Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІГІ



Pdf көрінісі
бет322/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІГІ

Ж.А. Дихамбаева  

Алматы облыстық әдістемелік кабинетіТалдықорған қ., ganar.da@mail.ru

Қоғам  өмірінің  барлық  салаларында  ең  алдымен,  білім  беру  саласын  жаһандық 

ақпараттандыру жағдайында тәуелсіз танымдық белсенділікті арттыру мәселесі өзекті болып 

табылады.  Қазіргі  заманға  сай,  әлемдік  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  алмаған 

жағдайда  қоғамға  бағдарлануда  қиын  жағдай  қалыптасады.  Алдыда  тұрған  міндет  -  қоғамда 

табысты әлеуметтену үшін білім алушыларда бірқатар құзыреттіліктерді қалыптастыру. 

Қашықтықтан оқыту технологиясын шағын жинақты мектептерде қолданудың маңыздылығы 

және қажеттілігі мынадай себептермен: 

экономикалық және білім беру тиімділігінің төмендігімен;



оқу процесін ұйымдастырудың күрделілігімен;

кадр және білім беру ресурстарының жетіспеушілігімен;



педагогтардың қызығушылық деңгейінің төмендігімен түсіндіріледі. 

Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  ауыл  мектептеріндегі  кадрлардың  жетіспеушілік 

проблемасын  шешуге  көмектеседі.  Бірінші  кезеңде  пәнді  біріктіріп  оқытатын  педагогтардың 

сабақтарын интернет және мультимедиялық технологияларды оқу процесінде белсенді түрде 

қолдана отырып, қашықтықтан оқыту арқылы ол педагогтарды алмастыруға мүмкіндік туады [2].

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында шағын жинақты 

мектептердегі  білім  сапасын  көтерудің  бір  жолы    -  ресурстық  орталықтарды    ашу  міндеті 

қойылып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау көзделген. 

Жақын  орналасқан  шағын  жинақты  мектептерді  біріктіретін,  білім  беру  ұйымы  болып 

табылатын ресурстық орталықтар (тірек мектептер) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне 

жағдай жасалатыны сөзсіз [3].

Шағын  жинақты  мектептерде  қашықтықтан  оқыту  ресурстық  орталықтар  базасында 

қолданылады. Ресурстық орталық жақын жерде орналасқан барлық шағын жинақты мектептерді 

біріктіріп, бір мақсаттағы және мәселелері бір толыққанды білім беру жүйесін құрайды. Қазіргі 

кезде  облысымызда  9  ресурстық  орталық  жұмыс  істейді,  олар  37  магниттік  шағын  жинақы 

мектептерді қамтиды. Соның арқасында алыстағы ауыл мектептерінің балаларының сапалы 

білім алуы және ақпараттық-білім беру ресурстарының олар үшін қол жетімді болуы қамтамасыз 

етіледі. 

Қашықтықтан оқыту сессия аралық уақытта өткізіледі, осы мезгілде шағын жинақты мектеп 

оқушылары оқу кезеңіне тиісті тапсырмалар алады. 

Білімдегі қашықтан білім беру технологияларын қолдану білім алу тәсілдеріндегі вариативтілік 

мүмкіндігін  арттырады,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  ақпаратқа  қол  жеткізуін  жеңілдетеді. 

Оқушылар мен мұғалімдердің өзара іс-қимылын жаңа жолмен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, 

оқушылардың когнитивті тәуелсіздігін дамытуға ықпал етеді [4]. 

«Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасы  аясындаауыл-аймақты  кеңжолақты  интернетпен 

қамтамасыз  етіп,  білім  беру  саласына  цифрлық  технологияны  ендіру  жұмыстары  мемлекет 

тарапынан  қолға  алынып,  жетілдірілуде.Бүгінгі  күні  интернет  ресурстарын  қолдануға 

мүмкіндіктеріміз  көп,  яғни  мектептерде  ақпараттандыру  бағдарламасы  жүзеге  асып  жатыр. 

Алайда,  әлемнің  өзгеруімен  біз  де  сол  өзгеріске  ілеспей,  қалыс  қойып  жатқанымыз  анық. 

Алайда шағын жинақты мектептерде ақпараттық технология жүйесін қолдану осы күнге дейін 

төмен деңгейде қалып отыр, нақты айтқанда: 

•  әлі күнге дейін шағын жинақты мектептердің интернет желісінің төмендігі;

•  арнайы жабдықталған қондырғылардың болмауы;

•  модификациялық  кабинеттер,    қазіргі  таңдағы  техникалық  құралдармен  толық 

жабдықталмауы.

Бұған қоса ШЖМ мұғалімдерінің өз білімін көтеруге арналған әдістемелік әдебиеттер мен 

тиісті  материалдардың  жеткіліксіздігі  мұндай  мектептерді  қашықтан  оқыту  жүйесіне  енгізу 

қажеттігін аңғартады [3].

Осыған  орай,  электрондық  оқыту  ресурстарымен  жарақталған  Талдықорған  қаласы  №21 

орта  мектебінің  ресурстық  орталықтағы  қашықтан  оқыту  үрдісінің  жүзеге  асыру  тәжірибесін 

таратуда «Әдістемелік навигатор» жобасын іске асыру қолға алынуда. 




471

Жобаның миссиясы:шағын жинақты мектептер мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.

Жобаның  мақсаты:  ресурстық  орталықтың  қашықтан  оқыту  үрдісін  жүзеге  асырудағы 

тәжірибесін тарату.

Жобаның міндеттері:

•  білім мазмұнын жаңарту жағдайында ресурстық орталықта қашықтан оқыту әдістемесін 

жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау;

•  магнитті мектеп оқушыларының оқу сессиясына дейінгі және сессиядан кейінгі кезеңдегі 

білім сапасына талдау жасау, мониторингілеу;

•  қашықтан оқыту технологиялары арқылы іске асып жатқан оқу пәндері үшін электронды 

оқу-әдістемелік кешендерін құру;

•  видеосабақтарын интернетке орналастыру;

•  педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, әлеуетін дамыту;

•  шығармашыл  тұрғыда  жұмыс  жасайтын  педагогтардың  жағымды  педагогикалық 

тәжірибесін айқындау, жалпылау және тарату.

Жобаның нәтижелілігі:

•  Бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылады.

•  Озат тәжірибелерден жинақ шығарылады.

•  Үздік видеосабақтар базасы құрылады.

•  Жоба  аясында  ресурстық  орталықтар  және  магниттік  мектептер  арасында  кәсіби 

байланыс    орнатылуда.  Ресурстық-әдістемелік  қамтамасыз  ету  бойынша  (табысты 

тәжірибені тарату бойынша материалдар, әдістемелік әзірлемелер, цифрлық ресурстар 

және т.б.) деректер қоры құрылды.

Талдықорған  қаласындағы  №21  орта  мектебі  ресурстық  орталығына  Еңбек  ауылындағы 

№22 және Мойнақ ауылындағы №23 орта мектебі магниттік мектептері тартылған. 

Ресурстық  орталықта  математика,  химия,  биология,  физика  кабинеттері  жаңа  үлгіде 

жабдықталған.  Мектеп  мұғалімдері,  әкімшілік  «чат»  байланысы  арқылықұжат  айналымын 

жүргізеді.  Бұл  -  уақыт  үнемдеуде,  құжаттарды  уақытылы  орындауда  өте  тиімді  құрал.Пән 

мұғалімдері  мультимедиялық  кабинетті,  JOI  класты,  JLX  Pasko  құрылғыларын  практикалық 

тапсырмаларды  орындауда  жүйелі  қолданады.  Кабинет  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдаланып, 

шығармашылықпен  жұмыс  жасап  жүрген  биология  пәні  мұғаліміК.Саматова  Республикалық  

қашықтық«Ең үздік сандық білім беру ресурстары» байқауының жүлдегері атанды. Мұғалімдер 

география, химия, биология, музыка пәндерінен авторлық электрондық оқулықтар әзірледі. 

Әдістемелік навигатор жобасын іске асыруда жұмыс жоспары құрылған. Жоспар аясында 

тәжірибе  тарату  семинарлары,  ашық  есік  күндері,  пилоттық  мектептер,  НЗМ,  ПШО,  ЖОО 

серіктестік жұмыстарын  ұйымдастыру жоспарланған. 

Тірек мектебі және магниттік мектеп  әкімшілігі оқу жылының басында оқу жылының бірыңғай 

оқу  жоспарын  жасайды.Бейіндік,  бейіналды  сағат  саны  шығарылып,  оқу  курстарын  немесе 

элективті курстарды оқып-үйрену үшін сағат бөлінеді. Бірыңғай оқу жоспарына сәйкес, онлайн 

сабақтардың  кестесін  жасайды  және  сессияаралық  кезеңде  ШЖМ  оқушыларымен  онлайн 

сабақтарды өткізеді. 

Барлық  қажетті  материалдар  ресурстық  орталықтың  сайтында  орналастырылады. 

Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  кезінде  білім  беру  ұйымдарының  желілік  өзара  әрекеті 

олардың  МЖБС  сәйкес  белгілі  бір  деңгейдегі  білім  беру  бағдарламасын  игеру  мүмкіндігін 

қамтамасыз ететін бірлескен қызмет болып табылады.

Оқу  жылының  барысында  әдістемелік  бірлестіктердің  отырысында  немесе  мұғалімдердің 

желілік  кәсіби  қауымдастығымен  байланыс  орнату  арқылы  ШЖМ  мұғалімдері  үшін  шеберлік 

сынып сағатын ұйымдастырылып, қажетті әдістемелік көмек беріледі. Себебі, білім мазмұнын 

жаңарту бойынша қысқа мерзімді білім жетілдіру курстарынан өтудің жеткіліксіз екені көрінуде. 

Мұғалімдердің  өз-өзіне  сенімсіздігі  және  жаңа  педагогикалық  тәсілдерді  сабақта  жүйесіз 

қолданулары  білім  алушылардың  оқуға  деген  ынтасына  кері  әсерін  тигізеді.  Сонымен  бірге 

уақытша алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы мәселесіне байланысты ШЖМ мұғалімдерінің көпшілігі 

курстан өтпеген. 

Тірек  мектептерінде  ШЖМ  үшін  қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  базалық  мектептің 

қажетті  ресурстармен  қамтамасыз  етілуін  және  магниттік  ШЖМ  жанында  шынайы  уақыт 

режимінде  және  еркін  уақыт  кеңістігінде  сабақ  өткізуге  жағдай  жасалуын  қажет  етеді.  Білім 

беру ортасын қалыптастырудың басты шарттарының бірі әрбір білім алушы үшін қолжетімділік 



472

критерийлері болып табылады [3].

1 кесте. Тірек мектебінде ШЖМ үшін қашықтан оқытуды ұйымдастыру

Әрине, бұл жұмыс шағын жинақты мектеп жағдайында білім беруді сапалы жаңа деңгейге 

көтерудің баспалдағы ғана. 

Белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев педагог қызметкерлермен бір кездесуінде жас ұрпақ 

тәрбиесі  туралы  «Қандай  шәкіртке,  қандай  мұғалімге,  қандай  мектепке  көңіліңіз  бітер  еді?» 

деген  сауалға:  «Өзін-өзі  жете  танығысы  келетін  шәкіртке,  оған  жеткізе  жәрдем  бере  алатын 

мұғалімге, сондай шәкіртпен, сондай мұғалімге жеткілікті жағдай жасай алған мектепке көңілім 

бітеді» деп толғаныспен жауап берген екен. 

«Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты 

Жолдауында Президент орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының 

бейнесабақтары мен бейнелекцияларын Интернетте орналастыру керек екенін атап өтті [1]. Бұл 

расымен, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл мектептеріндегі ұстаздарға қолжетімді әрі пайдалы 

дүние болатыны сөзсіз. Озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше 

үлес қосары анық.  

Қазіргі білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламалар, өзекті құндылықтар мен міндеттерді 

орындауда  ауыл  мектептері,  әсіресе  шағын  жинақты  мектептер  педагогтарын  ғылыми-

теориялық, әдістемелік-тәжірибелік жағынан жетілдіру мақсатында  оларға тиімді көмек көрсету, 

ізденушілік-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  қызметтері  ұдайы  жүзеге  асырылса,  нәтижеге 

бағытталған  білім сапасына жетеріміз анық.

Бүгінгі  күні  ШЖМ  педагогтары  практикада  қолданылатын  оқытудың  әдістемелерін 

жүйелендіруі және оқыту процесіне жаңа педагогикалық тәсілдерді белсенді енгізулері керек. 

Оның барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны, онлайн-ресурстарды кең 

қолдануға, білім алушылардың өзіндік белсенді танымдық іс-қимылына жағдай жасау қажет.



473



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет