Сборник материалов международной научной конференции кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата15.03.2017
өлшемі4,03 Mb.
#9979
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41

Список использованной литературы: 

1

 

Груссе Р. История степей. История Центральной Азии (с древности 



до  тринадцатого  века).  Учебное пособие.  –  Алматы:  Санат,  2003.  – 

224 с. 


2

 

Словарь  иностранных  слов.  –  17-изд.,  испр.  –  М.:  Рус.  Яз.,  1988.  – 



608с. 

3

 



Жиль  Делез,  Феликс  Гварати.  “Трактат  о  номадологии”  //Наука  и 

культура. – 1992. – №2. – С.183–187.  

4

 

Шубарт В. Европа и душа Востока / Пер. с нем. З. Г. Антипенко и 



М.  В.  Назарова.  –  М.:  Альманах  “Русская  идея”  (вып.  3,  2-е 

исправленное издание), 2000. – 448 с. 

5

 

Кочевая  альтернатива  социальной  эволюции.  –  Т.  5.  –  М.,  2002.  – 



260 с. 

6

 



Сравнительное  изучение  цивилизаций.  Хрестоматия.  –  М.:  Аспект- 

Пресс, 2001. – 556 с.  

7

 

Қазақ тілінің сөздігі. Алматы: “Дайк-Пресс”, 1999. – 776 б. 



8

 

Цикличность  в  социальных  системах  (“круглый  стол”)  //Социс.  – 



1992. – №6. – C.36–46. 

9

 



Поиск  новых  методов  в  исторической  науке  //Новая  и  новейшая 

история. – 1995. – №4. – С. 248–250. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАҚТЫҒЫН ТІЛ ДЕРЕКТЕРІ 

АРҚЫЛЫ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

 

Боранбаев С.Р.                                                                 

А. Ясауи атындағы ХҚТУ 

Түркология ғылыми-зерттеу                                                                                

институтының бас ғылыми                                                                     

қызметкері, ф.ғ.д., доцент  

 

      Қай халықтың болса  да тілі сол халықтың тарихымен тығыз байланысты 

бола  тұра,  тілдің  кейбір  ішкі  даму  заңдылықтарын,  мәселен,  фонетикалық, 

сондай-ақ  грамматикалық  формалардың  даму  зандылығын  тек  тарихи 

тұрғыдан  қарастырып,  сонымен  ғана  байланыстырып  шешу  дұрыс  болмаса 

керек.  Халық  тарихының  өзіндік,  тілдің  даму  тарихының  өзіндік  қырлары, 

қағидалары, 

заңдылықтары 

бар. 

Барлық 


сыртқы 

лингвистикалық 

факторларды  қоршаған  ортаға  –  географиялық    жағдайға  қатысты 

қарастырған  Ф.  де  Соссюр  сыртқы  және  ішкі  лингвистиканың  өзара  өте 

тығыз  әрі  қарама-қайшылықты  байланысына  тоқтала  отырып,  "...поскольку 

географический  фактор  тесно  связан  с  существованием  языка,  и  все  же  в 

действительности  географический  фактор  не  затрагивает  внутреннего 

организма  самого  языка"  дейді  [1].  Сондықтан  да  бұл  тілдер  қаншалықты 

өзгерістерге  ұшыраса  да  көне  тілдің  элементтерін  бойында  сақтайтындығы, 

барлығы  да  негіз  тілдің  белгілі  бір  дәрежедегі  мұрагері  болып 

табылатындығы  даусыз.  Түркі  тілінің    және  оны  алып  жүруші  «түркі» 

этнонимінің  тарихы  өте  көне  дәуірлерде  кездесетіні  туралы  А.Ходжаев 

мынадай  пікір  білдіреді:  «В  древнекитайских  письменных  источниках 

этноним  тюрк  встречается  уже  4700  лет  до  наших  дней.  Эти  же  источники 

свидетельствуют  также  и  о  том,  что  уже  в  те  времена  на  территориях  от 

Каспийского  моря  до  территории  Маньчжурии  проживали  древнетюрские 

племена и народности» [2]. Бұған дәлел ретінде көне Тұран жерінен табылып 

жатқан мәдениет ескерткіштерін айтсақ та жеткілікті сияқты.  

      Түркологияда  бірінші  кезекте  тіл  тарихы  сөз  етілсе,  ол  сөз  жоқ  ұлт 

тарихымен  өзектес  өріледі.  Түрітаным  ғылымындағы  тарихилық  болмыс 

түркі халықтарының тарихына үңілу ғана емес, бүгінгі түркі халықтарының 

мәдени, рухани ортақтығын тіл деректері арқылы зерделеу болып табылады. 

      Жаңа  ғасырда  түркологияда  тіл  білімімен  қатар  этнологиялық  және 

мәдениеттанымдық  бағытта  зерттеулер  жүргізу  міндеті  тұр.  Түркітануға 

осындай  қоғамдық,  этностық,  мәдени  мән  беруіміз  бүгінгі  күн  талабы. 

Тарихи  тұрғыдан  қарастырсақ  тіл  тарихы  ол  этностар  тарихы,  мәдениеттер 

тарихы,  мемлекет  пен  мемлекетаралық,  халық  пен  халықаралық 

байланыстардың  тарихы.  Тіл  арқылы  тайпалар  бір  орталыққа  брігіп,  тұтас 

ұлт ретінде қалыптасты, ел болды. Ел болу идеясы байырғы түркі заманынан 

бастау  алып,  өз  салт-дәстүріңмен  өмір  сүріп,  мәдениетіңді  сақтау,  өз 

дүниетанымыңмен жүріп тұру есте жоқ ерте заманнан басталған [3]. 

     Сыртқы  факторлар  лингвистикалық  жүйені  толық  өзгерте  алмағанымен 

этностың  қалыптасу  процесінде,  оның  тілінің  қалыптасуына  негіз  болған 


туыс тілдердің немесе диалектілердің ерекше белгілерін білдіретін дыбыстық 

өзгешеліктердің  тілдік  заңдылыққа  айналуына  арқау  болады.  Өзге  халық 

тілдері  сияқты  түркі  халықтары  тілдері  де  ұзақ  әрі  күрделі  тарихи  даму 

жолынан  өтті.  Негіз  тілдің  ғасырлар  бойы  үздіксіз  дамуының  нәтижесінде 

түрлі  фонетикалық,  морфологиялық,  семантикалық  өзгерістерге  ұшырап,  өз 

құрамындағы  этностар  тілдеріне  ыдырауы,  өзара  қайта  тоғысуы,  іргелерін 

қайта  ажыратуы,  туыстас  немесе  басқа  жүйедегі  тілдермен  тығыз  қарым-

қатынаста болуы, әр тілдің өзіндік ерекшеліктерімен, ішкі заңдылықтарымен, 

өзіне ғана тән сипат-болмыспен қалыптасуына алып келеді.   

      Дыбыс сәйкестіктерінің барлық халықтар тілінде орын алуы, әсіресе әрбір 

этностың  негізгі  сөздік  қорының  дамуына  тікелей  әсер  етіп,  сөзжасам 

факторларымен  астарлас  болуы,  оларды  тіл  онтологиясымен,  яғни  адамзат 

тілінің  пайда  болуымен  байланыстыруға  жетелейді.  Жаңа  ұғымның  пайда 

болуы дүниетанымдық шеңбердің кеңеюіне қатысты құбылыс болғандықтан 

танымдық процестер де сырт қалмайды. Тілдің таңбалық қасиетімен тікелей 

байланысты  жазу  таңбаларының  пайда  болғаны  туралы  зерттеуші  О. 

Сүлейменов  семасиографиялық  кезеңде  сөздердің  бастапқы  мағыналары 

оның  табиғатына  да  ықпал  етіп,  бір  түбірден  тараған  сөздердің  тұлғалық 

өзгерістерімен қатар мағыналық дамуына да себепкер болатын дыбыстардың 

жаңа  сапаға  ие  болуы  олардың  сәйкестіктерінің  қалыптасуына  да  әсер  етуі 

мүмкін деген пікір айтады. 

     Көне  қыпшақ  бірлестігінде  болған  халықтардың  тілінде  сол  дәуірдегі 

ортақ  тілдік  белгілер  күні  бүгінге  дейін  жақсы  сақталғаны  туралы  ғылыми 

деректер  сарапталып,  бүгінгі  қыпшақ    тобы    тілдерінің  етістіктерінің 

көпшілігі  көне  түркі  ескерткіштері  тілінде  де  кездесетіндігі    дәлелденуде.    

Сондай  –  ақ  тілдік  қарым-қатынастың  жандана  түсуіне  қоғамдағы  әсерін 

тигізетіндігін  айта  келіп,  қыпшақ  тілдеріне  калька  арқылы  келген 

етістіктердің аса көп емес екендігі де ескертілуде. Түркі тілдерінде етістікті 

сөз тіркестерінің байланысу формаларына қарай қалай бөлінетін болса, түркі 

тілдерінің  қыпшақ  тобындағы    етістіктердің  грамматикалық  құрылымы  сол 

үлгіде қарастырылып жүр.   Мұндай құрылымдар қыпшақ – бұлғар тобының 

татар,  башқұрт,  құмық  тілдерінде  кең  қолданылатындығы  байқалады. 

Осыларға байланысты ортағасырларда қолданыста болған (Китаб булғат ал-

Муштах...)  бірнеше  етістікті  қазіргі  түркі  тілдерімен  салыстыра  қарағанды 

жөн санап отырмыз. 

       Түркі  халықтарының  барлығына  бірдей,  ортақ  кәсібі  болғаны  белгілі. 

Осыған  байланысты  түркі  тілдерінде    қолданылатын  ортақ  сөздер  өте  көп. 

Осындай етістік бірліктердің  семантикасы, олардың түркі тілдеріндегі орнын 

салыстырмалы  түрде  зерттеу,  келешек  осы  саладағы  ауқымды  зерттеу 

жұмыстарына  арқау  болатындығын    айтқанымыз  абзал.  Ал  бұл  жерде 

қыпшақ  тобына  енетін  тілдердегі  бірнеше  етістіктің  ортақ  белгілері  нақты 

салыстырылып  беріледі.  Нәтижелер  осы  саладағы  теориялық  және 

практикалық  болжамдар  мен  сұраныстарды  үйлестіруге  қабілеттілігі 

бағамдары тұрғысында  анықталады және біртұтас бірлік  іспетті. Осы кезге 

дейін  дыбыстық, грамматикалық тұрғыдан сөз болып жүрген жақын туыстас 

тілдердің етістіктерін өзара салыстыра зерттелінуі, қазақ тіл білімінің тарихи 



лексикология  салаларын  тың  деректермен    толықтырылуы,  теориялық 

тұжырымдармен  байыпталуы,  қыпшақ  тобы  тілдеріндегі  етістіктердің 

ортақтығына көңіл бөлініп,   салыстырулардың нәтижесі анықтау.   

     Дур//тур, дурды (71(р-в) (тұрды, болды, пайда болды), дур//тур (вставать, 

подниматься,  стоять,  находиться,  быть,  иметься,  пребывать,  жить,  обитать, 

останаливаться,  т.т.,  ДТС,  586).  Тас-турғыл  (стоять);  бақа  турғыл  ( 

прислуживать,  нянчить);  тек  турғыл  (  молчать,  умалчивать);  өрү  турғыл 

(вскакивать  с  места,  вставать,  подниматься).  Жалпы  түркі  тілдерінде  – 

тур//дур//төр//тұр.  өте  көп  тараған,  барынша  жиі  қолданылатын  (көбінесе 

көмекші сөз ретіндегі тұлға).қ. дурғур//турғурды. 

      Дурғур//турғурды  (23(в)  (  тұрғызды).  өзгелі  етсе:  турғур  (заставить 

встать;  поднимать;  возводить,  строить,  скоружать;  т.б.,  ДТС,  587).  Қ. 

Дур//тур. 

     Дүңледі  (домалды).  Бұл  сөздің  графикалық  тұлғасында  ң  дыбысы  «нун» 

мен «кяф»-тің қосындысы арқылы беріледі, бірақ олардың орындары ауысып 

кетіпті: «кяф» алдымен жазылып, «нун» одан кейін түсіп тұр. Оның өзінде де 

«секун»  таңбасының  орнына  екі  рет  «фатха»  жазылып,  тағы  бір  жаңсақ 

жазылу фактысы орын алып отыр.  

      Түркі  тілдерінде  бұл    форма-синкретикалық  түбір:  тын  (дыхание,  дух) 

және 


тын 

–(дышать, 

отдыхать, 

успакаиватсы, 

обретать 

покой, 


останавливаться, прекращаться, ДТС, 567). Тың деген түбір түркі тілдерінде 

басқа мағына береді: звучание, звук; слушание, ДТС, 568. 

     Осыдан  барып  тыңчы  (  шпион),  тыңчы-савчы  (  доносчик),  тыңла 

(слушать,  прислушиватьс),  ортақ  етіс  формасы-тыңлаш,  өзгелік  етіс  – 

тыңлат.  Оның  ұяң  дыбыс  арқыл  келетін  варианты  (дың//дің//дуң//дүң)  жоқ 

(ДТС-да  көрсетілмеген).  Шу  баста  қате  жазылған  осы  сөздің  фонетиклық 

(дыбыстың)  құрамындағы  «кяф»  әрпі  артық  жазылған  болуы  мүмкін,  сонда 

бұл сөз дүнледі болып келеді. Жоғары аталған д//т заңдылығын еске алатын 

болсақ, түн формасының қалыптасуы жолы оп-оңай еске түседі, оның үстіне 

бұл  жерде  тек  у//ү  мен  ы//і  -    дыбыстарының  өзара  аямасып  келіп  айтыла 

беретін ерекшеліктерін де еске алып өткеніміз артық болмайды. Абу Х. Ат-

Туһфатта-тын.  Бұл  түбір  басқа  түрлі  ескерткіштер  (Кк,  МҚ)  мен  қазіргі 

қыпшақ  тілдерінде  де  бар:  тас,  202;  түрікменше-тінлен  (Зайончковский) 

сөздің арабша аудармасы – истраха (отдыхать, отдохнуть). А. Зайончковский 

осы сөзді поляк тіліне дәл аударып берген. 

       Бүкті  (иіп  бүкті,  сырын  ішіне  бүкті)  Арабша  баламасы  –  тавам 

(складывать, свертывать) және тамиун (держать в тайне, скрывать) деген екі 

түрлі мағына береді. Тас. – бүккіл (загибать, складывать), МҚ., КК., Абу Х, 

Әт-Туһфа, Ибн М., ноғ. – бүк, тат., башқ. – бог, қара қалп., құмық – бюк. 

      Бүрді  (бұрды).  Арабша  аудармалары:  фатала  (вить,  сучить,  закручивать 

глаза). Әт-Туһфа. – бүр (вить, закручивать, крутить), Абу Х.-да осылай. Тас. – 

бүргіл (шить со складками), ХТ. – бур (вертеть, врашать, поварачивать), КК., 

МҚ.  –  бүр,  тат.,  башқ.  –  бөр,  ноғ.,  қара  қалп.,  –  бүр,  құмық.  –  бюр.  А. 

Зайончковский  –  бур,  бурар,  бұрды  (крутит,  вертеть,  скучивать, 

поворачивать,  сворачивать).  Бұл  көрсетілген  авторлардың  (Жамал  әд-Дин 

Абу Мухаммад Абдуллах ат-Туркий, М.Т. Хоутсма және А. Зайончковский) 



қай-қайсысы  болса  да,  осы  бір  сөздің  дәл  бір  мағынасын  топ  басып,  тани 

алмаған,  бұра  тартқан  –  бұр  (бұра,  бұрау)  сөзінің  ыңғайымен  аударған. 

Сондықтан  А.  Зайончковский  қарақалпақ  тілінде  –  бұр  (повёртывать, 

поварачивать, сворачивать, отворачивать) сөзі бар деп көрсетеді, бүр (делать, 

складки, сборки) тұл-ғасы туралы үндемейді, өйткені бұл лексема өте сирек 

қолданылатын  кәсіби  сөз,  оны  тек  тігінші  шеберлер  ғана  болмаса,  басқалар 

біле бермейді. Дегенмен, бұл да ертеден бері жұмсалып жүрген сөз.  

     Вурды (ұрды). Тас. – урды (бить, побить, ударять), ХТ. – вур, КК., Абу Х., 

Ибн М., әт-ТуһФа, Пд., МҚ., түрік. – вур, тат., башқ. – ор. Қолжазбада «вав» 

(و)  әріпі  «дамма»  (  ۥ  )  арқылы өрнектелген  вурды //  ұрды  сөздерінің қай  түрі 

болса  да,  бір  түбірден  жасалған  аллафондар.  Ежелгі  түркі  сөзі:  ұр  (бить, 

ударит, выбивать – ДТС., 614). 

     Дағлады  (дағылады).  Бұл  өзі  сирек  ұшырайтын  сөз  болса  керек.  Арабша 

баламасы – каван (жечь, прижигать, ставить тавро, гладить бельё, причинять 

боль). Абу. Х. – тағла (выжигать клеймо, тавро, клеймить; отмечать чем-л.), 

А. Зайонч. –  «ставить знак прижиганием,  ставить пятно». Бұған қарағанда, 

бұл  сөз  ертеден  бері  мал  шаруашылығымен  айналысып  келе  жатқан 

халықтардың  арасында  кеңінен  қолданылғанға  ұқсайды.  Оның  қарақалпақ 

тіліндегі  мағынасы  –  доғла  (прям.  и  перень.:  1)  запятнать,  2)  перен.: 

оставлять горкое чувство, печалить, приносить горе) 

     Дозадур, қ.: тозатты. 

     Долдур (толтыр) қ.: тотурды, алдүрді. 

     Дөпеледі  (төбелеп  өлтірді).  П  дыбысы  парсы  тіліндегідей,  астына  үш 

ноқат  қойылып  жазылған  (پ).  Сөз  түбірі  (үш  әріп)  «фатха»  арқылы 

өрнектелген.  Абу  Х.  –  тепеле,  Әт-Туһфа.  –  «өлтүр».  Түркі  тілдерінде  т//д 

заңдылығы  тұрақты  қолданылады.  ДТС.  –  төпү  (темя,  макушка,  головка), 

төпүле (бить по голове, 580) 

      Екті  (екті).  Тас.  –  еккіл  (сеять,  возделывать),  АФ.,  Абу  Х.,  Ибн  М.,  Әт-

Туһфа., МҚ. – ек, экді, түрік. – тат. – экмек, тат. – игү, ноғ. – эк, башқ. – игеу, 

қара қалп. – ек, ДТС. – ек (сеять, сыпать, 167). 

      Бүкті  (иіп  бүкті,  сырын  ішіне  бүкті)  Арабша  баламасы  –  тавам 

(складывать, свертывать) және тамиун (держать в тайне, скрывать) деген екі 

түрлі мағына береді. Тас. – бүккіл (загибать, складывать), МҚ., КК., Абу Х, 

Әт-Туһфа, Ибн М., ноғ. – бүк, тат., башқ. – бог, қара қалп., құмық – бюк. 

     Дағлады  (дағылады).  Бұл  өзі  сирек  ұшырайтын  сөз  болса  керек.  Арабша 

баламасы – каван (жечь, прижигать, ставить тавро, гладить бельё, причинять 

боль). Абу. Х. – тағла (выжигать клеймо, тавро, клеймить; отмечать чем-л.), 

А. Зайонч. –  «ставить знак прижиганием,  ставить пятно». Бұған қарағанда, 

бұл  сөз  ертеден  бері  мал  шаруашылығымен  айналысып  келе  жатқан 

халықтардың  арасында  кеңінен  қолданылғанға  ұқсайды.  Оның  қарақалпақ 

тіліндегі  мағынасы  –  доғла  (прям.  и  перень.:  1)  запятнать,  2)  перен.: 

оставлять горкое чувство, печалить, приносить горе). 

     Дартты (тартты, таразыға тартты, өлшеді), қ. тартты. 

     Дегшүрді  (ауыстырды).  Тас.  –  дегшүргіл  (менять  обменять),  арабша  – 

«менять, изменять», А. Зайон. – «менять, изменять», Аф. – декшүр. «Каф» (ك) 

әрпін к  – деп те, г  – деп те оқи беруге болады. Г//к  –  түркі тілдерінде бола 



беретін  тұрақты  фонетикалық  заңдылық.  ДТС.  –  тегшүт    «замена»,  МҚ.; 

ДТС. 549), қ.: ыбырықты.  

      Дузлады (тұздады), қ.: тұзлатты. 

      Екті  (екті).  Тас.  –  еккіл  (сеять,  возделывать),  АФ.,  Абу  Х.,  Ибн  М.,  Әт-

Туһфа., МҚ. – ек, экді, түрік. – тат. – экмек, тат. – игү, ноғ. – эк, башқ. – игеу, 

қара қалп. – ек, ДТС. – ек (сеять, сыпать, 167). 

     Дүшті  (түсті,  жерге  түсті).  Жоғарыда  аталып    отырған  жазбалар  мен 

тілдерде де осылай: тас, 207-түш, дөш, төш, түс; Абу Х.,  - дүш; ат-Туһфа  – 

түш;  ққ.  –дюш,  тюс,  тюш.  Түркі  тілдерінде  бұл  сөз  көп  мағыналы  ( 

полисемантиялық)    лексема    болып  келеді:  түс//түш  (падать,  вклиться  на 

землю,  вниз,  ниспадать;  слезать,  сходить,  спешиваться;  останавиваться, 

делать остановку; падать, выпадать; попадать, оказываться, делать остановку; 

падать, выпадать; попадать, оказываться, т.т.., ДТС, 600). 

     Ейледі (істеді, солай етті). Абу Х. – ейле; ат-Туөфа- ассы ейле (делать себе 

выгоду);  кауанин-ейле.  Ейлемек  –  вспомогательный  глагол,  выступающий 

как  синоним  қылмақ  и  етмек  «делать».  (Нәжіп).  Бұл  автор  «сохранилось  в 

совр.  Тур.  И  азерб.  Языках;  в  узб.  Уйг,  татар,  каз.-  вытеснено  его 

синонимами» деп жазады (77 б.). 

     Түрік  тілінде  – ейлемек  (  вспомогательный  глагол)  «делать, производить, 

совершать» (Турецко-русский ссловарь, М., 1945,182). 

     Ейүрледі  (байыды).  Қолжазбада  «алиф»  бастапқы  әрпі  «фатха»  арқылы 

берілген  (яғни  он  ашық,  езу  дауысты  дыбыс  болып  оқылуға  тиісті), 

аудармасы  –  арабша  мала  (  быть  богатым,  владеть  чем-Л.;  снабжать 

деньгами,  финансировать  т.б.).  мұны  Зайончковский  ейүрле  (н)  деп  жазады 

да,  жақша  ішінде  үйленүр,  арабшасы  -    деп  ескертеді,  оны  өзі  «склоняться; 

направляться,  руководствоваться»  деп  аударады.  Арабша  аудармасы    мала 

(склоняться,  наклоняться),  тамаййала  (наклоняться,  склоняться;  гнуться) 

болып айтылуға тиісті. әрі қарай бұл автормынадай салыстырмалы мысалдр 

келтіреді:  МҚ.  -  өдрүл,  арабшасы  –  маииаза  (отличать,  различать;  вделять; 

давать  предпочтение,  т.б.)  және  хара  (выбирать  предпочитать,  т.б.);  ат-

Туһфа-ейіл,  майрыл,  амыт  (тәржімасы-мала);  Аф-амиті  (  арбшасы-мала  деп 

жазады  да  «склоняться»  деп  аударды).  Осы  жерде  бір  түсініксіз  жай  бар. 

әңгіме болып отырған екі қыпшақ сөзінің кейінгісінде (үйрлену формасында) 

бастапқы  «алиф»  таңбасы  «дамма»  арқылы  берілген,  бірақ  осы  екі  сөздің 

екеуінде арабтың мала деген бір ғана өзімен аударуға болады: ол бірде «быть 

богатым» деген мағына берсе, енді бірде «склоняться» деген ұғым тудырады 

(қараңыз: Арабско-русский словарь, М., 1958,986 және 990-беттері). Сонда А. 

Зайончковский  бір  жерге  сиғызып,  бір  реестр  есебінде  беріп  отырған  екі 

сөзді  екі  бөліп,  екі  реестр  етіп,  әрқайсысын  өз  мағынасы  бойынша  беру 

керек:  ейүрлді  –  «байыды»  және  үйрленүр  –  «белгілі  бір  жаққа  қарай 

қисайып,  бейімделе  бастады»  деген  екі  түрлі  ұғым  туады.  Қазіргі  қазақ 

тілінде  «үйір»  деген  сөз  бар,  мысалы,  үйір  болу,  бір  үйір  жылқы,  үйірлес, 

үйірлесу,  үйірлеу,  үйірлі,  үйірлік,  үйірме,  үйірмелеу,  үйірмелету,  үйірсек, 

үйіру, үйірету, үйірім, т.б. Бұл сөздің ескілеу түрі – угур (стадо, табун, стая), 

үгүрлен (присоединяться к стаду, табуну, стае), үгүрлүг ( табуннй, имеющий 

стадо,  табун,  стаю,  ДТС,  623).  О  бастапқы  түрі  уд//уз//ут  (  следовать, 



присоединяться,  ДТС,  608-606)  болуы  да  мүмкін,  бірақ  бұл-өз  алдына 

этимологиялық  бір  мәселе  болып  қарлуға  тиісті,  болмаса  біздің  сөзіміздің 

ұзаққа созылып, барынша жайылып кетуі де ықтимал. Бізге иісті керек болып 

отырған ұғым мынау: бір нәрсеге үйір болып (үйірленіп) кеткен адам да, мал 

да  сол  бір  жағына  қарай    бейім  болып  («склоняться»етіп)  тұрады  ғой. 

Қаралып  отырған  реестр  сөздің  беретін  өзіндік  мағынасын  қазақ  сөзінің 

көмегі арқсында нақтылай түсу оншалықты қиын емес. Алғашқы (ейүрледі) 

сөздің мағынасын әлі де болса зерттей түсу керек сияқты. Ол өзі эндемик сөз 

(белгілі бір ортада ғана жұмсалатын тұлға) көрінеді. Біз өз тұрғымыздан бұл 

екі сөзді екі айырып, екі түрлі реестрге бөліп беріп отырмыз. 

     Тіл  дамуының  әр  кезеңде  сөзді  құрам  көлемі  мен  мөлшері  әртүрлі 

деңгейде  болады,  нақтырақ  айтқанда  ол,  бір  жағынан,  жаңа  ресурстармен 

толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. Мұны қолдан реттеп 

отыру  мүмкін  емес.  Оны  сол  тұста  жарыққа  шығарылып,  хатқа  түсірілген 

дереккөздердіңмаериалын  сұрыптау  арқылы  анықтауға  болады.  Біз  үшін 

маңыздысы  – осындай жазба  мұрағаттар деректері арқылы оларда қатталып 

қалатын  сол  кезеңдегі  тіл  ұстанушының  санасында  нық  орын  тебетін 

ғаламның концептулды бейнесін жаңғырту мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген 

сәтте  біз  бабалардың  білімдер  жүйесіндегі  маңызды  ақпараттың  кілтін  де 

иемденеміз.  Демек,  ғасырлар  бойы  тарих  қойнауында  жатқанымен, 

көмесіленбей,  қайта  жарқырай  түсетінасылға  біртабан  жақындай  түсеміз 

деген сөз [4]. 

                Пайдаланылған әдебиетер 

       1.  Ф.  де  Соссюр.  Курс  общей  лингвистики  //  Введение  в  языковедение. 

Хрестоматия. – М., 2000.  

       2.  Ходжаев  А.  Из  истории  древних  тюрков  (сведения  древнекитайских 

источников). Ташкент: Таfakkur, 2010. 

      3.  Сабыр  М.  Б.  Түркі  тілдерінің  лесикалық  сабақтастығы  //  Y. 

Халықаралық  түркология  конгресі  «Мәдени  ықпалдастық  және  өркениеттер 

бірлігі». Түркістан, 2013. 166-170 б.б. 

      4. 

Сүйерқұл  Б.М.  Хорезмидің  «Мұхаббатнамесіндегі»  (ХIYғ.) 

лингвосемиотикалық кеңістік. Алматы: Дайк-Пресс, 2011 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XVI-XVII ғғ. АРМЯН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚЫПШАҚ 

ТІЛІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

 

Құдасов С.Ж., 

 М. Әуезов атынд. ОҚМУ  

Н. Келімбетов ат. «Түркітану» ҒЗО,  

Шымкент, Қазақстан 

 

      Моңғол  шапқыншылығына  дейінгі  кезеңде  Шығысында  Ертістен  бастап, 

Батысында Дунайға дейінгі аралықта қыпшақ тілі халықаралық тіл болғанын 

сол  кездегі  жиһангерлер  жазып  кеткен.  Бұл  жағдай  моңғолдардың 

шапқыншылығынан  кейін  де  таралу  аймағын  кеңейтпесе,  бұрынғы  қалпын 

бұзбағаны  белгілі.  Моңғолдар  қыпшақтардың  саяси  үстемдігін  жойып, 

біртұтас  болып  қалыптасып  келе  жатқан  қыпшақ  мемлекетін  ыдыратып 

жібергенімен  қыпшақ  тілінің  үстемдігін  жоя  алмады.  Қыпшақ  даласын 

мекендеген  қыпшақ  тілдес  түркі  халықтарының  арасына  өздері  де  сіңісіп 

кетті. 


      Моңғол  жаулап  алушылығына  және  соның  негізінде  пайда  болған 

мемлекеттік  құрылымдарға  байланысты  қыпшақ  тілінің  қолданылу  аясы 

ұлғайып,  Мысыр,  Шам,  Үнді  елдеріне  таралады.  Алтын  Орда  хандарының 

жарлықтары  мен  Мысыр  сұлтандарының  жазбалары,  Үнді  сұлтанатының 

жәдігерліктері,  Хорезмдегі  әдеби  шығармалар  мен  армян-қыпшақтардың 

түрлі жанрдағы жазба мұралары қыпшақ тілінде хатқа түскен.  

      ХІІІ ғасырда қыпшақтар Европа елдері мен моңғолдардың ордасы тұрған 

Қарақорым арасын жалғастырып жатқан “алтын көпір” болғаны аян. Алтын 

Орда  жерін  аттап  басқан  өзге  ұлт  өкілдеріне  қыпшақ  тілін  білу  қажеттігі 

туындап, олар өздеріне тілмаштар жалдаған. Тіл үйрену үшін сөздіктер мен 

тілашарлар жасауға мәжбүр болған. Қыпшақ тілдес әлеуметтік ортаға түскен 

өзге  ұлт  өкілдері  тілдерін  ұмытып,  қыпшақ  тілінде  сөйлеуге  көшкен.  Бұл, 

әсіресе, Ұлы Жібек жолы бойымен сауда-саттық жасаушы саудагерлерге тән 

болды.  Діндерін  ұмытпаулары  үшін  христиан  дінінің  канондары  мен 

уағыздарын  қыпшақ  тіліне  аударып,  пайдаланып  отырды.  Іс  қағаздары 

қыпшақ  тілінде  жүргізілді.  Қыпшақ  тілі  отбасылық  қолданыстан  бастап, 

мемлекеттік тіл деңгейінде қызмет атқарды.  

       ХІ-ХVІІ  ғасырлар  аралығында  Қырым,  Подолия,  Польша,  Венгрия, 

Египет аумағында руна, латын, араб, армян, славян жазуларымен хатқа түсіп, 

бүгінгі  күнге  жеткен  печенег,  қыпшақ  (половец,  куман)  тілдеріндегі 

жәдігерліктердің  қазіргі  түркі  тілдері  арасында  алатын  орны  жайында  айта 

келіп,  белгілі  ғалым-түрколог  Э.Р.  Тенишев  бұл  ескерткіштердің  қазіргі 

қазақ,  қарақалпақ,  ноғай  тілдеріне  өте  жақын  екендігін,  қыпшақ 

ескерткіштері  қазақ  тілі  тарихының  ерте  дәуірін  зерттеуде  аса  маңызды 

қайнар  көз  болатындығына,  аталған  кезеңдегі  жазба  мұраларды  жан-жақты 

зерттеу қажеттілігіне ғалымдар назарын аударған еді [

1

].  


      Осындай  маңызды  мұралар  қатарына,  қолда  бар  деректер  бойынша,  ХІV 

ғасырда  қазіргі  Украина,  Молдова,  Румыния  жерлеріне  қоныс  теуіп,  қауым 

(община)  болып  өмір  сүрген,  христиан  дінінің  армян-григориан  бұтағын 


тұтынып,  қыпшақ  тілінде    сөйлеген  этникалық  топтың  армян  әліпбиімен 

қыпшақ  тілінде  жазып  қалдырған,  сипаты  жағынан  әртүрлі,  көлемі  мол 

мұралары – армян-қыпшақ жазба ескерткіштері жатады.  

      Қыпшақ  тілінің  XVI-XVII  ғасырлардағы  сипатынан  мол  мағлұмат 

беретін,  әзірге  белгілі,  жазба  деректер,  негізінен,  қазіргі  Украинаның 

Каменец-Подольск,  Львов  қалаларында  армян  әліпбиімен  қыпшақ  тілінде 

хатқа  түсірілген,  сипаты  жағынан  әртүрлі,  көлемі  мол  жазбалар  түркітану 

ғылымында “армян-қыпшақ” ескерткіштері деген шартты атаумен белгілі. 

       Біздің дәуірімізге жеткен жазба ескерткіштер ХVІ ғасырдың 20 жылдары 

мен  ХVІІ  ғасырдың  аяғын  қамтиды.  Одан  бұрынғы  кезеңде  жазылғандары 

жоғалған,  әзірше  тағдырлары  белгісіз.  Дегенмен,  кейінгі  кездерде  табылып 

жатқан  қолжазба  кітаптарға  қарағанда  [2]  бұл  мол  мұраның  ерте  дәуірінен 

хабар  беретін  жазбалардың  бір  жерлерде  сақталып,  табылып  қалуы  да 

мүмкін. Олай деуіміздің себебі, 2012 жылы Украинаға барған іссапарымызда, 

Каменец-Подольск  Армян  войттығы  сотының  1572-1663  жылдарды 

қамтитын  қыпшақ  тіліндегі  28  акт  кітабы  мен  Андрей  Торосовичтің 

«Философия  тасының  құпиясы»  (1631)  атты  шығармасы  сақталған  Киевтегі 

Украина  мемлекеттік  тарихи  мұрағатының  директоры  И.  Кисиль  мырзадан 

Беларуссиядан тағы бір акт кітабының табылғанын, бірақ оның XIX ғасырда 

украин тілінде жазылған еңбек екенін білдік.  

      Армян-қыпшақтардың  жазба  мұралары  олардың  экономикалық,  саяси-

әлуметтік, мәдени өмірінен мол  мағлұмат беретін, жанры мен стилі жағынан 

әр  түрлі,  көлемі  үлкен  жадығаттар.  Осы  саладағы  кейінгі  зерттеулерде  бұл 

жазба мұралар алты топқа бөлініп қарастырылып жүр: 1) тарихи жазбалар; 2) 

құқық  кодекстері  мен  акт  құжаттары;  3)  филологиялық  еңбектер;  4)  діни 

әдебиеттер;  5)  көркем  шығармалар;  6)  жаратылыстану-ғылыми  әдебиеттер  [ 

3, 2002, 12 б.]. 

      Армян-қыпшақ  ескерткіштері  Украинаның  Киев,  Львов  қалаларындағы  

мұрағаттарында,  Арменияның  Ереван  қаласындағы  көне  қолжазбалар 

кітапханасы 

Матенадаран 

қорында, 

Мәскеу, 

Санкт-Петербург 

кітапханаларында,  сондай-ақ  Польша,  Франция,  Румыния,  Нидерланды, 

Италия,  Австрия  елдеріндегі  мұражайлар  мен  мұрағаттарда,  жеке 

адамдардың қолдарында сақталған. 

       Бұл  мұралар  Арменияда  емес,  негізінен,  қазіргі  Украинаның  Каменец-

Подольск, Львов қалаларында жазылған. Матенадаранда сақтаулы “Қыпшақ 

тілінің  грамматикасы”,  армянша-қыпшақша  сөздіктер,  жыл  қайыру,  діни 

еңбектер  Украина  жерінде  жазылып,  Арменияға  кейіннен  әкелінген 

дүниелер. Қыпшақ тілінде сөйлеп, христиан дінінің армян-григориан бұтағын 

тұтынған,  қауым  (колония)  болып  өмір  сүрген  бұл  этникалық  топтың  қай  

халықтың  –  армяндар  әлде  қыпшақтар  -  өкілдері  екендігі  ғылымда  басы 

ашық  қалып  келеді.  Осы  мәселеге  байланысты  пікір-таластарда:  “Егер  олар 

қыпшақтар  болса,  онда  христиан  дінін  қабылдаған  күннің  өзінде  ұлттық, 

рулық  менталитеттерін  жоғалтуға  не  себеп  болды?  Армяндардың  әлемнің 

жартысын  билеген  қыпшақтарға  діни,  саяси  әсері  ондай  дәрежеде  бола 

алмаған,  сондықтан  олар  қыпшақтар  емес,  Қырымда  ассимиляцияланған 

армяндар”  [4;  5;  6]  деген  пікірлермен  қатар,  лингвистикалық,  яғни  тілдік 



тұрғыдан зерттеушілер тарапынан: “бір халықтың тілін екінші бір халықтың 

армян-қыпшақтар  сияқты  терең  меңгеруі  мүмкін  емес,  сондықтан  олар  – 

қыпшақтар  болуы  керек”  деген  пікірлер  бар.  Бұндай  пікір  қайшылықтары 

түйіні  қиын  бұл  мәселені  әлі  де  түбегейлі  түрде,  жан-жақты  - 

этнолингвистикалық, 

экстралингвистикалық, 

тарихи-этнографиялық 

тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. 

      Осы  орайда  Кавказ  өңірінде,  әсіресе  Грузия,  Армения  жерін  мекендеген, 

аталған  елдердің  саяси  өміріне  үлкен  ықпал  еткен  қыпшақтар  жайындағы 

деректердің негізінде кейбір ойларымызды ортаға салмақпыз.  

       ХІ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  қыпшақтың  Шары  тайпасының  (орыс 

жылнамаларында  – шары)  Дон өзені  мен  Азау  теңізін жайлағаны,  кейінірек 

Қырым, Солтүстік Кавказды уысында ұстағаны белгілі. 

      Сол  кездегі  соғыс  тәсілін  жете  меңгерген  жауынгер  қыпшақтармен  одақ 

құруға Европа мемлекеттері, әсіресе орыс князьдары мүдделі болды. Осыдан 

келіп,  саяси-әскери  одақтастық,  құда-андалық  қатынастар  көбейіп,  ол  өз 

кезегінде  қыпшақтар  тарапынан  шапқыншылыққа  ұшырамаудың  кепілдігі 

ретінде  бағаланған  және  реті  келген  ұрымтал  сәтте  қыпшақ  әскери  күшіне 

арқа сүйей отырып, өздерінің ішкі саяси жағдайларын реттеуге де мүмкіндік 

беріп отырған. Мұндай жағдай Кавказ елдерінің басында да болғаны мәлім. 

Қыпшақтардың  грузиндерді  шапқандары  жайындағы  деректер  араб 

тарихшысы Ибн әл-Асир еңбегінде айтылады. 

      Грузия  патшасы  Давид  ІV  билікке  келіп,  16  жасында  тақты  иеленген 

(1089  ж.)  кезеңде  көшпелілер  тарапынан  үнемі  шапқыншылыққа  ұшырап 

отырған  Шығыс  Грузияның  жағдайы  өте  қиын,  Картли  (тарихи  атауы 

Қарталы  -  Карталиния.  -  С.Қ.)  мен  Кахетияның  көптеген  жері  қаңырап  бос 

қалған  болатын.  “Мемлекет  селжүк  сұлтанына  салық  төлеп  тұратын.  Ел 

ішіндегі биліктегі феодалдар – дидебулдар бір орталыққа бағынған билікті – 

монархияны  мойындамай,  әрқайсысы  өз  қарауындағы  елге  биліктерін 

жүргізуді  мақсат  етіп,  ауызбіршіліктен  айрылған  еді”,  -  деп  жазады  Грузия 

тарихында [ 7, 193 б.]. 

      Бұл  жағдайды  ауыздықтау  Давид  ІV  билік  құрған  1089-1125  жылдары 

ғана,  белгілі  дәрежеде,  мүмкін  болады.  Билікке  таласып  өзара  қырқысқан 

феодалдар елді жаулап алған селжүктерге қарсы күресуге дәрменсіз еді. Бір 

орталыққа  бағынған  біртұтас  Грузия  мемлекеттігін  құру  үшін  патшаға 

сенімді,  күшті  әскери  құрылым  қажет  болды.  Мұндай  күш  сол  кезде 

Солтүстік Кавказ бен Дон, Қобан, Азау бойын мекендеген қабырғалы қалың 

қыпшақ  елінің  қайтпас  қайсар  жауынгерлері  еді.  Оның  үстіне  Давид  ІV 

қыпшақтың  атақты  ханы  Шаруқанның  ұлы  Атырақтың  (орыс  жылнамалары 

бойынша) қызы Гурандухт (тарихи әдебиеттердегі Турандохт  – туран қызы) 

ханшайыммен  отандасқан,  қыпшақ  жұртына  күйеу  болатын.  Қыпшақтар 

бұдан бұрын да грузин әскерінің құрамында әлденеше мәрте қызмет еткен [7, 

194] 


     Давид  патша  1118  жылы,  қасына  кеңесшілері  мен  нөкерлерін  ертіп, 

Солтүстік  Кавказды  жайлаған  қыпшақтардан  келіп  көмек  сұрайды.  Сол 

жылы Шаруқанның ұлы Атырақ (Артық болуы мүмкін, ол жайында кейінірек 

баяндаймыз)  бастаған  45  мың  (кейбір  деректерде  40  мың)  үйлі  қыпшақ 



Грузия  жеріне  өтіп,  орналасады.  Грузия  тарихында  екі  жылдан  кейін  ол 

қыпшақтардың  40  мың  атты  әскер  шығарғаны,  сондай-ақ  патша  мен  оның 

отбасын  қорғайтын,  монаспа  деп  аталатын,  5  мың  адамдық  ерекше  гвардия 

құрылғаны айтылады [7, 194 б.]. 

       Грузин-тарихшы-жылнамашысы  жазғандай  “сатқын”,  “екі  жүзді”, 

“басбұзар”  дидебул-феодалдарға  қарсы  осындай  күшке  сүйенген  Давид 

патша  енді  түрік-селжүктермен  батыл  шайқасқа  шығады.  Ширван 

патшалығы  мен  Арменияны  селжүктерден  азат  етуде  қыпшақ  қосындары 

алмас қылыштай жарқылдап, біртұтас Грузия мемлекетін құруда ерекше рөл 

атқарады.  Осы  қызметтері  үшін  Давид  патша    оларды  ел  басқарудағы 

маңызды  орындарға  тағайындайды.  Қыпшақтар  Грузия  мемлекетінде  үлкен 

саяси  күшке  айналады.  Давид  ІV  патша  өлгеннен  кейін  (1125ж.)  таққа 

отырған оның баласы Деметре І (1125-1156ж.), немересі – Георгий ІІІ кезінде 

қыпшақтар грузин патшаларына үлкен сүйеніш болады. 

       Георгий  ІІІ  патшалық  құрған  (1156-1184ж.)  кезеңнің  1177  жылы 

әмірсыпасалар Иванэ Орбели өзінің сыбайластарымен бірігіп, патшаға қарсы 

көтеріліске  шығады.  Бұлғақты  қыпшақ  әскерінің  күшімен  басқан  патша 

Орбелидің  орнына  қыпшақ  Құбасарды  тағайындайды.  Осындай  үлкен 

қызметтер Апридон, Құтлы Арсылан, Чиабер сияқты сенімді адамдарына да 

беріледі [7, 211 б.].  

      Георгий  ІІІ  өлгеннен  кейін,  1184  жылы  патша  сарайындағы  күрес  оты 

қайта тұтанады. Георгий ІІІ патша көзі тірісінде, ұлы болмағандықтан қызы 

Тамараны тақ мұрагері деп жариялаған болатын. Тамара үлкен дау-дамаймен, 

қыпшақтардың  арқасында  таққа  отырады.  Бірақ  грузин  дидебулдары 

Құбасар,  Апридон  сияқты,  Тамараға  сүйеу  болған  тұлғаларды  мемлекеттік 

биліктен  кетіруді  талап  етеді.  Жас  патшайым  олардың  тілегін  орындауға 

мәжбүр болады. 

       Осы  кезеңде  қаржы  министрі  Құтлы  Арсылан  патшаға  бағыныштылығы 

болмайтын  қаржы  мекемесін  құру  талабын  қояды.  Мұның  өзі  қазақтың 

“Айрылысар дос ердің артқы қасын сұрайдының” кері болатын. Бұған қарсы 

шыққан  дидебулдардың  талабы  бойынша  Тамара  патшайым  Құтлы 

Арсыланды  тұтқынға  алады.  Құтлы  Арсыланның  жақтастары  (қыпшақтар) 

оның  аман-есен  босатылуын,  болмаған  жағдайда  күш  қолданатындықтарын 

айтып,  патшайымға  шарт  қояды.  Тіресерге  сенімді  серіктерінен  айырылған 

Тамара  “ханталапайға”  түсіп  кетемін  бе?  деп  сескенгендіктен,  Шығыс 

халықтарының  дәстүрін есіне  алып,  абыройлы,  беделді  екі  әйелді  елшілікке 

жібереді [7, 213-214 б.]. Нәтижесінде екі жақ та келісімге келеді. 

     Қыпшақ  әскелерінің  араласуымен  Давид  ІV  патша,  оның  ұрпақтары 

Грузияға  ұзақ  жылдар  билік  жүргізеді,  жау  қолында  кеткен  жерлерін 

қайтарады.  Қыпшақтар  мемлекеттің  ішкі-сыртқы  билігіне  араласады,  билік 

жүргізеді.  

      Армян  тарихшыларының  жазбаларында  хундардан  бастап,  барлық  түркі 

халықтарын  кейде  һон  деген  жалпы  атаумен,  кейде  өздерінің  атауларымен 

беріп отырған. “Солтүстіктегі халықтар” деп те атаған. 

     ХІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Киракос  Гандзакецидің  “Армения  тарихы” 

еңбегінің  12-тарауында  [8,  139  б.]  қыпшақтардың  Грузия  патшасы  Лаша 



Георгиден  (1213-1222  жылдары  патшалық  құрған,  Тамара  патшайымның 

ұлы)  қоныс  сұрағаны,  тілектері  орындалмаған  соң,  олардың  Гандзак 

қаласының  маңына  орын  тепкендері,  армяндардың  оларды  өздерін 

грузиндерден  қорғайтын  күш  ретінде  бағалап,  оларға  азық-түлікпен 

көмектескені туралы айтылады. 

       Грузин  патшасы  бұған  наразы    болып,  қыпшақтарға  қарсы  Иванэ 

бастаған  қалың  қол  аттандырады.  Қыпшақтардан  ойсырай  жеңілген  грузин 

әскерлерінің қырылғаны қырылып, қалғаны қолға түседі. Қолға түскендерін 

қыпшақтар құлдыққа сататыны бар. 

       Бұл  қыпшақтар,  жоғарыда  айтылған,  Тамараның  кезінде  наразылық 

білдірген  қыпшақтар  болуы  әбден  мүмкін.  Және  осы  кезде  Солтүстік 

Кавказға  енген  монғол  әскерлерінің  басты  жаулары  да  қыпшақтар  болатын. 

[Қыпшақтардың  сағын  сындырмай  жеңіске  ие  болу  мүмкін  емес  екенін 

моңғол  әскербасылары  терең  ұғынып,  қыпшақтарды  жою  саясатын 

ұстанғанымен,  уақыт  өте  келе  олардың  өздерінің  қыпшақтанып  кеткені 

тарихтан  белгілі  шындық].  Қыпшақтардың ығысуының басты  себебі де осы 

болуы ықтимал. Қалай дегенде де қыпшақтар енді армяндармен қоян-қолтық 

араласа бастайды.  

      Армян  тарихшыларының  еңбектерінде  қыпшақтар  мен  армяндар 

арасындағы  соғыстар  жайында  деректер  кездеспеуіне  қарағанда,  олар  өзара 

тату тірлік кешкен деп ойлауға болады. 

     Тамара  патшайымның  әскери  қолбасшысы  ағайынды  әмірсыпасалар 

Закария мен атабек Иванэ Арменияны селжүктерден азат етуде үлкен еңбек 

сіңірген. Жаудан босатылған өңірлерден жер сатып алып, онда қоныстар мен 

шіркеулер  салдырғаны  жайында  армян  тарихшыларының  еңбектері  [8,  139 

б.]  мен  эпиграфиялық  ескерткіштерде  нақты  деректемелер  келтірілген. 

Солардың ішінде атауын сақтағаны Ғыпчах (1946 жылдан Һарич) ауылы мен 

1206 жылы салынған Ғыпчакаванк – (ғыпчақ+аванг (монастырь) шіркеуі.  

     Армения  Республикасының  Түркиямен  шектесетін  Ширақ  облысының 

Артик  (Артық)  деген  аудан  бар.  Аудан  орталығы  Артик  (қазіргі  атауы) 

қаласының  күншығысында  2-2,5  шақырымдай  жерде,  таудың  баурайына 

қоныс  тепкен  Қыпшақ  деген  шағын  ауыл  бар.  Ауылдың  атын  1946  жылы 

Һарич  деп  ресми  түрде  өзгерткенімен,  жергілікті  тұрғындар  күні  бүгінге 

дейін  бұрынғыша  Ғыпчағ  деп  атайтындарын  көрдік.  Бұл  осы  жерге  қоныс 

тепкен  қыпшақтар  жайындағы  нақты  мысалдың  көрінісі.  Туф  тасынан 

қаланған  монастырдың  қабырғасында  әр  кезеңде  қашалып  жазылған 

жазулардың  арасынан  қыпшақтар  жайында  деректер  кездесіп  отырады.  Ең 

соңғы  дерек  1696  жылы  жазылған  екен.  Соның  бірінде  Хупасарандардан 

жүзім  сатып  алынғаны  айтылған.  Яғни  Артық  ханның  қосынымен  Грузияға 

келген қыпшақтардың Арменияға да қоныстанғанын көреміз. Бұл ойымызды 

соңғы жылдары Арменияның Қазақстандағы елшісі болып қызмет атқарған, 

қазақ-армян халықтарының тарихи-мәдени байланыстары жайында еңбектер 

жариялап жүрген Э. Хуршудянның “Хупсаренц”  – “Хупсардан шыққандар”, 

яғни  әмірсыпасалар  болған  Қубасардың  ұрпақтары  деген  пікірі  дәлелдей 

түседі [9, 42 б.].  


     Грузияда  билік  басында  болған  Қубасардың  ұрпақтары    аталарының 

атымен  аталуын  заңды  құбылыс,  қазаққа  тән  дүние  деп  қарасақ,  онда 

ауданның  Артық  атауын  да,  кезінде  Артық  ханмен  Дешті  Қыпшақтан 

Грузияға  өтіп,  бір  ғасырдан  кейін  (әлде  ертерек?)  Арменияға  қоныс  тепкен, 

қолбасшысының  атымен  аталып  жүрген  Артық  ханның  қосынымен 

байланысты қарауға негіз бар. Арменияны мекен еткен қыпшақтардың уақыт 

өте  келе  Түркияға  қоныс  аударып,  кейіннен  Украина  жеріндегі  армян-

қыпшақ қауымдастығының құрамына енулері де әбден мүмкін. Сөзіміз жалаң 

болмауы үшін XVII ғасырдағы Львовтағы армян интеллигенциясының өкілі, 

тарихшы  Симеон  дпир  Лехацидің  пікірін  келтіргенді  жөн  көрдік.  Оның 

айтуынша:  «Львовские  рамяне  не  знают  армянского  языка,  но  говорят  по-

польски и по-кыпчакски, то есть на татарском языке. Говорили, что местные 

армяне  переселились  [сюда]  из  Ани;  согласно  историкам,  они  (анийцы) 

разделились на две группы: одна пришла в Кафу и Аккерман, и до сих пор их 

[потомки] живут в Сулуманастре и говорят по-армянски; другая – в Анкурию 

(Анкара)  и  оттуда  в  Польшу»  [10,  248  б.].  Украина  армяндары  мен  армян-

қыпшақтардың  тарихын  зерттеуші  Я.Р.  Дашкевич  те  қыпшақ  тілдес 

армяндардың  бір  бөлігінің  Анкарадан  келгендіктеріне  назар  аударады  [11, 

293 б.].   

      Армян-қыпшақтардың  жазба  мұралары  олардың  экономикалық,  саяси-

әлеуметтік,  мәдени  өмірінен  мол    мағлұмат  беретін,  жанры  мен  стилі 

жағынан  әр  түрлі,  көлемі  үлкен  жадығаттар.  Армян-қыпшақ  ескерткіштерін 

жариялауда  Г.  Алишан,  Ж.  Дени,  Э.  Шютц,  Э.  Трыярски,  И.  Вашари,  М. 

Левицкий, Р. Кон, Т.И. Грунин, А.Н. Гаркавец, И. Абдуллин, Я.Р. Дашкевич 

сияқты  ғалымдар  көп  еңбек  сіңірді.  Бұл  саладағы  зерттеулердің 

библиографиясы  Я.Р. Дашкевич, А.Н. Гаркавец [12; 3, 20-27 б.] еңбектерінде 

келтірілген. Бұл тақырып соңғы кезде Түркия ғалымдары Меһмет Куталмыш 

[13-17],  Надежда  Чирли  [18-20],  Ердоған  Алтынкайнак  [21]  тарапынан  да 

зерттеле бастады. 

      Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліне қатысты Т.И. Грунин, Э.В. Севортян, 

Дж. Клосон, Ж. Дени,   И. Абдуллиндер тарапынан құнды пікірлер айтылды.  

Мысалы,  академик  Э.В.  Севортянның  пікірінше:  «Ценнейшим  памятником 

разговорных кыпчакских языков или диалектов конца XIII – начала XIVв. по-

прежному  остается  «Codex  Cumanicus»  (СС).  Судебные  акты  из  Каменца 

составляют другой важнейший источник, из которого отныне можно черпать 

сведения об одном из старокыпчакских разговорных языков более позднего 

по сравнению с СС времени. Другие армяно-кыпчакские тексты можно было 

бы  отнести  к  памятникам  армяно-кыпчакского  литературного  языка,  в 

котором  мы  вправе  различать  язык  чисто  религиозных  сочинений,  язык 

судебно-правовых  документов  и  начатков  художественной  литературы 

назидательно-апокрифического направления» [22, 14 б.].  

     Зерттеушілердің  көпшілігі  «Codex  Cumanicus»  тілінің  армян-қыпшақ 

ескерткіштері  тілімен  сабақтас, негізі бір  екендігін және кейінгісі  «СС»  тілі 

мен  қазіргі  қыпшақ  тілдерінің  арасын  жалғастырып  жатқанын  айтады. 

Дегенмен 

бұлар 


жарияланған 

түпнұсқалардың 

алғысөздері 

мен 


кіріспелерінде  немесе  қысқаша  грамматикалық  очерктерінде  айтылған 

пікірлер,  ал  армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілінің  проблемаларын  зерттеуде 

А.Н.  Гаркавецтің  монографиялық  еңбектерінің  қыпшақтану  саласында 

өзіндік орны бар.   

     А.Н.  Гаркавецтің  1979  жылы  жарияланған  еңбегінде  славян  тілдерінің 

қоршауында 

қолданыста 

болған 

қыпшақ 


(армян-қыпшақ) 

тілінің 


конвергенциялануы жан-жақты қарастырылған [23].   

      Армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілін  морфологиялық  және  графо-

фонетикалық  тұрғыдан  қарастырған  енді  бір  еңбегінде  А.Н.  Гаркавец 

таңбалардың  әртүрлі  позицияларда  қолданылуына  талдау  жасай  отырып, 

ескерткіштер  тілінің  фонетикалық  құрамын  анықтайды.  Дегенмен,  кірме 

элементтердің  дұрыс  айтылуын  қамтамасыз  ету  үшін  транслитерацияға 

жүгініп  отырғанды  жөн  көреді  [24].  Бұл  принципті  ғалым  өзінің  армян-

қыпшақ  ескерткіштерінің  каталогы  мен  мәтіндерін  транскрипциялап  берген 

іргелі еңбегінде пайдаланған.  

     Келесі  монографиясы  [25]  Украинадағы  урум  тілі  мен  армян-қыпшақ 

ескерткіштері тіліндегі етістік категорияларын салыстыра зерттеуге арналған.  

      Армян-қыпшақ  ескерткіштерін  жариялауда  қазақстандық  түрколог-

ғалым,  «Codex  Cumanicus»  пен    армян-қыпшақ  ескерткіштерінің  үлкен 

маманы Александр Николаевич Гаркавецтің атқарған қызметі мен еткен ерен 

еңбегін қыпшақтану саласына қосылған зор үлес деп бағалаймыз. Оның 2002 

– 2010 жылдар аралы,ында «Кыпчакское письменное наследие» деген жалпы 

атаумен жариялаған үш томдық іргелі еңбегі қыпшақтану саласында бұрын-

соңды жасалмаған, баға жетпес құнды дүние болып табылады. 

      2002  жылы  Алматыдағы  “Дешт-и  Қыпшақ”  Евразиялық  зерттеу 

орталығынан  шыққан  «Кыпчакское  письменное  наследие.Т.1.  Каталог  и 



тексты  памятников  армянским  письмом»    деген  атпен  көлемі  1084  беттік 

еңбекте [3] 1519-1628 жылдар аралығында жазылып сақталған 109 қолжазба 

мен 1618 жылы Львов қаласында қыпшақ тілінде армян жазуымен баспадан 

басылып  шыққан  “Алғыш  бітікі”  –  христиан  діні  дұғалары  кітабының 

мәтіндері транскрипцияланып, көпшілігі орыс тіліне аударылып берілген, акт 

кітаптарының мазмұндалған каталогы мен мәтін үлгілері көрініс тапқан.  

     Қыпшақ  жазба  мұраларының    екінші  томы  (2007  ж.,  көлемі  -  912  бет) 

«Кыпчакское  письменное  наследие.  Т.2.  Памятники  духовной  культуры 

караимов,  куманов-половцев  и  армяно-кыпчаков»  деген  атпен  жарық  көрді 

[26]. Мұнда, негізінен, діни шығармалар латын әрпімен транскрипцияланып, 

кейбірі орысшаға аударылған. Қарайымдардың дұғалықтары қарайым тілінде 

және  орысша  аудармасымен  берілген.  «Codex  Cumanicus»  ескерткішіндегі 

христиан  дінінің  уағыздары  мен  қыпшақ  жұмбақтары  теріліп  алынып, 

транскрипцияланып,  орысша  аударылып  берілген.  Кіріспе  мақалада 

ескерткіштің  зерттелуі,  шығарма  жайында  әр  кездерде  айтылған  ғылыми 

пікірлерге  қысқаша  шолу  жасалған,  мәтіннің  соңында  әдебиеттер 

көрсетілген.  Армян-қыпшақша  діни  шығармалар,  осы  шығармаларды 

түсіндіруге  арналған  Еревандағы  Матенадаран  көне  қолжазбалар 

институтында  және  Львов,  Санкт-Петербург,  Вена  қалаларында  сақталған 

армянша-қыпшақша  сөздіктер  бір  жүйеге  түсіріліп,  армян  сөздері  армян 



әліпбиімен,  ал  қыпшақ  сөздері,  оқырманға  ұғынықты  болу  үшін, 

халықаралық транскрипциямен берілген. 

      Еңбекте  қарайым,  құман-қыпшақ  және  армян-қыпшақ  тілдерінде  бір 

жанрдағы  материалдардың  берілуі  -  оларды  лингвостилистикалық, 

этнолингвистикалық  және  лексика-лексикографиялық  тұрғыдан  өзара  және 

қазіргі заманғы тілдермен салыстыра зерттеуге мүмкіндік берері сөзсіз.  

     Үш  томдықтың  соңғысы  –  2010  жылы  жарияланған  көлемі  1802  беттік 

«Қыпшақ  сөздігі»  [27].  Сөздік  –  алғашқы  екі  томдықтағы  мәтіндердің 

лексикасы толық қамтылған бірегей лексикографиялық еңбек.  

      Бұлардың  алдында  А.Н.  Гаркавецтің  жариялауымен  2001  жылы 

“Армянша-қыпшақша Псалтырь” (1575-1580) екі нұсқасы мен оған арналған 

армянша-қыпшақша сөздік [28], 2003 жылы “Армян төре бітігінің қыпшақ-



поляк  версиясы  және  армян-қыпшақ  іс  жүргізу  кодексі,”  Львов,  Каменец-

Подольский,  1519-1594  жж.  [29]  деген  еңбек    қазақ  және  орыс  тілдерінде 

жарық көрді.  

       Бұл еңбектердің құндылығы - әлемнің түкпір-түкпіріне шашылып кеткен, 

әр кезде, әр елде жарық көргені бар, әлі жарық көрмегені бар қыпшақ жазба 

мұраларын  бір  жерге  жинақтап,  зерттеушілерге  екі  ғасырға  жуық  мезгілді 

қамтыған,  түрлі  жанрдағы  мол  материалмен  жұмыс  істеу  мүмкіндігін 

жасағандығында. 

      А.Н.  Гаркавец  жариялаған  бұл  мұралар  қыпшақтану  саласына  қосылған 

зор  үлес  екендігі,  сонымен  қатар    қыпшақтану  саласындағы  соны 

ізденістерге, тарихи-салыстырмалы зерттеулерге жол ашатын еңбек екендігі 

ақиқат.  

      Түрлі  жанрларды  қамтыған  армян-қыпшақ  ескерткіштерінің  тілі  өте  бай. 

Оларда  түркі  халықтарының  мәдени-рухани  дүниесіне,  материалдық 

мәдениетіне,  қоғамдық-әлеуметтік  өміріне,  кәсібі  мен  тұрмыс-салтына 

қатысты  сөздер  мен  сөз  тіркестері  кеңінен  көрініс  тапқан.  Бұл  тілдік 

материалдар  сотқа  келушілердің  аузынан  тікелей  жазылып  алынған  акт 

кітаптарының  жазбаларында  молынан  ұшырасады.  Баламасы  жоқ  ұғымдар 

мен  атауларды  беру  үшін  қыпшақ  тілінің  грамматикалық  заңдылығымен 

жаңа сөздер жасап отырған.  

       Ескерткіштерде 

көрініс  тапқан  тілдік  фактілер  қыпшақ  тілі 

лексикасының барлық тақырыптық топтарын қамтиды. Негізгі сөздік қорын 

жалпытүркілік  лексика  құрайды.  Тарихи  даму  мен  сыртқы  лингвистикалық 

әсерлерден  сөз  мағыналарының  кеңеюі  және  жаңа  ұғымдарды  беру 

мақсатында қыпшақ тілінің негізінде жасалған жаңа сөзқолданыс байқалады. 

Бұл  үрдіс  кірме  сөздерден  сөзжасамдық  жолмен,  яғни  жұрнақтар  жалғау 

арқылы жаңа сөз тудыруда да қолданылған.  

      Ескерткіштер тілінде сол дәуірге тән түрлі құбылыстар мен заттар атауы, 

халықтың  наным-сенімінен,  мәдениетінен  хабар  беретін  сөздер  молынан 

қамтылған,  қыпшақ  тіліндегі  баламасы  жоқ  болғандықтан  түпнұсқа  тілден 

қабылданған кірме атаулар да бар. Сөздік құрамда төл сөздермен қатар кірме 

сөздердің қамтылуы барлық тілдерге тән құбылыс болып есептеледі. Белгілі 

бір тілдің лексикасын зерттеуде “... халық өмір кешкен табиғи жағдайларды, 

халықтың  негізгі  кәсібін,  шаруашылық,  үй-тұрмыс  ерекшеліктерін, 


қоғамдық-саяси  құрылымын,  халықтың  көне  наным-сенім  ерекшеліктерін 

айқындап-нақтылауды  өзіне  мақсат  етіп  қоюға  болады”  [30,  12  б.].  

Ескерткіштер тілінің негізгі сөздік қоры қазіргі қыпшақ және басқа да түркі 

тілдеріне  ортақ  сөздер,  яғни  жалпытүркілік  сипаттағы  сөздерден  тұрады. 

Көне  дәуірлерден  жеткен  түркілік  сөздердің  үлкен  бір  тобы,  қазіргі  түркі 

тілдерінің 

өзіндік 

жүйесін 


құрайтын 

фонетикалық 

өзгерістерге 

ұшырағанымен,  негізгі  тұлғалары  мен лексикалық мағыналарын  сақтағанын 

көреміз.  Жазба  дереккөздерге  сүйене  отырып,  көне  түркіден  бастап,  кейінгі 

дәуір  ескерткіштері  тілінен  көрініс  тапқан  бұл  сөздердің  тілдің  даму 

нәтижесінде  фонетикалық,  семантикалық,  тұлғалық  өзгеріске  түсу  процесін 

белгілі дәрежеде бағамдауға болады. Жалпытүркілік сөздік қор – қазіргі түркі 

тілдеріне  ұйытқы  болған,  олардың  одан  әрі  дамуына  негіз  болған  ортақ 

қазына. 


      XVI-XVII  ғасырларды  қамтитын  бұл  мол  мұраның  тілін  қазіргі  түркі, 

оның  ішінде  қыпшақ  тілдерімен  тарихи-генетикалық  сабақтастық, 

диахрониялық  тұрғысынан  зерттеу,  ареалдық  белгілерін  айқындау  сияқты 

өзекті мәселелерге ғалымдар назарын аударуымыз қажет. 

     Әр  тілдің  өзіндік  даму  процесі  барысында  өзгерістерге  ұшырап  отыруы 

заңды  құбылыс,  оның  үстіне  салыстырылып  отырған  тілдердің  арасын 

жүздеген  жылдардың  бөліп  жатқаны  тағы  бар.  Қалай  болғанда  да  өз 

дәуірінде  Еуразияның  апайтөс  даласында,  Дунайдан  Алтайға  дейінгі 

аралықта  халықаралық  тіл  қызметін  атқарған  қыпшақ  тілінің  аймақтық 

ерекшеліктері  болғанымен,  олардың  негізі  бір,  тілдік  құбылыстары 

ортақтығын  және  қазіргі  қыпшақ  тілдерімен  генетикалық  сабақтастығын 

тағдыр  тәлкегімен  түрлі  дәуірлерде,  түрлі  әліпбилермен  хатталып  жеткен 

жазба  дүниелерге  жан-жақты,  тиянақты  зерттеулер  жүргізу  нәтижесінде 

нақтылап, айқындауға қол жеткізуге болады. 

      Жалпытүркілік  сөздердің  армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілінде  ауыспалы 

мағынада қолданулары және бұрыннан бар сөздің негізінде жасалған туынды 

сөздер  арқылы  жаңа  ұғымдар  мен  атауларды  берулері  бұл  жәдігерліктер 

тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі болып табылады. 



       Ерекшелігі  -    ұзақ  уақыт  өзге  (славян)  жүйедегі  тілдердің  қоршауында 

болғандықтан,  сөйлемнің  құрылысы  бұзылып,  сөздердің  орын  тәртібі 

өзгеріске  ұшырағандығы.    Армян  жазулы  қыпшақ  ескерткіштері  тілінің 

өзіндік  морфологиялық  ерекшеліктерін  сөз  еткенде  туыс  емес  тілдердің 

қоршауында екі ғасыр бойы тірлік кешкен тілдің өзге жүйедегі тілдік ортада 

конвергенциялану процесі де есте болғаны жөн.  

      Бүгінгі  күнге  дейінгі  армян-қыпшақ  ескерткіштерінің  жариялануы  мен 

зерттелу  деңгейін  ескере  отырып,  алда  уақытта  аталған  басылымдарды 

түпнұсқаларымен салыстыра отырып, мынандай бағыттарда ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізуді қолға алуымыз керек: 

- түркология мен арменистикадағы еңбектерге және осы саладағы жаңа 

бағыттағы  зерттеулердің  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  ескерткіштер  тіліне 

графофонетикалық  талдау  жүргізу  арқылы  фонетикалық  жүйесін  саралау, 

ескерткiштер  тілін  қазіргі  қыпшақ  тілдерінің  дыбыстық  жүйесімен 

салыстыру; 


-  ескерткіштер  тiлi  мен  қыпшақ  тiлдеріндегі  ортақ  сөздік  қорды, 

түбірлердің семантикасын диахрондық және синхрондық тұрғыдан анықтау; 

негізгі  түбірлердің  дамуындағы  тұлға  мен  мазмұн  үйлесiмдiлiгiн 

құрылымдық-жүйелілік, 

тарихи-салыстырмалы, 

антропоцентристік 

парадигмалар  жүйесінде  ұштастыра  отырып  бағалау;  ескерткіштің  сөздік 

қорын құрылымдық модельдер бойынша нақтылау;  

-  армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілінің  грамматикалық  құрылымын 

толық ғылыми тұрғыдан сипаттау;  

армян-қыпшақ 



ескерткіштері 

тілінің 


фономорфологиялық 

ерекшеліктерін  зерттеу;  қосымшалардың  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтарын 

диахрониялық даму тұрғысынан зерделеу. 

-  армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілінің  сөздік  құрамын  құрылымдық 

модельдері бойынша нақтылау;  

-  армян-қыпшақ  ескерткіштері  тілінің  орта  ғасырлық  қыпшақ 

ескерткіштері  тіліне  және  қазіргі  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде  қазақтың 

жалпыхалықтық тілі мен әдеби тіліне қатысын  анықтау;   

-  ескерткіштердің  лексикалық  құрамы,  сөздік  қоры,  сөз  тіркестері, 

диалектілік негіздері туралы іргелі зерттеулер жүргізу;  

-  осындай  мол  жазба  мұра  қалдырған  этникалық  топтың  этногенезі 

туралы  да  ғалымдар  арасында  пікір  алалығы  аяқталмағандықтан,  бұл 

проблемамен де түбегейлі айналысу. 

      Араб  әліпбиімен  жазылған  мұраларды  оқып,  түсінетін  білікті  мамандар 

қазір  біршама  болғанымен,  көне  готика,  көне  армян,  сына  жазулармен 

Еуропа,  Кавказ  аумағында  жазылып,  біздің  заманымызға  жеткен 

жәдігерлерді  зерттейтін  мамандар  жоқтың  қасы.  Сондықтан  осы  салалар 

бойынша мамандар даярлау қажет.  



                                          Әдебиеттер: 

1.

 



Тенишев  Э.Р.  Место  кыпчакского  (половецкого,  куманского)  и 

печенежского языков среди  современных тюркских языков // Изв. АН 

КазССР.Сер.обществ.наук. 1970, №5. 78-81 бб.  

2.

 



Гаркавец  А.Н.  Две  новонайденные  армяно-кыпчакские  рукописи  // 

Тюркологический сборник, 1977. -Москва: Наука,1981. 76-80 беттер. 

3.

 

Гаркавец А.Н. Кыпчакское письменное наследие. Т. І. Каталог и тексты 



памятников  армянским  письмом.  -Алматы:  Дешт-и-Кыпчак,  2002.  – 

1084 б. 


4.

 

Дашкевич  Я.Р.  Кто  они  -  «армяне-кыпчаки»?  //  ԲԱՆԲԷՐ  



ՄԱՏԵՆԱԴԱՐԱՆԻ. №16.  ԵՐԵՎԱՆ, 1994. 58-110 бб. 

5.

 



Дашкевич Я.Р. Армяно-кыпчакский язык в освещении современников: 

Об  использовании  экстралингвистических  данных  для  истории 

тюркских языков // Вопросы языкознания. -1981, № 5. 79-92 бб. 

6.

 



Дашкевич  Я.Р.  Армяно-кыпчакский  язык:  Этапы  истории  //  Вопросы 

языкознания. -1983, № 1. 91-107 беттер.  

7.

 

Бердзенешвили  Н.,  Джавахишвили  И.,  Джанашиа  С.  История  Грузии. 



Ч.1. С древнейших времен до начала XIX века. – Тбилиси, 1946 

8.

 

Киракос  Гандзакеци  История  Армении.  Пер.  с  древнеармянского, 



предисловие и примечания Л.А. Ханларян. –М.: Наука, 1976. – 357 б.  

9.

 



Хуршудян  Э.,  Муканова  Д.  Из  истории  Армяно-Казахстанских 

отношений. - Ереван, 1999.  

10.

 

Симеон Лехаци Путевые заметки. Перевод с армянского, предисловие 



и комментарии М.О. Дарбинян. – Москва, 1965. – 322 б.  

11.


 

Дашкевич  Я.Р.  Вірмени  в  Украïні:  дорогами  тисячоліть.  Збірник 

наукових  праць.  –  Львів:  Від-во  Львівского  музею  історіï  «Логос», 

2012. – 1328 б.  

12.

 

Дашкевич  Я.Р.  Армяно-кыпчакский  язык:  Библиография  литературы 



1802-1978 // Rocznik Orientalistyczny. - T. 40, z. 2. 79-86 бб. 

13.


 

Mehmet Kutalmış, On the Armeno-Kipchak // Karadeniz Araştırmaları, No. 

2, May. 2004, pp. 35-43. 

14.


 

Mehmet Kutalmış, Ermeni Kıpçakçasında Olumsuzluk Şekilleri // İlmî 

Araştırmalar Dergisi, No. 17, May. 2004, pp. 133-141. 

15.


 

Mehmet Kutalmış, Kıpçak-Ermeni Dil ve Kültür Münasebetleri // (Mehmet 

Kutalmış  et  all.)  in  Dünden  Bugüne  Türk  Ermeni  İlişkileri  (2.  Ed.), 

01/06/2006, pp. 67-74. 

16.

 

Mehmet  Kutalmış,  Ermenice  ve  Ermeni  Harfli  Türkçe  Eserlerin  Türk-



Ermeni  İlişkilerindeki  Yeri  //  Ermeni  Araştırmaları  Kongresi,  S,  Ermeni 

Araştırmaları, 1. Türkiye Kongresi Bildirileri III. Cilt, III, 1, pp. 127-135. 

17.

 

Mehmet 



Kutalmış, 

Die 


armenisch-türkischen 

Sprach- 


und 

Kulturbeziehungen // (Mehmet Kutalmış et all.) in Zapadoslovanske Jazyky, 

v 21. Storoci,  01/11/2005, pp. 91-99. 

18.


 

Nadejda Chirli,  Ermeni  Kıpçakça  Dualar  Kitabı,  ALGIŞ  BİTİGİ,  Sota 

Yayınları, Haarlem, Hollanda, 2005. 

19.


 

Nadejda Chirli, Ermeni Kıpçakçasında Slavca Alıntılar Üzerine // Çukurova 

Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi, S.14, C.1. - Adana, 2005. 

20.


 

Nadejda Chirli, Ermeni Kıpçakçasında Edat Gibi Kullanılan İsimler //  

Karadeniz Araştırmaları (Balkan, Kafkas ve Anadolu İncelemeleri Dergisi), 

Ukrayna Özel Sayısı. S.12, 2007. 

21.

 

Erdoğan Altınkaynak. Gregoryan Kıpçak Dil Yadigarları. -İstanbul, 2006.  



22.

 

Документы на половецком языке XVI в. / Подготовил Т.И. Грунин. – 



Москва: Наука, 1967. – 430 с. 

23.


 

Гаркавец А. Н. Конвергенция армяно-кыпчакского языка к славянским 

в XVI-XVII вв. – Киев, Наукова думка, 1979. 

24.


 

Гаркавец  А.Н.  Кыпчакские  языки:  куманский  и  армяно  кыпчакский.  - 

Алма-Ата: Наука, 1987.  

25.


 

Гаркавец  А.  Н.  Тюркские  языки  на  Украине.  –  Киев:  Наукова  думка, 

1988. 

26.


 

Гаркавец  А.Н.  Кыпчакское  письменное  наследие.  Т.  ІІ.  Памятники 

духовной культуры караимов, куманов-половцев и армяно-кыпчаков. - 

Алматы: KASEAN; БАУР, 2007. – 912 б. 

27.

 

Гаркавец А.Н. Кыпчакское письменное наследие: Кыпчакский словарь. 



По  армянописьменным  памятникам  XVI-XVII  веков.  Т.  IIІ.  -Алматы: 

БАУР; КАСЕАН, 2010. – 1802 б. 



28.

 

Armenian-Qypchaq Psalter written by deacon Lussig from Lviv, 1575/1580/ 



Edited by Alexander Garkavets and Eduard Khurshudian. - Almaty: Desht-i 

Qypchaq, 2001. -656 б. 

29.

 

Төре бітігі. Армяно-кыпчакский Судебник 1519-1594 гг. / Составители: 



А.  Гаркавец,        Г.  Сапаргалиев,  М.  Капраль,  М.  Цимбал/.-Алматы: 

Дешт-и- Кыпчак, Баур, 2003. -792 б. 

30.

 

Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. - М.: Наука, 1984. – 228 б 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет