БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ӨЗІНДІК РЕТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҮШІН
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
А.Т. Естенбаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия, Қаратау қаласы,
Жамбыл облысы,
aika02
.77@mail.ru
Бүгінгі таңда қоғам білім беру жүйесіне көп талаптар қоюда, яғни ол талаптар тікелей
мұғалімнің міндетіне кіреді. Ал әрбір ата-ана өз баласының бойынан білімділік, іскерлік, рухани-
адамгершілік, өмірге бейімділік сияқты қасиеттерді көріп, оның толыққанды тұлға болғанын
қалайды. Жоғарыда аталған қасиеттердің оқушы бойына даруы – мұғалімге, мұғалімнің
қолданған әдіс-тәсілдеріне байланысты. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, оқыту – бұл жекелеген
құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін
педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Сонымен қатар, осы зерттеулердің
нәтижелері бойынша орташа оқушылардың 40% ғана оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыратын
өзін-өзі реттеу дағдысына ие. Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайында
және бағалау жүйусінде басты назар білім беру бағдарламасының ұлттық стандарттарына
сәйкес келетін білім берудің басты құндылықтары мен мақсаттарына аударылып отыр. Негізгі
алғышарт оқу үдерісінде қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушылардың метатанымдық немесе
өздігінен оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады. Ізденімпаз, шығармашыл мұғалімнің
алдындағы негізгі міндет – оқушылардың өзін-өзі реттеу мен метатаным дағдыларын дамыта-
тындай жағдай жасау міндеті тұр.
Рефлексиялаушы мұғалім ретінде мен өз зейінімді өзін-өзі реттеу дағдыларына аудару арқылы
оқыту стратегияларын қайта қарастыру жолына шықтым. Менің алдымда өз оқушыларымдағы
осы дағдылар қаншалықты жетілгенін түсіну қажеттілігі тұрды. Л.Выготский (1978), Перри
(2002), Бронсонның (2000) еңбектеріне сүйене отырып, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту
үшін бағалау критерийлері құрылды:
•
сабақ тақырыбын тұжырымдай білу;
•
сабақ мақсатын тұжырымдай білу;
•
топта жұмыс істей білу;
•
өз қызметін жоспарлай білу;
•
мақсаттарға жету үшін қажет стратегияларды таңдай білу;
•
оқу мақсатына жету үшін қажет идеялар ұсына білу;
•
сендіре білу;
•
сыныптастарының жұмысына баға бере білу;
•
нәтижені талдай білу.
Келесі саты оқушыларға сабақ барысында оқудың барлық мақсаттарына жете отырып,
өзін-өзі реттеу дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін оқудың нәтижелі әдісін таңдау болды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларымның бойында сенімді тілдік құзыреттілікті
құру басты міндетім. Осыған байланысты мен интерактивті әдісті таңдадым. «Интерактив»
сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter» - бұл «өзара», «act» -
әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді
немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен)
сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып
оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Интерактивті оқыту әдістері – inter (өзара), akt (әрекеттесу). [1] Оқыту процесі барлық
оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Сенімді
тілдік құзыреттіліктерді құру кезінде мұғалім-тілтанушы үшін оқушылардың үнемі тілді қолдануы
маңызды, ал оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Бұл
зерттеуге алған тақырыбымның мектеп тұрғысынан маңыздылығы: Мектепте оқушыларды
білім беру мақсатына жеткізу үшін басқа оқушылармен ынтымақтасуын қолдап дем беріп отыру
керектігін түсіндіру. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге дағдыланбаған, білгендерін бір-бірімен
бөліскеннен гөрі жеке дара жұмыс істеуге бейім. Сабақтарымда оқушыларымның бірлескен
жұмысын ұйымдастырып, олардың ой-өрісін тереңдетіп, ізденіске жетелейтін жұмыс түрлерін
орындауларын қамтамасыз етуге тырыстым. Менің ұсынған жұмыстарымды бар ниеттерімен
496
шамалары келгенше орындауға тырысты. Әрине бірден барлығы ойдағыдай болмайды, күтілген
нәтижеге жете алмаған кезеңдер де болды. Дегенмен оқушылардың талпыныстары мені қуантты.
Барлық сабақ барысында арамызда өзара түсінушілік, берілген тапсырмаға қызығушылық пен
жауапкершілік сезіліп тұрды. Оқушылармен қарым-қатынас сөйлесу арқылы жүзеге асады. Ал
сөйлеудің ең негізгі түрі - диалог болып есептеледі. Білімнің жаңа мазмұнына сәйкес сабаққа
қойылатын қазіргі талаптар
: әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының
бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға
ықпал етуі қажет. Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын
дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты
қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет.
Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына,
оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы
мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасына жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы
қиындықтарды жеңу).
Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту. Интерактивті оқыту әдістері
дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану
арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интереактивті оқытудың тиімді жақтары: оқушылар
ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді.
Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады. Мұғалімнің жетекшілігі арқылы білімдерін әрі
қарай дамытады.
Тәжірибені сабақ жоспарымды өзгертуден бастадым. Блум таксономиясы бойынша
сабағымды 6 кезеңге бөліп, әр кезеңге мақсат қойып, күтілетін нәтижелерді белгіледім. Әр кезеңнің
мақсатына жету үшін қарапайым тапсырмалар алдым. Сабақ сайын оқушыларды сыныптасыңнан
білмегеніңді сұра, ал білетіңді бір-біріңе үйретіп, көмектесіңдер деп ынталандырдым.
Оқушыларға бұл мәлімет қалай әсер ететінін білгім келді, бірнеше сабақ барысында
оқушыларымды бақыладым. Нәтижесі мені қуантты. Бірлесе жұмыс істей отырып, бір-біріне
көмектесіп отырғанын байқадым. Кейбір оқушыларда өзінен көбірек білетін сыныптастарымен
әлеуметтік қарым қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамыды. Нәтижесі: келесі
сабақтарда сол оқушылар өз бетінше сұрақ қойып, топпен шығармашылық жұмысқа қатысты.
Арнайы сұрақтарды қоя алмағанмен сол жұмысты орындауға деген ниет болды. Сабаққа деген
қызығушылығы артып, белсенділігі жоғарылады. «Think and guess» - оқушыларды зерттеушілік
әңгіме жүргізуге итермелейтін тапсырма: тақырыпқа сәйкес өзімнің жақын арада істеген
әрекеттерімді білдіретін бірнеше заттарды (поездің билеті, кино және театр билеттері, чек, сән
салонының визиткасы, қонақүйдің адресі т.б ) 2 топқа бөліп бердім. Бұл тапсырманы орындау
барысында оқушылар топта бір-бірімен ақылдасып, талқылап, маған (мұғалімге) сұрақтар қою
арқылы өз ойларының дұрыс әлде бұрыс екенін анықтады. «Where have you been? You have
travelled to Almaty, haven’t you? Why have you gone to Almaty? What do you like, cinema or theatre?
WHY?» Оқушылар ойлаудың танымдылық аймағының талдау деңгейіндегі сұрақтар олардың
сыни тұрғыда ойлай алу қабілеттерін көрсетеді. Менің бақылауымша тапсырма орындау
барысында ешкім шет қалмады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар арасындағы
зерттеушілік әңгіменің орны ерекше екенін ұғындым, оқушылар өздеріне берілген тапсырманы
топпен орындай отырып, басқа топ оқушыларымен пікірталастыққа түсіп, бір топ екінші топқа
түрлі сұрақтар қойды. Жауап беру барысында да топ оқушылары ақылдаса отырып жауап беруге
талпынды, әркім өз ойларын дауыстап айтып отырғанын бақыладым; осы ретте байқағаным
жақсы оқитын оқушылар алғашқыда өздерінің түсінгендерін топтағы оқушыларға түсіндіріп беріп
отырды. Келесі сабақтарда түсінбеген оқушы өзі ізденіп, түсінуге тырысты; оқушылардың өзара
пікір алмасуы, бір-біріне түсіндіруі арқылы оқуы менің түсіндіргеніме қарағанда оқушылардың
тақырыпты жақсы қабылдауына, жетік меңгеруіне көп көмектеседі екен.
Оқушыларды топқа бөліп, топта өз ойларын ортаға сала отырып, талқылату да оқушы
бойында сенімділік қалыптастыратынын байқадым, «осы дұрыс па, бұрыс па?» деген сұрақ
туындап, сол сенімсіздік топта талқылағанда жойылады. Жеке оқығаннан гөрі топта оқыған оқушы
өзгелерден қалыспау үшін оқиды, және өзінің білмегенін топта ақылдаса отырып меңгереді.
Яғни, бұл әдістің тиімділігі оқушы өздігінен оқи бастады, олай болса, «жалқыдан – жалпыға»
көшу сабағымдағы өзгерістердің бірі деп есептеймін. Осыдан оқушылардың топпен жұмысқа
бейімделгенін көруге болады. Жұмыс барысында олар бір-бірін тыңдауға, бірлесіп шешім
497
қабылдауға, сөйлеу мәдениетіне қалыптасты. Тақырып бойынша берілген тапсырмаларға сыни
тұрғыдан баға беруге дағдыланды. Өз бетінше ізденуге, ашық сұрақтар қоюға, ойларын еркін
жеткізе білуге машықтанды. Оқытудың мұндай белсенді әдістері оқушылардың мәтінді түсіну
мен олардың есте сақтау қабілеттеріне жақсы әсерін тигізді. Олар сондай-ақ ағылшын тілінде
сөздердің синонимдерін тауып, олардың мәнін, мағынасын әрі баламасын зерделеуде тиімді
көзқарас танытты.
Оқушылардың қол жеткізген жетістіктері:
• өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігі;
• идеялардың алуан түрлiлігін түсіну;
• тұжырымдамасын дәлелдеу;
• мұғалімді тосын жауаптарымен таңқалдыру;
•
пікірлерінің ескерілетіндігі;
•
өзінің де, өзгенің де құрметі мен сенімінің маңыздылығы;
•
өзін-өзі реттеу;
•
ынтымақтастық атмосферасында серіктесе білім алудың нәтижелілігі;
•
тілді үйренуге деген жағымды қарым-қатынастың қалыптасуы.
Бағалауға енгізілген өзгерістер: қалыптастырушы бағалауды енгізу алғашқы кезде енгізу
қиындықтар туғызды. Оның себебі оқушылар нақты бағаға үйренгендіктен деп ойлаймын.
Сонымен қатар, оқушылардың мақсатқа жету деңгейін бағалау өте қиын үдеріс, өйткені мұнда
бірқатар кедергілер кездесті:
•
уақыттың көп бөлігі оқушылардың өзіндік жұмысына кетеді;
•
топтық жұмыста әрбір оқушының қосқан үлесін объективті түрде бағалау үнемі мүмкін
бола бермейді;
•
жұмыс нәтижелерін топтың белсендірек мүшелері таныстырады.
Бұл кедергілерді алдағы уақытта болдырмау уақыт еншісінде.
Сабақты критерийлер бойынша бағалау оқушылардың қызығушылығын арттырды. Өздерінің
әр критерийді қалай меңгергенін смайликтер, бармақ әдістері арқылы бағалады. Өз-өзін
бағалау оқушылар үшін жаңа өзгеріс. Кем кетіксіз болмайды, әйткенмен балалар жұмыстың
бұл түріне де үйреніп, өздерін әділ бағалауды үйренді. Осыған орай ағылшын тілі сабағында
өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы - білім берудің болашақ көкжиегін
кеңейтетініне сенімім зор.
Сонымен қатар, кездескен қиындық алғашқы сабақтарда оқушылардың қойылған сұрақтарға
қысқаша жауап беруі, яғни толық ойланбастан айта салуы болды. Сондықтан оқушыларды
ойландыру мақсатында түрлі түрткі болатын, бағыттау сұрақтарын қоя отырып, ойландыруға
тырыстым. Нәтижесінде оқушылар кейінгі сабақтарда әрбір іс – әрекетке байыппен қарап,
ойлана жауап беруді меңгерген сияқты болды. Бұрынғы дәстүрлі оқытудың жолдарын ұмытып,
жаңа көзқарастар тұрғысынан оқытуды өз тәжірибеме нақты енгізгім келеді.
Сабақтарымда оқушылардың өзіндік реттеу дағдыларын дамыту үшін интерактивті оқыту
әдістерді қолдану нәтижесінде сабақтарда:
•
сабақтың аз бөлігі жаңа материалды түсіндіруге арнала бастады;
•
сабақта тек қана оқушылар сөйлейді;
•
сабақты жоспарлауда оқушылардың әрекеттерінің нәтижесі алдын ала белгісіз;
•
оқушыларға өздерінің идеялары мен ойларын жеткізу қиындық келтірмейді;
•
оқушылардың топтық жұмысы аса қолайлы, өйткені бұл сабақ мақсаттарына жетудің
амалы болып табылады;
•
сабақтың барысында оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсаттарын өздері анықтайды.
Интерактивті оқыту әдістерін қолдану мұғалімдерге оқытудың шынайы нәтижелеріне жетуге,
ал оқушыларға метатаным дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Осының барлығы біздің
оқушыларға қазіргі еңбек нарығында жетістікке жетуге және кәсіби сұранысқа ие болуға, яғни өз
мемлекетінің қадірлі азамматтары болуға көмектесетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |