Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет343/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   674
Мұғалімнің бағалаудағы рөлі: 

- Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз 

етеді; 

- Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық 

ақпарат жинастырушы; 

- Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу

- Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға 

және мектеп әкімшілігіне баяндау. 



Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 

1. Оқыту мақсатымен бөлісу. 

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу. 

3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау. 

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз 

ету. 


5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту. 

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру. 

Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта 

не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің 

белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-

қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе 

деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады. Оқу 

үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау 

кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен 

шешім басқа сипатта болады. Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай 

сатысында  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және  қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек 

екендігін  анықтау  үшін  оқушылар  мен  олардың  мұғалімдері  қолданатын  мәліметтерді  іздеу 

және түсіндіру үдерісі. [3] 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет