освоение, творчество, профессиональная ориентация, коммуникативная компетенция,
tional orientation, communicative competence, competitiveness.
172
ЖАСТАРҒА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫҢ РӨЛІ
М.М. Иманкулова
Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы
e-mail:
gani-musabekov@mail.ru
Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін
сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдіске ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз
бен білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар
бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің
басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті
мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан
тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған:
«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп,
содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар,
рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени
мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін
қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Бала бойына ұлттық тәрбиені сіңірудің көздері фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық
әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-
мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі
тәрбие қағидалары болып табылады.
Жастарға білім беру және тәрбиелеудегі мәдени мұралардың ролі зор.
Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас ұрпаққаа
оқу мен кәсіби білім беріп қана қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-
адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды
қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру. Осыған байланысты оқу-тәрбие
үдерісінде жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету,
шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта өзінің
зор мүмкіндігімен мектеп мұражайларының атқаратын ролі жоғары деуге болады. Мұражай-
музей сөзі даналар мен философтардың айтуы бойынша жиналатын, терең ойға батыратын,
толғанатын орын болған. 1880 жылдары батыс елдерінде мұражайларда оқушыларды ғылыми-
техникалық және көркемдікке оқыту мен тәрбиелеу бойынша бірлескен жұмысты қамтамасыз
ету үшін мектеп мұғалімдерімен өзара қатынас қызметтері құрылды. Қоғамның барлық жігіне
әсер етеіндей деңгейде мұражай мен мектепті біртұтас өткен тарихпен, шығармашылық
өнермен байланыстыратын бірден-бір орын.
- Мұражай бұл –адамның рухани және шығармашыл қасиеттерін шыңдайды.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікте мұражайлардың ролі олардың білім беру қызметінің
кең көлемді таратылуымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ сан ғасырлық тарихы
бар рухани-мәдени игіліктерді оқу-тәрбие үрдісінде лайықты пайдалану жалпыадамдық
құндылықтарды терең түсінуге ықпал етеді. Қоғамның сұранысына сай мұражайлардың
ақпараттық әлеуеті, олардың рухани және материалдық құндылықтардың түпнұсқасын сақтаумен
және оны келешек ұрпаққа жеткізу кәсіби қызметімен сәйкес келеді. Мұражайдың білім беру
үдерісіндегі негізгі мақсаты- тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мәдени кеңістіктегі танымын арттыру.
Мұражай пеагогикасы ұғымы ХХ ғасырдың басында Германияда ғылыми айналымға енгізілді.
173
Осы уақыттан бастап мұражайлар оқу-тәрбие мекемелері ретінде қалыптаса бастады. Біздің
елімізде мұражай педагогикасы 1970 жылдың басынан айналымға енді.[1,б. 56-57] Ағылшын
публицисті, өнер теоретигі Дж. Рескин қоғамның мәдени-рухани тәрбиесін зерттей отырып,
мұражайдың бұл саладағы міндеттеріне былай тоқталған:
- мұражай бұл- барлық адам көріп қызықтай алатын, бәріне қолжетімді, адамзат баласының
өз қолымен жасаған құнды дүниелерін жинап, қастерлеп сақтайтын табиғат пен өнер туынды-
ларын сақтаушы орын;
- мұражай бұл-адамды табиғатпен және өткен тарихпен, шығармашылық өнермен өткен та-
рихпен байланыстыратын бірден-бір мәдени орын.
Мектеп мұражайларын құрудағы ең басты мақсат оқушылардың туған өлкенің тарихы мен
мәдениетіне қызығушылығын арттыру, шығармашылқ бейімділіктеріне қолдай көрсету, аға
ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарау, елін, жерін сүюге бағытталған
ұлтжандылық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды
бойына сіңіру. Н. Назарбаев: «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған
өлкенің тарихын танудан, адамын ардақтаудан басталады» деген. Сондықтан өз өлкеміздің,
туған жеріміздің тарихын зерттеу, насихаттау, атақты тұлғаларын жас ұрпаққа таныстыру мектеп
мұражайларының негізгі міндеттеріне жатады. Мұражай тек мектептің ерекше түрдегі оқу
кабинеті ғана болып қоймай, ашық білім беру кеңістігіндегі басты тәрбие орталығына айналу
қажет. Мектеп мұражайының негізгі мақсаты-жас буынның отбасы, ата-ана, мектеп, қоғам, отан
алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, туған өлкенің табиғи байлықтарын сақтап
құрметтеуге үйрету, еліміздің өткені мен бүгініне құрметпен қарау, адамгершілік-эстетикалық
мәдениеті жоғары, ой-өрісі биік азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету. Мұражай жұмысы
негінде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасады, адамгершілікке, имандылыққа,
ізгілікке тәрбиеленді. Мектеп мұражайлары ашық білім беру мекемесінің азаматтық- патриоттық
қызметінің үйлестіруші қызметін атқарады. Мұражай материалдары мұғалімдер үшін тәрбие
сағаттары, тарихи кештерді жүргізу, сабақ үрдісінде пайдалануда таптырмас құрал екені
сөзсіз. Мұражайдың негізгі міндеттерінің бірі жастарға патриоттық тәрбие беру. Патриотизмге
тәрбиелеудің негізгі көздеген мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер
ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-
намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Әрине бұған оқушыларды мек-
теп мұражайларындағы сақталған құжаттар, түрлі жәдігерлер, фотосуреттер, құнды деректер-
ді сөйлету арқылы және осы оқу ордаларында білім алған еңбек, өнер, мәдениет, денсаулық,
білім, өндіріс, спорт т. б. салалрда биік шыңджарға жеткен алдыңғы толқын ағаларымыздың үлгі
тұтарлық өмір жолдарымен таныстыру арқылы қол жеткізуге болады.
Бұған Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген өлең
шумақтары да дәлел болатын сияқты. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде бұрынғы өткен ата-
бабалрымыздың, ааалдымыздағы аға-апаларымыздың ерліктерін, өнегелі істері мен ел үшін
жасаған жақсылықтары, өткен еңбектерін дәріптеу- қазіргі кездегі басты мәселердің бірі.
Оқушылардың патриоттық тәрбиесі Қазақстанның әйгілі, ұлы адамдарының өмірлік іәрекеттерін
үлгі етуден басталуы тиіс. Өз өмірін қазақ жерінің құтастығын сақтап қалу үшін құрбан еткен
халқымыздың ұлы батырларының ерлігі болашақ жастарға үлгі, сабақ болуы тиіс. Мектеп
мұражайларында оқушылар туған өлке тарихы, мәдениеті, табиғаты, түрлі жәдігерлермен
құжаттардың түпнұсқасын табумен және т. б. мәліметтер мен деректерді іздестіру-жинақтау
жұмыстарымен, оларды сақтаумен, зерттеу істерімен айналысады. Негізінен білім ордаларының
ресми емес бөлімі ретінде мектеп мұражайларын еліміздегі мұражайлар желісінің ерекше
бөлігіне жатқызуға болады. Мектеп мұражайларын ашу кеңес өкіметі кезеңінде жалпы сипат
алды. Бұл кезеңде кеңес өкіметі мен коммунистік партияның сара саясаты, олардың ізбасарлары
комсомол мен пионер ұйымдарының табыстары мен жетістіктерін насихаттайтын құжаттар
мен жәдігерле мектеп мұражайларының басты экпозициясы болды. [ 3,6, 91] Ғылыми зерттеу
жұмыстары мен мәдени-ағарту саласының тарихын, құнды жәдігерлер мәдени мұраларды
жинақтаумен, сақтау, насихаттау жұмыстарымен айналыса отырып мұражайлар рухани-мәдени
және білімділік-тәрбиелік орасан зор әлеуетке ие. Осы ақпараттық әлеуетті тиімді пайдалану
арқылы патриоттық рухы асқақ, азаматтық сана-сезімі биік, рухани адамгершіліктері жоғары
құлға ретінде оқушы жастарға тәрбие беру мектеп мұражайларының басты міндеті және сонымен
қатар қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмысын, тағы басқа ұлтымыздың
мұраларынан айрылып қалмауға септігін тигізетін рухани-мәдени орынға айналып отыр.