380
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ:
ЖЕТІСТІКТЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
М.С. Асылбекова, А.Қ.Мусина
«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ, school24balkhash@mail.ru
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту
мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және
жалпы азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық
сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына
және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын
енгізудің нәтижесі болуы тиіс.
Оқушыларды болашақ өмірдегі қиындықтарды еңсере білуге дайындау үшін жаңартылған
білім беру мазмұнында қарастырылған маңызды мәселелер мыналар:
- нәтижелерге негізделетін білім беру бағдарламасы;
- педагогикалық тәсілдер;
- бағалау моделі;
- білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
- сыни ойлау;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- топта және жеке жұмыс істеу ептілігі.
Білім, білік дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру, оқушы тұлғасын үйлесімді дамыту
үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру керек. Күнделікті білім беру үдерісі – оқу мақсаттарына
жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында
шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.Білім алушылардың
күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі
болып табылады.Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін
критериалды бағалау жүиесі қолданылады.Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріпотыруына
жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды,сапалы бағалау құралдарын,механизмдерін қалыптастыруға
көмектесу.
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижерлерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Педагогтардың алдында қиындық тудырып жататын тағы бір мәселе – тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізу.Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу
бір паралллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі тест спецификациясы негізінде жүзеге
асырылу тиіс.Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін тест,сынақтар,бақылау
жұмысы және т.б.. Тоқсандық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен
бекітіліп,тоқсан басында ата – аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.Тоқсандық
жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.Тоқсандық жиынтық бағалауды
қайтадан орындауға,көшіруге болмайды. Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір
себептермен қатыса алмаған жағдайда пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық
жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс.Бұл жағдайда тоқсандық ішкі
жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды
факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне
пәндік,дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес,
педагогтің жеке тұлғалық потенциялы, кәсіби құндылықтары да жатады. Мұғалім сабақ
барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды, шебер қолданса, күтілетін нәтиже де сапалы
болмақ. Мысалы, диалогтік оқыту және топтағы бірлескен жұмыс арқылы білімдерін жетілдіру
оқушының өздік қорын молайту, оқушы ойын ашық, анық айтуға төселдіру, қарым-қатынас
381
жасай білу дағдыларын арттырады. Диалог барысында оқушылар күтілетін нәтижеге жету
үшін күш-жігерін жұмсайды,ынталанады,ойларын бөлісіп,пікірлеседі,білімді бірлесіп алып,өз
білімін толықтырады. Топтық жұмыс ішіндегі тығыз қарым-қатынас оқушыларды бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығара, тығыз байланыста жұмыс жасауға жеткізеді. Сабақ барысында
оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа қөзқарастары қалыптасып, жаңа, тың
идеялармен танысып, білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алады. Нәтижесінде
оқушы жан-жақты, тілдік қоры бай, өзіне сенімді, тобының жанашары, өз ойын анық та, ашық
айта алатын, өз қөзқарасын тұрақты ұстай алатын тұлғаға айналады.
Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысы
болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық
әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: