БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ҮЙЛЕСТІРУШІСІНІҢ
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ, ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Л.К. Елеукеева
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары,
мектеп үйлестірушісі
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп, Павлодар облысы, leila.eleukeeva@mail.ru
ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап
көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы –білім» екені белгілі. М.Әуезовтың
«Халық пен халықты, ел мен елді теңестірген-білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің
негізгі тұғырнамасы болып табылады. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін –
білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы
мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. [1]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі
жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде
табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын
қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде
интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады
. Әлемдік
тәжірибелерге сүйене отырып, заман талаптарына сәйкес, күнделікті тұрмыстық проблемалардан
да басқа істерге араласуы үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар сыни, командалық
жұмысқа бейімділік, көшбасшылық, қарым - қатынас жасауға икемділік, білімпаздық, қажырлық,
әлеуметтік және мәдени мәселермен әрдайым айналысатын белсенділік сияқты бірнеше
қасиеттерді сіңіре білу керек. Осының бәрі, классикалық білім беру мен орта білім беру
мазмұнына арнайы зерттелген тәсілдемелер арқылы енгізіліп отыр. [2, 3]
Жаңа оқыту технологиясы - балалардың, ұстаздардың, ата - аналардың тарапынан жоғары
бағаға ие болған. Ал, мұның нәтижесінде, мұғалімдер үшін оқыту барысының жеңілдегенін
көруге болады. Қазақстандағы білiм бeруді дaмытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз
етіп, халықарaлық рейтингілeрдегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,
олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуi, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды
арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім
беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерicтер мен жаңалықтар әрбір
педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгiні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына,
жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалімге - ақпарды сараптауына, синтездеуіне, оқушыны
дұрыс бағалауына, оқушыға - өзінің қабілеттері мен жетістіктерін жете түсінуіне, ата–анаға
баласының қандай да бір проблемалары туралы ақпарат алуына мүмкіндік бермек. Осылайша,
білім беру мазмұнында оқыту және бағалау арасындағы өзара байланыс қамтамасыз
етілетіндігіне көзім жетіп отыр! Бұл бастама көптен қолдау тапса, білім беру жүйесінде едәуір
оң өзгерістер болары анық.
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру
және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән
мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық
үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. [5, 6]
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.
2016-2017 оқу жылынан бірінші сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшсе, 2017-2018
оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7-сыныптар, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8-сынып-
тар көшті. 1,2,5,7-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасады, негізгі мақсаты
сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған
487
әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала бел-
гілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасына үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра
отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру
бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді
жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау
жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының
ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Осы баяндамам арқылы өз тәжірибемде, яғни мектеп үйлестірушісі ретінде мектепте
кездескен негізгі мәселелермен және оларды шешу жолдарымен бөліскім келеді. Ең алдымен
мектеп үйлестірушісі деген кім және негізгі қызметі қандай деген сұраққа жауап алайық.
1.
Нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды біледі, мұғалімдерге таныстыру
жұмыстарын жүргізеді.
2.
Мектептегі бағалауға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда байланыстырушы
тұлға болып табылады.
3.
Бағалауға қатысты іс-тәжірибелерді таратуды, педагогтердің өзара әрекеттері үшін
алаңдар, коучингтер, тренингтер, басқа да іс-шаралар ұйымдастырады.
4.
Мектептегі
қалыптастырушы
бағалаудың
тиімділігіне
талдау
жасайды,
мұғалімдерге,басшыларға кері байланыс береді, сабақтарға қатысады.
5.
Мектептегі тоқсандық жиынтық бағалауды құрастыруды, өткізуді үйлестіреді,
ұйымдастырады.
6.
Балл қою мониторингін жүргізеді, электрондық журналдың толтырылуын қадағалайды,
білім алушылардың нәтижелеріне талдау жасайды.
7.
Критериалды бағалау жүйесі бойынша ақпараттарды мүдделі тұлғаларға жеткізеді, есеп
жүргізеді.
8.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады, жүргізеді.
9.
Басқа мектеп үйлестірушілерімен байланыс орнатады. [4]
Жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытылатын сыныптарға сабақ беретін пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқарылды. Мектеп бойынша жаңартылған
білім беру мазмұны бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға әдістемелік көмек көрсету
мақсатында зерделеу жұмыстары кезінде пән мұғалімдерінің жүргізіліп жатқан құжаттары мен
оқу үрдісінде кездескен қиыншылықтары жөнінде әңгімелесу өткізілді.
Жалпы бақылау қорытындысы бойынша SWOT талдауы арқылы талдау жүргізілді. SWOT
талдауы салыстыруға жиі қолданылатын әдістердің бірі.
SWOT талдауы арқылы сыртқы факторлар мен қатар ішкі факторларды қамтиды. Ол яғни
жағымды жақтары немесе әлді жақтары, жағымсыз жақтары не әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен
қауіп-қатерлері талданады.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
Жағымды жақтарына тоқталсақ:
-
Жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жоспарлануы;
-
Қажетті нормативтік құжаттармен толық қамтылуы; Үкімет тарапынан Білім және ғылым
министрлігі тарапынан Стандарт, оқу бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары мен
сабақ жоспалары берілген. Сабақ жоспарлары толық түрде берілген, қолданатын ресурстары,
дереккөздері ұсынылған.
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің (1-3-сынып) біліктілігін арттыру курстарымен қамту;
жалпы мектеп бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің толықтай курстан өтуі.
Қиындықтары не әлсіз тұстары:
-
материалды-техникалық базамен қамтылуы; Жаңартылған білім беру мазмұнын
енгізуде АКТ-мен жұмыс істеу көзделген. Яғни сабақ жоспарларында ресур ретінде видеоларға
сілтемелер, интернет желісі бойынша дереккөздер, презентациялар көрсету, ActivInspire
арқылы жұмыстар жүргізу жоспарланған. Оқулықтармен бірге электронды оқулықтар (дискілер)
берілген, оны әр сабақта қолдануға мүмкіндік жоқ;
-
критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі;
-
критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің
туындауы;
488
-
мұғалімдер қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және
тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруы;
-
қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың
жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару;
-
оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алу;
-
тапсырмаларға сәйкес дескрипторлар құру;
-
әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау
мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыру;
-
ата-аналарға түсінік жүмыстарын жүргізу;
-
кері байланыс жазу;
-
өзара сабаққа қатысу.
Критериалды бағалау алғаш енгізілген оқу жылында кездескен осындай қиындықтарды
қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдаланып еңсердік. Осы қиындықтардан шығу бағытында
жұмысымыз бір жүйеге келді деп ойлаймыз.
Ең алдымен,
- мектепте критериалды бағалау жүйесін енгізуге байланысты мектеп үйлестірушісінің жұмыс
жоспары құрылды;
- модерация үдерісін өткізу және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру туралы
мектепішілік бұйрық шығарылды;
- жиынтық бағалауларды өткізу бойынша кесте құрылды;
- бұйрыққа сәйкес мектеп үйлестірушісінің қатысуымен тоқсандық жиынтық бағалаулар
алынды, модерация үдерісі өткізілді;
- пән мұғалімдерімен жиынтық бағалаулардан кейін талдау жұмыстары жасалды;
- мектеп үйлестірушісінің, әдістемелік бірлестік жетекшісінің, 1,2,3,5,6,7,8-сынып
мұғалімдерінің функционалдық міндеттері бөлініп берілді;
- барлық пән мұғалімдерімен дөңгелек үстел, семинар, жеке әңгімелер жүргізілді;
- білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқытылатын оқушылардың қалыптасуы, оқу үрдісінің
сапалы ұйымдастырылуы, сабақ үрдісіндегі критериалды бағалаудың (қалыптастырушы
бағалау) үздіксіз, тиімді жүргізілуі мектепішілік бақылауға алынды;
- ата-аналарға арналған семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді;
- бөлім бойынша жиынтық бағалаулардан кейін ата-аналарға рубрикалар таратылды;
- мектеп әкімшілігінің, мектеп үйлестірушісінің жоспарына сәйкес педагогикалық кеңесте
«2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу», «Критериалды бағалауды
енгізу», директор жанындағы кеңесте «Критериалды бағалау-сапалы білім берудің негізі»
тақырыбындағы әдістемелік семинардың қорытындысы, «Оқушылардың оқу жетістіктерін
критериалды бағалаудың қажеттілігі» тақырыбындағы ата-аналарға арналған дөңгелек үстел
қорытындысы, әдістемелік кеңесте «Қалыптастырушы бағалаудың жүйелі жүргізілуін бақылау
(сабаққа қатысу), 1-3,5-8-сыныптарға берілетін сабақтардың сапасы», «Жиынтық бағалаудың
тапсырмаларын талқылау» мәселелері қаралды;
- әдістемелік бірлестік отырысында кездесіп отырған жекелей оқушылармен туындаған
қиындықтар мен олардан шығу жолдары да талқыланды. Қаралған мәселелерге сәйкес шешім
қабылданып, жұмыстың әрі қарай жүруі бақылауға алынды;
- әдістемелік бірлестік жетекшілердің және мектеп үйлестірушісінің есебі жасалып өңірлік
үйлестірушіге тапсырылды. [4, 5]
Мүмкіндіктері:
-
СМК порталының ашылуы; Жүйелі-әдістемелік кешен порталында пән мұғалімдері үшін
көптеген мәліметтер берілген, видеотоптамалар, таныстырылымдар, сабақ үлгілері ұсынылған.
-
Пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаулар жинағы арқылы
бағалаулар берілген.
-
Оқыту семинарлары мен коучинг-сессияларына қатысу; Тәжірибе алмасу, туындаған
мәселелерді шешуге бағытталған.
-
Мектептегі мектеп үйлестірушінің жұмысы; Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесін
сапалы басқаруды, қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты үдерістер, рәсімдерді жүзеге
асыруды, сондай-ақ, бағалау рәсімдерін іске асыруға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып
табылады. Пән мұғалімдері курстан өткен кезде оқу бағдарламасы, пәннің аясында жүргізіледі.
Ал критериалды бағалау үрдісті жүргізуі, модерацияны жүргізу бақылау мектеп үйлестірушілер
489
жүктеледі. Сондықтан пән мұғалімінде сұрақтар туындағанда, мектеп үйлестурішісімен бірге
шешеді.
Кез келген ата-ананың көкейінде «Бұл біздің бааларымызға не береді?» деген жаңартылған
білім беру мазмұны жайлы сауалдың болуы заңды. Ата-аналарға бағалаудың жаңа жүйесі білім
алушылар үшін қолайлы білім ортасын құруға ықпал ететінін түсіндірудің маңызы зор. Білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін педагогтер мен ата-аналар әртүрлі
қабылдады.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнен ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және
ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді. Білім алушылардың ата-аналарына
бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндірілді, ата-аналар үшін
практикалық тренинг, шеберлік сыныптары өткізілді.
1-3,5-8-сынып ата-аналарына арналған ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жиналыста күн тәртібінде:
- «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне байланысты ата-аналар тарапынан
көрсетілетін психологиялық көмекті ұйымдастыру»
- «Жаңартылған білім мазмұнына көшу»
- «Оқушылардың оқу жетістіктерін Критериалды бағалау» ата-аналарға және оқушыларға
арналған ақпаратпен таныстыру
- «Оқытудың нәтижесі ретіндегі-жиынтық бағалау» , т.б. мәселелері қаралды.
Ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмаларды орындау,
дескрипторларды талқылау және топтық, жұптық жұмыс түрлерінің тиімділігі бағытындағы
практикалық жұмыстар арқылы өткізіп отырдық. Ата-аналарға да олардың балаларына берілген
сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер берілді.
Ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысты, бағалау
механизмдерін түсінді, өз балаларының жетістіктерімен бөлісті, жаңартылған бағдарлама
туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алды.
Мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды үздіксіз жүргізіп отырды. Оқушыларға кері
байланыс беріліп, оқу сапасының артуы бағытында ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізілді.
Әрбір оқушыға портфолио құрылды, портфолиода оқушылардың орындаған қалыптастырушы,
жиынтық бағалаулары, орындаған жұмыстары салынды. Мектеп үйлестірушісі жоспарына
сай барлық жұмыстар қадағаланып, әдістемелік көмек берілді. Мұғалімдердің сабақтарына
қатысу барысында сабақтарын жүйелі жоспарлауға, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді енгізуге,
қалыптастырушы бағалауды күнделікті жұмыс барысында үздіксіз жүйелі жүргізуге қатысты
кеңестер беріліп, өзара іс-тәжірибе алмасып отырдық. [5, 6]
Жиынтық бағалау барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, дәлелдей алды.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім– болашақтың кепілі. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де
көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті
жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастадық.
Міржақып Дулатовша айтқанда: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек
те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың
арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі – тұман». Өркениетті дамудың өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |