Сборник материалов республиканской научно-практической конференции «музыкальное образование в современном мире»


БОЛАШАҚ ДОМБЫРАШЫНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата09.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#8642
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 
БОЛАШАҚ ДОМБЫРАШЫНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Ұлттық дәстүр мен салт-сана ӛзегін жас - жеткіншек бойына дарытып, оның жан 
дүниесін  оятуда,  ӛнерге  деген  құштарлығын  арттыруда  қазақтың  киелі 
домбырасының  атқаратын  рӛлі  ерекше.Домбыра  үні  ӛзіне  тән  жұмсақ,  әрі  жылы 

243 
 
дыбыстық бояуымен, алуан түрлі қағыстарымен, екпіндерімен қатар, ӛте бай кӛркем 
образдық  әлемімен  де  ерекшеленіп,  қазақ  халқының  дәстүрлі  дүние  танымы  және 
мінездік  ерекшеліктерімен  тығыз  байланысады.  Күй  ӛнері  –  үлкен  рухани 
адамгершілік  мектебі,  баға  жетпес  эстетикалық  ӛмір  оқулығы.  Домбыра  талай 
ғасырлар тарихы мен хикаяларын шанағына сақтап, Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды 
сияқты  батырлардың  ерлігін  жырлаған.  Қос  ішектен  кең  кӛсілген  қазақ  даласының 
желі  есіп,  Қозы  -  Кӛрпеш,  Баян  –  сұлу,  Қыз  Жібек  пен  Тӛлегеннің  пәк  сезімдері, 
Қаратаудан ауа кӛшкен елдің «Елім - ай» деген зарлы үні естіледі. 
Қазақ музыка ӛнерінің тарихи тамыры  Қорқытқа дейінгі ғасырларға жатқандығын 
материалдық  мұралар  айғақтап  отырғанмен,  халық  күйлерінің  қай  ғасырда 
туғандығын дӛп басып айту қиын. Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың ауызша түрі 
арқылы ғана бізге жетіп отыр.  Кӛне ғасырда Қорқыт, XII ғасырда Кетбұға, XIV-XV 
ғасырларда  Асанқайғы, XV  ғасырда  Қазтуған, XVI-XVII  ғасырларда  Байжігіт, XVIII 
ғасырда  Абылайхан,  XIX  ғасырдың  бас  кезінде  Боғда,  Махамбет,  Тәттімбет, 
Құрманғазы,  Абыл,  Тоқа,  Сармалай,  Ықылас,  Қазанғап,  Байсерке,  Шортанбай, 
Тіленді,  Дайрабай,  Ӛскенбай,  Мамен,  Дина,  Сүгір,  Сейтек   т.б.  секілді  дарынды 
күйші,  дәулескер  домбырашылар  –  қазақ  күй  ӛнерінің  туын  әр  ғасыр,  әр  жылдарда 
биікке  кӛтерген  тума  таланттар  еді.  Солар  арқылы  ұлттық  музыка  ӛнеріміз  ӛзіндік 
бет-бедерін сақтап қалды. 
Күйшілік ӛнер  орындау мәнері мен  әдістеріне  қарай  аймақтық күй  мектептеріне, 
ұяларынабӛлінеді.  Күй  әуені  интонациялы  саз  ретінде  әуелде  бір  түбірлі  болғанмен 
орындаушылық  мәдениеттеәртүрлі  арнаға  таралады.  Қазақтың  күй  ӛнері  негізінен 
тӛкпе,  шертпе  деп  екі  стильге  бӛлінеді,  соған  орай  олардың  жерге, 
аймаққабайланысты  мінездемелері  де  бар.  Күйлердің  қазіргі  оқытудағы  аймақтарға 
қарай бӛліністері жеті мектепті құрайды: 
Ақселеу  Сейдімбек  «Күй  шежіресі»  монографиясында  күйшілік  мектепке 
бӛлінуінің жүйесін ұсынды. Бұл күй тарихы мен орындалу мәдениетіне дұрыс бағдар 
бере  алатын  нақты  әрі  дәл  анықтама  болып  табылады.   Күйшілік  ұялардан  басқа 
үлгілік  мектептер  де  бар.  Әрбір  күйшілік  ұяның  басында  сол  саладағы  орындау 
мәнерін  жасаған  тұлғалар  бар.  Байжігіт,  Тәттімбет,  Қожеке,  Сүгір,  Қазанғап, 
Құрманғазы,  Абыл  сияқты  күйшілер  ӛз  мектебінің  іргетасын  қалағандар  және 
шығармашылығы ерен реформатор сазгерлер. Олардың үлгілерін ары қарай дамытқан 
замандық  күйшілеріміз  солардың  шәкірттерінің  қолынан  күй  алғандар,  әрі  сол 
күйлерді  тарту  барысында  ӛз  орындаушылық  мектептерін  де  қалыптастырған 
домбырашылар.  Осы  күні  Әбікен  Хасенов,  Мағауия  Хамзин,  Нұрғиса  Тілендиев, 
Жаппас  Қаламбаев, Тӛлеген Момбеков, Садуақас  Балмағамбетов, Бақыт Басығараев, 
Қали  Жантілеуов,  Рыспай  Ғабдиев,  Сержан  Шәкіратов  сияқты  күйшілердің 
орындаушылық  мәнерлері  де  ӛз  кезегінде  жалғасын  тауып,  жеке  мектеп  болып 
қалыптасқан үрдіс саналады. 
Әрине, осы мектептердің ӛз ерекшеліктері, яғни бір – бірінен айырмашылығы бар. 
Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық 
күшінің  болуы,  Дәулеткерей  мектебі  биязы,  лирикаға  әсемдікке  жақын,  оң  қолдың 
қағыс  шеңбері  «тар»  болады.  Қазанғап  ӛзінің  саздылығымен,  күйдегі  ӛлшем, 
қағысымен  ерекшеленсе,  Дина  мектебінде  де  ӛзіндік  ерекшелігі  бар:  ӛзгеріп  кететін 
ырғағы, оң қолдың бес саусағының бірінен соң бірін  кезектестіре ойнау, Маңғыстау 
мектебі  сүйрете  қағуы,  шалыс  қағыс  алынуы,  күй  тарту  кезінде  қағыстармен  оң 
қолдың түрліше ойнату. Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол 
қолдарының  аппликатурасы,  сондай  –  ақ  ол  дәстүр  күйлерін  «текстсіз  ән»  деуге 

244 
 
болады,  Жетісу  күйлерінде  қағыс  қағу,  перне  басу  амалдары  және  саздық 
ерекшеліктері,эпикалық  тұрғыдағы  аңыз  -  әңгімеге  лайық  ежелгі  күй  сазын 
байқатады.  Қаратау мектебі шертпе және тӛкпе қағыстар аралас болып келсе, Алтай 
– Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау. 
Міне,  кешегі  кӛшпенділердің  осы  қайталанбас  мұрасы  қолына  домбыра  ұстаған 
қазақ  баласының  кӛркемдік  рухының  шеңберін  кеңейтіп,  шығармашылық  қабілетін 
дамытып,  оны  жыраулық,  термешілік,  әншілік  және  күйшілік  ӛнерге  жетелейді. 
Бүгінге  дейін  домбыра  тартуды  үйрету  мен  оқытуда  Л.Хамиди  мен  Б.Ғизатовтың 
«Домбыра үйрену мектебі», Х.Тастановтың «Алғашқы домбыра үйрену мектебі» және 
«Домбырадан  сабақ  беру  методикасы»атты  кітаптары  музыкалық  оқу  орындарының 
студенттері  мен  оқушылары  және  ӛздігінен  үйренуші  талапкерлер  үшін  негізгі  оқу 
құралдары болып келді. Бұл еңдектер әр кезеңде домбыра шертуді нотамен меңгеріп, 
музыкалық сауат ашуда алғашқы оқу құралдары ретінде үлкен роль атқарады.  
Әдетте  әр  кезең  ӛз  жаңалық  -  ӛзгерістерін  ала  келуімен  бірге  ӛзіне  лайық  соны 
талап  –  тілегін  тудыратыны  да  анық.  Осы  орайда  дәл  қазіргі  кезеңдегі  домбыра 
ӛнерінің,  домбырашылардың  орындаушылық  шеберлік  деңгейлерінің  қаншалықты 
ӛзгеріп, қаншалықты биікке кӛтерілгенін байқау қиын емес. Сондай – ақ бүгінде бүкіл 
ұлттық ӛнерімізде  туындап отырған  оң  ӛзгерістер  мен  бағыттар домбыра  ӛнеріне  де 
ӛз тиесілі жүгін артып отыр. 
Оқушыға  домбыра  үйренудің  негізгі  принциптері  оқытушының  мақсаты  мен 
міндеті,  сабақты  жоспарлау,  оқушыны  тәрбиелеу,  жаңа  шығарманы  үйрету,  сабақ 
беру әдістері сияқты тағы басқа мәселелері сӛз болады. Домбыра аспабын  үйренудегі 
ең  алғашқы  қойылатын  талаптардың  бірі,  оқушының  отнықты  әрі  ыңғайлы  отыруы, 
қолдарын еркін қимылдатып,  домбыраны дұрыс тартуына басты назар аудару қажет. 
Адамның  кӛңіл  –  күйі  мен  домбыраның  құлақ  күйі  бір  тектес.  Себебі,  домбыраның 
құлақ  күйі  келмесе,  онымен  ән  –  күй  тарту  мүмкін  емес.  Адамның  да  кӛңіл  –  күйі 
болмас,  қолы  іске  бармай,  ой  –  санасы  құлазиды.  Сол  себепті  домбыра  үйренудің 
алғашқы  қадамын  аспаптың  құлақ  күйін  оң  бұрауға  келтіре  білуге,  ерекше  назар 
аударудан бастаған абзал. 
Қазіргі  мұғалім  оқушыны  тек  аспапта  ғана  ойнауды  үйретпейді.  Осы  заман 
талаптарына  сай  келетін,  жоғарғы  саналы  азамат  етіп,  жан  –  жақты  дамыған  білікті 
орындаушы немесе мұғалім етіп шығарады.  
Болашақ  күйші  үшін  ӛз  бойындағы  импровизаторлық  қабілетін  оятып,  оны  әрі 
қарай  дамытудың  ӛзіндік мәні  бар.  Бұл  –  күйшілік ӛнерге тән  дәстүрлі қасиеттердің 
бірі. 
Әрі қарай мақсат ӛте кӛп, оқушыны тек аспапта ғана үйретіп қоймай баланы жан – 
жақты саналы тәрбиеге үйрету керек. Музыка дегеніміз – синтетикалық процесс. Сол 
музыканы  ойнау  арқылы  мұғалім  мен  оқушының  арасында  қаншама  еңбек  етіліп, 
тәрбиелік  жұмыстар  жүреді.  Сол  екі  жақ  бір  –  бірімен  араласып,  байланысы  тығыз 
болса,  мұғалім  деген  мақсатына  жете  алады.  Музыка  тӛңірегінде  шектеме  жоқ.  Біз 
оқушыға идеялық, эстетикалық нәр беретін тәрбиешіміз. Осы мұғалімдік үш жақты іс 
- әрекет жұмылғанда ғана оқушыны музыкант етіп шығыра аламыз. 
Ең  жауапты  да  қиын  жұмыстардың  бірі  оқушының  сол  қол  саусақтарының 
шеберлік жылдамдығын ӛсіру. Бұл үшін күнбе – күн сабақта этюд, әртүрлі жаттығуды 
пайдалану керек. Әр музыкант үшін қол жүгірту, жаттығу күнделікті әдетке айналуы 
тиіс.  Оқушының  ойнау  барысында  дыбыс  тазалығына  және  саусақтарының  дұрыс 
қойылуына кӛңіл аудару қажет. Музыка тіліндегі  «appliсatura» қазақшаға аударғанда 
«басу,  орналастыру»  деген  ұғымды  білдіреді.  Сӛйтіп  аппликатура  деп  кӛркем 

245 
 
шығарманы орындағанда кездесетін саусақ басудың алуан түрлі әдістерін белгілі бір 
тәртіпке  келтіріп,  жүйелі  түрде  ауысуды  айтады.  Дұрыс  қойылған  аппликатура 
саусақтардың шеберлігін тез ӛсіреді. Шығарманы жылдам үйренуге кӛмегі тиеді. 
Мысалы,  жылдам  екпінді  шығармаларда  саусақтардың  тез  алмасу  әдісі  жиі 
қолданса,  ал  жай  екпінде  ойналатын  шығармаларда  саусақтардың  жылжу  әдістері 
қолданылады.  Оқушының  ойнау  шеберлігін  арттыруда  жаттығулармен  бірге 
этюдтерді дұрыс таңдап сабақ жоспарына кіргізу керек. Этюдтерді оқытушы берілген 
шығармаларды  меңгерудегі  техникалық  әдістемелік  құрал  ретінде  пайдаланады. 
Домбырада  әсіресе  күйге  ұқсас  этюдтерді  кеңінен  пайдалану  керек.  Жалпы 
этюдтердің  позициялық  қозғалысты  меңгеруге,  сол  қол  қозғалысының  әрі  жеңіл  әрі 
үнемді  болуына  тікелей  әсері  мол.  Фортепианоның  сүйемелдеуімен  ойналатын 
музыкалық шығармалар да кӛптеп шығуда. 
Оқушы  орындаушы  –  музыкант  ретінде  аспапта  ойнау  процесі  арқылы 
қалыптасып  жетіледі.  Сондықтан  оқытушының  сабақты  творчестволық  шабытпен 
тартымды  ұйымдастырып,  әдістемелік  тәсілдерді,  музыкалық  эстетикалық 
тәжірибенің  озық  үлгілерін  ұтымды  қолдана  білуі  қажет.  Оқытудың  негізгі  жұмыс 
түрі  -  кӛркем  шығармамен  жұмыс  жасау.  Мұнда  оқушы  ӛзінің  кәсіби  білімін 
толықтырып,  тәжірибе  жинақтайды.  Ең  бастысы  шығарманы  ӛз  бетінше  үйреніп, 
орындауға дағдыланады. 
Мұғалімнің  маңызды  міндеттерінің  бірі,  оқушыны  ӛз  бетінше  жұмыс  жасауға 
дағдыландыру.  Осы  орайда  оқушының  үй  жұмысын  ұйымдастыра  білуі  және  оны 
ӛзіндік творчестволық еңбекпен игеруінің мәні ӛте зор. Тағы бір ескертетін жай, есту, 
есте сақтау, шығарманы әр тональдікте ойнай білу, нотаны бірден оқып – ойнап кету 
қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру, оқушының творчестволық мүмкіндігін 
аша түсетіні сӛзсіз. 
Оқушыны  кӛпшілік  алдына  шығарып,  ӛнер  кӛрсетуге  баулу  да  ӛз  алдына  үлкен 
міндет.  Жұртшылық  алдында  жеке  ӛнер  кӛрсету,  біріншіден,  оқушының  орындау 
шеберлігіне сын болса, екіншіден оның жауапкершілігін де арттыра түседі. Баланың 
жеке  дара  қабілеті,  ӛзіндік  ерекшелігі  де  оның  творчестволық  ӛмірінің  осы  бір 
жауапты  кезеңінде  айқындалады.  Концерттік  шығармалар  алдын  –  ала  жатталып, 
мұқият  дайындалып,  оларды  орындау  әдіс  –  амалдары  толық  меңгеріліп,  кӛркемдік 
мазмұны айқындалғаннан кейін ғана шәкірттің  кӛп алдына шығып, ӛнер кӛрсетуіне 
рұқсат  етіледі.  Оқушыны,  тыңдаушы  кӛпшілік  алдында,  сахнаға  шығару,  ӛз  ӛнерін 
кӛрсетуге  тәрбиелеу  –  маңызды  жұмыс.    Дегенмен,  мұның  қуанышы  мен  бірге, 
қиындығы да мол.  
Оқытушы сабақ ӛткізу барысында шәкірттеріне ауызша ақыл кеңес айтумен бірге, 
оны  ӛзі  жоғарғы  кӛркемдік  дәрежеде  орындап,  күйлерді  тағы  басқа  кӛркем  
шығармаларды  тыңдату  керек.  Сонымен  қатар,  ол  ӛзінің  әдістемелік  тәсілдерін 
педагогика  –  психология  ғылымдарының,    соның  ішінде  әсіресе,  музыка 
педагогикасы  мен  әдістемелік  озық  жетістіктері  негізінде  үнемі  толықтырылып, 
байытып отыруға міндетті.  
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
А.Сейдімбек «Қазақтың күй ӛнері» 
2.
 
Е. Үсенов «Домбыра үйрену мектебі» 
3.
 
Қ.Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар» 
4.
 
Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» 
 

246 
 
УДК 78.01 
БЕДАРЕВА Н.П. 
Преподаватель Восточно-Казахстанского училища искусств имени  
народных артистов братьев Абдуллиных, г. Усть-Каменогорск 
 
МУЗЫКАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ КАК ОСНОВА ФОРМИРОВАНИЯ 
ДУХОВНО-НРАВСТВЕННЫХ ЦЕННОСТЕЙ ЛИЧНОСТИ 
 
В  благополучно  развивающемся  обществе  образованию,  культуре  и  искусству 
государством отводится  важнейшая роль, поскольку это показатель уровня развития 
общества и финансового благополучия государства. 
Важнейшей  задачей  современного  музыкального  образования  является 
формирование  в  учебно-воспитательном  процессе  целостной  личности,  свободно 
ориентирующейся  в  музыкальном  искусстве  третьего  тысячелетия.  Подготовка 
музыканта,  не  только  обладающего  высоким  уровнем  профессиональной 
компетентности,  но  и  готового  к  реализации  своего  творческого  потенциала  в 
художественном  пространстве  нашего  времени  во  всей  его  сложности, 
многоплановости, требующих постоянного поиска новых решений, способствующих 
повышению эффективности музыкально-педагогического процесса. 
В 
многочисленных 
исследованиях 
современных 
ученых-социологов, 
культурологов, психологов – отмечается нарастающий процесс дегуманизации бытия, 
ведущий  к  отчуждению  личности,  усложняющий  для  неѐ  возможности  социального 
взаимодействия,  общения,  коммуникации,  что  создает  предпосылки  для 
возникновения  асоциального  поведения.  Формирование  личности  способной  вести 
продуктивный  диалог  с  окружающим  миром,  вступать  в  общение,  способствующем 
еѐ  становлению  и  развитию,  постоянному  духовному  росту-  важнейшая  задача 
педагогики и музыкального образования. 
Музыка-  великое  искусство-  представляет  собой  особый  вид  общения,  в 
результате  которого  начинают  звучать  "струны  общего  образования"  В  процессе 
восприятия  музыкальных  образов  возникает  чувство  сопереживания.  После 
завершения  контакта  с  музыкальным  произведением  учащийся  возвращается  в  зону 
своих  эмоций,  но  уже  обогащенный.  Эта  способность  музыки  дает  возможность 
духовно  восполнять  то,  что  недостает  учащемуся  в  ограниченной  пространством  и 
временем  жизни,  компенсировать  посредством  воображения  удовлетворение 
множество потребностей. 
Изначально  процесс  творчества является развивающим,  обогащающим личность, 
раскрывающим  ее  талант,  духовный  потенциал.  Правильно  организованное 
пространство творческой деятельности формирует культуру личности, умение видеть 
и  понимать  прекрасное,  сопереживать  в  процессе  творчества.  Музыкальное 
образование  помогает  лучше  ориентироваться  в  динамических  условиях  социума, 
быстрее  адаптироваться  к  различным  видам  индивидуальной  и  социальной 
деятельности,  к  выработке  самостоятельного  мышления  и  общения  с  другими 
людьми в различных группах и коллективах. 
В  основе  процесса  воспитания  и  обучения  игре  на  фортепиано  лежит  развитие 
мышления,  осознанности  и  интуиции.  Отправной  точкой  является  изучение 
индивидуальности, личности ученика, вера в его возможности. Педагог должен быть 
помощником  учащегося,  стимулятором  его  творческих  поисков.  Основой 
взаимоотношений должно быть уважение и признание ценностей мыслей учащегося. 

247 
 
"Для того чтобы хорошо учить, надо не только знать, но и любить то чему учишь, не 
только знать, но и любить того, кого учишь!"[1.c 323]. 
В педагогической деятельности чаще встречаются два основных типа учащихся: к 
первому относятся ученики очень способные, с яркой инициативой и темпераментом, 
но, как правило, с неустойчивым вниманием к работе. Они как бы все время забегают 
вперед.  Второй  тип-  с  более  высокой  интеллектуальностью  и  менее  яркой 
эмоциональностью.  
 Следует  строить  занятия,  исходя  из  особенностей  "типа":  не  пытаться 
переделывать  ученика, а  опираясь на  его сильные  стороны, подтягивать и  развивать 
более  слабые.  Если,  например,  ученик  первого  типа  не  может  справиться  со  своей 
эмоциональностью,  то  в  результате  может  пострадать  форма  произведения, 
целостный  его  охват,  возможны  технические  небрежности,  погрешности  вкуса.  Не 
разрушая  общего  представления  о  произведении,  нужно  заставить  углубиться  в 
музыку,  понять  еѐ  суть,  осмыслить  логику  построения  формы  и  гармоническое 
развитие,  то  есть  привлечь  интеллект  учащегося  для  работы  над  данным 
произведением.  Ученики  второго  типа  подчас  играют  умно,  но  сухо;  им  не  хватает 
ощущения  стихийности  в  музыке,  непосредственности,  теплоты.  Их  исполнение  не 
"захватывает".  У  таких  пианистов  надо  стремиться  вызвать  чувство  образности, 
обращаясь  к  их  жизненному  опыту,  их  приходится  "зажигать",  заставляя 
эмоционально переживать исполняемую музыку. 
Для  любого  типа  учеников  важнейшую  роль  играет  выбор  репертуара.  Нужно 
подобрать пьесы, близкие им по духу, вызывающие жгучий интерес и стремление их 
освоить. Желательно не разрушать собственного представления ученика о трактовке 
произведения, прислушаться к его мнению, по возможности расширяя и углубляя это 
представление,  тонко  и  ненавязчиво  внося  необходимые  коррективы.  При  этом  не 
следует превышать возможности юного музыканта. 
Необходимо  вести  непрерывную  работу  над  расширением  и  всесторонним 
развитием  эрудиции  учащегося-  общей  и  музыкальной.  Должно  происходить 
постоянное  обогащение  слухового  опыта.  В  этом  отношении  значительная  роль 
принадлежит  репертуару  как  фактору  музыкального  воспитания.  Работая  над  его 
расширением,  педагог  должен  учитывать  вкусы  и  возможности  ученика,  умело 
подбирать  сочинения,  близкие  по  духу  и  темпераменту.  Тогда  произведение 
"прирастает" к исполнителю и "прорастает" в нем. 
Очень важный вопрос - воспитание  у  ученика самоконтроля, требовательности  к 
себе  как  необходимых  качеств  самосовершенствования.  Воспитание  отношения  к 
тексту как к осмысленному действию. Текст-это живая ткань музыки. Педагог должен 
прививать  элементы  исполнительских  навыков;  всячески  поддерживать  умение 
"настроиться",  прийти  в  состояние  "образной  готовности",  найти  образ,  "войти  "  в 
него и удерживать это состояние на протяжении всей пьесы, умение идти за музыкой, 
"вести музыку". 
Исполнительская  направленность  обучения  основана  на  развитие  качеств, 
необходимых  для  эстрадной  устойчивости.  Одно  из  главных  условий-  осознанность 
исполняемого музыкального материала. 
Конечный  результат  сложного  учебного  процесса-  это  воспитание  музыканта-
исполнителя, понимающего высокое назначение искусства. Именно исполнитель дает 
жизнь  произведению,  отсюда-  ответственность  его  перед  автором,  перед 
слушателями, обязывающая его глубоко постигать и  уметь выразить значительность 
вложенных в данное сочинение идей. 

248 
 
Формирование  ценностно-смысловой  сферы  личности  продолжается  на 
протяжении  всей  жизни.  Ее  содержание  может  меняться  под  воздействием  многих 
факторов,  так  как  социализация  может  происходить  как  в  условиях  стихийного 
воздействия  на  личность,  так  и  в  условиях  воспитания,  целенаправленного 
формирования личности. 
Музыкальное  искусство  в  воспитании  личности  играет  особую  роль,  так  как 
любое  произведение  искусства  содержит  нравственное  начало.  В  музыке 
нравственное  содержание-  воспевание  добра  и  осуждение  зла-  является  основной 
силой  воздействия."Музыка  является  самым  чудодейственным,  самым  тонким 
средством привлечения к добру, красоте, человечности"(В.А.Сухомлинский). Музыка 
переносит нас из сферы видимости в сферу чувств, из области предметных образов- в 
область  бесплотных  звуков,  из  царства  зрения-  в  царство  слуха.  Предметом  музыки 
становится  непосредственно  слышимая  "жизнь  души",  интонационно  выраженные 
переживания  и  чувства  людей,  заключенный  в  них  жизненный  смысл 
(Р.М.Чумичева). 
На  основе  миросозерцания,  миропонимания  и  самосознания  нации    народное 
музыкальное  воспитание  способствует  обогащению  музыкального  и  жизненного 
опыта личности, еѐ социализации на разных возрастных этапах. 
Знание  современных  инновационных  подходов  к  организации  музыкального 
образования  может  быть  полезным  как  в  разработке  необходимых  музыкально- 
образовательных  технологий,  так  и  в  создании  новых  стандартов  специального 
музыкального  образования.  Музыка  обладает  способностью  создавать  новую 
общность,  объединять  людей  в  едином  духовном  порыве,  формировать  новое 
культурное  пространство,  новую  уникальную  художественную  реальность.  Это 
является важнейшей функцией музыки как вида искусства. 
Такая 
художественная 
реальность 
является 
порождением 
новых 
интеллектуальных  смыслов,  эмоциональных  состояний;  искусство  способно  не 
только  восходить  к  базовым  для  данной  культуры  ценностям,  но  и  продуцировать 
собственные смыслы, генерировать новые ценности. 
Формирование  духовно-  нравственных  ценностей  является  важнейшей  задачей 
современного музыкального образования, поскольку возникает потребность в общении с 
"Другим" как партнером по коммуникации, рождается стремление к духовной общности, 
создаются  условия  для  глубины  постижения  музыкального  искусства  как  способа 
передачи  от  сердца  к  сердцу  тончайших  движений  человеческого  духа.  Именно  это 
является  показателем  высочайшей  эффективности  всего  музыкально-педагогического 
процесса.    Музыка  один  из  интересных  и  важнейших  видов  деятельности,  который 
обладает  огромным  воспитательным  и  развивающим  потенциалом  и  способствует 
развитию 
творческих 
способностей, 
формированию 
кругозора, 
воспитанию 
эстетических интересов, вкусов, потребностей личности. 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.
 
Баренбойм  Л.А.За  полвека./Очерки.  Статьи.  Материалы/  Л.,"Советский 
композитор. 1989.-368с 
2.
 
Бергер  Н.А.Современная  концепция  и  методика  обучения  музыке.  СПб.; 
Издательство КАРО, 2004. 
3.
 
Выгодский Л.С. Психология искусства. М,1965.-256с 
4.
 
Шульпяков  О.Ф.  Музыкально-исполнительская  техника  и  художественный 
образ. Л.; "Музыка", 1986.-128с. 

249 
 
ӘОЖ 37.026.9 
АХМЕТОВА Н.К. 
САМТЫРОВА К.Ж. 
ЕРГАЛИЕВА  К.К. 
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан ӛнер 
училищесінің оқытушылары, Ӛскемен қ. 
 
МУЗЫКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ   
ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ОРНЫ 
 
Музыкалық  педагогика  мен  психологияның  тәрбие  берудегі  орны  және 
музыканың  бала  тәрбиесіне  тигізетін  ықпалы  мен  маңызы,  музыка  арқылы  рухани-
адамгершілік тәрбие беру. 
Бүгінгі  таңда  музыка  ӛнері   адамзат  қауымының  пайда  болуымен  қатар 
қалыптасып, ӛзінің тәрбиелік қызметін атқарып, сарқылмас рухани қазынаға айналды. 
Музыкалық тәрбие беру — педагогикалық оқу — әдістемелік жүйесінде нақты орын 
алып  келеді.  Бұл  ӛнер  мәдениеттің  әлеуметтік  тәжірибесін  жеткізумен  қатар 
қалыптасып,  тәрбие  тәжірибесін  адамзатқа  танытып,  мәдениеттің  дамуына  ықпалын 
тигізеді. 
«Музыкалық  білім  беру  педагогикасы»  ұғым  —  кӛптен  бері  қолданылып  келе 
жатқан  ұғым.  Бұл  ұғым  музыкалық  тәрбие  беру  саласында,  соның  ішінде  білім 
мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайды.  
Музыка  –  қоғамдық  сананың  формасы  ретінде  адамдардың  эмоционалдық 
сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды 
аспаптарда  ойнап  үйрену,  орындау  жеке  тұлғаның  эстетикалық,  эмоционалды-
сезімдік,  құндылықты  сана-сезімін  дамытып,  қалыптастырады,  әсемдікті  қабылдап, 
сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын 
жеке  тұлғаның  эстетикалық  талғамын,  эстетикалық  идеалын  қалыптастырады, 
болмыстағы  құбылыстар  мен  ӛнер  туындыларындағы  әсемдікті  саналы  түрде 
қабылдай білуге үйретеді және ӛзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. 
Музыкалық  шығармаларда  ӛмір  құбылыстарының  сан  қырлы  бейнеленуі,  поэзия 
мен  музыканың  ӛзара  байланыста  болып,  бірін-бірі  толықтыра  келуі  бала  жанына 
жағымды  ықпал  етеді.  Рухани  қазынаның  мӛлдір  бастау-бұлағынан  жас  кезінен  нәр 
ала  білген  бала  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  бойына  сіңіріп  ӛседі.  Сӛйтіп, 
қоғамдық,  педгогикалық  маңызы  жоғары  адамгершілік  тәрбие  мақсаттарын  жүзеге 
асыруда қолайлы жағдай туындайды. 
Музыкамен  шұғылдану  барысында  еңбек  тәрбиесі  міндеттері  жүзеге  асырылып 
отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау 
қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппараттарының іс-
қимылы  немесе  музыкалық-ырғақтық  қозғалыстар  жасау  сияқты  еңбек  процестері 
жүріп  жатады.  Бұндай  іс-әрекеттер  ӛз  кезегінде  оқушылардың  ынта-ықыласымен 
еңбектенуін,  тәртіптілігін,  іске  деген  жауапкершілікті  қарым-қатынасын  талап  етеді, 
әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады. 
Басқа да ӛнер түрлері сияқты музыка – танымдық процестерді белсендіру құралы. 
Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың 
ӛмір  тәжірибесі  байытылады,  болмысты  байыптау  ӛрісі  кеңейеді,  ойлау  процестері 
жеделдетіледі.  Музыкамен  қарым-қатынаста  болу  әуен-саздың  ӛзара  байланысын, 

250 
 
мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін 
(тембірі  мен  гармонияның  мәнерлігін  қабылдау),  сонымен  қатар  шығарманың  түрлі 
фактураларының  айырмашылықтарын  (гомофония,  полифония)  танып  білуге 
кӛмектеседі.  Оқушылардың  музыкалық  іс-әрекеттерінде  дамитын  ойлаудың  осы 
сферасы олардың болмысты тануына кӛмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой 
қабілеттерін жетілдіреді.  
Психология  ғылымының  талаптары  бойынша,  16  жасқа  дейінгі  оқушылар 
жасӛспірімдер  болып  саналады.  Біздің  міндет  -  олардың  музыкалық  танымына  әсер 
етуші факторларды халықгық музыка негізінде анықтау. Себебі музыкалық танымды 
қалыптастыру  -  мектеп  оқушыларымен  жүргізілетін  жұмыстың  басты  ерекшелігі. 
Оның  музыкалық  сауатын  ашу  арқылы  осы  кезге  дейін  қалыптасқан  тарихи  - 
музыкалық танымы ӛз ерекшеліктері жӛне қажеттіліктерімен оның қоғамдық ӛміріне 
енеді. 
Музыкалық  танымды дамытудың  маңызды кезеңі  -  кӛркем сананың  қалыптасуы. 
Білім  алудың  алғашқы  кезеңінде  барлық  оқушылар  бірдей  ақыл  тоқтата 
қоймағандықтан, олардың мінез - құлқынан ерекшеліктер байқалып тұрады. Олардың 
музыка  мәдениетінің  қайнар  кӛзіне  деген  құштарлығы  бірте  -  бірте  пайда  болады. 
Оқушыларға  саналы  тәрбие  беруде  қосымша  мекемелер,  яғни  музыка,  спорт,  ӛнер 
мектептерінің  қосатын  үлесі  мол  деп  айтсақ  қателеспейміз.Ғалымдар  ән-күйдің 
дыбыстық  жүйесінің  ми  бӛлшектеріне  импульстер  жіберетін  айтады.  Дыбысты 
сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдап, эффекторлық жүйке ұштары оны 
ӛткізетін  кӛрінеді.  Ән-күйден  адам  жанында  ұялайтын  ізгілікті  сенім-адам  ағзасына 
шипалы ем де болып шықты. 
Қос перненің бірін қатты, Бірін сәл-сәл  кем бұра. Нағыз қазақ қазақ емес,  Нағыз 
қазақ  домбыра,  -  деп  жырланатынындай,  халқымыздың  ішкі  жан  дүниесін,  бітім-
болмысын ашып кӛрсетіп бере алатын киелі мұрасы – қара домбырасы ғой. Домбыра 
күйлерін тыңдағаныңда кӛз алдыңа ата-бабаңнан асыл мұра болып қалған кең байтақ 
дарқан  далаң  елестейді,  әсем  әндерді  естігеніңде  кӛктеммен  кезігіп,  ақ  жауын  үнін, 
бұлақ сылдырын естисің, тамылжыған табиғатқа тап боласың. 
Күй  тыңдау,  музыка  тыңдау  адамның  тонусын,  яғни  жүйке  жүйесімен  бұлшық 
еттерінің  физиологиялық  жағдайдағы  күш-қуатын  арттырады.  Сонау  ежелден  келе 
жатқан  ӛлең-жырлар  мен  шешендік  сӛздердің,  ән-күйлердің  қазақ  елінің  барлық 
түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың ӛнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені 
белгілі.  Мұндай  ұлы  дәстүрді  біз  күй  атасы  Құрманғазының,  Тәттімбеттің, 
Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, 
Үкілі  Ыбырайдың,  Балуан  Шолақтың,  Естай  ақынның,  Жаяу  Мұсаның,  Мұхит 
әншінің,  Жамбылдың,  Кененнің,  Исаның,  Әсеттің,  Мәдидің  тағы  басқа  қазақ 
халқының  ақын-компазиторларының,  ӛнер  мектебінен  ӛткен  ұлы  адамдар 
шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан кӛреміз. 
Педагогика  – жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық 
іс-әрекеттің  негізі  болып  табылатын  білім  берудың  мазмұны,  формасы  мен  әдістері 
туралы  ғылым.  Осыған  сәйкес  белгілі  бір  білім  саласы  бойынша  педагогикалық 
проблемаларды  зерттейтін  музыкалық  білім  беру  педагогикасы  сияқты  бӛлімдерінің 
болуы заңды құбылыс. 
«Музыкалық  білім  беру  педагогикасы»  ұғымы  –  кӛптен  бері  қолданып  келе 
жатқан  ұғым. Бұл ұғым кӛпшілікке  музыкалық білім беру саласында , соның  ішінде 
білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын 

251 
 
және  сол  музыканың  ӛзі  тәрбие  құралы  ретінде  саналатын  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  музыка  пәніне  байланысты  қолданылады.  Сонымен  бірге  музыкалық 
білім  беру  педагогикасы  түрлі  типтерге  музыкалық  оқу  орындарында  (балалар 
музыка  мектебі,  балалар  ӛнер  мектебі,  балалардың  хор  студиясы  және  т.б.)  жүзеге 
асырылатын  бастауыш  музыкалық  білім  беру  және  осы  саланың  бірден-бір  күрделі 
әрі  маңызды  сатысы  колледждер  мен  консерваторияларда  кәсіби  музыкалық  білім 
беру мәселелерін қалыптастырады. 
Кез  келген  ғылым  саласы  сияқты,  музыкалық  білім  беру  педагогикасы 
әдіснамалық  негіздерге  сүйенеді.  Табиғаттың,  адамның,  қоғамның,  танымның  даму 
заңдылықтары  философияның  заңдылықтарына  негізделеді.  Сондықтан  ұзақ жылдар 
философияның  аясында  ӛркендеген  және  ӛркендеу  үстіндегі  педагогиканың  бір 
саласы  –  музыкалық  білім  беру  педагогикасы  да  философиялық  тұжұрымдардың 
негізінде дамиды. 
Музыкалық  білім  беру  педагогикасы  қоғамдық  құбылыс  ретінде  музыкалық 
тәрбие  заңдылықтарын,  қоғамдық  ӛмірдегі  музыкалық  тәрбиенің  мәні  мен  ролін 
анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы – балалар мен жастардың 
ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым. 
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін 
ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет. 
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында 
қолданылады.  Кең  мағынасында  алғанда  ол  музыкалық  іс-әрекетте  жинақталған 
тәжірибені  педагогикалық  ықпал  ету  негізінде  кейінгі  ұрпаққа  меңгерту,  жалпы 
музыкалық  мәдениетін  қалыптастыру  болып  табылады.  Ал  тар  мағынады  түрлі 
деңгейду музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға 
бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді. 
Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге 
бағытталған  оқытушы  мен  оқушылардың  арнайы  ұйымдастырылып,  мақсатты 
бағытталған  ӛзара  әрекеттілігі.  Музыкалық  білім  беру  педагогикасы  –  тарихи 
құндылықтарды  зерттеу,  жинақтау,  жеткізуге  деген  қоғам  қажеттіліктерінен  пайда 
болған  ғылым.  Музыканы  оқытудың  негізін  музыкалық  білім,  іскерлік,  дағдылар, 
дүниетанымдық кӛзқарастар құрайды. 
Музыкалық  білім  беру  –  арнайы  ұйымдастырылған  оқу  процесінде  немесе  ӛз 
бетімен  білім  алу  арқылы  білім,  іскерлік,  дағдылар  жүйесін  меңгерту  ретінде 
қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын 
құрай  келе,  кәсіби  салада  (сазгерлік,  орындаушылық,  оқытушылық  т.б.)  немесе 
музыкамен  әуесқой  ретінде  ӛз  бемімен  шұғылдану  әрекеттерін  жүзеге  асыруға 
кӛмектеседі. 
Меңгертілген  музыкалық  білім  кӛлеміне  сәйкес  бастауыш,  орта,  орта  арнайы, 
жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік 
музыкалық білім деп бӛлінеді. 
Қайсыбір  ғылым  саласы  сияқты  музыкалық  білім  беру  педагогикасы  ғылыми-
теориялық,  практикалық  және  болжау  функцияларын  атқарады.  Музыкалық  білім 
беру  педагогикасының  мазмұны  маңызды  деген  ғылыми  педагогикалық  идеяларға 
(білім  беруді  ізгілендіру,  ынтымақтастық  педагогикасы,  оқытудың  ӛмірмен 
байланыстылығы  және  т.б.)  ғылыми  теорияларға  сүйенеді.  Музыкалық  білім  беру 
педагогикасын  теориялық  және  қолданбалы  ғылым  ретінде  сипаттауға  болады. 
Ӛйткені  ол,  бір  жағынан,  педагогикалық  құбылыстарды  баяндап  түсіндірсе,  екінші 

252 
 
жағынан,  музыкалық  білім  берудің  міндеттерін  шешуге  бағытталған  қалай  оқыту 
және  тәрбиелеу  жолдарын  қарастырады.  Музыкалық  білім  беру  педагогикасы 
теориялық  жағынан  дами  отырып,  музыкалық  білім  беру  бойынша  оқу-тәрбие 
процесін  жетілдіруді  кӛздейді.  Оған  озық  педагогикалық  тәжірибенің,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  жаңа  технологияларының  мектеп  практикасына  ендірілуі  мысал  бола 
алады.  Музыкалық  білім  беру  педагогикасына  болжам  жасау  функциясы  қоғамның 
дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-
мәдени  жетістіктердің  даму  тенденцияларына  талдау  жасау  негізінде  музыкалық 
білім  берудің  болашағын  жобалауға  кӛрініс  береді.  Болжамның  объектісі  –  ғылыми 
теориялар  қалыптасқан  жағдайда  оны  болашақтағы  практикалық  іс-әрекеттерде 
қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  музыкалық  педагогиканың  ғылым  саласы  ретінде 
музыкалық  тәлім-тәрбиеге  байланысты  педагогикалық  және  қоғамдық  іс-әрекеттің 
түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады. 
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым 
саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді. 

 
Музыкалық  білім  беру  педагогикасы  –  ғылым  саласы,  оның  пәні  музыкалық 
білім беру; 

 
Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі оқушы, музыка пәні 
мұғалімі, кәсіби сазгер; 

 
Музыкалық  білім  беру  педагогикасы  музыкалық  білім  беру  мен  тәрбиелеудің 
заңдылықтарын  зерттейді.  Ол  түрлі  фактілерді  жинақтап,  қорытады,  музыкалық-
педагогикалық  құбылыстардың  себеп-салдарлық  байланыстарын  анықтайды, 
музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды; 

 
Музыкалық білім беру педагогикасы ӛз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық 
және  арнайы  зерттеу  әдістерін  (бақылау,  әңгімелеу,  эксперимент  және  т.б.) 
қолданады; 

 
Қайсы  бір  ғылым  саласы  сияқты  музыкалық  білім  беру  педагогикасына 
қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім 
беру) қалыптасқан. 
Ең  алдымен,  таза  жанды,  иманды,  арлы,  намысты,  ұлты  мен  ұлттық 
құндылықтарды  сүйетін  тұлға  тәрбиелеуге  ұмтылуымыз  керек.  Жан-жақты  әрі 
бағытталып  берілген  білім  мен  тәрбие  ғана  бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  бәсекеге 
қабілетті  ұрпақты  қалыптастырады.  Осының  негізінде  білім  беру  жүйесіндегі 
бағдарламалар мен жобалардың нақты кӛрінісі кӛрінбек 
 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Абдразақ  С.  Нотаны  жүргізіп  оқытудың  алғы  шарттары  //  Музыкальная 
педагогика №2, 2006.  
2. Азаров Ю.П. Сезім, техника, шеберлік / Ю.П. Азаров. - Москва: Білім, 1962.  
3. Байтұқбаева Н. Халықтық ӛнердің інжу  - маржаны // Музыкальная педагогика 
№3,2007.  
4.  Банулов  Ғ.,  Жағалова  Г.  Музыкально-эстетическое  воспитаниев  школе  и 
проблемы организациимузыкальных кружков // Музыка в школе №3 (15), 2006. 
5.  Бәкірова  А.  Теориялық  пәндерді  оқытудың  сапасын  арттыра  түселік  // 
Музыкальная педагогика №3,2007. 

253 
 
ӘОЖ 78.01 
АХМЕТОВА Н.К., САМТЫРОВА К.Ж., ЕРГАЛИЕВА  К.К. 
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан ӛнер 
училищесінің оқытушылары, Ӛскемен қ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет