Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет346/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  В  докладе  представлен  значение  применения  критериев  оценки, 

используемых для получения качественного образования.



Key words: The report presents the importance of applying the evaluation criteria used to obtain 

quality education.

 



507

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

П.С. Жуманазарова 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 12 орта мектеп 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

zhumanazarova68@mail.ru 

Қайықты қарсы есіп қара суға,

Талай-ақ тура келді таласуға. 

Қос қанат: 

Жігер-сенім алып шықты

Мызғымас мұратымды сан асуға. 

Н.Ә.Назарбаев 

Жастардың жүрегіне жігер мен сенім ұялағанда ғана қиядағыны көріп, ұядағыны бағалап, 

ата-баба мұрасын сақтауға адал қызмет етер еді.

Бүгінде баршаның міндеті  -  әдет-ғұрпымызды,салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана 

- сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Әсіресе, мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті: рухани 

бай, жан-жақты, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Ал, рухани байлық ең алдымен,әр халықтың 

әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. 

Ата-бабаларымыз мұраға қалдырып кеткен ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа ала 

отырып, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш 

салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың 

өндіріске енгізілуі. Ұлы жаңалықтар -  бұл таза ақыл-ой мен мейірбан жүректің ісі. Жаңалық бұл 

ғылыммен келеді. Жас ұрпақты ғылымға тарту ұстаздардың міндеті. 

Рухани  жаңғыру  аясындағы  мұғалім  –  оқушылармен  қарым-қатынаста  педагогтың  өнеге 

құралдарын тиімді пайдалана білуі қажет. Бұл адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні 

баланың  рухани  дүниесіне  мұғалімнің  әсер  ете  білуінде.  Осыны  жақсы  меңгерген  ұстаздың 

сабақта қолданған тәрбие құралының оң нәтиже берері анық. Бала тәрбиесіне бағытталған іс-

әрекет, яғни, ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. 

Жаңартылған білім мазмұнындағы кітаптарда салт-дәстүр ұғымы, салт-дәстүр жалғастығы 

және  ұстану  жолдары  жақсы  берілген.  Ұлттық  құндылықтарымыздың  бірі  –  ана  тілімізді 

құрметтеуге  бағытталады.  Ана  тілдің  дамуы  ұлттық  өркендеуге  зор  ықпал  етеді.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады.Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, 

өйткені, бабаларымыздың ғұмыр тәжрибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс бітімі 

осы тілде қаттаулы жатыр» - дейді өте құнды пікір. [ Н.Назарбаев «Жылдар мен ойлар» 151- бет]

Ербол Шаймерденұлының «Елтану әліппесі» кітабында қазақ елінің рәміздері берілген. Бұл 

кітапқа Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев «Алғы сөз» 

жазған екен. Ә.Кекілбаев: «Елдік таңбаның мұраты – өз еліңе деген мақтанышқа тәрбиелеу» 

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да 

халық тағдыры туралы сыр шертеді. Мемлекеттік рәміздерді қазақ елінде тұратын және оны өз 

Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашан да жадында ұстауы 

керек. Бұл - баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз екендігін жас ұрпаққа 

баса түсіндіруіміз керек. Барлық нәрсе білім арқылы келеді. Ал білім – осынау шексіз ғаламды, 

қоршаған дүниені танудың кілті. Осы білімді жастардың бойына тәрбие арқылы сіңдіріп, ұлттық 

сананы  қалыптастыруымыз  керек.  Ұлттық  кодтың  негізі  –  ана  тілі,  әліпбиі,  салт-дәстүрінде 

жатыр.  [Ербол Шаймерденұлы «Елтану әліппесі» 5-бет]

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құнды пікірі: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – 

сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Рухани қасиеттерді берік ұстанып, қастерлеп сақтаудың үлгісін 

көрсетуші, айрықша адам – рудың жасы үлкен ақылшы адамдары. Біз ақсақалын ардақтаған, 

салт-жорасын  салмақтаған  жасампаз  жұрттың  ұрпағымыз.»  [Н.Ә.Назарбаев  «Жылдар  мен 

ойлар» 307 бет]

Ал тарихқа көз жүгіртсек ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай 

рухани қағидасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, 

үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Ұл баланы 

– болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы, шаңырақ иесі деп, қыз баланы – болашақ ана , өмір гүлі, 

ұлт айнасы деп есептеген. Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелерімен ұштастыра білген. Халық 



508

тәрбиесіне  сонымен  қатар  ұлттық  салт-дәстүрлер  де  кіреді.  Оқушыларды  жақсы  біліммен 

қамтамассыз ету үшін халықтық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені 

қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана – баламен 

рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата –баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың 

тәлімдік  мұрасын  бүгінгі  күнмен  сабақтастыру.  Рухани  байлық  дүниетаным,  түсінік,  рух,иман 

отбасында қалыптасады. Демек, мектеп, ата –ана және мұғалім бір-бірімен тығыз байланыста 

болу керек. Ұлттық тәрбие салт-дәстүр, жол-жоралғы, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту 

рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық өю –өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы 

адам мінезін, ұлттық сананы қалыптастырады. 

Рухы  асқақ  іргесі  мықты  ел  боламыз  десек,  ең  бастысы,  ұрпақ  тәрбиесіне  сергек  қарап, 

салт-дәстүрді берік ұстануға тәрбиелеуіміз керек. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш 

адамнан жұғады:бірінші -  ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан,үшіншісі – құрбысыан» - деген 

екен. 


Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгізген  М.Жұмабаев бол-

ды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатынын айтты. М.Жұмабаев «Педагогика» 

атты  еңбегінде  былай  дейді:  «Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  көп  бұрын  қолданылып 

келе  жатқан  тақтақ  жол  болғандықтан,  әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында  өз  ұлты 

үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 

міндетті» 

Қоғамның белгілі қайраткері, біртуар ақын Мұхтар Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық 

рух болуы керек» дегенін есте сақтап, еліміздің ертеңі үшін атсалысуымыз керек. Бүгінгі таңда 

ұстаздар  қауымына  асқан  жауапкершілік  жүктеліп  отыр.Біз  ұстаздар  балаға  салт-дәстүрді 

үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын,мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз 

керек.  Ұлттық  тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай  білу  мұғалімдердің  ата-аналармен  қосылып 

жүргізген  шараларына  байланысты  болмақ.  Өйткені,  ұлттық  тәрбиенің  ошағы  –  отбасында, 

екінші  –  балабақшада,  үшінші  -  мектепте  қаланатыны  айдан  анық.  Әрбір  ұйымдастырылған 

іс-әрекет  баланың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруы  тиіс.  Осы  баяндамамды  Елбасымыздың 

төмендегі сөзімен аяқтағым келеді: «Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып 

жүретін, көптің көмейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей 

болуы тиіс». Ұлттық құндылықтарды бағалайтын, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген білімді де 

жалынды жастарды көргім келеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет