МЕКТЕПТЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.Абишев
Жамбыл облысы Т.Рысқұлоа ауданы
Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі
Табыстың кілті – білімде. Ол – бірегей жетістіктердің қайнар көзі. Мемлекетіміз алға қойған
стратегиялық бағыттардың жүзеге асуы үшін оқушыларымыз білімді және бәсекеге қабілетті
болуы қажет. Қазіргі мектептерде қойылып отырған талап – әлемдік стандарттарға сай жаңа
сапалы деңгейде білім беруге қол жеткізу. Ол үшін заман ағымына сай талаптарға саналы түрде
бейімделуге бет бұру қажет. Білім саласындағы реформаларды табысты жүзеге асырып, игілікті
істерменен нәтижелі жұмыстар атқару – әрбір педагогтардың міндеті[7]. Елбасы «Қазақстан –
2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында
білім және ғылым шыңына жетудің жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынды.
Жаңа стратегиялық жоспардың төртінші бағыты білім саласына бағытталған. Мемлекет
басшысы білім саласы қызметкерлеріне оқыту әдістемелерін жақсарту, өңірлік мектеп
орталықтарын құру, білім берудің онлайн – жүйелерін белсене дамыту, қашықтықтан оқыту
және отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды
енгізуді міндеттеп отыр.
Ғылыми тұрғыдан жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бірнеше қажеттіліктер болады. Ең
алдымен, ұлттық білім деңгейі. Бұл жағынан алғанда біз әлемдік тізімнің жоғарғы сатысында
дәлірек айтсақ, екі жүзден астам мемлекет енген тізімде алғашқы жиырмалықтың қатарындамыз.
Демек, алғашқы қолжетімділіктің негізі өзімізде бар. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жүзеге
асыру мектеп табалдырығынан бастау алады. Сондықтан оқу – тәрбие, шығармашылық ізденіс
жұмыстарды ғылыми негізде жоспарлауға зор көңіл бөлдік. Мемлекет жоспары, көреген көз,
сыни талдаудың дәрежесіне қарай дамып, өркендейді. Білім саласының дамуы да жоспарлы
жұмыс, нәтижелі көрсеткіш және болжамды стратегияға тікелей байланысты. «Ел болу үшін,
әуелі бесігіңді түзе», - деген даналық сөз тегін айтылмаған[6].
Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау үдерісі. Кез
келген қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтижесі болжаудың
әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын –
ала қарастыруға мүмкіндік береді.
Болжамның өзі атқарылған жұмыс нәтижесінің көрсеткішінен туындап отырады:
1.
Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу
тәсілдерін толығымен жазылды.
2.
Екіншіден, жоспарларда жауапты адам, мерзімі өтілетін жері толығымен көрсетілді.
3.
Үшіншіден, жоспардың білім субьектілерінің арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал
екендігін және ол ұжымға жаңа технологиялық білім туралы ақпарат беру қызметін атқаратын
пед. ұжымға түсіндірілді.
4.
Төртіншіден, білім сапасының артуы үшін жоспарларға болжау жасалынды.
Осының нәтижесінде оқу – тәрбие жоспарларының көрсеткіштері арқылы білімдегі сапалы
өзгерістер және жеке мұғалімнің кәсіби даму қарқыны туралы мәліметтерді жиналды. Жоспар
жасалу барысында түзетулер мен толықтырулар, ұсыныстар енгізілді. Оқу-тәрбие жоспары не-
гізінде әрбір аптаның жоспары құрылып, оған талдау жасалып, шешім шығарылды. Әрбір айдың
басында өтілетін әкімшілік отырысында өткен айдағы атқарылған жұмыстарға мониторинг
жүргізіліп, талдау жасалды. Орындалмай қалған жұмыстардың себебі анықталып, түсініктемелер
алынды. Жыл бойы жүргізілген жұмыстардың жоспары мен талдауы жинақталып, ақпараттық
жүйеге көшірілді. Мектепішілік бақылау жоспарындағы зерделеу мен тексерілетін жұмыстардың
орындалуы педагогикалық кеңес, директор алдындағы кеңес, ғылыми әдістемелік кеңес,
сынып жетекшілерінің бірлестігі және әкімшілік отырысында қаралды. Айдағы атқарылатын
оқу-тәрбие жоспары әдістемелік кабинеттегі арнайы тақтаға ілінді. Директор алдындағы кеңес,
педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелерді тексеру мен зерделеу туралы бұйрықтар арнайы
стендерге алдын-ала ілініп таныстырылды. Апталық жоспардың орындалуы әрбір дүйсенбі
күндері әкімшілік отырысында, директор алдындағы кеңестегі мәселелер әрбір айдың соңғы
аптасының дүйсенбі күндері, ал педагогикалық кеңестегі мәселелердің оқу тоқсанының каникул
күндерінде қаралып отырды. Ал ғылыми әдістемелік кеңес, сынып жетекшілерді бірлестігі,
355
мектеп директоры орынбасарлары алдындағы отырыстар жоспарларына сәйкес орындалды.
Әкімшілік отырысындағы мәселелер №1 қосымшада, директор алдындағы кеңесте
мәселелер №2 қосымшада, педагогикалық кеңесте көрсетілген мәселелер №3 қосымшада
көрсетілген.
Мектептің ғылыми әдістемелік кеңесінің басшылығымен оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми
шығармашылық іс–әрекетін дамыту мақсатында курстар ұйымдастырылған. «Өнертапқыштық
пен ғылым жетістігі» тақырыбындағы курсқа математика – жаратылыстану пәндеріне ике-
мі бар оқушылар қамтылған. Үйірменің мақсаты: Оқушыларға мемлекетіміздің тұрақты дамуы
үшін білімнің, ғылыми жұмыстың маңызы зор екендігін түсіндіре отырып, әрбір оқушының
шығармашылық ізденісін, дарындық қабілетін қалыптастыру. Үйірмедегі жоспарланған
жұмыстың орындалуын мұғалімдер бақылап, өздері басқарады. Мұнда әлемдегі ұлы ғалымдар,
ашылған өнертапқыштың ғылыми жаңалықтары және оның ашылу тарихы зерттеледі. Оқушылар
өздерінің үйірмеде алған білімдерін практикалық жүзінде қолдану мақсатында ғылыми жобалар
жазып, жасаған өнертапқыш жұмыстары бойынша көрмелер ұйымдастырады. Бұл үйірмеде
қаралатын мәселе №1 кестеде қамтылған.
«Гуманитарлық ғылымдардың жетістігі» тақырыбында ұйымдастырылған курсқа қазақ тілі
және әдебиет пән бірлестігі жетекшілік етті. Үйірмеде әлемдегі кереметтер мен қасиетті жерлер,
еліміздің ғажайптары, Қазақстанның тарихи тұлғалары, үш тұғырлы тілді меңгеру – ғылымға
жол ашу т.б мәселелер қамтылған. Аталған курсқа гуманитарлық бағытта пәндерге байланысты
мамандықты таңдаған оқушылар тартылған. Толық мәтіні №2 кестеде көрсетілген.
Ал «Білім, ғылым жетістіктері өндірісте» тақырыбында үйымдастырылған курс жұмысына
барлық педагогтер қамтылған. Үйірменің мақсаты – мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз
етуде әрбір педагогтің саяси-экономикалық және кәсіптік білім деңгейін көтеру. Өтілген тақырып
бойынша мұғалімдердің білім деңгейі ай сайын талданып, рейтингі шығарылып, өздеріне
таныстырылды. Жыл соңында бұл жұмыстың қорытындысы шығарылып, үздік мұғалімдер
марапатталды. Ал төмен деңгейдегі мұғалімдер мектепішілік бақылауға алынды. Бұл үйірмеде
білім берудегі инновация, Назарбаев университеті, ғылымды инвестициялау, энергияның
балама түрлері, инвестициялық жобалар туралы т.б. ғылыми жұмыстар талданды. Толық мәтіні
№2 кестеде көрсетілген [3].
Аталған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білімге, ғылымға деген қызығушылықтары
артып отыр. Мектеп оқушыларының негізгі пәндерден орташа білім сапасы 79,2%, ал оқыту
сапасы 72 % құрайды. Дарынды 80 оқушы және кәсіптік білім деңгейі жоғары 38 мұғалім
мемлекетіміздің алға қойған міндеттерін орындауда басқа оқушыларға үлгі болып отыр.
Педагогикалық ұжымның алға қойған міндеті жаңа педагогикалық технология бойынша
оқытудың күрделі дидактикалық, әдістемелік міндеттерін шешу. Инновациялық бағытта жұмыс
істейтін мұғалімдер саны ұжымның 75% құрайды. Бұлар - оқытудың жаңа технологияларын
әртүрлі деңгейде меңгерген, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен жүргізудің катализаторлары.
Мектебімізде оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бағалау рейтинг-тест жүйесі арқылы іске
асырылып жатыр. Мектепте 1 мультимедиялық кабинет бар, онда 17 компьютер орнатылған.
Олардың интернет арқылы білім кеңістігіне шығуына мол мүмкіндіктері бар. Екі компьютер сы-
ныбы бар, онда 35 компьютер орналасқан. Барлығы 66 компьютер мұғалімдер мен оқушыларға
үзбей қызмет атқарады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілетіне қарай
талап – тілегін қанағаттандыратын білім дағдысына қойылатын міндетті және мүмкін деңгейіне
сай жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды:
1)
Оқушыларға жалпылама емес, терең де тиянақты кәсіби мамандандыру бағытындағы
білім беру .
2)
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу.
3)
Ақпаратты білім беру әдістерін толығымен пайдалануға мүмкіндік жасау.
4)
Білім мен ғылым салалары арасындағы байланысты нығайту.
5)
Мұғалімнің теориялық және педагогикалық даярлық деңгейінің жоғары болуын
қалыптастыру [1].
Осы жүргізілген жұмыстар мектептің оқу–тәрбие үрдісіне, білім сапасының артуына,
мұғалімдердің кәсіби ізденушілік қасиетінің өсу деңгейіне оң нәтижесін берді.
Оған дәлел - мектеп 2017 – 2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын рейтингілеудің
қорытындысы бойынша аудан көлемінде - 1 орын, ал соңғы 3 жылда ретімен 1,2,3-орындарды
иелендік. Озат және екпінді оқушылар 72 % білім сапасын көрсетті.
2017 жылы облыстық «Жас балғын» зерттеуші байқауында 4 сынып оқушысы Ғазизұлы
356
Жеңіс 1 орынды жеңіп алды, ал 2015- 2016 жылдары Рашид Салтанат, Күнбасова Жансая
облыстық байқауда жүлдегер атанды. Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар
мен зерттеу жұмыстары байқауында 2016 жылы 6 сынып оқушысы Кеңесбай Бақдәулет
математикадан 1 орын, 2017 жылы 5 сынып оқушысы Дауылбай Нұрай математикадан 1 орын,
2018 жылы 5 сынып оқушысы Айткен Дәурен экологиядан 1орынды иеленді. Облыстық ғылыми
жоба байқауында 9 сынып оқушысы Нақысбек Қызғалдақ 2017 жылы тарих пәнінен 3 орын, ал
2018 жылы Нақысбек Қызғалдақ пен Төленбай Жанерке математика пәнінен облыста 3 орынға
иеленіп, Республикалық байқауда жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016
жылы қазақ әдебиетінен 9 сынып оқушысы Ерболқызы Дамира облыстық байқауда жүлделі 3
орынды иеленген болатын. Қашықтықтан пәндер олимпиадасына оқушылар мен мұғалімдер игі
жетістіктерге жетті, мектеп командалық есепте соңғы 5 жылда аудан көлемінде тек 1-орынға
ие болып жүр. Республикалық мектеп директор байқауының жеңімпазы Айткен Әбішев,
Республикалық «Үздік психолог» байқауының жеңімпазы Аманқұлова Айман, Республикалық
Авторлық бағдарлама байқауының жеңімпаздары Айткен Әбішев, Әміреқұлова Гүлшат,
Өскенбаева Гүлнара, Республикалық «Үздік мұғалім» байқауының жеңімпазы Ташкеева Толқын,
Аманқұлова Айман, облыстық химимя пән олимпиадасының 2 орын иегері Жүнісханқызы Гүлжай,
8 сынып Алгебра оқулығының есептер жинағының авторы Есхожаева Бақыт, облыстық авторлық
бағдарлама байқауының жүлдегерлері Тулеева Кенжекүл , Бидайшиева Бақыт, Тәтібекова
Айнұр және Республикалық математика пәнінен қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Асипов
Думан бастаған мұғалімдер инновациялық бағытта жұмыс істеп, әріптестеріне үлгі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектептің жұмыстық
оқу жоспары инновациялық негізде жасалды. 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптарда оқушылардың білімін
критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Барлық сыныптарда электронды журналдар қолданысқа
енді.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдардың
дамуының нәтижесінде зор жетістікке жетті, өндірістің барлық салаларында жаңа инновациялар
өз жемісін беруде.
Қорыта айтқанда, Қазақстан мемлекеттік және ұлттық дамудың жаңа сапалық деңгейіне
көтеріліп келеді. Бұл орайда барлық мүмкіндіктер іске қосылуда. Осы арқылы әрбір адамның
жеке дамуына алғы шарттар қаланған. Қазір елімізде қолға алынған істер аса ауқымды.
Осынау ауқымды іске әрқайсымыз үлесімізді қоса білуіміз керек. Ғылым мен техниканың
жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда оқушылардың ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, қабілетін, талаптық дамыту – мектептің басты міндеті. Мемлекет білім сапасы
қызметкерлеріне зор міндет жүктеп отыр. Еліміздің тұрақты түрде дамуы біздер білім беріп,
тәрбиелеген оқушыларға және интеллектуалды ұстаздарға байланысты[2].
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың «Адами капитал-жаңғыру негізі» атты жетінші міндеті
педагогтерді еліміздің жаңғыру жолындағы жарқын істерге жұмылдырып отыр. Жаңашылдыққа,
үнемі ізденіске ұмтылу кез-келген пән мұғалімінің өмірлік ұстанымы болуы керек. Жаңартылған
білім беру мазмұнына негізделген жаңа жүйеде педагогтер заман көшінен қалмай, бәсекеге
қабілетті маман болуы үшін білімнің көкжиегін кеңейте беруі керек. Себебі, адами капитал–
қоғамның ажырамас бөлігі, мемлекет дамуының негізі. Қазақстан мемлекеттік және ұлттық
дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп келеді. Бұл орайда барлық мүмкіндіктер іске
қосылуда, әрбір адамның жеке дамуына алғы шарттар қаланған. Қазір елімізде қолға алынған
істер аса ауқымды. Осынау ауқымды іске әрқайсысымыз үлесімізді қоса білуіміз керек. Ғылым
мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда оқушылардың ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып, қабілетін, талантын дамыту – мектептің басты міндеті. Еліміздің
тұрақты дамуын қамтамасыз ететін педагогтер мен бәсекеге қабілетті оқушылар көбейе
берсін[5].
357
Достарыңызбен бөлісу: |