Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет256/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: информационно-коммуникационные технологии, стратегический ресурс, 

формирование познавательной мотивации, Интернет ресурсы. 



Түйін  сөздер:  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  стратегиялық  ресурс, 

танымдық мотивацияны қалыптастыру, Интернет ресурстары. 



Key words: information-communication technologies, strategic resource, formulation of positive 

motivation, Internet resource. 




377

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША 

ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕКСЕРУДЕ ТЕСТІЛІК ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Н. Амантай 

«Шортанды №3 қазақ орта мектебі»ММ, Ақмола обл, Шортанд ауданы, Шортанды к,

Shortandy-3@mail.ru

Тест ұғымы қазіргі күні ең көп еститін сөзімізге айналды. Оған құлақ үйрене бастады. Тестілеу 

әдісі  ақпараттандыру  ғасырының  өнеркәсіп,  өндіріс,  ғылым  мен  білім,  медицина,  ғарыштық 

технология  және  басқа  салаларында  барынша  кең  қолданылатын  ғылыми  және  әдістемелік 

тәсілдердің бірі болып тұр. 

Енді осы тест ұғымының пайда болу тарихына аздап тоқтала кетейік. Бұл өзі алғашында АҚШ-

тан бастау алған екен. Бұл елде тестілеу әдісінің іс-тәжірибеде қолданыла бастауы және одан 

әрі дамуы Э.Трондайк есімімен байланыстырылады, себебі, ол тестілеу әдісін оқушы білімін тез 

де обьективті түрде анықтаудың бірден-бір құралы ретінде ХХ-ғасыр басында алғаш рет ұсынған 

еді.  Э.Трондайк  тестерді  әуелі  арифметика  мен  өзге  де  жеке  пәндер  бойынша  қолданысқа 

енгізеді. 40-жылдардан бастап оқушылардың жалпылай үлгерімін анықтау мақсатында бірнеше 

пәндер  бойынша  құрастырылған  тестер  жиынтығы  баспадан  шыға  бастайды.  Зерттеулер 

тестердің шығу тарихын бұдан да гөрі әріден басталады дейді, алайда біз оған тереңдемей-ақ, 

енді негізгі тақырыбымызға көшейік.

ХХ-ғасырдың соңғы кезеңі мен ХХІ-ғасыр басынан бері біздің елімізде де осы тестілік тәсіл 

белсенді қолданысқа енді. Бүгінгі күні бұл әдіс пайдаланылмайтын шаруашылық саласы тіпті 

барма  екен.  Әрине  соның  ішінде  бұл  тәсілдің  білім  саласында  пайдаланылуының  айрықша 

орны бар. Тестілеу әдістері жайлы, әсіресе оның оқушылардың білімін бағалау мен тексеруге 

арналған  тәсілдері  жайлы  көптеген  ақпараттар  жинақталған.  Міне  соларға  және  өзімнің  осы 

бағытта  жинақтаған  тәжірибеме  сүйене  отырып  Сіздерге  тестілеу  әдістері  жайлы  мына 

жайларды баяндағым келеді.

Оқушылар  білімін  бағалауда  қолданылатын  бақылау  тапсырмалары  субьективті  және 

объективті  тапсырмалар  болып  бөлінеді.Субъективті  тапсырмалардың  қатарына  әр  түрлі 

шығармалар  мен  трактаттар  жатады.  Олардың  субьъъективті  болу  себебі,  бұл  шығармалар 

бойынша мұғалім жеке-дара тұжырым жасауға мәжбүр және ол тұжырым оқушының іскерлігі мен 

дағдысын көптеген критерийлер бойынша кешенді түрде саралау нәтижесінде қалыптасады.

Тестер-бақылаудың обьективті формасына жатады,себебі олардың жауабы сандық тұрғыда 

кескінделеді және тест негізінен бағдарлы түрде жасақталады, яғни олардың әрбір түрі білімнің, 

іскерліктің және дағдының нақты түрін бағалау мақсатында құрастырылады. 

Қазіргі кезде тестерді құрастыру мен әзірлеудің ғылыми тұрғыдағы нұсқаулықтары пәндер 

бойынша әдістемелік журналдарда, басқа да баспалық материалдарда да аз да болса басылып жүр. 

Дегенмен біздің пән бойынша жекелеген тестер жарияланғанымен, әдістемелік материалдардың 

әлі  де  көп  емес  екендігін  ескеріп,  Сіздерге  тестердің  кейбір  түрлері  туралы  айтып  кетейін. 

Жалпы  арналатын  мақсатына  қарай  тестерді  шартты  түрде  бақылай-тын,  оқытатын  және 

болжайтын топтарға жіктейді. Міне осылардың алдыңғы екі түрін қамтитын тестердің кейбіреулері 

мыналар:


Таңдау тестісі. 

 Бұл түрдегі тест сұрақтарына бірнеше жауап/ кемі 3-4/ әзірленеді, солардың 

біреуі ғана дұрыс. Ол тестерді тақырып, сабақ нөмірі, нұсқасы бойынша реттеу оларды нөмірлеу 

арқылы жүргізіледі. Мыс, СД-1,/саптық дайындық, 1-тақырып/, АҚ-3/2 /азаматтық қорғаныс,3-

тақырып,2-нұсқа/.  Оның  дұрыс  жауаптары  сұрақтар  санына  қарай,  мыс,  3-7-11-18-23  түрінде 

көрсетіледі, бұл жауаптар мұғалімнің тестерді есепке алу дәптерінде не картотекасында тірк-

еулі болады. Мұнда оқушы жауаптары дайын жауаптармен тез салыстырыл-ып, бағаланады.

Бұрынғы  перфокарта  әдісімен  жасалған  тест.

  Ол  ватманнан  немесе  фотоқағаздан 

жасалады.  Оларда  әртүрлі  әскери  техни-калар,  қару-жарақтар  және  т.б.  заттардың  өзінің  не 

олардың  бөліктері  мен  тетіктерінің  суреттері,  схемалары  салынып,  нөмірленеді.  Тестілерге 

біріншіге ұқсас ат қойылып, нөмірленеді. Осындай тестік материалды алған оқушы көрсетілген 

нөміріне сәйкес техника мен қарудың, оның бөліктерінің атауын не қызметін жазуы қажет. Оқушы 

жауабының дұрыстығы алдынала дайын шаблон-үлгі бойынша тексеріледі. Мұнда оқушы білімі 

былай бағаланады: 90% және одан жоғары – 5, 75-89% - 4, 50-74% - 36, бұдан төмен болса – 2. 

Ұғымның, түсініктің атын не қасиеттерін еске түсіру тестісі. 




378

Ол ватманға не парақ қағазға жазылған нөмірленген сұрақтардан немесе анықтамалардан 

тұрады.Мұнда оқушылар әдетте сұрақтар тұсына цифрлар не жазулар жазуы тиіс. Бұл тесте де 

дұрыс жауап шаблон-үлгі арқылы тексе-ріліп, 2-тестіге ұқсас бағаланады. 

Сәйкестік тестісі. 

Бұл  тестіде  тапсырма  екі  баған  түрінде  беріледі,  мағынасы  оларды  мазмұны  жағынан 

сәйкестендіру. Мыс, әскери атақ погоны жауабы 

1. майор 1. 1-3

2. лейтенант 2. 2-5

3. подполковник 3. 3-1

4. аға лейтенант 4. 4-2

5. полковник 5. 5-4

Бұл тестіні бағалау да үлгі бойынша және 2-тестіге ұқсас принциппен бағаланады.

Тактикалық тапсырма түріндегі тест.

Бұл  күрделі  тестерге  жатады,  онда  қалың  қағазға  тактикалық  және  әскери  топография 

тақырыптарына арналған жергілікті жердің схемесы, ондағы бөлімшелердің орналасуы және 

т.б  мәліметтер  нақты  жазылып,  тест  тапсырушының  алдына  нақты  міндеттер  қойылады.

Бұл  тест  взвод  бөлімшелері  арасында  жарыстар,  конкурстар  түрінде  қолдануға  қолайлы. 

Осы  арқылы  оқушыларды  өздігінше  ойлай  білуге,  бірігіп  ортақ  міндетті  шеше  білуге,  өз 

шешімдерін  әскери  тәртіппен  аз  уақытта  қысқа  баяндауға  машықтандыру  мақсаты  алға 

қойылады.Тест  нәтижесі  жарыс  не  конкурс  жеңімпазын  анықтау  түрінде  шығарылады. 

Жоғарыда біз өз пәнімізге қолдануға неғұрлым қолайлы кейбір тест түрлеріне тоқталдық.. Енді 

тесті  құрастыру  алдында  қандай  дайындық  шараларын  жүргізетінімізге  назар  аударайық.. 

Ең  алдымен  тест  құрастыру  мақсаты  анықталуы  қажет.  Сіз  құрастыратын  тест  ағымдағы 

тақырыпқа арналады ма, арналса ол сабақтың қай кезеңінде қолданылады және не мақсатты 

көздейді,  мыс,  өткен  сабақ  материалдарын  қайталау  не  пысықтау  немесе  жаңа  тақырыпты 

бекітуге ме не ол бойынша ой дамытуға ма және онда оқушылардың деңгейлік бейімділіктері 

ескеріледі  ме.  Немесе  тест  тарау  бөлімі  не  тұтас  тарау  материалы  бойынша  дайындалады 

ма,  әлде  ол  қорытынды  бақылау  тапсырмасы  түрінде  болады  ма  және  оны  неше  нұсқада 

немесе компьютерде орындауға арнап па, т.басқа көптеген жағдайлар алдынала нақтыланады. 

Міне осы сияқты мақсаттар нақтыланған соң пән мұғалімі енді тест жоспарын жасайды. Осылай 

дайындалған  тестік  дидактикалық  материалдарды  қолдану  нәтижесінде  ұстаз  мынадай 

нәтижеге жетуді жобалайды:

Оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауды;

Оқушыға тақырыптың қиын тиетін тұстарын нақтылап білуді;

Қай оқушыға тестің қай нұсқасы неғұрлым қолайлы екендігін анықтауды;

Оқушының ой-қабілетін, ізденуге деген талпынысын оятуды;

Тестік дидактикалық материалдың қай түрін қолданудың тиімділігін сараптауды және т.б.

Мұғалім өз пәні бойынша осындай істерді ойластырып болған соң, тест жоспарына және алға 

қойған мақсатына сәйкес сұрақ санын, тест түрін және олардың қайда орындалатынын ескере 

отырып  нақты  тест  тапсырмаларын  құрастырады.  Тест  құрастыруда  басты  назар  аударатын 

нәрсе, ол - тестегі сұрақтың, ұғымның не тұжырымның мағынасы екіұшты болмай, барынша 

түсінікті болуы.

Тестік материалдар-мұғалімдердің бұрыннан сабақ процесінде қолданып жүрген әдістемелік 

тәсілдерінің жаңа түрі, оны басқаша жетілдіре түсу әрбір ұстаздың кәсіби міндеті болып қала 

беретіні даусыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет