знания, конкурентоспособность.
276
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА
ДАҒДЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қ.Қ. Тлеубаева
«Керней жалпы орта білім беру тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ.
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
tleubaeva_kk@mail.ru
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс әрекетін ұйымдастыру оқу
процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл білімді, әлеуметтік
және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен
болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді
де меңгеруге ықпал етеді. Бірінші сынып оқушыларын оқу әрекетіне бейімдеу, түрақты зейіні
мен жадын, логикалық ойлауы мен қызығушылығын тәрбиелеу [1], баланың жеке қабілеті мен
әлеуметтік белсендігінің дамуына жол ашу, өздігінен дамуға ұмтылатын тұлға қалыптастыру-
оқытушының міндеті. Бұл міндетті әр мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігіне байланысты іске
асырады. Оқу үрдісін ұйымдастырғанда оқушылардың тек қана есте сақтау қабілетін ескермей,
сонымен қатар олардың өз ойын жетілдіруге бағытталған тиімді әдістерді меңгеруіне жағдай
жасау керек [2].
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың
игерген материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі бақылау арқылы
оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда, жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды
жасайды. Өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін
жағдайлар жасау керек.
Математиканы оқытудағы ұсынылатын стратегиялардың бір түрі оқушыларды өз жұмыстарын
бағалауға және түзетуге ынталандыру [3].
1-сыныптың алғашқы жарты жылында жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру қолданылмайды,
себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренбеген. Бірақ өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың
оқу жұмысының маңызды элементі болып қала береді. Бірінші
сыныпты оқытудағы тиімді
әдістердің бірі-дидактикалық ойын. Егер бұрын біз ұсынған ойынның барысын, нәтижесін өзіміз
бақылап, бағалап отырсақ, қазір ол үрдісті оқушылардың өздері жүргізгені ұтымды екені анық.
Бұл шартты орындауда алтыжасар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Бала
мұқият қарау арқылы тиісті әрекет жасайды, өзі қабылдаған нәрселерін эталонмен байланысын
бақылайды [4].
Дидактикалық ойынды ұйымдастырғанда ойын барысын да, нәтижесін де оқушылар өздері
бақылайтындай етіп жағдай жасау керек. Мысалы «Дәл осылай жаса» ойыны.
1)
Үшбұрыштардан төртбұрыш құрастыр: (1 сурет. а, б)
1
сурет (а)
Үшбұрыштардын шырша құрастыр:
1 сурет (ә)
Бұл тапсырмаларды оңай өзгертуге болады.Үлгі бойынша орындау «Ою-өрнек құрастыр»
[5].
277
Ең маңыздысы оқушылар өздерінің жұмыстарын дұрыс үлгімен салыстырып, өздерінің
әрекетін бақылай алады және бағалайды. Бақылау әдісін түрлендіріп, өзара тексеру
ұйымдастыруға болады.
Сабаққа дайындаған түрлі тапсырмалары бар карточкалармен жұмыс жасап, бақылау әдісі
тиімді. Әр жұпқа өрнектер жазылған карточкалар беріледі. 5+2, 7-3, 4+5, 9-3, 6+4, 10-5,
5+1...
Мұғалім тапсырманың шартын және өзін өзі бақылау әдісін хабарлайды: бір өрнектің мәні
екінші өрнектің басы болатындай жазылған.
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны.
Мақсаты:
Балаларды
бөлшектерден
бүтін
бір
зат
құрастыруға
үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды.
Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды,
құрастырылған шаршының түсін айтады. Әрбір бала өзі жеке жинайды, дұрыс құрастырған
баламен жұмысын салыстырып өзін бағалай алады.
«Бақылаушы сан» ойыны.
Оқушылар өрнек жазылған карточкалар алады: 2-1, 4-1, 0+3, 2+1, 7+7
Өрнектерді шығарып, оқушы өзін бақылай алады - барлық өрнектердің мәндерінің қосындысы
10-ға тең.
Тақтадағы қалташаға белгілі ретпен фигуралар қойылады:
Оқушылар үлгіге қарап, фигураларды көрсетілген ретпен өздері орналастырады.
Тапсырманы орындап болған соң, фигураларды сол тұрған орнынан ауыстырмай аударуын
сұраймын. Фигураның арғы жағында әріптер жазылған. Дұрыс қойған оқушы баланың есімін
оқиды (Саян).
Бұл дидактикалық ойындарды сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Әсіресе қиын
тапсырмадан кейін берілген бұл ойындар, оқушының белсендігін арттырады. Әр ойында өзін-
өзі бақылаудың элементі бар.
Қазіргі 1-сыныптың дайын жұмыс дәптерлерінде түрлі жұмыстар қарастырылған. Оларды
орындау барысында қиыншылықтары мен жетістіктерін оқушы өзі байқап қорытынды жасауы
қажет. «Еркін микрофон» әдісінің ұтымды жақтары көп және жиі қолданатын «Бағдаршам» әдісі
бақылау, бағалау дағдыларының қалыптастыруға жағдай жасайды.
Білім
мен
дағдыны
бақылау
мен
бағалаудың
маңызы
зор.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда
оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң
өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік,
дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың
өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады
.
Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында жазбаша өздік жұмыстар және жазбаша
бағалауды да қолдана бастаймыз
.
Өзіндік жұмыс барысында әр оқушы жоғары деңгейге ұмтылады. Барлық оқушылар жұмысын
бір мезгілде бастап, білім игеруде әркім өз биігіне жетеді. Білім сараланады: нені түсінді, нені
түсінбей қалғаны ашылады. Тренинг түрінде өткізген сабақтарымның ұтымды жақтары: оқушы
өз ойын айтуға дағдыланады, өзін-өзі бақылап, қатесін тауып түзетіп, өзін-өзі бағалау дағдылары
қалыптастырады. Оқушы өзін-өзі дұрыс бағалау үшін сабақтың соңына10 минут қалғанда өзіндік
жұмыс орындауын тоқтатып, әр тапсырманың шешу жолдарын талдап, тексереміз. Оқушы өзі
бақылаушы, тапсырманы дұрыс орындаған оқушы шешу жолы мен жауабын айтады, басқалары
өз жұмыстарын қарап отырып, қателерін түзетеді немесе
бір оқушы тақтаға шешуін жазады.
Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.
278
«Есептер» тақырыбы
Тапсырма
Өз жауабы
Түзеткен жауабы
1. Қай нұсқада тек қана есептің шарты берілген?
а) Ағашта 4 торғай және 3 қарға отыр.
б) Ағашта 4 торғай және 3 қарға отырған. Ағашта барлығы неше құс
отыр.
в) 4+3=7 (құс)
1.
Схемаға сәйкес сұрақты таңда
Жауқазын Қызғалдақ
?
а) Қанша гүл сатылды?
б) Барлығы қанша гүл?
в) Қанша қызғалдақ солып қалды?
2.
Айшаның 6 алмасы бар, бұл Асылдың алмасынан 2-і кем.
Асылда неше алма? Дұрыс шешуді таңда.
а) 6+2=8
б) 6-2=4
в) 6-1=5
Өзіндік жұмыс бақылау тренинг ретінле өткіземін. Тапсырмалар тиісті тақырыптарға
дайындалады. Бұл жерде бастысы бала өздігімен жұмыс жасап өзін өзі бақылайды және
бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: