- excel-де құжат жасау: сынып оқушыларының білім сапасы мен білім дәрежесін есептеу
және жетістігі диаграммасын салу;
- «шығармашыл мұғалімдер желісі» сайтына тіркеліп және осы сайттағы телеконференциялар
мен форумдар жұмысына қатысу;
464
- mail.ru сайтында өзінің электронды жәшігін ашу, электронды пошта арқылы хат жіберу
және алу;
- электронды оқулықтарды немесе басқа сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып
сабақ өткізу;
- word мәтіндік процессорын пайдалана отырып сабақ конспектісін рәсімдеу, оны при-
нтерден басып шығару және ресурстық орталыққа тапсыру ;
- интернеттің ғаламдық желісінде ақпаратты іздеу әдістемесін меңгеру ;
- «сандық білім беру ресурстары коллекциясы» сайтына тіркеліп, өз жұмысында БРО-ны
пайдалануды үйрену;
- өз пәні бойынша тесттердің электронды нұсқасын жасау. Өз пәні бойынша компьютерлік
тестілеу өткізу.
Қазіргі уақытта педагогтардың АКТ-құзыреттілігі олардың әзірлеген сабақтарын сараптамалық
бағалау арқылы бағалануы мүмкін. Жеке педагогтың сабақтарының технологиялық карталары
қарастырылады және жоспарда белгіленген бойынша АКТ-ны пайдалану және шынайы
пайдалану деңгейі салыстырылады. Салыстыру қорытындысы бойынша белгілі бір баға
қойылады.
Мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі қалыптасқандығының диагностикалық картасы
Төменде ұсынылып отырған диагностикалық карта педагогтың АКТ-құзыреттілігін тез
бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау мына диагностикалық картада көрсетілген қандай да бір
деңгейге балл қою көмегімен жүргізіледі:
1. 3 балл – жоғары деңгей,
2. 2 балл – орташа деңгей,
3. 1 балл – төмен деңгейі,
4. 0 –көрсеткіштің болмауы.
2-кесте. АКТ-құзыреттілігі
№
Білім, біліктілік, дағдылар.
1.
Жеке компьютердің не екені туралы, компьютердің құрылғыларының не нәрсеге
арналғанын білу
2.
(Windows, MS Office) программалық өнімдерінің неге арналғанын, олардың міндеті мен
мүмкіндіктерін білу
3.
Компьютерлік жеелілердің (соның ішінде Интернеттің) бар екені туралы білу
4.
Word-та мәтінді тере білу
5.
Excel-де электронды кесте жасай білу
6.
Excel-де электронды кесте бойынша диаграмма жасай білу
7.
Сабаққа қарапайым презентация жасай білу
8.
Сабаққа гиперсілтемелермен, дыбыспен және т. б. презентация жасау
9.
Пән бойынша ПОҚ-ты білу
10.
Проекциялық техникаларды пайдалануды, демонстрациялық компьютерге
пайдаланылатын программаны орналастыра білу
11.
БРО-дан ақпаратты таба, бағалай, іріктеп алуды және көрсете білу
12.
Оқытылатын пән бойынша Интернеттен ақпаратты іріктеп және шығарып ала білу
13.
ОП-ны таңдай және пайдалана білу (мәтіндік және кестелік редакторлар,буклеттер,
сайттарқұру үшін программалар, оқу процесіне қажетті әр түрлі материалдарды
оңтайлы ұсыну үшін презентациялық программалар)
14.
Меншікті электрондық дидактикалық материал құрудың әдістемелерін меңгеру
15.
Тақырыптық жоспарлауды рәсімдеу үшін АКТ-ны қолдану
16.
Өз пәні бойынша мониторинг өткізу үшін АКТ-ны қолдану
17.
Пән бойынша әртүрлі есеп беруді рәсімдеу үшін АКТ-ны қолдану
18.
Оқыту процесін талдау үшін АКТ-ны қолдану
19.
Сандық меншікті портфолио мен оқушының портфолиосын қалыптастыра білу
20.
Оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру құралын қолдану
465
21.
Оқу процесін қашықтақтан қолдау, мысалы, ру. Күнделігі арқылы
22.
Желілік коммуникациялық жобалары (Интернет-олимпиадалар, конкурстар,
викториналар...) аясында оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
23.
Тест тапсырмаларыныңАКМ-нің банкін құру
24.
АКТ аясында өздігінен білім алуға ұмтылу
25.
АКТ арқылы ата-аналармен ынтымақтастық және өзара әрекеттесу (эл. пошта,
ру.Күнделігі)
26.
АКТ арқылы әр түрлі БП-ға қатысушылармен қарым-қатынас жасау процесін тиімді құра
білу
БАРЛЫҒЫ:
Қазақстанда жаһандық сын-қатерлерге сәйкес орта білім беру жүйесін дамыту бойынша
жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы орта білім беру
стандартында тұжырымдалған білім беру мақсаттары мен маңызды құндылықтары мектеп
түлектерінің білімділігінің жалпы деңгейін арттыруға, инновациялар мен көшбасшылықты
жүзеге асыруға қажетті дағдыларын қалыптастыруға, халықаралық тәжірибені ескере отырып
мектептің білім беру мазмұнының призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті дамыту [6].
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, педагогикалық шеберлік Орталығымен жалпы білім беретін
мектептердің пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламалары әзірленген.
Аталған курстар аясында педагогтар пәндер бойынша бағдарламалардағы енгізілген
өзгерістермен жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық айырмашылықтарымен ғана
танысып қана қоймайды, өзінің кәсіби деңгейін және АКТ-құзыреттілігін де арттырады.
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында, Экономикалық Ынтымақтастық және
Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) құзыреттілік жобасын анықтау және таңдау барысында құрылған
құрылымы пайдаланылады. Мұнда құзыреттілік «білім мен дағдылардан артық. Ол, белгілі-бір
контексте әлеуметтік-психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен қатынастарды)
тарту мен жұмылдыру арқылы күрделі талаптарға сай келу қабілетінде көрсетіледі. Мысалы,
тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті жеке тіл білу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласындағы практикалық дағдылар және ол кіммен қарым-қатынас жасайтынына негізделген
болуы мүмкін құзыреттілік болатыны» сияқты суреттелген [8].
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы пәндер бойынша
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы, АКТ-
құзыреттілігін арттыру бойынша педагогтарға мол мүмкіндіктер ұсынады.
Мәселен, математика пәнін оқыту аясында мұғалім балаларды математиканың түрлі
бөлімдерін оқу процесінде презентация жасау үшін тиісті программалық қамтылуды пайдалануды
(мысалы, GeoGebra, Google Sketchup), математикалық тапсырмаларды (геометриялық фигу-
раларды, оригамижасауды) орындау процесі туралы видео жасауға; арнайы программаларды
пайдалану арқылы мәндерді анықтауға үйрету; балаларды өздігінен жоспарлар мен графиктер
жасауға; слайдтық презентациялар жасауға үйрету.
Тілдік пәндерді оқыту аясында мұғалім оқушыны интернет-ресурстармен жұмыс істеуге,
қарапайым программаларды күрделірегіне көше отырып пайдалануға үйретуі керек. Оны
жабдықталған электронды түрдегі жеке құжат ретінде падалануға балаларға мүмкіндік беру
қажет.
Сонымен қатар көркем шығармалар туралы және шығармалардың себеп-салдарлары
бойынша аудио-және бейнематериалдар жасау дағдыларына үйрету маңызды. Электрондық
оқулықтар көмегімен оқыту, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал етеді; интернет-
олимпиадалар мен конкурстарға қатысу – шығармашылық белсенділігін дамытады. Түрлі
компьютерлік презентация түрлерін пайдалана отырып таңдап алынған тақырыбы бойынша
шығармашылық жобалар жасауда балаларға көмек көрсету қажет.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту аясында оқушылар сандық және Интернет-
көздерінен деректерді табу, таңдау және өңдеу сияқты дағдыларды меңгеруі; олардың дәлдігі,
466
тиістілігі және маңыздылығы туралы пікір айта білуі тиіс. Гиперсілтемелерді, қарапайым
кестелерді, сондай-ақ графикалық және басқа қосымшаларды пайдалануды қоса алғандағы
деректер базасы мен сандық, мәтіндік, бейнелік ақпаратты пайдалана отырып, деректерді
алуды, шығарып алуды және жүйелеуді білуі оқушылардың зерттеушілік дағдыларын одан әрі
дамытуына көмектеседі.
Жоғарыда аталған дағдыларды балалардың бойында дамыту үшін, ең алдыме ұстаздың
өзі АКТ-құзыретті болуы тиіс. Оның үстіне АКТ-құзыреттілігін меңгеруде атап көрсетілетін үш
деңгейдің (базалық; технологиялық және пәндік-бағытталған; психологиялық-педагогикалық
және шығармашылық) мүмкіндігінше мұғалім ең дамыған деңгейін меңгеруі тиіс.
Заманауи мектептің мұғалімі АКТ-ны пайдаланып қана қоймай, пайдаланушы деңгейінде
өзінің қарапайым программалық өнімдерін де жасай білуі, желілік қоғамдастықтың белсенді
қатысушысы болуы тиіс.
Педагогтың белгілі-бір жүйелі білімі, біліктілігі мен шығармашылық әрекеттегі тәжірибесі
болуы тиіс. Ол, АКТ-ның негізгі түрлерін, олардың даму келешегі мен қазіргі проблемаларын;
Интернет желісінің мүмкіндіктері мен телекоммуникацияның негізгі түрлерінің (E-mail, Web-
форумдар, электронды конференциялар, чат-конференциялар және т. б.) білім берудегі
мүмкіндіктерін; отандық және шетелдік негізгі білім беру сайттарын; мультимедиялық оқыту
программалары типологияларын құрудың түрлі тәсілдерін, оқыту программаларының жекелеген
типтерінің сипаттамаларын; Интернет желісіндегі білім беру сайттарды, оқыту программалары
мен олардың сапасы критерийлерін бағалау тәсілін; қашықтықтан оқытудың әр алуан түрлерін;
оқу-тәрбие әрекеттерін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін; Microsoft Office, Microsoft Publisher,
Fine Reader, аудармашы-программалары және т.б. програмалары пакеттерін білім беру
мақсатында пайдалану мүмкіндіктерін білу [9].
Бүгінде қазақстандық педагогтардың қолында оқыту процесінде АКТ-ны қолдануға тұтастай
гамма мүмкіндіктері бар екені қуантады – ол, Интернеттегі ақпаратар, электрондық оқулықтар,
презентациялар, бағдарламалар, білімді автоматтандырылған бақылау; коммуникацияның
жаңа түрлері – чаттар, форумдар, электрондық пошта және тағы басқалар.
Мұғалімдердің мына сияқты сайттарға BilimLand.kz,Twig.bilim. kz. кірулеріне мүмкіндіктері
бар. Осының арқасында оқыту мазмұны жандандырылуда, білім беру процесіне қатысушылар
арасында қарқынды алмасу болуы мүмкін. Бұл ретте мұғалім баланы білім беріп, дамытып
және тәрбиелеп қана қоймай, жаңа технологиялардың енгізілуімен ол өздігінен білім алу, кәсіби
өсу және шығармашылық дамуы үшін қуатты ынталандыру алады.
Қазақстанның біліктілікті арттыру жүйесіне жоспарлы түрде смарт-білім беру (smart-education)
енгізілуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысы
бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру Институты» филиалында осы бағыт бойынша
курстық және курсаралық жұмыс жүргізіледі. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының
бағдарламасында мына сияқты тақырыптарды оқып білу қамтылған: Оқытуда Smart-
құрылғыларды пайдалану; Smart мектептердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары;
Цифрлық білім беру контентін әзірлеу кезінде педагогтың ақпараттық-коммуникациялық
құзыреттілігін қалыптастыру; оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
кезіндегі SMART техниканың рөлі; Prezi, Padlet Realtimeboard, OR-кодтары веб-сервистері оқу
процесінде оқу-әдістемелік ақпаратты жеткізу құралы ретінде; e.edu.kz. порталында тестілеу
модулімен жұмыс істеу.
Осы берілген тақырыптар бойынша лекциялық-практикалық сабақтардың материалдары
Лондон, Рединг (Ұлыбритания), Сеул (Корея Республикасы) университеттерінің шетелдік
тәжірибесі негізінде әзірленген.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімнің рөлі айтарлықтай өзгеретінін атап өту қажет.
Ол дайын білімді жеткізіп берушіден, өз оқушыларының танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға
айналады: мұғалім авторитарлық ақпарат көзінен зерттеушілік, шығармашылық процеске бірге
қатысушысы, білім алушының тәлімгері, кеңесшісі, өзіндік әрекеттерін ұйымдастырушы болып
отыр.
2011 жылы білім, ғылым және мәдениет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) заманауи
мұғалімнің АКТ-құзырыеттілігінің моделін жасап шығарды. Ұсыныстар мұғалім жұмысының
барлық жағынан қамтып және мектепті ақпараттандырудың үш тәсілін: АКТ қолдану, білімді
игеру, білімді іске асыруды ескере отырып құрылған.
Пән мұғалімінің АКТ-құзыреттілігі мыналарды қамтиды:
467
- АКТ-ны пайдалана отырып сабақ өткізу;
- сабақта жаңа материалды түсіндіру;
- оқу мақсаттары үшін ОП іріктеп алу;
- әр сабақтың жоспарын жоспарлау;
- оқушылардың дамуы мониторингі;
- интернеттен оқу материалдарын іздеу;
- ата-аналармен және әріптерстермен өзара әрекеттесу.
АКТ-құзыреттілігі моделінің екі деңгейлі құрылымы болады.
Бұл моделдің негізгі қағидасы АКТ-құзыреттілігінің маңызды екі түрлі деңгейі – дайындық
деңгейі мен іске асырушылық деңгейі бар екендігі туралы ұғым болып табылады.
1. Білімділік деңгейі (іс-әрекеттерге дайындығы).
Білімділік деңгейі – ол, АКТ-ны меңгеру деңгейі. Жалпы білім беру жүйесінің қазіргі да-
муы кезеңінде бұл деңгей мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру және одан кейінгі
бағалау кезеңінде базалық болып табылады. Ол, мұғалімдердің бойында АКТ саласындағы
ресурстарды, программалық қамтылулар мен құрал-жабдықатарды пайдалануға жеткілікті
білім, біліктілік және дағдыларының бар болуымен сипатталады.
Бұл арада, АКТ-ның заманауи жай-күйімен және қоғамды ақпараттандырудың жалпы
деңгейімен анықталатын білім беру саласы қызметкерлері (соның ішінде мұғалімдер) үшін
бөтен емес компьютерлік сауаттылықтың төменгі деңгейлерін және кәсіби-бағытталған төменгі
деңгейлерді ажыратып көрсету қажет.
а. Жалпы компьютерлік сауаттылықтың төменгі деңгейі. Ол, білім беру қызметінде АКТ-ны
қолдану саласында білім, біліктілік және дағдылардың жалпы педагогикалық деңгейі.
АКТ саласындағы білім, біліктілік және дағдыларды қамтамасыз ететін функционалдық
(компьютерлік) сауаттылық.
Оқытылатын пәндерге қатысты инвариантты педагогикалық қызметте АКТ-ны қолдануда
білім, біліктілік және дағдыларды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық дайындық.
б. Пәндік компьютерлік сауаттылыққа тән төменгі деңгей – пәндік салаға тән білім, біліктілік
және дағдылар.
Мысалы, жаратылыстану ғылымы пәндерінің мұғалімдері өздерінің пәніне байланысты
процесстердің компьютерлік математикалық моделдерін қолдана білулері керек (мұндай
моделдерді өте жоғары емес деңгейде құру).
Мысалы, жаратылыстану ғылымы пәндерінің (физика, химия, биология) мұғалімдері
үшін компьютерлік математикалық модельдеу әдістерін, әсіресе бейіндік нұсқада оқытуды
пайдалану жоғары деңгейде іске асырушылық болып табылады; филологтар үшін осындай
рөлді мәтіндерді талдаудың компьютерлік технологиялары атқаруы мүмкін, тарихшылар үшін –
деректер базаларының технологиялары және т.б. Алайда бүгінгі күні АКТ-құзыреттілігінің тиісті
деңгейіне ие мектеп пән мұғалімдері өте аз.
2. Әрекеттік деңгейі (орындалған әрекет).
Әрекеттік деңгейі – ол, АКТ-ны пайдалану деңгейі. Бұл деңгейде АКТ саласындағы
функционалдық сауаттылық білім беру міндеттерін шешу үшін мұғаліммен тиімді және жүйелі
түрде қолданылады.
а. Ұйымдастырушылық инновациялардың төменгі деңгейі.
Ұйымдастырушылық инновациялардың төменгі деңгейі мұғалім жаңа ұйымдастырушылық-
технологиялық функционалды тиімді іске асырғанда көрінеді, атап айтқанда:
- білім беру процесін жүзеге асырудың желілік түрін ұйымдастыру және қостау;
- қашықтықтан, күндізгі-сырттай, үйде оқытуды және т. б. іске асыру;
- жеке білім беру траекторияларының және оқушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде
оқытуды ұйымдастыру және қостау;
- білім беру әрекеттерінің әр алуан түрлерін: сабақтағы, сабақтан тыс, өз бетінше, тәрбие
және басқаларды – бірыңғай білім беру процесіне бірлестіре ұйымдастыру;
- білім беру мониторингінің заманауи технологияларын пайдалану.
ә. Мазмұнды инновациялардың төменгі деңлейі жаңа білім беру сапасына жетуде АКТ-
ресурстары мен электронды білім беру ресурстарын (ЭБР) жүйелі, мақсатты және тиімді
пайдаланылуымен сипатталады. Ол «білім беру» тұжырымдамасына сәйкес білім беру процесін
жаңғыртуға бағытталған және білім мазмұнын, оқыту әдістерін, білім сапасын бағалау жүйесін
жаңартуда көрінеді.
468
Мазмұнды инновациялар элементтер жиынтығын қамтитындар:
- ЭБР негізінде оқу курстарын әзірлеу және іске асыру (электрондық курстар, оқу
практикаларын өткізу, кәсіби және бейіндік бағдарлау курстары және т. б.);
- жаңа білім беру қызметінің түрлерін іске асыру, оларғаоқушыларды оқытудағы проблемалық
және жобалық тәсілдер жатады;
- оқушылардың жеке өздерінің, білім алу, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктері мен
мүдделерін жүзеге асыру бойынша оқушылардың өзіндік жеке және топтық әрекеттері негізінде
білім беру процесін ұйымдастыру;
- АКТ негізінде проблемалар мен міндеттерді шешу кезінде оқушылардың өзара әрекеттесуін
ұйымдастыру;
- білім беру сапасын бағалаудың жаңа диагностикалық тәсілдерін қолдану (білім беру
сапасының интегралды және пән бойынша мониторингін, бағалаудың рейтингтік жүйесі,
оқушылардың жетістіктерін динамикалық бағалау жүйесі және т.б. қоса алғанда).
Мазмұнды инновациялар ең күрделі және сонымен қатар, мұғалімнің тұтастай алғанда кәсіби
құзыреттілігіндегідей, АКТ-құзыреттілігінде де ең өнімді деңгейі болып табылады. Мысалы,
жаратылыстану ғылым пәндері (физика, химия, биология) мұғалімдері үшін компьютерлік
математикалық модельдеуді, әсіресе оқытудың бейіндік нұсқасында пайдалану жоғары өнімді
болып табылады; филологтар үшін осыған ұқсас рөлді мәтіндерді талдаудағы компьютерлік
технологиялар атқаруы мүмкін, тарихшылар үшін – деректер базаларының технологиялар және
т. б.
Алайда бүгінде АКТ-құзыреттілігін тиісті деңгейде меңгерген мектеп пән мұғалімдері көп
емес.
Жоғарыда сипатталған АКТ-құзыреттілігінің деңгейлері АКТ саласында заманауи мұғалімді
кәсіби тұрғыда жетілдіру кезеңдеріне сәйкес келеді.
Білімділік деңгейі – бәрінен де бұқаралық, оны жақын арада барлық мұғалімдер игеруі тиіс.
Ұйымдастырушылық инновациялар деңгейі – ол, әдістемелік жұмыстың табысты және
нәтижелі деңгейі. Білім беру мекемелерінің желілерін жаңғырту, білім беру қызметі нәтижелерін
әділ ету, оқыту нысандарын әртараптандыру, оқу жоспарларын жеке даралау – осы және басқа
да барлық көптеген білім беруді жаңғырту аспектілері АКТ-ға негізделген әдістемелік жұмыстың
жаңа түрлерін талап етеді.
Мазмұндық инновациялар деңгейі жергілікті және пилоттық педагогикалық эксперименттерді
жобалауды және іске асыруды көздейді. «Білім беру» парадигмасы бұрынғы «білімді меңгеру»
парадигмасының орнына келіп отырған (қалай дегенмен, мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін, білім
беруді реформалау саласын, әлемдікті де қоса алғанда) шынайы инновациялық парадигма
болып табылады.
Қазақстанда педагогтардың АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру үшін екі деңгейлі модель
қолайлы, өйткені АКТ-құзыреттілігі саласында Қазақстан мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру
жүйесінде педагогтардың дайындығы мен білімі, біліктілігі және дағдыларына назар аударылады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, заманауи мұғалім оқу процесінде АКТ-ны пайдаланып қана
қоймай, өзінің программалық өнімдерін де жасай білуі, желілік қоғамдастықтың белсенді
қатысушысы болуы тиіс. Сайттармен жұмыс істеуге, сондай-ақ білім алушылардың Интернет
желісіндегі компьютерлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Сайттар, жоспарлау
міндеттерін шешу үшін және оқу процесі мен оқытушылық әрекеттерді ұйымдастыруға қажет.
Сонымен, педагогтарға оқу бағдарламасының мазмұны өзгеруіне қарай ғана емес,
жаңа технологиялардың пайда болуына қарай да өз білім деңгейлерін арттыруы және жаңа
біліктіліктерді меңгерулері қажет. Білім берудің отандық жүйесіне инновациялық әдістерді,
шешімдерді және құралдарды енгізу, өзін-өзі жетілдіру мен өздігінен білім алу ажырамас бөлігі
болатын педагогтардың жаңа форматтағы қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |