БОЛАШАҚ КӘСІБИ МУЗЫКА МАМАНДАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
АҒАЙЫНДЫ АБДУЛЛИНДЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
2002 жылы училищеге Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер аты берілген еді.
Сол кезден бастап ұстаздар мен оқушылар Абдуллиндердің ӛмірі мен
шығармашылығы жӛнінде деректер жинақтап, біраз зерттеу жұмыстарын жүргізген
болатын. Деректемелер жинақтау барысында біршама қиындықтар мен кедергілерге
227
кезікті, атап айтқанда, ағайынды Абдуллиндер туралы Облыстық мұрағатта және олар
білім алған Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде
ешқандай ақпарат табылмады. Дегенмен, оқытушылар мен студенттердің талмай
ізденуінің нәтижесінде бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары тоқтамай, бірқатар
деректер жинақталды. Осы жиналған құжаттар негізінде Ӛнер колледжінің директоры
Дюсупова Альмира Оралбекқызы мұражай ашуды қолға алды.
Осылайша, 2012 жылдың 9 ақпанында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер
мұражайы ашылды.
Мұражайдың кәсіби бағыты – музыкалық. Кӛрме үлкен үш бӛлімнен тұрады: бірінші
бӛлім - халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің ӛмірі мен шығармашылығына
арналып, оның ӛзі тӛрт бӛлімшелерге бӛлінген: «Опералық рӛлдері», «Концерттік
қызмет», «Достары мен әріптестері» және «Ӛнерлі отбасы». Абдуллиндерге арналған
бӛлімдегі фотосуреттер мен видео-аудиомұрағаттар ең құнды экспонаттар қатарына
жатады. Ришат Абдуллиннің немересі Карина Абдуллина мұражайдың ашылатынынан
хабардар болып, мұражайға ағайынды Абдуллиндердің орындауындағы шығармалардан
тұратын «Асыл мұра» жобасымен шыққан СD және «Меломан» жобасымен шыққан 2
СD таспасынан тұратын жиынтық аудиожазбаларды және Ришат пен Мүсілімнің бірге
түскен үлкен фотопортретін сыйға тартты.
Сонымен бірге, Карина ӛз қолтаңбасын қалдырып шығармашылығы бойынша СD
таспалары мен фотосуреттерін мұражайға табыс етті. Әрине, бұл мұражай үшін аса
құнды экспонаттар болып табылады. Ағайынды Абдуллиндер шығармашылығы
бойынша мұражай қорына жиналған фотосуреттер мен деректер негізінде стендтер
жасалып, «Опералық рӛлдері», «Концерттік қызмет», «Достары мен әріптестері»
бӛлімдерінің мазмұны тереңірек ашылды. Бүгінде Мүсілім Абдуллиннің кенже ұлы
Сағынай
Абдуллиннің
басшылығымен
басқа
да
туыстары,
мұражайды
Абдуллиндердің ӛмірі мен шығармашылығына қатысты экспонаттармен толықтырып,
кеңейтуге зор үлес қосуа.
Мұражайдың екінші бӛлімі Шығыс Қазақстанның музыка саласындағы
қайраткерлеріне арналған. Бұл кӛлемді де ауқымды жұмыс. Дегенмен, колледжде
қызмет ететін музыкант ұстаздардың басым кӛпшілігі бұл іске белсенді түрде
араласып, қызығушылық танытуда. Білікті музыкант мамандардың ӛз оқушыларымен
бірге осы салаға қатысты деректерді кәсіби кӛзқараспен жинақтауы, мұражай
болашағының зор екендігін білдіреді.
Кӛрменің үшінші бӛлімі - аталмыш училищенің 60 жылдық тарихын қамтиды.
Бұл бӛлімде ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырған белді ұстаздар мен ӛнер және
мәдениеттің биік шыңына шыққан түлектер жӛнінде ақпараттар жинақталған.
Жалпы, соңғы жылдары музыкалық ӛлкетануға аса кӛңіл бӛлінуде. Ол - сол
ӛңірдің музыкалық дәстүрлерін оқып-зерттеуден және жергілікті композиторлар мен
орындаушылардың шығармашылығын талдаудан, музыкалық фольклор үлгілерін
жинақтаудан, мұрағат деректерімен жұмыс істеуден және тағы басқалардан тұрады.
Мәселенің ӛзектілігі - Қазақстанның облыстары мен аймақтарынының музыкалық
мәдениетіне түрлі зерттеулер жүргізіліп, кәсіби музыкалық оқу орындарының оқу
үрдісіне жаңа деректерді пайдалануымен байланысты.
Ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың қажеттілігін орыстың ұлы композиторы
Г.В.Свиридов былай деп жазған: «Құндылықтарды сақтау керек. Ӛкінішке орай біз
оларды айуандықпен жойып, жауапсыздықпен қарап, нәтижесінде, біздің отандық
мәдениетімізге, соның ішінде музыкалық мәдениетімізге қиянат жасап отырмыз.
Ғасырымыздағы үлкен ӛзгерістерден кӛп нәрсені орын толмастай, қайтара алмайтындай
228
етіп жоғалтып алдық. Сондықтан біздің құндылықтарымызды, тірі тарихымызды, жер
бетіндегі біздің іздерімізді абайлап сақтап, қорғауымыз керек сияқты».
Ашылып отырған мұражайдың мемлекеттік мұражайдан басты айырмашылығы -
бұл жерде студенттер мұражай қызметінің тұтынушысы ретінде емес, оның беделді
құрушысы. Ғылыми-зерттеу, жинақтау жұмыстарына қатыса отырып, олар ӛлкенің
музыкалық ӛнерінің тарихымен танысып, зерттеу жұмысына белсене қатысады.
Бұл мұражайдың бір ерекшелігі, ӛнерлі жастардың ӛлкеміздің музыкалық ӛнерінің
тарихы, ШҚ музыка қайраткерлері туралы мәліметтер жинақтау арқылы жас
ұрпақтың рухани қалыптасуында тәрбиелік маңызы аса зор. Студент жастардың
мұражайды жинақтау жұмыстарына араласуы, ӛлкеміздің ӛнер қайраткерлерімен
кездесіп, олар туралы мағлұматтармен танысуы – ӛнер мен мәдениет саласындағы
қайраткерлердің еңбектері арқылы ӛнер тарихын танып, рухани баюына септігі зор.
Бұл аға буынды сыйлап, мәдени мұраға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
Бұдан басқа оқушылар зерттеу қызметінің негіздерін үйренеді. Олар зерттеу
жұмысының мазмұнына сай тақырып қоя білу, тақырыпты, тарихи талдауды,
мағлұматтарды іздеу және жинақтаумен айналысуды, оларды салыстыруды, сын
кӛзбен қарауды, ӛз ойларын, болжамдарын нақтылап, оларды тексеруді, зерттеудің
қорытындысын шығаруды, жеткен жетісітіктерін пайдалана отырып ұсыныстар
жасауды үйренеді. Нәтижесінде жастар кӛптеген мәселелерді шешуде ӛзінің жеке
кӛзқарасы, ақпараттың нақтылығы мен жалғандығына мән беруін, жеке және жалпы,
бүтін немесе бӛлшек арасындағы байланыстарды үйрену қалыптасады.
Осылайша, училище оқушыларының жалпы музыкалық курста білім алуымен қатар,
мұражай арқылы ШҚ музыка ӛнері жӛнінде де білімдері нақтылана, кеңейе түседі.
Мұражайдың негізгі жұмыстары: қатаң есеп жүргізу, экспонаттардың дұрыс сақталуын
және жинақталған құжаттарды жүйелі түрде сауатты кӛрме экспозициясына орналастыру.
Мұражайдың ашылуына біраз ғана уақыт ӛткендіктен, мұндағы ең негізі жұмыстарымыз
республикалық мұражайлармен, ӛнер саласының мекемелерімен, қоғамдық одақтармен
байланыс жасауды қолға алдық. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік кино
және фотоқұжаттар мұрағатымен байланыс орнату. Аталған мекеме мұражайымызға
ағайынды Абдуллиндердің шығармашылығы бойынша 6 видеожазбаның және 18
фотосуреттің электронды кӛшірмесін табыс етті. Бұл мұражай қоры үшін құнды
толықтырылу болып табылады. Ал Қазақстан композиторлар одағының Семей қаласында
орналасқан Ертіс ӛңірлік бӛлімшесі Теміржан Базарбаев, Олег Джанияров, Мәуліт
Рахымбаев, Ләззәт Жұманова сынды композиторлардың, ал Шығыс Қазақстан ӛкілдігі
мұражайға Светлана Апасова, Ольга Юлтыева сынды композиторлардың ӛмірі мен
шығармашылығы бойынша құнды құжаттар мен деректерді табыс етіп, шығармаларының
партитуралары мен клавирлерін композиторлар ӛз қолтаңбаларымен сыйға тартты.
Болашақта басқа да композиторлардың шығармашылығы жӛнінде құжаттар мен деректер
жинастырылып, мұражай қорын толықтыру жоспарлануда.
Мұражай тірі организм. Бұл жерде «тірі» мағынасы тек үнемі толықтырылып
отыратын жаңа экспонаттарды іздеп, жинақтаумен ғана шектелмей, заманауи
интерактивті экспозицияларды құру мақсат етіліп отыр. Жастарды бұл іске баулуда
студенттерге осы экскурсияларды оқытушыларының кӛмегімен ӛздері дайындау
ұсынылуда. Мұнда студент жастардың мұражай қорындағы аудио және видео
жазбаларды жаңа технологияларды пайдалану арқылы экскурсияны мазмұнды да
қызықты етіп ӛткізу талабы кӛзделген. Дайындықтан ӛткен топжетекшілері ӛз
экскурсияларын училище қонақтарына жүргізе алу мүмкіндігі туындады.
Жастарға білім беруде, оларды тәрбиелеуде аға буын ұрпақпен байланыс
229
жасап, тарихи және мәдени ескерткіштермен жақын танысу аса маңызды. Жастар
бұларды сезіне білу үшін жай ғана оқып, кӛзімен кӛріп немесе қажетті ақпаратпен
танысу жеткіліксіз. Белгілі бір кезеңге, дәуірге қатысты заттарды ӛз қолдарымен
ұстап кӛріп, артефактілерді эмоциналды сезіну қажет. Бұл олардың ӛз туған жеріне
деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын арттыра түседі.
Сонымен, заманауи училище мұражайы білімді толықтыруға, тәрбиелік
мақсаттарға кӛзделген «ерекше кеңістік» ретінде ӛткен ӛмірмен болашақ ӛмірдің,
рухани және сезім әлемінің арасындағы кӛпірі іспеттес. Ал біз оқытушылар осы
кӛпір үстінде оқушыларға бағыт-бағдар беруші жолбасшы рӛлін атқара отырып,
тӛмендегі нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отырмыз:
әлеуметтік деңгейде:
-
мұражайдың қала ішіндегі маңызын арттыру;
-
түлектердің кәсіби бағдарын қалыптастыру,
-
музыкалық ӛлкетану проектілерін құру;
топ деңгейінде:
-
ӛрісін кеңейту;
-
оқушылардың интелектуалды және рухани танымдық белсенділігін арттыру;
жеке тұлға деңгейінде:
- мұражай ісі бойынша шараларға қатысу;
- мұражай журналистикасы, зерттеу жұмыстарын БАҚ-та жариялау;
- оқушының ӛзін-ӛзі бағалауды, ӛз еңбегіне сын кӛзбен қарау деңгейін кӛтеру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Владимир Мессман. Возрождение песни. Очерки творческой жизни Казахского
Государственного Акакдемического театра оперы и балета имени Абая. стр. 162.
Алама-Ата 1958;
2.
Олег Мацкевич. Самые светлые ночи. стр.24 – Братья. Алматы – «Жибек
жолы» 2003.
3.
Кәукен Кенжетаев. Дархан дарын. 91-бет. Алматы – «Ӛнер» 1980.
4.
Ахмет Жұбанов. Ағайынды Абдуллиндер. Социалистік Қазақстан – 15.01.1967.
5.
Юренева Т.Ю. Музееведение. М., 2005.
6.
Федоров Н.Ф. Музей, его смысл и назначение // Федоров Н.Ф. Сочинения. - М.;
Мысль, 1982. - С.575-604
7.
Историческое краеведение (Основные источники изучения родного края):
Пособие для студентов педвузов. \ Под редакцией Н.П. Милонова М.: 1995
8.
Музей и школа. Пособие для учителя.\ Е.Г. Вансалова, А.К. Ламунова. Под ред.
Т.А. Кудриной.-М: 1985.
ӘОЖ 785. (37.012)
КАЛИЕВА К.Б.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан ӛнер
училищесінің оқытушысы, Ӛскемен қ.
ДОМБЫРА ТӘЛІМІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ғасырлар бойындағы халықтық тәжірибе негізінде қалыптасқан қазақ халық
педагогикасында тәлім-тәрбие біртұтас жүзеге асып отырған.Еңбекке баулу,
230
адамгершілік, мінез-құлық тәрбиесі, ептілік пен күш, ерлік, ӛнерпаздық бәрі-бәрі,
түптен келгенде, этикалық-эстетикалық мазмұнымен тоғысып жаткан, эстетикалық-
этикалық тәрбие құралдары-ән, домбыра, ісмерлік, әдебиет және т.б арқылы
жүргізілген.
Домбыра ӛнерінің тәлімі педагогикалық мәселе болумен қатар ол
этнопедагогикалық нысан деп те танылады.
Этнопедагогика-педагогиканың
саласы,
ол
педагогикалық
заңдарды,
заңдылықтарды, ұстамдарды тұтынады.Алайда, ол педагогиканың этникалық
қырларын қарастыруга ӛзіндік ерекшелітерге ие.Этнопедагогика рухани этникалық
мәдениеттің құрамдас бӛлігі бола отырып, этникалық мәдени құралдар: музыка, ауыз
әдебиеті т.б арқылы жасұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесін қарасты-
рады.Сондықтан оның зерттеу нысаны-этникалық педагогикалық мәдениет,ал зерттеу
пәні-адамның этникалық тәрбиесі. Оның басты ұстанымы-ӛмір тәжірбиесі арқылы
тәрбиелеу. Қ.Б Жарықбаев, С.Қ Қалиев, С.А Ұзақбаева, К.Ж Қожахметова,
Ж.Наурызбай т.б ғалымдар зерттеулерінде этнопедагогика халықтың барлық рухани-
адамгершілік құндылықтарын шоғырландыра қамтитын тарихи құрбылыс ретінде
танылады. Этнопедагогика педагогиканы этностық топтарға тән этностық
ӛзгешеліктемен байланыстырады, этнографиядан, фольклордан нәр алады. Бұлар
қазақ этнопедагогикасына да тән сипаттар. Қазақ этнопедагогикасы тілден,
музыкадан, салт-дәстүрден, әдеп-ғұрып, қолданбалы ӛнерден, дін мәдениетінен және
т.б салалардан танылатын этномәдениет ерекшеліктерінің тәлімдік, ӛнегелік
қызметтерін анықтап жүйелейді.Сондықтан домбыра ӛнерінің тәлімін айқындауға
этнопедагогикалық әдіснамаларға сүйенуі орынды болмақ. Мұнда тұрмыс,
шаруашылық, қоршаған орта жағдайларының ықпалынан тарихи қалыптасқан
этникалық дүниетанымдар, сондай-ақ қазақ халқының мінезінен, ұлттық сезімдерінің,
ұлттық сана-сезімінен туындайтын қазақ халқының этникалық психологиясы негіздік
фактор ретінде бір кідіру ескеріледі, Бұлар ӛзіндік ӛзгешеліктері айқындала отырып,
түптен келгенде, педагогика ӛрісімен ұштасады.Этнос гректің «тайпа, халық» деген
сӛзінен шыққан. Ғалымда (әсірісе соңғы 10-15 жыл ішінде) халық терминінің орнына
«этнос» термині қолданыла бастады. Бұл термин этностың негігі тарихи түрі- тайпа,
ұлыс (народность), ұлт ұғымын түгел қамтиды [2.27б]. Сонымен тұлға бойындағы
ұлттық сананың қалыптасуы мен дамуы ұлттық мәдениетті тарихи даму жүйесінде
меңгеру арқылы жүзеге асу арқылы жеткізіледі. Домбыра ӛнері этномәдениет
жүйесінің бір саласы ретінде ұсынылып, сол арқылы ұлттық мәдениетті қастерлеуге,
адамгершілік-гуманистік ұстанымдарды құрметтеуге баулу мақсат етіліді. « Әр халық
ӛзіне тән ұлттық тәрбие жүйесінсіз, тарихи тұлға ретінде қоғамдық кеңестікте жеке
ұлт болып ӛмір сүру мүмкін емес. Онсыз халық әлеуметтік феномен ретінде ӛзінің
ұлттық дербестігін сақтап қала алмайды.[2.27б]. Бұдан шығатын қорытынды: ұлттық
тәрбие жүесін, оның мазмұнын, технологияларын жетілдіру аса қажет, оның ішінде
домбыра ӛнерінің атқаратын қызметін арттырып, оны жас ұрпақ тәрбиесінде кең
қолдану ұлтты қорғап, сақтап дамыту шарттарының бірінен саналады. Ғалым
К. Қожахметова қазақ этнопедагогикасының педагогика ғылымының құрамдас бӛлігі
ретіндегі
теориялық-әдіснамалық
негідерін
айқындап,
педагогикамен
этнопедагогиканың
тұтастығын
дәйектейді.
Олардың
мақсат-мүдделерін,
ұстанымдарын анықтап ерекшеліктерін кӛрсетеді. Белгілі этнопедагог С.Қалиев
ежелгі дәуірден бергі кӛрнекті ойшылдарымыздың еңбектеріне сүйене отырып,
халқымыздың жас ұрпақ тәрбиесінің ұлттық сипатын, қазақ этнопедагогикасының
туып қалыптасу тарихын саралап, жүйелейді. Қазіргі заманның ӛзекті мәселелері
231
ретінде ұлттық сананың, алдыңғы ұрпақтардың рухани мұраларының сақталуы мен
дамуы, кӛпэтникалық мемлекет жағдайында ұлтаралық сенім,құрмет пен түсіністікке
ұмтылатын шын мәніндегі патриотизм сезіміндегі азаматты тәрбиелеу, әлемдік және
ұлттық мәдениеттер тоғысында тұлға қалыптастыру проблемалары алдынғы орынға
шығады. Домбыра ӛнерінің бүкілхалықтық сипатта дамуы ұйымдастырылып, жүзеге
асып отыруы аса мәнді де маңызды іс болмақ.Домбыра ӛнері мен күй ӛнері-егіз ұғым.
Сол себептен де ӛнертанушылар: «Қазақ деген сӛздің келесі ұғымы домбыра мен күй
ӛнері болып қалыптасуына қалтқысыз қызмет істеу керек» [1.38б] деп санайды.Күй
және домбыра ұғымдарының біртұтастығына меңзейтін бұл пікір белгілі қазақ ақыны
Қ.Мырзалиевтың «Нағыз қызық- домбыра» дейтін қанатты сӛздерімен астасып
жатыр. Домбыра рух қозғаушы қуатқа ие. Бүкыл әлем бастан кешіп отырған ұрпақ
рухын кӛтеретін ӛнер аса қажет. Сондай ӛнердің бірі – домбыра ӛнері, күй ӛнері.
Домбыра ӛнері – дәстүрлі ӛнер ретінде қазақ халқының ӛмірінің бӛлінбес бӛлшегі,
ұлттық әдет-ғұрыптың рухы, ажары. Жас ұрпақ тәрбиесінің ізгілікті мақсаттары мен
мазмұны қоғам талаптарына жауап бере отырып, ӛзінің тарихи тамырларынан қол
үзбейді. Ол тарихи тамырлардың біраз тармақтары Ж.Наурызбай сынды
ғалымдардың еңбектерінде ұлттық дәстүрде, мәдениетте жатқан ұлттық мектептің
ұлы мұраты ретінде анықталуда: «Қай халық үшін де ұлы мұрат-ана тілі мен тӛл
мәдениетін сақтау және болашаққа аманаттау міндеті... ең алдымен білім беру
саласымен байланысты. Мектепке ұлттық дәстүр қайта оралуда. Ұлттық мектеп ӛзінің
бұл ұлы мұратына қол жеткізуде дәстүрлі мәдениетке, ғылыми-педагогикалық мәнді
ой-пікірлерге сүйенеді. Демек, жеке тұлғаны дамытушы кӛздердің маңыздылардың
бірі-кӛркемдік сананы оқушы бойына қалыптастыруда оларға ұлттық мәдениетті
тарихи болмысында ұсынудың мәні зор. Сондықтан: «Кӛркемдік сананың ерекшелігі,
бұл жағдайда кӛркем шығармашылықізденіс кезінде үнемі қолданыс табады. Күй
шерту, ән шырқау,ӛлең шығару, кескіндеу, оюлау, мүсіндеу үстінде адам ӛз
халқының мәдениетініне қатыстылығын сезінеді» [1.40б].
Қазақ халқы – ӛнерпаз халық, дана халық. Бұған сан ғасырлар бойы ауызекі
күйде-ақ ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келіп, осы заманға ӛзінің неше бір тамаша
варианттарымен жеткен кӛркем саздың, ән мен күйдің, ӛнердің басқа да түрлеренің,
даналық ӛнегесінің, ой-пікірлерінің танғажайып мол мұрасы айғақ. «Ежелгі ата-
бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата
салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро-эпостық) жырымен, мақал-мәтел, шешендік сӛз,
айтыс ӛлеңдері мен сан ғасыр бойы ӛз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» ӛнегелі де
ӛнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені-тарихи
шындық».
Тәрбиенің тарихи тұтастық бітімі ғылыми тұрғыдан белгілі педагог Ш.Ахметов
еңбегінде таратылып, нақтылыққа жақындатыла сарапталады: «Ежелгі Қазақстандағы
тәрбие ісі негізінен басты-басты мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен
әдептілікке үйретуді кӛздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған.
Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бол деп
үйреткен.Бұл еңбекке баулудың алғашқы кӛрінісі болатын. Тӛртіншіден, адалдық пен
шындыққа баулуды кӛздеген. Бесіншіден,білгір бол, ұстаз бен ғалымның, кӛпті
кӛрген данышпан қарияның сӛзін тыңда, ақпақұлақ болма, құймақұлақ бол дегенді
бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан,үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты
міндет етіп қойған.Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа, дейді халық тәрбиесі.
Бұлкемшілікті айтпа деген сӛз емес, қауып-қатерлердің табиғи кемдігін (мұрны
пұшық, кӛзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) кӛрсетпе деген сӛз. Сегізіншіден, ел
232
қорғаны батыр бол, халық алдында қызмен ет, бар ӛнеріңді соған жұмса дегенді
үйретеді». Бұл тәрбиеліктің жемістерінің кӛріністері халық ұғымындағы ғасырдан
ғасырға сабақтасып дамып келе жатқан адамшылық қасиеттер. Оның тарихилығын
Ш. Ахметов «Ежелгі Қазақстандағы тәрбие» деп аңғартады. Мұндай тәрбиелеудің
ұзақ уақыттарда қалыптасатынын және оның кейынгілер үшін үлгі екені, тәрбиенің
ізгі жемістеріне қол жеткізу-нағыз бақыт екені туралы жазушы Ғ.Мұстафин ұтымды
ой жазып кеткен: «Кӛктемдегі жердей құлпыра ӛсіп келе жатқан жас ұрпақты
кӛргенде кеудеңе сыймайды. Ал, солардың ішінде сӛлекет бірдеңе кӛргенде аяғыңа
шӛгір қадалғандай боласың. Жақсы мекен салудан, қала салудан жақсы салт, дәстүр
жасау қиынырақ. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ ӛмір сүреді, кейінгілерге
даңғыл жол болып қалады».
Жас ұрпақ тәрбиесі-ұзақ үрдіс, ол жеке тұлғаның қалыптасу, даму үрдісінің
үздіксіздігімен түсіндіріледі. Дегенмен, ӛмірдің кезкелген сәтінде адамның мінез -
құлқы арқылы оның тәрбиелік, мәдениеттілік деңгейі аңғарылып тұрады, яғни
тәрбиелеудің нәтижелері кӛрініс береді. Тұғаның кӛрген-білген, ойға түйген, бойына
сіңірген үлгі ӛнегесі әрекет түрінде бой кӛрсетеді. Тәрбиенің жемістілігінің
критерийін ғалымдар С.Ұзақбаева мен Ж.Тӛлебаева: «Жас адамның нағыз адамдық
кӛзқарасы, сенімі білімнің негізіндей ғана емес, ой-пікірлерінің жетілуі барысында,
олар сезімге, эмоцияға, моральға айналғанда ғана қалыптасады. Бұл арада маңызды
рӛльды, әлбетте, ӛнер атқарады». Ғалымдар тәрбиенің сезімге, эмоцияға, моральға
айналған кӛрінісін оның қол жеткен нәтижесі деп таниды. Олар тәрбиенің сан алуан
құралдарының ішінен кӛркемӛнерді баса кӛрсетеді, оғанайрықша маңыз береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ж.Еңсепов «Домбыра ӛнері- халықтық ӛнер.
2.
Қалиев. С. Қазіргі оқұ-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың мәселелері.
Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарында балалар проблемалары.
Халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция материялдары. 2000ж. Алматы.
ӘОЖ 78:37.013
ЖЕКСЕНОВА А.У.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер
атындағы Шығыс Қазақстан ӛнер училищесінің оқытушысы, Ӛскемен қ.
МУЗЫКА – ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ
Заманауи білім беру жүйесі оқушылардың креативтік қасиеттерін белсендіруге
бағытталған, олардың эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу мен дамытуға ықпалын
тигізеді. Эстетикалық тәрбие мен оқыту ӛз кезегінде үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастыру бағыттарының бірі болып табылады. Еліміздің қазіргі даму барысында
мәдениеттің кӛп салалы құрылымы қалыптасты. Қазіргі кезде музыка – оқушыларды
эстетикалық тәрбиелеу кӛзі. Ежелгі ғасырдан бастап және қазіргі уақытқа дейін музыка –
тәрбиелеудің маңызды құралы болды және солай қала бермек. Ежелгі мен қазіргінің бір
ұқсастықтары бар: қалыптасу, ӛмір сүру және музыка ӛнерінің дамуы адамның жоғары
рухани, адамгершілік және психикалық дамуының нәтижесі болып табылады.
Баланы ӛмірінің алғашқы кезеңінен бастап музыка ӛнеріне баулу – біздің
уақыттың ӛзекті және маңызды қажеттілігі. Себебі «Музыкалық тәрбие – бұл
233
музыкантты тәрбиелеу емес, керісінше, ең алдымен адамды тәрбиелеу », - деп атап
ӛтті кеңес педагогі В.А. Сухомлинский . [2, 15 б.] және оның мақсаты –оқушының
музыкалық мәдениетін оның рухани мәдениетінің бӛлігі ретінде қалыптастыру және
дамыту болып табылады. Жалпы музыкалық-эстетикалық сана мен музыка мәдениеті
қалыптасатын негізгі құрал – бұл музыканың ӛзі. Тек ол ғана баланың музыкалық –
эстетикалық санасының негізі болып табылатын эмоционалды реакцияларын
тудырады (немесе тудырмайды). Музыканың мазмұны (сезімдері, эмоциялары)
балаларға түсінікті болып, эмоционалды сарын тудырғаны маңызды.
Музыкалық – эстетикалық сана деңгейі музыкалық қабілеттердің дамуына,
сондай-ақ балалардың жалпы дамуына байланысты. Музыкалық – эстетикалық
сананың бастапқы формалары ерте кезде анықталады. Шамамен 3 жасқа дейін
музыкалық эмоциялар, музыкаға деген мұқтаждық қалыптасады, қарапайым пікірлер
туындайды. Балалар ӛмірінің тӛртінші жылынан бастап музыкаға, музыка қызметінің
белгілі түрлеріне қызығушылық танытады. Алты жасқа қарай уәждемелік бағалау
қабілеті қалыптасады, бұл музыкалық талғамның басы. Балалар ӛзінің
орындаушылығын саналы түрде бақылай алады, кейбір музыкалық және эстетикалық
терминдерді қолдана отырып, музыка тілінің құралдары туралы пікір білдіреді. Бұл
музыканы саналы түрде қабылдаудың алғышарттарын қалыптастырады.
Музыкалық тәрбие – бұл балалардың музыка мәдениетін меңгеруіне, олардың
музыкалық қабілеттерін дамытуға және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға
бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс.
Музыкалық тәрбиенің мақсаттары:
Музыка туралы білім қалыптастыру;
Орындаушылық дағдыларын жетілдіру;
Эмоционалды ашықтығы мен музыкаға елеңдеушілік қабілетін дамыту;
Музыкалық- орындаущылық дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін
белсендендіру;
Музыкалық тәрбиенің бастапқы ережелері ретінде оның негізін аталған тәрбиенің
мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын айқындайтын қағидаттар құрайды.
Қағидаттарды таңдау музыканың ерекшелігіне және оқушылардың психикалық
ерекшеліктеріне байланысты. Музыкалық тәрбиелеу үдерісінің даралау және саралау
қағидаты педагогтың әр баламен оқу- тәрбие үдерісінде оңтайлы нәтижеге жету
мақсатында педагогикалық әсер етудің әр түрлі формалары мен әдістерін икемді
қоладнуынан құралады. Жұмыс барысында балалардың музыка қызметімен
айналысуы үшін олардың қызығушылықтары, қабілеттері, мүмкіндіктері ескерілуі
тиіс. Музыкалық дамыту оқушылардың барлық ішкі психологиялық қасиеттерін
(ойы, қиялы, жадысы және т.б) барынша толық ашуға, психиканың эмоционалды-
сезімтал (нәзіктік, сезімталдық, музыка ӛнері арқылы ішкі күйініштерді ұғыну
машығы) саласын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. [1, 9 б]. Музыка сабақтарының
мақсаты мен міндеті оқушылардың ӛнерге деген қызығушылығын ояту, музыка
ақпаратын, жанрларын, музыка формаларын талдау машығын қалыптастыру,
оқушылардың кӛркемдік талғамы мен эстетикалық сұраныстарын қалыптастыруға
ықпал ету болып табылады. Оқушыларды музыкалық – эстетикалық тәрбиелеу
мұғалімнен белгілі жүйені («қарапайымнан күрделіге»), оқу материалы мен арнайы
жаттығуларды дұрыс таңдауды талап етеді.
Музыканы қабылдау негізі ретінде дыбыстық кӛрнекіліктерді пайдалану музыкалық
оқытудың жетекші әдісі болып табылады. Әдістің негізгі мазмұны – педагогтың
шығарманы орындауы немесе аудиожазбаларды, шағын дисктерді пайдалануы. Ән
234
айтуда және музыкалық аспаптарда ойнағанда кәсіби орындаушылықтан барынша
ерекшеленетін орындаушылық дағдылары мен машықтарын қалыптастырумен қатар,
меңгерілген түсініктер мен іс- әрекеттер тәсілінің кӛмегімен музыкадан алған ӛз
әсерлерімен бӛлісу мүмкіндігі барынша маңызды болып табылады. Жарқын бейнелі
музыканы тыңдау, музыкалық шығармаларды аспапта орындау барысында балалардың
ой- санасы адамдардың іс- әрекеттері, сезімдері, қызметі туралы жаңа деректермен
толығады. Балаларда музыканың кӛмегімен қалыптасатын кӛңіл -күй - олардың
танымдық, ойлау қызметін белсендендіреді, табиғат кӛріністері, күнделікті құбылыстар
туралы музыкадан тыс түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әдістерді таңдау
музыкалық білім беру міндеттерімен, оқушылардың музыка қызметіне қызығушылық
танытуымен, олардың белсенділік деңгейімен, балалардың тұлғалық жас ерекшеліктерін
ескере отырып, музыкалық шығармамен жұмыс істеу кезеңдерімен, эмоционалды мінез
құлық бұзылулар деңгейімен анықталады. Музыка сабағында оқуға деген жағымды
кӛзқарас қалыптастыруға ықпал ететін қызметтің әртүрлі түрлері қолдынылады:
Музыка тыңдау;
Жеке ән орындау;
Музыкалық аспапта ойнау;
Оқушының тыңдаған және орындалған музыкаға қатысты ойлары немесе
әңгімелері.
Мектеп жасы шығармашылық қабілеттерді дамытудың барынша сезімтал кезеңі
болып табылады, ол баланың ортаға деген эстетикалық кӛзқарасын қалыптастыруға
септігін тигізеді. Қоршаған әлемнің байлығы мен сұлулығы балаға біртіндеп ашылады,
әрине егер ол табиғат үндерін үнемі тыңдап, оның құбылмалы кӛріністері мен
бейнелерін бақылап отырса, ал осының бәрі егер ересек адам үнемі қоршаған ортаның
сұлулығына назар аударса іске асады. Оқушы бәрінің сұлулығын кӛре білуі тиіс:
киімдегі және тұрмыстық заттардағы, табиғаттың құбылмалы құбылыстарындағы,
музыка дыбыстарындағы, құшақ жылуы мен адами қолдаудағы.
Балаларды ӛнерге тарту оларды халықтың сәндік қолданбалы шығармашылығымен,
фольклормен және классикамен танысудан басталады. Әртүрлі сабақ түрлері қиялды,
жадыны, зейінді дамытады және түзетеді. Оқушының жеке шығармашылық қабілеттері
қалыптасады, оны педагог барынша ерте байқап, оған баса назар аударуы тиіс. Музыка
сабақтарының басты міндеттері мыналар:
Классикалық, қазіргі және ұлттық, әсіресе қазақ музыкасына деген
қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, музыка ӛнерімен қарым қатынасқа түсу
сұраныстарын, оның сұлулығын қабылдау және оны мақтау сезімдерін тәрбиелеу;
Музыка ӛнерінің ерекше табиғатын, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын
түсіну, ең алдымен жанрлық, интонациялық және стильдік;
Музыкалық- орындау қызметі қабілеттерін, музыканы есту қабілеті мен
жадысын, ритмді сезіну қабілетін дамыту;
Қазақ халқының және кӛп ұлтты Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың
шығармашылығымен танысу арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Алғашқы сабақтан бастап музыка ӛнерін түсіну музыканы сауатты, мәнерлеп,
эмоционалды түрде орындау мен қабылдау дағдыларын дамытудан басталады.
Музыканы тыңдау және орындау ептілігі қалыптасқан соң, бейнелі ойы, қиялы мен
интуициясы қалыптасады –ӛнермен қарым- қатынасқа түсу негізінде ӛзін -ӛзі тану
үдерісі басталады. Музыка сабағы - бұл музыкалық тәрбие сабағы, ал тәрбиеде ұсақ-
түйек нәрселер болмайды. [3, 27 б].
Оқушылардың музыкалық тәрбиесі кеңейе түссе, олардың музыкалық дүиетанымы
235
да кеңейеді, және де олардың даму мүмкіндіктері барынша ашыла түседі: музыкаға
эмоционалды еліктеу, музыкалық есту түсініктері, музыкалық шығарманың сипатын
салыстыру, бағалау және сезіну қабілеті. Әлемнің кӛркемдік бейнесін, оның кӛпұшты,
әлеуметтік, эстетикалық және рухани маңыздылығын ұғыну үшін оңтайлы жағдайлар
іздеу оқушылардың музыкалық – эстетикалық білімінің нәтижелілігін арттырудың
ажырамас факторларының бірі болып табылады. Ӛнерді кешенді түрде меңгеру баланың
шығармашылық күш-жігерін барынша толық анықтауға, оның қиялын, ойын,
әртісшілдігін, эмоцияларын, зияткерлігін, яғни қызметтің кез келген саласы үшін
маңызды шығармашылық қабілеттерін, креативтілігін дамытуға ықпал етеді. Музыка
сабағын ӛнер сабағы ретінде құру жұмыстың белсенді кӛркемдік шығармашылық
формаларын бағамдайды. Оқушының эмоционалды қызбалығы оның қиялының күші
мен қарқынын айқындайды. Міне, музыка сабақтарының таңданыс, масаттанушылық
тудырғаны, эмоционалды қуат беріп, рухани тұрғыдан кӛңілді сергіткені осы тұрғыдан
аса маңызды. Оқу тәрбие үдерісінде музыка сабағында ӛнердің бірнеше түрін қолдану
оқушылардың эстетикалық тәрбиесі мен жалпы мәдени дамуын оңтайландыруға септігін
тигізеді. Жасы кіші оқушылардың ӛнердің әр түріне ерекше сезімталдығы бұл жағдайда
эстетикалық қабілеттерді қалыптастыруға арналған жас ерекшелігінің алғышарты
ретінде қарастырылады. Оқушылар тұлғасын жан- жақты дамытуға байланысты
заманауи міндеттерді шешіп, әртүрлі ӛнер түрлерінің үздік үлгілері арқылы олардың
эстетикалық мәдениетін қалыптастыру қажет.
Осылайша, эстетикалық дамыту баланың үйлесімді әлеуметтенуіне, оның
әрекеттестік тәсілдері мен нақты әлеуметтік ортада қолданылатын және
ынталандырылатын қызмет түрлерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |