Ключевые слова: запретные слова, медицинская сфера, возрастной состав ребенка,
воспитание ребенка, труды ученных, практическая часть.
Keywords: forbidden words, medical sphere, age composition of the child, child education, works
of scientists, practical part.
346
1 қосымша
347
2
қосымша
*
Тыйым сөздердің медицина көзқарасыжағынан жасалғанзерттеу жұмысының жауаптары
мүмкін болатындай етіліп көрсетілген.
№
Тыйым сөздер
Дәстүр танымы
*
Медицина көзқарасы
1. Саусақ, қолды
орынсыз ауызға
салуға болмайды.
Әдепсіздік белгісі.
Түрлі ауру шақыратын
микробтар ауызға түсуі мүмкін.
2. Үйге қарай жүгіруге
болмайды.
Бұл балаларға «жамандық шақырма»
деген ескерту болады.
Үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз
адамдар бар, елді үркітпе,
қорқытпа дегені.
3.
Қыз бала шашын
жайып жүрмейді.
Ата-баба салтында тек жақыны қайтыс
болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі
таңдағы қыз балалардың шаштарын
жалбыратып жайып жүргені әдептілік
емес. Жиналған, өрілген шаш адамды
ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға
да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ
дайындағанда басына міндетті
түрде орамал байлауы қажет.
Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі
мүмкін.
4.
Әлем-жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру
сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет.
Әрі қыздардың денсаулығына
да зиян. Бүйрек аурулары,
гинекологиялық аурулар пайда
болуы әбден мүмкін.
5.
Барып, қайтар
жолдың уақытын
кесіп айтуға
болмайды.
Бұл астамшылық, күпірлік болады.
«Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар
жердің дәмі тартса» деп нысаппен
сөйлеу керек.
Қазіргі кезде болып жатқан
көптеген автокөлік оқиғалары
осындай қарапайым жол жүру
қағидаларын ескермегендіктен
деп ойлаймын.
6.
Бас киімді тебуге,
лақтыруға, теріс
киюге болмайды.
Жақсылықтың барлығы адамның
маңдайына жазылады деп есептеледі.
Сондықтан бас киімнің орны ерекше.
Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты
ұстап, төрге іледі.Бұл – тазалық
сақтау белгісі.
7.
Ыдыста беті ашық
қалған тағамды
жеуге болмайды.
Беті ашық қалған тамақты «сайтандар
аралап кетеді» деп, та-мақтың беттерін
жауып жүру керек.
Өйткені зияңкестер, жәндіктер
түсіп кетуі мүмкін.
8.
Сыпырғы, күрек,
айыр, балғаның
басын жоғары қа
-
ратып қоймайды.
Ертеректе бұл – «ұстайтын кісі жоқ»
деген мағынаны білдірген. Сондықтан
бастарын төмен қаратып қою керек.
Адамның денсаулығына қауіп-
қатер тиіп кетуі мүмкін.
9.
Есікті тебуге
болмайды.
Жау келгенде ғана есікті теуіп келген.
Бүгінгі таңда есікті теуіп кіру – аса
көргенсіздіктің белгісі.
Егер есіктің ар жағында адам
не бала тұрса, ол жарақаттанып
алуы мүмкін.
10.
Суға түкірмейді.
Өйткені су, ауа, күн, от сияқтылар
адамзатқа қажетті құндылық. Оны
сақтауға міндеттіміз.
Адам түкірігінде көптеген зияң
микробтар болуы мүмкін.
11.
«Үйге кірген
жыланды өлтірме»
Жылан үйге кіріп кетсе басына айран
немесе сүт құйып шығарады. Бұл
халқымыздың тірі жәндікке қиянат
жасамайтын кеңпейілділігінің белгісі.
Үйге кіріп кеткен жылан адамды
шағып алуы мүмкін, оның
тілінде у болуы мүмкін.
12.
Қарлығаштың ұясын
бұзба.
Ата-бабаларымыз міндетті түрде «өрт
шығады, апат болады» деп, құстардың
ұяларын бұзғызбаған. Сол сияқты
бозторғайды да, киелі құс деп ескерткен.
Табиғат заңына байланысты,
егер де апат не құйын, т.б. да
табиғат құбылыстары болса,
құстар, жәндіктер, т.б. құрт-
құмырсқалар өз мекендерінен
қашып, тыныш жер іздейді.
Олар солай адамдарды
ескертеді. Яғни құстар адамды
аман-есен алып қалуы мүмкін.
348
13.
Бақаны өлтірме
.
«Жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген.
Медицинада бақаның терісінде
адамға қажетті көптеген
биологиялық белсенді заттар
бар дейді. Ертеде бақаны сүттің
бетін қойса, сүт көпке дейін
бұзылмайды екен. Және халық
медицинада бақаны көптеп
пайдаланады екен [5].
14.
Сыпырғышты
тігінен қойма,
сыпырғышпен
адамды ұрма.
Ертеректе бұл – «ұстайтын кісі жоқ»
деген мағынаны білдірген. Сондықтан
бастарын төмен қаратып қою керек.
Сыпырғышпен ұрған кезде, адам
жаманшылыққа ұшырайды деген.
Үйді сыпырып, тазалауға
арналған құрал болғандықтан,
онда шаң-тозаң, әртүрлі шанды
микробтар болуы мүмкін. Оны
тігінен қойсаңыз, шаңы қайта
еріліп, ауаны ластайды.
15.
Пышақпен ойнама,
жүзін жалама,
пышақты қырынан
қойма.
Пышақ өткір қару қызметі. Ойнасаң
қолынды кесесің, жүзін жаласаң, тіліңді
кесесің, дұрысы – тыйым қойып, тегіңе
жарат дегенді меңзейді.
Адамның денесіне зиян келеді
делінген.
16.
Күн шыққанша
жатпа.
«Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
ерте тұрған елдің бір ісі артық» дегенге
жақын ұлағатты сөз.
Көп ұйықтаса, басы ауырады,
күні бойы адам меңзең болып
жүреді, денсаулығына әсер
тиеді.
17.
Мал сауылып
жатқанда, иесімен
амандаспа
.
Бөтен адамның оқыстан шыққан
дауысынан иіп тұрған мал исініп
кетеді, немесе шошып жүріп кетеді,
бауырындағы адамды құлатады, сүтті
төгеді т.б.
Біреудің дауысынан мал
шошып, адамды басып
жарақаттап алуы мүмкін.
18.
Судың бетін жауып
қой.
Судың бетіне шаң-тозаң түспесін деген. «Судың да сұрауы бар» деген,
сондықтан судың бетін жауып
жүру керек. Тазалықтың кепілі.
19.
Аяқ-қолды жіппен
байлауға болмайды.
Себебі бұл қол-аяғы байланған
тұтқынды еске салады.
Жіппен байлаған кезде, аяқ-
қолдың тамырлары кесіліп кетіп,
адам көп қанннан айырылуы
мүмкін. Бұл адам өміріне өте
қауіпті.
20.
Басты шайқауға,
тісті қайрай беруге
болмайды.
Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана
осылай істейді.
Басты көп шайқай берсе, басы
айналып, адам есінен танып
қалуы мүмкін. Ал тісін қайрай
берсе, тістері түзеу болмай,
қисық өсуі мүмкін.
21.
Адамға қарай
түшкіруге, түкіру
-ге
болмайды.
Бұл қылықтардың барлығы әдепсіздік
болып саналады.
Адам түкірігінде көптеген зияң
микробтар болуы мүмкін.
22.
Екі езуді керуге
болмайды.
Себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
Егер езуін көп керіп жүрсе, аузы
үлкейіп кетуі мүмкін.
23.
Екі қолды төбеге
қойып отыруға
болмайды.
Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана
екі қолын төбесіне қойып отырады.
Адамның төбесінде көптеген
жүйке тамырлары бар,
сондықтан адам басын сақтап
жүру керек.
24.
Жақты таянбайды.
Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам
ғана жағын демеу етіп, таянады.
Жақты таянған кезде, тістің
өсуіне әсер тиеді, тістері түзеу
болмай, қисық өсуі мүмкін.
25.
Өтірік жылауға
болмайды.
Бұл – қайғы-қасірет шақыратын жаман
ырым.
Көп жылау адамның жүйке
жүйесіне әсер етеді, ол
психологиялық және
физиологиялық ауруларға алып
келуі мүмкін.
349
26.
Таңдай қағуға
болмайды.
Үй ішінде таңдай қаға беру –
жаманшылық (өлім-жітім) шақыру
белгісі.
Көп таңдайын қағып жүрсе,
таңдай өте нәзік, жұқа тері
мүшесі, сол себепті адамның
таңдайына қауіп болуы мүмкін.
27.
Түнде айнаға
қарамайды.
Адам түнде айнаға қарағанда қатты
шошынуы мүмкін.
Түнде шошыған адамның
жүйкесіне әсер тию мүмкін.
28.
Түн ішінде тырнақ
алмайды
, тырнақты
тістеуге болмайды.
Ырыс-несібе кетеді.
Бұлай еткенде қол кесіліп кетуі,
тамаққа тырнақ ұшып түсуі
мүмкін.
29.
Тізені, табанды
тартуға болмайды.
Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен
табанды тартады.
Адам аяғында сіңір бар, егер
тізе, табанды тартса, сіңір
тартылуы мүмкін.
30.
Ішекті тартуға
болмайды.
Жаманшылық шақыру белгісі болып
саналады.
Адамның ішкі асқазанына әсер
етуі мүмкін.
31.
Шелектегі суға
ауызды батыруға
болмайды.
Бұл – әдепсіздік белгісі.
Адам түкірігінде көптеген зияң
микробтар болуы мүмкін, сол
себепті барлығы қолданатын
суға ауызды батыруға болмай-
ды.
32.
Түнде суға баруға
болмайды.
Ал бара қалған жағдайда «Су иесі
Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп,
суға үш рет кесек лақтырып барып алған
жөн.
Өйткені қорқып, шошыма
ауруына ұшырауы мүмкін.
33.
Екіқабат әйелге ара,
қайшы ұстатпайды.
Бұл – қауіп-қатерге алып келуі
мүмкін.
34.
Екіқабат әйел
керілген арқаннан
аттап өтпейді.
Өйткені босанған кезде баланың кіндігі
мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
Өзіне де, баласына да қауіп
түсуі мүмкін.
35.
Екіқабат әйелге
түйе етін жеуге
болмайды.
Әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер
ол 12 айда да тумайтын болса, бураның
мойнына ақ мата салып, содан аттап
өтуі керек.
12 айда бала іште өсіп кетсе
бала басы мен әйел жамбас
өлшемдері сәйкес келмей
қалады да бала өздігінен туы-
ла алмайды, бұл өте қауіпті,
тұншығуы мүмкін.
36.
Екіқабат әйел қоян
етін жемейді.
Баласы қоянжырық болып туады.
Бұл ырымдалып айтылған,
медицинада қарастырылмаған.
37.
Қызға құйымшақ
жегізбейді.
Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп
санайды.
Бұл ырымдалып айтылған,
медицинада қарастырылмаған.
38.
Түн ішінде кір
жаймайды.
Ырыс-несібе кетеді.
Өйткені әйел қорқып, шошыма
ауруына шалдығуы мүмкін.
39.
Бала қырқынан
шыққанша, түнде
алып жүрмейді.
Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі
мүмкін.
Бала қорқып, шошыма ауруына
шалдығуы мүмкін.
40.
Нәрестенің бетіне ай
сәулесін түсірмейді.
Ай толған кезде адамға қауіпті әсер
болады.
Ай сәулесі бетіне түссе, ол
ауруға шалдығады.
41.
Бөтен адамға бас
киім бермейді және
айырбастамайды.
Адам басы кемиді деп санайды.
Біреудің бас киімін киюге
болмайды, бұл гигиеналық
норма, әр адамның өз заты
болуы керек.
42.
Көпшіліктің алдында
жалаңаш-жалпы
жүруге болмайды.
Бұл әдепсіздік болып саналады.
Денсаулығына әсер тию мүмкін.
43.
Кір киімді киюге
болмайды.
Бұл әдепсіздік болып саналады.
Киімді әрқашан таза және
ұқыпты ұстаған жөн. Бұл
гигиеналық норма.
350
44.
Қолды жумай, тамақ
жеуге болмайды.
Тамақ жеудің алдында және соңында
қонақтардың қолына жылы су құйылады.
Қолға су құю оң жақтан солға қарай
орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір
саусағын жеке-жеке жуады.
Бұл гигиеналық норма.
Жуылмаған қолда көптеген
микробтар болады.
45.
Тамақты асығып
ішуге болмайды.
Тамақ ішер алдында «Бисмилаһи
раһмани рахим» деп нанды сындырып,
ауыз тигеннен кейін басқа тағамды
жейді. Бұл сөз «Мейірімді Алланың
атымен бастаймын» деген сөз.
Асығып ішкен тамақ, асқазанда
тез қорытылмайды, ішегінде
тұрып қалуы мүмкін. Адам
денсаулығына әсер тиеді.
46.
Ыстық тамақты,
шайды үрлеп
суытпайды.
Тамақтың құты кетеді.
Ыстық тамақ, шайды үрлеген
кезде бетін күйдіріп алуы
мүмкін, сол себепті біраз
суығанша күту керек.
47.
Тамақты немесе
шайды өте ыстық
немесе салқын
күйінде ішуге
болмайды.
Тамақты аз-аздан алып, асықпай
шайнап жейді.
Ыстық тамақ не шай асқазанға
барған кезде көптеген ауруларға
апаруы мүмкін, сол себепті
суытылған тамақ, шайды ішіп
жеу керек.
48.
Тамақты шынтақтап
жатып, түрегеп
тұрып немесе тым
еңкейіп отырып
жеуге болмайды.
Тамақты отырып жеген дұрыс.
Дұрыс отырып желінбеген
тамақ асқазанда көпке шейін
қорытылмайды.
49.
Бейіт басында
немесе жанында
жеуге болмайды.
Ал көшеде, базарда, көлікте
мүмкіндігінше көпшіліктің назарын
аудартпай тамақтанған дұрыс.
Далада жеген тамаққа шаң-
тозаң түсіп кетуі мүмкін.
50.
Жуылмаған
көкөністер мен
жеміс-жидектерді
жеуге болмайды.
Өйткені жуылмаған тамақтан адам
ауруға ұшырайды.
Бұл антисанитария.
51.
Тамақ жеп отырған
адамды орнынан
қозғалтпайды.
Әдепсіздік болып саналады.
Тамақ ішіп отырған адамға бөгет
жасауға болмайды, тамақ дұрыс
қорытылмай, асқазанға ауыр
тию мүмкін.
52.
Күл төгілген жерді
баспайды.
Себебі барлық жаманшылық күлмен
кетеді, оны басу сол жаманшылықты
үйіне әкелгенмен бірдей.
Төгілген күл әлі сөнбей, ыстық
болып, күйіп қалуын мүмкін.
53.
Отқа түкірмейді.
Өйткені су, ауа, күн, от сияқтылар
адамзатқа қажетті құндылық. Оны
сақтауға міндеттіміз.
От – қауіпті. Күйіп қалуын
мүмкін.
54.
Отты су құйып
өшірмейді
.
Өйткені қайта тұтатуға қиын болады.
От – қауіпті. Күйіп қалуын
мүмкін.
55.
Отты шашуға, атуға,
басуға болмайды.
Отбасының берекесі кетеді.
От – қауіпті. Күйіп қалуын
мүмкін.
56.
Қасты жұлуға
болмайды.
Шариғат бойынша адам баласына
қас жұлуға тиым салынған. Өйткені
шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін
қас жұлу дұрыс емес[6].
Дәрігерлер анықтағандай,
қастың әрбір тал шашы
мидіңқастың әр талын жұлған
кезде мидің бір бөлшегі өледі
деген. Нәтижесінде, өз-өзіне
зиян жасап жүргендей боласын
[7].
351
Достарыңызбен бөлісу: |