Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет395/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түйін  сөздер:  жаңартылған  білім,  «Блум  таксономиясы»,  критериалды  бағалау, 

функционалдық сауаттылық,дарынды оқушылар.



Ключевые  слова:  обновленнoе    образование,  «Таксономия  Блума»,  критерияльное  

оценивание, функциональная грамотность, одаренные ученики.



Key words: updated knowledge, «Bloom Taxonomy», criterial assessment, functional literacy, 

talented pupils. 




569

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

Ж.Ж. Қожахметова

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Тараз қ. 

zhanyl.kozhakhmetova@mail.ru 

Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында    еліміздің  тәуелсіздігінің  25  жылдық  тарихында   

саяси, экономикалық  даму жолы айқындалғаннан кейін ұлттық өрлеудің, рухани жаңарудың 

уақыты  келгені  айтылды.  Елбасының  қоғамдық  сананы  жаңғырту  жөніндегі  тың  бастамасын 

халық қызу талқылап, қолдап кетті.  Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса 

назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан 

бастау алатын рухани ұстынды сақтап қалу.  «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын 

екі  ережені  түсініп,  байыбына  барғанын  қалаймын.  Біріншісі  –  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет 

сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі 

болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген Елбасының сөзі қоғамдық ойға 

сілкініс  әкелу,  елдің  санасын  отаршылдық,  кембағалдық  мінезден  түгелдей  арылту  дегенге 

саяды. 

[2]


 Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге ұмтылу 

еліміздің бәсекелік қабілетін арттыруға ықпалын тигізбек.

  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада сананы жаңғыртуға, білім 

мен ғылымға үлкен мән беріліп отыр. Бәсекелік қабілетті арттырудың жолы да – осы білімге 

құштарлықтан бастау алатынын ашып айтылған. Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды 

сіңіре  отырып,  жаһандық  өзгерістерге  бейім  әрі  патриоттық  рухта  тәрбиелеу  қашанда  өзекті 

мәселе  болып  келген.  Сондықтан  Президент  ұсынған  рухани  жаңғыру  бағдарламасы  –  бала 

тәрбиесіне жауапты мамандардың басты бағдарына айналуы заңдылық.

  Жамбыл  облысы  әкімдігінің  білім  басқармасы  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 

мақаласындағы  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақсатында  «Рухани  жаңғыру»  қоғамдық  сананы 

жаңғыртудың  «Тәрбие  және  білім»  кіші  бағдарламасы  аясында  «Отаным  –  тағдырым», 

«Өлкетану» және «Саналы азамат» базалық бағыттары бойынша 2017-2022 жылдар аралығында 

жүзеге асырылатын 36 шағын жобасын әзірлеген.

 Осы жылдар аралығында кіші жобалар аясында өтетін іс-шараларға мектеп оқушылары 

мен  колледж  студенттері  қамтылмақ.  Аталған  жобаларды  іске  асыру  мақсатында  2017-2018 

оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептерде «Өлкетану» және «Туған өлке тарихы», 

ал техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде «Тарихи өлкетану» және «Әдеби өлкетану» 

курстары енгізілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды жаңғырту жолында нақты мақсатқа 

жету үшін білімді, саналы болуға, ұлттық кодымызды сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында орта 

мектепте  «Тәрбие  және  білім»  кабинеттері,  5  колледжде  «Зерде»  және  «Руханият»  рухани 

дамыту  орталықтары  ашылды.  Облыстың  барлық  білім  мекемелерін  талапқа  сай  безендіру 

мақсатында үлгі-нұсқалар әзірленіп, таратылды.

  Жамбыл  политехникалық  жоғары  колледжі  жарты  ғасырдан  астам  тарихы  бар  еліміздің 

білім  беру  саласындағы  өзіндік  орны  қалыптасқан  білім  ордасы.  Елбасының  бағдарламалық 

мақаласына орай колледждегі оқу үрдісіне  «Тарихи өлкетану» және «Әдеби өлкетану» курстары 

енгізіліп,  «Зерде»  рухани-дамыту  орталығы  ашылды.  Аталған  курс  бағдарламасы  колледж 

оқытушыларының қатысуымен жасалып бекітілді және облыстың басқа да кәсіптік-техникалық 

оқу орындары осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде.

 Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы 

мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-

талай аңыздар мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деген болатын.

 

[2]


  «Жер-су  атаулары  –  тарихымыздың  айнасы»  тақырыбында  өткізілген  танымдық  семинар 

жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті,  туған елге – Қазақстанға деген патриоттық 

сезімді дамытуға ықпал етуге арналды. Оған  облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім 

басшысы Набира Қапарқызы Суйманова қатысып, ономастикалық комиссияның бүгінгі таңда 

атқарып отырған ауқымды жұмыстарын әңгімелеп берді.

 Жаһандану үрдісіндегі басты талап − әлемдік тілдерді меңгеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық 




570

үрдіске  толыққанды  араласуымызға  жол  ашады.  Әлемдік  озық  тәжірибе  мен  жетістіктерге 

қол  жеткізуімізге  мүмкіндік  туғызатыны  анық.  Жаһандық  әлемге  еркін  кірігіп,  жұмыс  істеудің 

басты шарты ағылшын тілін меңгеру десек, оған колледж оқытушылары белсене кірісіп кетті. 

Арнайы  пән  оқытушылары    Малайзия,  Финляндия,  Чехия  мемлекеттерінде  ағылшын  тілінде 

біліктіліктерін арттырып келді. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» 

және  «Ақпараттық  жүйелер»    мамандықтары  бойынша  1-курста    жаратылыстану  пәндерін, 

2-курста «Операциялық жүйелер мен жүйелі бағдарламалалық қамсыздандыру», «Операциялық 

жүйелер  және  қолданбалы  бағдарламалар  пакеті»  арнайы  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту 

жалғастырылып келеді.

 Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттердің бірі 

латын әліпбиіне көшу деп айқындап берді.  Қазіргі таңда  қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы 

бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданды. Латын графикасын әлем халықтарының 80 пайызы 

қолданады.    Кең  тараған  латын  әліпбиінің  арқасында  жастар  ғаламтор  арқылы  ақпарат 

айдынына еніп, білім мен ғылым саласындағы кеңістікке еркін ене алады. Әліппе-мәдениеттің 

өлшемі,  сонымен  қатар,  ол-ұлттың  таңбасы,  елдіктің  айшығы,  мемлекеттің  тәуелсіздігі  мен 

тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Әліпбидің қазіргі таңдағы маңыздылығы жайында 

өткізілген  «Уақытпен  үндескен  жаңғыру»  атты    танымдық  семинардан  студенттер  осы  күнге 

дейін  әліпбидің  неше  рет  ауысқаны  жайында  мағлұмат  алып,  болашақта  латын  әліпбиіндегі 

таңбаларды  тез  игеріп  кетудің  жолдары  түсіндірілді.  (1-сурет.  «Жаңа  қазақ  әліпбиі  –  ұлттық 

стратегиялық мақсат» тақырыбында колледж студеттерінің диктант жазу сәті)

  12  сәуір-халықаралық  ғылым  күніне  орай  «Ақынның  аты,  ғалымның  хаты  өлмейді» 

тақырыбындағы жаңа білім беру сабағы өтті. Онда   көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, іргелі 

әдебиеттанушы-ғалым,  түрколог,  академик,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Мырзатай 

Жолдасбеков, 

Қазақ 

ұлттық 


университеті 

жанындағы 

Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, 

әдебиет  сыншысы  Жанғара  Дәдебаев,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,тарих  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Дария  Қожамжарова  жайлы  толық  ақпарат  беріліп,  олардың  ғылыми 

еңбектеріне шолу жасалды. 

  «Ерен  еңбегімен  елге  танылған  тұлғалар»  атты  іс-шарада  студенттер  облыс  аумағынан 

«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына  енген  8 жеңімпаздың бірі, еліміздегі спорттың дамуына 

зор үлес қосқан колледждің бұрынғы түлегі Ақжүрек Таңатаровпен кездесіп, ашық әңгімелесе 

алды. Спортшының құрметіне  «Өнеге» спорттық жетістіктер мұражайы ашылып, бүгінгі таңда 

жас ұрпақтың салауатты өмір салтын таңдауына зор ықпал жасауда. (2-сурет. «100 жаңа есім» 

жобасының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаровпен кездесу) 

 «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын 

ҚР Президентінің кезекті  Жолдауында  еліміздің тұрақты дамуы және әлемдік бәсекеге қабілетті 

елдердің қатарына енуі үшін ұлттық байлықтың ерекше түрі саналатын адам капиталын дамыту 

мен қалыптастырудың маңызы ерекше екені атап өтілді. 

[1]

 Белгілі ғалым Оразалы Сәбден өзінің «Бәсекелестік экономика» деп аталатын еңбегінде 



әлемдегі  барынша  дамыған  және  бәсекеге  қабілетті  экономикаға  тән  ерекшеліктер:  жоғары 

дамыған қаржы саласы, жоғары технологиялық экономика, қуатты трансұлттық корпорация деп 

көрсетсе, оның ішінде ұлттық экономиканың бірнеше саласына басымдықтар берілуі тиіс дейді. 

Сол басымдықтардың бірі -  білім және ғылым саласы. «Бұл сала болашақта елімізде «білім 

экономикасын»  қалыптастыруға  іргетас  қалап,  сондай-ақ  жоғары  технологиялық  салаларды 

білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін басым маңызға ие болуы керек» дейді ғалым. 

[3]

  Кәсіптік  дайындық  пен  біліктіліктің  мәртебесі  мен  стандарттарын  арттыруға  бағытталған 



WorldSkills  әлемдік  конкурсының    2017  жылы    Астана  қаласында  үшінші  рет  өткен  Ұлттық 

чемпионатында 3 курс студенті Медетбек Абылай «Плиткамен қаптау»  құзыреттілігі бойынша 

жүлделі 3-ші орынға ие болды. 

 2018 жылы WorldSkills Zhambul-2018  өңірлік чемпионатына қатысқан  колледж студенттері    

І орынға ие болып, ұлттық чемпионатқа жолдама алды. 

“Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет» 

деп  Елбасы  атап    өткен  жобаның  аясында    «Ғимараттар  мен  құрылымдарды  салу  және 

пайдалану», «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 

«Тоқыма өндірісі», «Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі» мамандықтары бойынша  

кадрлар даярлануда. 




571

  Колледж  әкімшілігі  «Цифрлы  Қазақстан»  бағдарламасы  аясында    цифрлық  білім  беру 

ресурстарын  дамытуды  да  естен  шығарған  емес.  2018  жылы  ІТ  мамандықтары,  химиялық 

технология,  құрылыс  бейіні  бойынша  оқу  лабораториялары  және  шеберханаларын  соңғы 

үлгідегі жабдықтармен  қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді.

 «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, 

озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» 

деген Елбасының сөзін басшылыққа алған ұстаздар қауымы орта буын мамандарына сапалы 

білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, білімнің ең басты құндылық екенін күнделікті естеріне 

салып отырады.

 [1] 

Себебі білімді ұрпақ қана елін табысқа жетелейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет