Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет328/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   674
Түйін сөздер: білім беру робот техникасы, инженерлік кадрлар, конструктор, программалау, 

LEGO EV3/NXT, Arduino. 



Ключевые  слова:  образовательная  робототехника,  инженерные  кадры,    конструктор, 

программирование, LEGO EV3/NXT, Arduino. 



Key words: educational robotics, engineering specialists, kit, programming, LEGO EV3/NXT, Ar-

duino. 



483

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МОДУЛІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Н.Ж. Дүйсембаева 

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы 

№3 шағын орталықты орта мектебі 

Еліміздің ертеңі, бүгінгідей ғaлaмaт жылдaмдықпен дaмып отырғaн кезде білім алып жатқан 

жасөспірімдердің қолында екені бәрімізге аян. Ал, Қaзaқ елінің келбетін тaнытaр тұлғaғa білім 

беріп,  тәрбиелеу  іcтері  жaлпы  білім  беру  caлacындa  жұмыс  атқарып  отырған  педагогтардың 

мойнына  түсетін  салмақтың  қаншалықты  екендігін  аңғартады.  Осыған  орай  педaгогикa 

caлacындaғы жaңaлықтaрдың бірі - оқытудың іc-тәжірибеcіне жaңa әдіc-тәcілді енгізе отырып, 

алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға 

және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұлғасынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті 

жеке тұлғаны қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне 

оқушы  белгілі  бір  қажетті  біліктер  мен  дағдылардың  иесі,  оқу  әрекетінің  субъектісі,әр  түрлі 

мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе 

білетін, мәдениетті тұлға. 

Орта  мектеп  бағдарламасындағы  ең  негізгі  пәндердің  бірі  –  математика.

  Математика 

сабағында  оқушылардың  осы  пәнге  деген  қызығушылығын,  құштарлығын  арттыру,  алдына 

қойылған  есеп  шешімін  өз  бетінше  табуын  жетілдіру,  ойлау  деңгейін,  қабілетін  жоғарылату 

ұстаздың басты міндеті.  

Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын 

жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз » деген. Бүгінгі күнде балаға дайын 

білімді үйрету емес, сол білімге бала өзі бару үшін пәнге деген ынтacын aрттыру, қызығушылығын 

дaмыту,  бiлiмдi  бeрiк  тe  caнaлы  жeткiзу,  жaңaшa  әдic-тәciлдeрдi  қолдана  отырып,  әр  ісіне 

сеніммен,  тиянақты  оймен,  сыни  көзқараспен  қарайтындай  тапсырмаларды  қолдану  тиіс. 

Оқу  –тәрбие  үрдісіне  жаңа  инновациялық  әдіс  тәсілдерді  енгізу  оқушылардың  білімге  деген 

қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол 

салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да 

тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.   

Математика пәнін тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс 

жүргузуге көп көңіл бөлемін. Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бағдарламаның жеті модулінің  

бірі «Сыни тұрғыдан ойлау». Сыни тұрғыдан ойлау «Ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  деген  –  әр  жеке  тұлғаның  кез-келген  жағдайдағы 

мәселені  ойлап,  зерттеп  қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.  Сыни 

тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар  қойып және 

үнемі  оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр  мәселеге  бай-

ланысты  өз  пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін  дәлірек 

қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. 

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 

1.  Қызығушылығын  арттыру.  Оқушыларды  «ой  қозғау»  арқылы  сол  тақырыпқа  әкелу, 

осы  тақырып  туралы  бұрынғы  білетіндерін  анықтау,  әрі  қарай  алынатын  білімге  қызықтыру, 

белсенділігін ояту. 

2. «Мағынаны ажырату» жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушыға жетек сұрақтар қоя отырып 

тақырыпты  ашқаннан  кейін,  жеңілден  күрделіге  бағытталған  тапсырмаларды  бірлесіп 

орындау арқылы жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар 

орындайды. Бұл кезеңде түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы, оқушылардың 

тақырыпты  түсіну  деңгейін  анықтау  мақсатында  топтарға  бірдей  жеңіл  тапсырмалар  ұсыну, 

олар оңай шешеді және қызығушылығы артады. Келесіде топтарға орташа деңгейі бірдей, бірақ 

түрлі тапсырмалар беріледі де шығарып болғаннан кейін ДЖИГСО әдісін қолданып, орындалып 

болған тапсырманы топтар арасында алмастырып тексерту, бұл әдіс оқушыларды өзінің және 

өзгелердің пікіріне сыни тұрғыдар қарауға үйрету мен қатар, өзіндік сенім, жауапкершілік пайда 

болады да құлшынысы артады. Әрі қарай ізденуге, өз ойларын ортаға салуға жетелейді. 



3.  «Ой  толғаныс»  кезінде  оқушылардың  сабақтан  үйренгенін  бекіту,  жаңадан  алынған 

ақпаратты  пайдалана  отырып,  білімдерін  жетілдіру  бағытында  жұмыстар  жүргізіледі  [1].  Ин-

тербелсенді тақтада «Венн диаграммасы», «Ғажайып алаң», «Алтын балық», «Ойлаудың алты 



484

қалпағы», «Сәйкестендіру» және т.б. стратегиялар қолданылады. Бұл әдістер әрі ойын түрінде 

болатындықтан оқушылардың бәрін қамтуға болады. Мысалға,  мен бағдарламаның жеті мо-

дулін  сабақта  пайдаланудың  ең  бастапқы  сатысында  оқушыларды  топтарға  бөлініп,  топпен 

жұмыс жасаудың маңызын түсіндірдім. Осыдан кейін біз топта жұмыс жасау үшін топта не бо-

луы керек деп сұрағанымда оқушылар бірден «Тәртіп» деп жауап берді. Сөйтіп, өздеріне топ 

ережесін шығарттым да оны қабырғаға іліп қойдым. Осы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып ең 

бірінші берген сабағым 6-сынып математика пәнінен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» 

болды. Сабақта жаңа тақырыпты бастамас бұрын тапсырмаға мәселе есеп бердім: Екі санның 

қосындысы олардың айырмасынан 3 есе артық. Сол сандарды табыңдар. Мұндағы екі сан белгілі 

ме?...(әрі қарай жетектеуші сұрақтарды қоя отырып) Тақтада есептің шарты бойынша теңдеу 

құрылады. Енді тақтадан қандай теңдеу көріп тұрсыңдар? Онда қанша айнымалы бар екен бала-

лар? деген сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашқыздым, бұл мен үшін үлкен, қуанышты жетістік 

болды, өйткені бұрын басқа сабақтан тақырыпты оқушылар аша алатын шығар, ал математи-

кадан сабақтың тақырыбын оқушылар ашуы мүмкін емес деп ойлайтын едім. Осы жерде мен 

оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін әдістерді дұрыс қолдану керек екендігін түсіндім. 

Тапсырмалар беріп топта, жұпта жұмыс жасауға бағыт-бағдар бере отырып теңдеуді өздеріне 

шешкіздім.  Осылайша екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу түсініктері өздері жұмыс 

жасау арқылы қалыптасты. Түсініктерін практикада қолдану мақсатында тағы да тапсырмалар 

беріп, топта жұмыс жасаттым. Топтарға тақырыпқа байланысты бірдей жеңіл тапсырмалар беріліп 

кәне қай топ әрі дұрыс, әрі тез шығарар екен!... дегенде топтар жарыса, есепті шығарды. Үшінші 

тапсырмада интербелсенді тақтадан «Ғажайып алаң» әдісі арқылы тапсырмалар орындаттым

топтарға  теңдеудің  шешімін  табу,  сәйкестендіру,  «Венн  диаграммасы»  арқылы  орнын  табу 

сынды үш тапсырма берілді, бұл әдіс ойын түрінде болғандықтан, оқушылар өте қызықты және 

топта ойланып жауап беруге ұмтылыс жасады. Оcыдaн кeйiн ceргiту cәтiн жүргiздiм. Ceргiту 

жaттығуы оқушылaрдың көңiл-күйiн көтeрiп caбaқты әрi қaрaй жaқcы көңiл-күймeн жaлғacтыруғa 

ceптiгiн тигiздi. Төртінші тапсырмада «Мазмұнды сызбамен жұмыс» мәселе есепке теңдеу құру, 

оқушылaр  плaкaт  пeн  түрлi  түcтi  қaлaм,  қaғaзды  көргeндe  caбaққa  қызығушылық  тaнытты. 

Топтарда бірлесіп белсене жұмыс жасады, бірге ақылдысып, әр оқушы өзінің ойын айтып, теңдеу 

құрып есепті шығарды. Мұнда барлығы топта бірге жұмыс жасады, қуантатыны бұл жерде де 

бір топтағы С деңгейдегі оқушым белсенділік танытып плакатқа есепті сол жазды. Жауаптарын 

қорғау барысында А және В деңгейдегі оқушыларым алдыға шығып айтуға таласты, шыққан 

оқушылар  өз  ойларын  ашық  айтып  жауаптарды  негіздеді.  Мен,  екі  оқушы  алдыға  шығып  өз 

ойларын айтқан кезде басқаларының соны тыңдап, олардың жауаптарының дұрыс не дұрыс 

емес екендігіне өздері талдау жасағанына таңдандым да, риза болдым. Cұрaқ жaуaп кeзeңiндe 

оқушылaр  тeк  диaлогқa  түciп  қоймaй  cыни  ойлaуғa  өз  ойлaрын  дәлeлдeугe  мүмкiндiк  aлды. 

Мeн үшiн бұл жерде eң қaжeттi дүниe – оқушылaрдың caбaқты түciну eрeкшeлiгi, өз ойын eркiн 

жeткiзe  aлуы  көрiнic  тaпты,  алайда  кeйбiр  оқушылaр  тaқырыпқa  бaйлaныcты  түciнiктi  нaқты 

дәлeл  кeлтiрe  отырып  ұтымды  жaуaп  бeругe  қинaлды.  Бұл  кeдeргiнi  жою  үшiн  оқушылaрды 

диaлогқa  көп  қaтыcтыру  кeрeк  екендігін  байқадым.  Выготскиидің  пікірі  бойынша,  оқушылар 

нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым - қатынас 

нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған. СТО – оқушыны мұғаліммен, 

сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, 

өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздеуге,  қиындықты  женуге  баулитын  жоба.  Оқушыны  сыни 

тұрғыдан  ойлауға  үйрететін  тәсілдер  өте  көп  оны  сабақтың  әр  кезеңдерінде  пайдалануға 

болады[2].  Мысалы  бағалау  кезеңінде  топтан  бір  оқушыға  өзінің  тобындағыларды  бағалату, 

келесі  сағатта  топтан  бір  оқушыға  озінің  тобындағыларды  емес  басқа  топтың  оқушыларын 

бағалату, өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау әдістері де оқушының қырағылығын, жауапкершілігін 

арттырумен қатар өзіне деген сенім пайда болып өзін- өзі реттеуге жетелейді. Үйге тапсырма 

беру кезеңінде өтілген тақырып бойынша әр оқушы сұрақтар дайындап әкелуі керек, сұрақты 

мұғалім қоймай, оқушылар өздері түрлі әдіс- тәсілдерді ойын түрінде қолдана отырып бір-біріне 

дайындап  әкелген  сұрақтарын  қойып  жауап  қайтарса  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы 

артады және тек жауап қайтарудан гөрі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Берілген тапсырмадағы 

негізгі түсініктемені табуға ұмтылады,сұрақтар қою арқылы іздейді, кез келген дәлелді есепке 

алып отырады. Бұл тәсіл де баланы сыни тұрғыдан ойлануға үйретеді. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  бағдарламасы  бойынша  сапалы  білім  берумен  қатар,  болашақ 

жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуға, ішкі 



485

сезімін толғанысқа түсіруге, танымдық өрісін кеңейтуге болады. 

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған 

білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Баланы сыни 

тұрғыдан ойландыратын күрделі мәселелер көп, бірақ сол ойдың шешімін табуға апаратын жол 

сілтеу біздің еншімізде. В.Г. Белинский «Ұстаз қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры 

тұр» деген болса, «Еліміздің келешегі білімді ұрпақтардың қолында». Сондықтан заман көшімен 

бірге жылжып, аянбай еңбек етуіміз керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет