  тірі  күшімен,  қару-жарағының 

бірталайын жойып жібереді. Ресми мәлімет бойынша Қойгелді батыр бір өзі ғана немістің 24 

әскері  мен  офицерін,  бір  станокты  пулеметін  жойған.  Артынан  келген  оның  тобы  жаудың 

тағы  да    3  танкісін,  оқ-дәрі  тиелген  3  авто-көлігін,  өздігінен  жүретін  2  «Фердинанд» 

қондырғысын, 5 станокты пулеметін жойды.  

Днепрден  өткенде  көрсеткен  қаһармандық  ерлігі  үшін  Қойгелді  Аухадиевке  КСРО 

Жоғары  Кеңесі  Төралқасының  Жарлығымен  1943  жылы  16  қазанда   Кеңес  Одағының 

Батыры атағы берілді. 

            

Сол кезден бері белгілі ресми мәліметтер Қойгелді Аухадиевтің  1943 жылы 29 

қыркүйекте сұрапыл  шайқаста,  ерлікпен  қаза  тапқанын  айтады.  Солардың  бірінде  оның 

Днепрден өту барысында қаза тапты делінеді.[3]  Біз осындай қайшылықты мәліметтерді бір-

бірімен салыстыра отыра, батырдың Днепрден өткеннен кейін, Белоруссияға қарай шамамен 

100-

150 шақырым бойлай енген кезде Киев облысы Иванков ауданының жеріндегі Парышев 



селосы маңында қаза тапқанына көзіміз толық жетті.  

Бұған  бұлжытпайтын  дәлелді  батырдың  немересі,  облысымызға  белгілі  азамат 

Қойгелдин  Ержан  Тұрсынханұлы  бізбен  жасаған  сұхбатында  айтып  берді.  Ол  кісінің 

айтуынша, батыр атасы Қойгелдіге Көкпекті ауданы тұрғындарының құрметі ерекше болған. 

«Оны бала кезімнен көріп, естіп өстім. Сол сияқты біздің семьяда атамызға деген құрмет, ол 

тірі  қалпында,  жанымызда  жүргендей    ерекше  болды.  Атамның  жар-қосағы,  менің  әжем 

Нұржәмилә  Аухадикеліні  өзінің  ері  туралы  ерекше  ілтипатпен  біздерге  айтып  отырар  еді. 

Атам соғысқа кеткенде әжемнің қолында қаршадай балалары: 1936 жылы туған менің әкем 

Тұрсынхан және 1938 жылғы оның апайы Рауфа қалыпты. Менің алтын әжем бүкіл қалған 

өмірін  Қойгелдінің  көзіндей  осы  балаларды  жеткізуге  арнаған  ғой.  Әжем  менің  қолымда 

болып, шөберелерін көріп, 2000 жылы дүние салды.   

1982  жылы  Қойгелді  Аухадиев  атындағы  племзавод-колхоздың  бастығы  әкем,  аяқ 

астынан  қайтыс  болды.  Оған  көңіл  айтулар  облыстық  газеттерде  басылды.  Ұмытпасам, 

әкемнің қырқы беріліп жатқан күн еді, пошташы бізге бір хатты алып келді. Хат Аягөзден 

жазылыпты. Жазған кісі өзінің Қойгелді Аухадиевпен бір бөлімде болғанын, шабуыл кезінде 

оның ауыр жараланғанын, әскер шабуылмен тоқтаусыз кетіп бара жатқандықтан жаралының 

жанында  қала  алмағандықтарын,  бірақ  оны  санитарлар  келіп  тауып  алады  ғой  деп,  бір 

биіктеу жерге жатқызып, астына қалың кылып қарағайдың жасыл бұтақтарын салып, үстіне 

киім  жауып,  оның  үстінен  жаңбыр  өтпесін  деп  тағы  да  бұтақпен  жауып,  қоштасып  жүріп 

кеткендерін айтыпты. «Қойгелді екі баласын айтып отырушы еді. Ұлының қайтыс болғанын 

газеттен оқыдым. Осы уақытқа дейін сіздермен хабарласпағаныма өкінемін, ендігі арманым - 

Қойгелдіні  қалдырып  кеткен  жерді  көрсету.  Бұл  жер  бір  деревняның  жанында  болатын. 

Бүгінгідей бәрі көз алдымда», - делініпті хатта. Менің үлкен бір өкінішім - осы хаттың бізде 

сақталмауы.  Шешелеріміздің  есі  әбден  шыққан  кезі  еді,  оларды  сөге  алмайсың.  Ал  біздер 

жас болдық. 


 

474 


Ат  жалын  тартып  мініп  ер  жеткенге  дейінгі  арманымның  бірі  –  Қойгелді  атамның 

басына бару болды. Бірақ, біздің пешенемізге жазылған күрделі заман, күнделікті тіршіліктің 

мәселелері, осының бәрі қосылып ойымды іске асыруға бөгет бола берді. Сөйтіп жүргенде, 

2007  жылы  Украинадағы  әріптестер  Днепопетровск  қаласында  өтетін  семинарға  шақырды. 

Мен  бұған  қатты  қуандым.  Атамның  басына  барып  қайтудың  сәті  өзінен-өзі  түскендей 

болды.  


Днепопетровскге  сәуірдің  20-да  келдім,    семинарымыз  ойдағыдай  өтті.  Бітер  кезге 

жақындағанда  украиндық достарға бұйымтайымды айттым. Олар:  «әттеген-ай, апарар едік, 

бірақ  атаңыз  жерленген  Парышев  деревнясы  Черноболь  апат  аймағында  қалған,  оған 

азаматтардың баруына тыйым салынған, тек жылына бір рет, 24 сәуірде онда баруға рұқсат 

ететін Ұлттық еске алу күні бар, оған украина азаматтары ғана бара алады. Сіз шетелдіксіз, 

бара  алмайсыз»  дегені.  Бұл  әңгіме  23  сәуірде  болды.  Достарым  менің  қамыққан  көңіл-

күйімді  байқап,  барасыз,  мүмкін  жіберіп  қалар  деп  жатыр.  Ертеңінде  достардың  бірі 

джиппен  келе  қалды,  елең-алаңнан  жолға  шықтық.  Бірер  сағаттан  кейін  Черноболь  апат 

аймағының  шекарасына,  сондағы  бақылау-өткізу  пунктіне  жеттік.  Ондағылар  басында 

шетелдіктер  жіберілмейді  дегенімен,  менің  Қазақстаннан  келгенімді  біліп,  аумаққа  кіруіме 

рұқсат етті.  

Машина бір кездерде сапалы жасалған жолмен зымырап келеді. Жолдың екі жағында 

елді  мекендер  қалып  жатыр.  Бәрі  қаңыраған  бос,  жан  жоқ.  Жолда  да  жүрген  кісілерді 

көрмедік.  Адамның қолы тимегендіктен өсімдіктер ұйысып өсіп кеткен. Менің есіл-дертім 

атамның басына жету болды. 40 шақырымдай жүргеннен кейін жол айрығына келдік. Оңға 

қарай көрсетілген айрық белгіде Парышев деп көрсетіліпті. Енді сол жолға түсіп жүріп келе 

жаттық.  Көп  ұзамай  жолға  таяу  тұрған  екі  обелискіні  көзіміз  шалды.  Біз  соларға  қарай 

бұрылдық.  Обелискінің  біріндегі  жазу  көзіме  оттай  басылды.  Онда  алтын  жұлдыздың 

астында  Қойгелді  Аухадиев  деп  жазылыпты.  Сондағы  бойымды  билеген  ыстық  сезімді 

айтып жеткізу мүмкін емес. Алқымыма атама деген мәңгілік сағынышымның жасы тығылды. 

Сол кезде жанымдағы досым мені видеоға түсірмекші болды. Бірақ апаратта қуаты болмай 

шықты. Ол жігіт апаратты қуаттандыруға жаңағы пунктке қайта жүріп кетті. 

Мен  зират  басында  жалғыз  отырмын.  Атам  еститіндей  өткен  өміріміздің    барлығын 

айттым  ғой  деймін.  Көңілімдегі  бар  ауырлық  кеткендей  сезіндім.  Қалай  болғанда  да  мені 

кереметтей  бір  қуанышты  сезім  баурап  алды.  Сол  жерде  атама  бағыштап  өзім  білетін 

құранымды да оқыдым.  

Мен  жападан  жалғыз  отырғанда  жанымнан  белесепет  мінген  біреу,  оның  артын  ала 

ішінде  толы  кісісі  бар  жигули    тағы    өтті.  Енді  қарасам,  жаңағы  белесепетші  де, 

машинадағылар  да  маған  оралып  келіп,  «  Біздің  атамыздың  басында  не  қылып  отырған 

жансың?» деді. Мен сол жерде оларға  Қойгелді Аухадиевтің немересі екендігімді айттым. 

Енді  олар  өздерінің  таңқалыстары  мен  қуаныштарын  жасыра  алмады.  Бәрі  мені  құшақтап, 

амандасып  жатыр.  «Біз  сіздерді  өмір  бойы  күтіп  жүрміз»,-  деді  олар.  Сөйтсем, 

машинадағының бірі – Парышевтегі болған колхоздың бұрынғы бастығы, екіншісі - партком 

хатшысы, үшіншісі – селсоветтің төрағасы, төртіншісі – учаскелік милиция, ал белесепеттегі 

– 

өкімет  арнайы  жалақы  төлейтін,  бұрынғы  колхоз  аймағын,  оның  ішінде  соғыс 



ескерткіштерінің  сақталуын  бақылап  отыратын  күзетші  екен.  Ал  мына  кісілер  рұқсат 

берілгенде жылына бір рет келіп, бүлінгенді түзеп, бақылап кетіп отырады екен. Алғаш рет 

біздерге  атамыздың  Парышевтегі  ескерткішін  көрдік  деп  Черноболь  апаты  кезінде,  сонда 

барған көкпектілік жігіттер айтып келген болатын.  

Мен  елден  әкелген  дәм-тұзымды  мына  кісілердің  алдына  жайдым.  Арамызда, 

ешуақытта есімнен кетпейтін тамаша бір әңгіме басталды. Олардың айтуынша, деревняның 

маңында кескілескен ұрыстар жүріпті. Әдетте, деревня балалары ауыл маңындағы орманға 

барып ойнайтын көрінеді. Сондайдың бірінде Траян деген 14-15 жасар жасөспірім біреудің 

ыңқылын  естиді,  қараса  қарағай  бұтақтарынан  жасалған  жамылғының  астында  жатқан 

жаралыны көреді. Ол өз есінде екен. Ол Траянға өзінің Кеңес Одағының Батыры екендігін 

айтады. Траян жаралыны иығына салып, ауылға жеткізеді,  « Я героя нашел» деп айғайлай 

беріпті. Сол кезде сол деревняда мына адамдардың бәрі болған көрінеді. Атамыздың Траянға 

өзінің  кім  және  қайдан    екендігін,  екі  баласының  барын  айтқан  сөздерін  мына  кісілер 


 

475 


аудырмай  маған  айтып  отырды.  Атамның  зиратының  жанындағы  екінші  зиратқа  Кеңес 

Одағының  батыры,    осетин халқының  ұлы  Бутаев  Георгий  Данилович  жерленіпті. Жаңағы 

кісілер: «Біздің балалардың барлығы мына екі батырды атамыз деп, үлгі қылып өсті, бұларға 

құрмет бізде ерекше болды»,-деді. Оның солай екендігіне мына әңгімелерден кейін күмәнім 

болған жоқ. 

Мен  атамның  қабірінің  басындағы  шөптерді  жұлып,  ескі  жапырақтардан  тазалау 

ойымда  болып  кірісе  бастап  едім,  «бұл  біздің  өмір  бойы  жасап  жүрген  шаруамыз,  әлі  де 

жасаймыз»  деп  маған  рұқсат  етпей  қойды.  Сосын  олар  мені  деревнядан  біраз  жердегі 

орманға  алып  келіп,  атамның  жараланған  және  Траян  тауып  алғандағы  жатқан    жерін 

көрсетті. Менің, атама деген бұлардың құрметіне таң қалмасыма мүмкін болмады. Атамның 

жараланып  жатқан  жеріне  де  ескерткіш  қойылыпты.  Байқасам,  сәл  биіктеу  жер  екен, 

алдында бізге аягөздік ақсақалдың айтқанымен тұспа-тұс келіп тұрды.  

Мен  атамның  зиратына  Өрнектегі  туыстардың  зиратындағы  әжемнің  және  әкемнің 

қабірлерінен  апарған  бір  уыс  топырақты  салып,  олардың  рухын  табыстырғандай  болдым. 

Украиндық ағайындармен көзге жас ала қоштасып, көп ұзамай елге оралдым. Елге келгосын 

атам  Қойгелдіге  арнап,  елді  жиып  қатым  түсірдік.  Сол  жолы  атамның  басынан  алған 

топырақты анасы мен ұлының топырақтарына қостым» деп Ержан аға еске алады.  

Бүгінгі  таңда,  тәуелсіз  елімізде  Ұлы  Отан  соғысының  батырларына  деген  құрмет  сол 

қалпында,  ерекше.  Соның  бір  ғана  көрінісі  –  Кеңестер  Одағының  Батыры    Қойгелді 

Аухадиевке  бүгінгі  ұрпақтың  көрсетіп  отырған  құрметі.  Қойгелді  Аухадиевтің  атымен 

кезінде  асыл  тұқымды  ангор  ешкілерін  өсіретін  Теректі  ауылдық  округіндегі  плем-колхоз 

аталды.  Бүгіндері  оған  қойылған  ескерткіш  Көкпекті  ауданының  Үлкен  Бөкен  ауылының 

ортасында тұр. Оның аты энциклопедияларға енген. Аудан орталығы Көкпекті ауылындағы 

бір көше батыр есімімен аталады. Сол сияқты Теректі ауылындағы орта мектепке Қойгелді 

Аухадиев аты берілген. Осы аудандағы Преоброженское селосындағы батырдың немерелері 

салғызған мешітті де халық «Қойгелді мешіті» деп атайды.  

Соғыстың  аяқталғанына  қанша  жылдар  өтсе  де,  халықтың  жүрегіне  соғыс  салған 

жараны  уақыт  бірте-бірте  жазса  да,  халқымыздың  ұлдары  мен  қыздарының  сол  бір  қиын-

қыстаудағы жанкешті ерліктері ешуақытта жадымыздан шықпақ емес.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Каримов.М.Қ.  Халқымыздың  қаһарман  ұлы    //Бауыржан  Момышұлының  туғанына  100  жыл 

толуына  орай  «Шығыс»    аймақтық  командиваниесі  өткізген  ғылыми-практикалық 

конференцияның материалдары. Семей., 2005.-25б. 

2.

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010.-



485б. 

3.

 



http://kk.wikipedia.org/wiki/Аухадиев_Қойгелді 

 

 



 

О ГЕРОЯХ КАРАГАНДИНЦАХ: ПОДСАДНИК НИКОЛАЙ ГЕОРГИЕВИЧ 

 

П.В. Кашина – студентка 4 курса 

Научный руководитель: А.Е.Даниярова - к.и.н., доцент кафедры  

«История Казахстана» 

Карагандинский государственный технический университет 

(Караганда, Казахстан) 

 

Прошло  много  десятилетий  со  дня  Великой  Победы,  когда  закончилась  Великая 



Отечественная  Война.  Молодому  поколению  очень  сложно  представить  все  ужасы  тех 

событий.  Они  живут  в  мирное  время,  имеют  огромные  возможности  в  жизни,  и 

представление о той страшной войне знают из рассказов ветеранов и книг по истории. Для 

многих миллионов людей на планете эти события были реальностью. Искалеченные судьбы, 

сотни сирот, страдания матерей – все это заключается в коротком и жестоком слове «война».  


 

476 


В  преддверии  семидесятилетия  Великой  Победы  много  говорится  о  патриотическом 

воспитании.  Давайте обратимся к словарному определению патриотизма: «Патриотизм - это 

любовь  к  родине,  к  отечеству;  одно  из  наиболее  глубоких  чувств,  закрепленных  веками  и 

тысячелетиями»  [1].  Поэтому  особо  весомы  рассказы  и  беседы  о  бессмертном  подвиге 

нашего  народа  в  Великой  Отечественной  Войне.  Они  должны  пробудить  в  душах 

современников  героический  настрой,  гордость  за  нашу  независимую  Родину,  чувство 

патриотизма и благодарность предкам, добывшим Победу на поле боя или в тяжелых трудах  

в тылу.  

Весомый вклад в победу внес Казахстан. На территории республики не велись боевые 

действия, однако события войны теснейшим образом были связаны и с краем казахстанцев. 

За проявленные мужество и стойкость в борьбе с немецко-фашистскими захватчиками более 

шестидесяти тысяч воинов Казахстана были награждены орденами и медалями.  

В ряды сражавшейся армии, в годы войны, влились один миллион сто девяносто шесть 

тысяч сто шестьдесят четыре казахстанца [2, с. 326]. 

Вклад  советского  народа  в  Великую  Победу  неоценим.  Хочется  приклонить  колено 

перед  всеми,  кто  отстаивал  каждый  сантиметр  нашей  земли,  с  особой  гордостью  перед 

нашими  земляками  героями  –  карагандинцами,  среди  которых  был  Подсадник  Николай 

Георгиевич. Родился в Витебской области, до призыва в армию, в 1940 году учился в школе 

города Балхаша. В 1943 году окончив Оренбургское военное авиационное училище ушел на 

фронт.  Николай  Георгиевич  принимал  участие  в  освобождении  от  немецко-фашистских 

захватчиков  Киева,  Львова,  Кишинева,  Румынии,  Югославии,  Австрии.  Весь  боевой  путь 

Николая Подсадника заполнен примерами героизма, мужества и отваги. Указом Президиума 

Верховного Совета СССР от 18 августа 1945 года за успешное выполнение 101-го боевого 

вылета  на  самолете  ИЛ-2  на  бомбометание,  разведку  и  штурм  живой  силы  и  техники 

противника  и  проявленные  при  этом  мужество  и  героизм  гвардии  лейтенант  Николай 

Георгиевич  Подсадник  был  удостоен  высшей  правительственной  награды  –  звания  Героя 

Советского  Союза.  Кроме  того,  за  мужество  и  отвагу  был  награжден  двумя  орденами 

Красного Знамени, орденом Отечественной Войны II степени и получил 16 благодарностей 

Верховного командования. После войны продолжал служить в военно-воздушных войсках [3].  

Героизм воинов Великой Отечественной Войны велик. И не случайно, самое большое 

количество  цветов  –  свидетельство  памяти  народной    –  именно  у  Могилы  Неизвестного 

солдата. Вечный огонь подтверждает: «имя твое неизвестно, подвиг твой бессмертен!». Все 

эти люди воевали не за собственное благополучие, а за свободу Родины, за независимость 

народа. Поэтому они и бессмертны. Человек жив до тех пор, пока о нем помнят.  

День Победы это действительно праздник «со слезами на глазах», и он в сердцах всех 

людей.  Люди  вспоминают  тяжелейшие  испытания,  выпавшие  на  долю  сыновей,  которые 

защищали свою землю, но которым не суждено было дожить до Дня Победы. Много жизней 

унесла война, поэтому к радости, неизбежно, примешивается горечь потери. Долг каждого 

человека  –  беречь  память  о  Великом  Дне  Победы.  Дело  и  подвиги  воинов  Великой 

Отечественной войны не напрасны, память не угасла, а отблески тех лет будут освещать путь 

новым поколениям.  

В Караганде в областном центре стартовала широкомасштабная молодежная акция «70 

жылдыққа  –  70  күн!».  В  ее  рамках  карагандинские  ветераны  обратились  к  молодежи  с 

посланием  беречь  мир  на  родной  земле,  быть  верными  родине.  Текст  этого  призыва  был 

торжественно  запечатан  в  особой  капсуле  и  передан  на  хранение  в  областной  историко-

краеведческий музей до 100-летнего юбилея Победы [4]. 

Годы  Великой  Отечественной  Войны  показали  мужество,  героизм  и  стойкость 

советского  народа.  Современники  должны  помнить  подвиг  ветеранов,  который  они 

совершили.  Мы,  представители  современного  поколения,  обязаны  чтить  прошлое  своего 

народа. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет