460
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЛАР (АКТ) САЛАСЫНДА
ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ғ.З. Данияров
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
Астана, Қазақстан.
Өркениет үнемі ақпараттық қоғам орнатуға ұмтылып келеді, мұндай қоғамда ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды қолдана алмау қазіргі әлемдік кеңістікте бағдарлануда үлкен
қиындықтар туғызады. «Цифрлық қоғам – ол, қоғамның өміртіршілігінің барлық саласында білім
мен ақпараттың басымдылығымен ерекшеленетін, адам өміріне, оның білімі мен жұмысына,
сонымен қатар мемлекетпен, бизнеспен және қоғаммен өзара қарым-қатынасқа АКТ-нің
шешуші әсер ететін, өркениеттің дамуының қазіргі кезеңі болып табылады» [1].
Біз үнемі өзгеріп, күн санап күрделеніп келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Ол барлық салаларға, соның ішінде білім беру
саласына да белсенді түрде енгізілуде. Білім беруді ақпараттандыру – педагогикалық ғылымның
негізгі саласы, оның негізгі міндеттері:
- білім беру сапасын, оның қолжетімділігі мен икемділігін жетілдіру;
- АКТ-ны пайдалану негізінде басқару тиімділігін арттыру;
- педагогтардың, білім алушылар мен ата-аналардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сондықтан, АКТ-ны пайдалана отырып жалпы білім беретін ұйымдарды, соның ішінде ШЖМ-
ді заманауи басқару, барлық педагогтардан бұл салада білім алуға және өздігінен білім алуға
дайындығын, яғни, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің жоғары деңгейін талап етеді.
Білім беруді ақпараттандыру, педагогті ақпараттық даярлау деңгейіне жаңа талаптар қояды.
Заманауи педагогАКТ мүмкіндіктерінің көмегімен өз жұмысын қалай ұйымдастыруы керек екенін
білуі тиіс және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдана білуі керек.
Білім берудің қоғамдағы өзгерістерден тыс қалуы мүмкін емес, сондықтан барлық деңгейдегі
білім беру ұйымдарының, соның ішінде ШЖМ-нің қызметіне АКТ-ны енгізу бірінші кезектегі
мәселе болып табылады, ал оны шешу көпшілігінде мұғалімдердің өз жұмысында ақпараттық
технологияларды пайдалануға қаншалықты дайын екеніне байланысты.
Ақпараттық құзыреттілікке ие болу, білім беру ортасын байытатын және сабақ беру-оқыту
процесін неғұрлым серпінді етуге мүмкіндік беретіндей, мұғалімдер мен білім алушылардың
алдында кең ауқымды мүмкіндіктер ашады.
Заманауи мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайтын
негізгі үрдістердің бірі технологиялық деңгейдегі міндеттерден (нақты құралдарға, нақты
бағдарламаларға ие болуға жататын) назарды педагогикалыққа аударту болып табылады.
Бүгінде педагогтың АКТ-сауаттылығы – ол, оның кәсіби дайындығына қойылатын мін-
детті талап. Шет тілін білу сияқты ол негізгі біліктілік талаптары қатарында қарастырылады.
Компьютерлік технологияларды меңгермеген мұғалім, өзінің іс-әрекетімен білім берудегі
ақпараттық қоғамның сұраныстарын толық қамтамасыз ете алмайды. Алайда, біздің еліміздегі
нақты жағдай мынадай, АКТ-ның мектеп тәжірибесіне кеңінен енуіне қарамастан, жалпы
орта білім беруп роцесін ақпараттандыруға кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі, жаңа
технологияларды меңгерген және оларды өзінің кәсіби қызметіне енгізуге қабілетті кадрлардың
жетіспеуі болып табылады. Сондықтан да педагогтар мен білім беру саласы қызметкерлерінің
АКТ-құзыреттілігінің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселе өзекті болып отыр.
АКТ-құзыреттілігін өндіріп шығаруға ғана болады. Ол үшін арнайы әдістемелік база құрылуы
тиіс – кадрларды үздіксіз қайта даярлау жүйесі, ол мұғалімдерге білім алуға ғана емес, ең
бастысы – тұрақты дағдыларды дамытуға да мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта компьютерлер мен басқа да ақпараттық технологиялар педагогтардың да,
оқушылардың да өміріне мықтап орнықты. Қазіргі заманда компьютерді пайдалану дағдыларын
меңгермейінше өте қиын, өйткені компьютерлендіру қызметтің барлық салаларынаеніп отыр.
Білім беруде АКТ-ның әлеуеті орасан зор. Заманауи педагогика мұндай құбылысқа соқпай
өте алмады. Тиісінше ғылымда АКТ-ны түрліше түсіндірулер пайда болды. Жекелеген ғалымдар
«АКТ-құзыреттілігі» терминін зерттеуге назар аударды.
АКТ-құзыреттілігі – оқу, білім беру және өзге де қызметтерде туындайтын мәселелерді шешу
үшін АКТ-сауаттылығын құрайтын дағдылардың барлығын сенімді меңгеру [2].
461
АКТ-құзыреттілігі – ол, білім, білік және іс-әрекеттер тәжірибесінің жиынтығы, оған қоса мұндай
тәжірибенің болуы кәсіби функцияларын орындауға қатысты анықтаушы болып табылады [3].
АКТ-құзыреттілігі – ол, жеке адамның ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдалана отырып оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерін шешу қабілеті [4].
АКТ-құзыреттілігі – ол, педагогтің бұл технологияларды өзінің кәсіби қызметінде өздігінен
және жауаптылықпен пайдалануға дайындығы мен қабілеті [5].
АКТ-құзыреттілігі терминінің қазіргі бар түсіндірулерін қарастыра отырып, ортақ түсіндіруді
атап көрсетуге болады, осыған сәйкес:
АКТ-құзыреттілігі – ол, ақпаратқа қол жеткізу үшін, оны іздеу, өңдеу, бағалау үшін, сондай-ақ
өндіру және қалыптасушы ақпараттық қоғамда еңбек ету үшін ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану қабілеті.
Мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі – ол, кешенді түсінік.
Оны шынайы білім беру әрекетінде техникалық білім мен біліктілікті тиімді, мақсатты
пайдалану ретінде қарастырады. Мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің
құрамдас бөлігі болып табылады.
АКТ-құзыреттілігі туралы әлемдік тәжірибені зерделей отырып, басқа елдердегі және
Ресейдегі АКТ-құзыреттілігі ұқсас екенін түсіндік.
АКТ-құзыреттілігінің үш негізгі аспектілері атап көрсетіледі (1-сурет).
1-сурет. АКТ-құзыреттілігінің негізгі аспектілері
АКТ-құзыреттілігі бірнеше компоненттерді қамтиды, солардың арқасында ол білім беру
стандартының жаңа буынының, педагогикалық құзыреттілігінің тәуелсіз бірлігі болып есептеліне
алады.
Мұғалімнің базалық АКТ-құзыреттілігі деп, білім беру міндеттерін ең алдымен жалпы
мақсаттағы АКТ-технологиялары құралдарымен шешу үшін педагогқа қажетті білім мен
тәжірибелер инварианты ұғынылады. АКТ-құзыреттілігінің базалық құрылымы 1-кестеде
көрсетілген.
1-кесте. АКТ-құзыреттілігінің құрылымы
№
Құрылымның элементі
Біліктіліктер
1
Анықтама
1. сұрақты дәл түсіндіре білу;
2. сұрақты нақтылай білу;
3. мәтіндегі айқын немесе айқын емес түрде берілген
ақпараттарды табу;
4. терминдерді, ұғымдарды сәйкестендіру;
5. жасалынған сұрауға негіздеме.
2
Кіруге мүмкіндік (іздеу)
1. нақтылаудеңгейін ескере отырып іздеу терминдерін таңдау;
2. сұратылған терминдерге (бағалау әдісі)іздеу нәтижесінің
сәйкестігі;
3. іздеу стратегиясын қалыптастыру,синтаксис сапасы.
462
3
Басқару
1. ақпаратты құрылымдау үшінжіктеу схемасынқұру;
2. ақпаратты құрылымдау үшін ұсынылған жіктеу схемаларын
пайдалану.
4
Кіріктіру
1. бірнеше көздерден алынған ақпаратты салыстыра және
сәйкестендіре білу;
2. жарамсыз және маңызсыз ақпараттарды шығарып тастай білу;
3. жинақталған ақпаратты қысқаша және логикалық сауатты
мазмұндай білу.
5
Бағалау
1. қажеттілікке сәйкес ақпараттар іріктеу үшін критерийлер
әзірлеу;
2. әзірленген немесе көрсетілген критерийлерге сәйкес ресур-
стар таңдау;
3. іздеуді тоқтата білу.
6
Құру
1. алынған, оның ішінде қарама-қайшыақпарат негізінденақты
проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлей білу;
2. нақты проблеманы шешуге қолда бар ақпараттың
мақсатталғандығы туралы қорытынды жасай білу;
3. өз қорытындыларыннегіздей білу;
4. қарама-қайшы ақпараттар болған жағдайда мәселені теңгерімді
түсіндіре білу;
5. қорытындыларға сенімділікті арттыру мақсатында құрылған
ақпаратты құрылымдау.
7
Хабарлама (беру)
1. нақты аудитория үшінақпаратты бейімдей білу (тиісті құрал, тіл
мен көрермен қатарын таңдау арқылы);
2. ақпарат көздерінен сауатты цитат келтіре білу (іс бойынша
және авторлық құқықты сақтай отырып);
3. қажет болған жағдайда ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз
ету;
4. этникалық тиесілігіне немесе жынысына, нәсібіне, мәдениетіне
қатысты арандатушылық әңгімелерді пайдалаудан аулық бола
білу;
5. нақты қарым-қатынас стиліне жататын барлық талаптарды
(қарым-қатынас ережелерін) білу.
Педагогтің АКТ-құзыреттілігі
Педагогтің АКТ-құзыреттілігі заманауи мұғалімнің мамандығы деңгейінің маңызды элементі
болып табылады. Мектепте пәндерді оқытуға қойылатын талаптар деңгейінің өсу жағдайында
АКТ-ны меңгеру, оқушылардың ақпаратты меңгеруін жақсартуға және білім алуға олардың
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін жаңалықтар енгізуге және оқыту процесін жеке
даралауға мүмкіндік береді.
Заманауи стандартар мұғалімнің АКТ-құзыреттілігінің, компоненттері мына төмендегілер
болып табылатын мазмұнға сәйкес болуын талап етеді:
- пән бойынша қазіргі электронды ресурстарды білу;
Достарыңызбен бөлісу: