Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет190/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: физическое воспитание, народные и национальные игры, национальная 

культура, развитие, личность.



Түйін  сөздер:  деншынықтыру  тәрбиесі,  халық  және  ұлттық  ойындар,  ұлттық  мәдениет, 

дамыту, тұлға.



Key words: physical education, national and national games, national culture, development, per-

sonality. 




273

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ РӨЛІ

М.З. Сейдина 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қ., 

moldir_03_87@mail.ru

C.К. Исмагулова 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қ., 

svetlana_isk@list.ru

 

Цифрлы  Қазақстан,  үш  тілде  білім  беру,  мәдени  және  конфессияаралық  келісім,  ин-



новация,  төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктеріне 

қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  даярлау  қоғамдық  сананы  жаңғыртудағы 

бәсекелік қабілетті арттыра түсті.

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  [1]: 

«

Қазіргі  таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелік  қабілетін  арттырса  ғана 



табысқа  жетуге  мүмкіндік  алады.  Бәсекелік  қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе 

жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. 

Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы 

еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен 

емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық, 

сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек»,-деп тұжырымдауы 

жаһандық нарықта ұлттың әлеуметтік-экономикалық дамуы қазіргі білім беру жүйесінің алдында 

инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселесін қойып отыр. 

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңында [2]: инклюзивті білім беру – ерекше 

білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар 

үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс», – деп түсіндірілуі қоғамдық 

сананы жаңғыртудағы инклюзивті білім берудің рөлін айқындай түседі.

Инклюзивті  білім  берудің  қазіргі  білім  беру  тәжірибесіне  қарқынды  кіруде  көптеген  қиын 

сұрақтар мен жаңа міндеттер туындады. Идеалды ережелерге сәйкес инклюзивті білім беру – 

ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуды қамтамасыз етуде кез келген баланың білім 

алуына мүмкіндік тудыратын жалпы білім беруді дамыту үдерісі болып табылады [3, 3 б.].

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда төмендегідей 

принциптерді басшылыққа алуы шарт [4]:

- Барлық балалар тұрғылықты жері бойынша мектептің білім беру және қоғамдық өміріне 

қосылу;


- инклюзивті мектептің міндеті - әрқайсысының қажеттіліктеріне негізделген жүйе құру;

-  инклюзивтік  мектептердегі  тек  мүгедектігі  бар  балалар  ғана  емес,  барлық  балалардың 

табысты болуы мен қауіпсіздікті сезіну маңыздылығын қамтамасыз етілуіне қолдау білдіру;

Аталған  принциптерді  қолдануда  маманның  кәсіби  дайындығы  мен  психологиялық 

дайындығы басты рөлді атқарады.

Кәсіби дайындық құрылымы:

- ақпараттық дайындығы;

- педагогикалық технологияларды игеруі;

- психология және түзету педагогикасының негізгі білімі;

- балалардың жеке айырмашылықтарын білуі;

-  мұғалімдер  сабақты  моделдеу  және  оқыту  үдерісінде  сабақты  өзгермелі  қолдануға 

дайындығы;

- әр түрлі даму бұзылулары бар балалардың жеке ерекшеліктерін білуі;

- оқытуда өзара кәсіби қарым-қатынасқа дайындығы.

Психологиялық дайындығының құрылымы:

- дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар балаларды эмоционалдық қабылдау (қабылдау-

қабылдамау);

- сабақ барысында түрлі бұзушылықтары бар балаларды қосуға дайындық (қосу-оқшаулау);

- өзінің педагогикалық іс-әрекетіне қанағаттанушылық.

Инклюзивті білім берудің келесідей басымдықтарға негізделеді [5, 18 б.]:

- Әр жас кезеңінің ерекшелігіне қарай баланың әлеуметтік бейімделуінің басымдылығы;

- Барлық жас сатысындағы үздіксіз инклюзивті процесі;




274

-  Білім  берудің  табиғатқа  сәйкестілігі  (кең  мағынада)  баланың  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

міндеттер мен әдістер, жалпы логикасын дамыту;

-  Басқа  адамдармен  өзара  іс-әрекет  жасау,  коммуникативтік  құзыреттілікті  дамыту 

басымдығы;

- Ерекше баланың отбасын жасанды оқшаулау және мүгедектілікке көну, алдын-алу. 

Инклюзивті білім беру – жалпы білім беру жүйесінің іс-әрекетін ұйымдастырудағы жүйелі 

тұғыр ретінде қарастырылатын ұзақ мерзімді стратегия [6, 4 б.].

Инклюзивті білім беру – білім беру мүшелерінің әлеуметтік қорғалуының жоғары деңгейіне 

қол жеткізуге ұмтылатын қоғамдағы әлеуметтендірудің перспективалық үлгісі болып табылады 

[7, 10 б.].

Сонымен, инклюзивті білім беру жүйелі түрде білім беру мекемелерінде жүргізілетін ұзақ 

мерзімді қарастырылатын қоғамдағы әлеуметтендірудің перспективалық үлгісі.

Қазіргі  Қазақстан  әділеттілік  және  адам  құқықтарын  сақтауда  халықаралық  ережелерге 

ұмтылатын мемлекет ретінде барлық балалардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім 

берудің  заңдарын  басшылыққа  алады  және  жүзеге  асыруда  бірнеше  бағдарламалармен 

қамтамасыз етеді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес 

арнайы және дамыту орталықтары әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырады. Осы 

ретте, инклюзивті білім беру елімізде тұрақтылық пен қалыптылықтың дамуы, әртүрлі қоғамдағы 

өзгерістерге адамның әлеуметтенуінің негізі болып табылады. 

Адамдардың әлеуметтенуі мен бейімделуі өмірлік жағдаяттар мен жеке тұлғалық қасиеттерге 

тәуелді  емес,  олар  білім  беру  жүйесімен  тығыз  байланысты  болатындығы  инклюзивті  білім 

берудің әлеуетін артыра түседі.

Инклюзивті  білім  беру  –  адам  және  оның  өмірінің  ерекшеліктері,  өмірлік  тәжірибені 

жинақтауынан  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  да,  мұның  барлығы  нақты  әлеуметтік-

экономикалық жағдайларда жеке-тұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. 

Инклюзивті  білім  берудің  қажеттілігі  оның  тереңдігі  мен  жылдамдығында  болғандықтан 

саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  мәселелерді  нәтижелі  шешуге  әсер  етеді.  Осы 

орайда, әлемде өзінің экономикалық және мәдени прогресімен инклюзивті білім беруге міндетті 

емес бір де бір мемлекет жоқ екенін айта кеткен жөн. Инклюзивті білім беру әр балаға оның 

білім беру ұйымының оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім 

алуға  құқық  береді.  Балалар  білім  беру  ұжымында  өзара  байланысқа  түсіп,  қарым-қатынас 

дағдыларын меңгереді, педагогтармен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін 

шешуді  үйренеді.  Инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  сенімін  оятып,  жеке-тұлғалық 

мүмкіндіктерін сәйкес адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, 

дамытуға жағдай жасайды.

Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары [8,12 б.]:

- ерекше қажеттілік  мәселені қоғамда түсіну;

- қатарластарымен қарым- қатынас;

- толыққанды білім беру;

- қоғамға кіріктіру және бейімделу;

- ерекше қажеттіліктері жоқ  балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу;

-  дамуы  шектеулі  балаларды  ерте  тексеру  және  түзету-  педагогикалық  қолдау  көрсету 

мекемелерінің көптеп ашылуы;

- балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен 

кіріктіру;

- әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау;

- дамуы шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету;

- дамуы шектеулі балаларды мектепке даярлау;

- ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы білім беру ұйымдарын 

техникалық құрал-жабдықтарымен толықтыру;

- инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.

Инклюзивті  білім  беруде  өзара  әрекеттестік  шешуші  рөлін  атқарады.  Мұндай  өзара 

әрекеттестік әр түрлі міндеттерді нәтижелі шешу және координациялауды анықтайды [9, 24 б.]:

-  дамуы  шектеулі  балалардың  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестен  өтуі 

және оларды білім беру үдерісіне қосудың, оның ішінде инклюзивті сыныптары үшін білім беру 

бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешенді таңдау шарттарын анықтау;



275

- оқушыларға арналған оқу құралдары мен дидактикалық материалдарды бейімдеу;

- жалпы білім беретін ұйым мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттырумен байланысты 

іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- бірігіп өткізетін іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру (оқыту және тәжірибелік семи-

нарлар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.);

- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті тәжірибесін мониторингілеу және бағалауды 

ұйымдастыру;

- координацияланған шешімдерді қажет ететін басқа да сұрақтар бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  көрсетілген  мақсатына  сәйкес  міндеттерді  жүзеге 

асыруда инклюзивті білім берудің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі айқын.

Қорыта келе, саяси, әлеуметтік-экономиканың орнықты дамуы үшін инклюзивті білім берудің 

қоғамдық  сананы  жаңғыртудағы  рөлі  адами  капиталды  дамыту  және  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет