Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет426/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: компетентность, глобальное принципы, обновление , информационно- 

коммуникативное сети, личность, ценность.



 

Key words: competency, globalization, modern knowledge, net, personality, values.


628

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА САУСАҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ 

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ 

К.С. Мухаметжарова 

«Балауса» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған коммуналдық мемлекеттік қазыналық 

кәсіпорын, Балқаш қаласы, 

vip.balaysa@mail.ru

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» демекші, ойын баланы өсіреді. Ал ойындағы 

басты құрал – ойыншық. Ол алданыш қана емес, дамыту құралы болуы керек. Қазіргі кезеңде 

балаларға арналған сан алуан ойыншықтар бар. Қарасаң, көздің жауын алады, алайда солардың 

бәрі балаларды дамыта алып жүр ме? Бұған әр адам өз ортасына қарап-ақ жауап береді. Осы 

тұста қоғамның алдында жүрген маман ретінде жоғарыдағы проблеманың шешу жолын ұсынғым 

келеді. Жоғарыда аталған мәселеден тиімді жол табуға саусақ ойындары көмектесе алады. Бұл 

ойын балалар үшін көңілді, қызықты әрі тәрбиелейді. 

Саусақ  ойыны  –  балаларды  жан-жақты:  ақыл-ойын,  тілін  дамытып,  танымын  кеңейтетін, 

ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасын  тауып  келе  жатқан  әрі  бала  тәрбиесінде  үлкен  мәнге  ие  ойын 

түрі. Бұл ойын саусақтардың  шағын ертегі, қысқа әңгіме, өлең-тақпақтардың мазмұнына сай 

қимылдату, ойнату арқылы жүргізіледі [1].

Саусақ ойындары балаларды ептілікке, икемділікке, белсенділікке баулиды, шығармашылық 

қабілетін,  зейінін  дамытады.  Ал  ондағы  көңілді  өлең-тақпақтар  баланың  көңіл-күйін  көтеріп, 

достары және ересектермен тіл табысуына септігін тигізеді. Саусақ ойындарымен жүйелі түрде 

айналысатын  балалардың  сөйлеу,  есте  сақтау  қабілеттері  және  қозғалыс  үйлесімдігі  жетік 

дамиды. Өлең шумақтарын қайталау және бір мезетте саусақ қимылдарымен көрсету барысында 

баланың дыбыстарды дұрыс айту, анық сөйлеу дағдылары қалыптасады, сөйлеу мен қимылды 

үйлестіре білу қабілеттері жетіледі. Бала өз қолының қимылын бақылауды үйренеді.

Өлең-тақпақтарды балалардың жеткілікті қабылдауы үшін оларды жатқа айтқан жөн. Балалар 

сіздің бет-әлпетіңізді көріп қана қоймай, сонымен қатар өлең мазмұнының әсерлі көрінісін бере 

білгеніңізді сезінуі қажет.

Саусақ  ойындары  барысында  өлеңдегі  ырғақты  сезіне  білуі  қалыптасады  әрі  жетіледі, 

ырғақты сезіне білу өлеңді есте сақтауға әсер етеді. Өлең шумақтарының ұқсастығын, екпінді 

ести білуге, сөздерді буынға бөлуге үйренеді. Саусақ ойындары балаларға саусақтардың орнын, 

қимыл мен өлең шумақтарының реттілігін есте сақтауға көмектеседі  [1].

Саусақ ойындарын  балалардың  күнделікті  еркін  ойындарына,  мерекелік  ойын-сауықтарға 

енгізуге  болады.  Мысалы:  ойын  жарыстардың  арасында  балалармен  шеңбер  құрып,  саусақ 

ойындарын көрсету. Әдеби сөзді қимыл-әрекетпен бейнелеген саусақ ойындары ерекше, шағын 

қойылымға айналады, балаларды қуанышқа бөлейді. Осындай ойындар арқылы баланың ой-

қиялын дамытуға болады, уақыт өте бала өзінің саусақтарға арналған әңгімелерін, оқиғаларын 

құрастыруы мүмкін. Әрине, саусақ ойындары сол жолдағы алғашқы қадамы болмақ.

Саусақ ойындары

Саусақ ойындары

Саусақ қимылдары

     Саусақтар амандасады [1]

     Бас бармақтар,

    Балаң үйректер.

    Ортан теректер,

    Шылдыр шүмектер.

    Кішкентай бөбектер,

    Саусақтар құшақтасады,

     Кездескендеріне қуанады.                                                      

Екі қолдың саусақтарын бір-бірімен 

түйістіреді.

Саусақтарды бір - бірімен айқастырады.

Саусақтарымен шапалақтау.

Баланы шақыру



 [1]

      Кел, кел, келе ғой

     Аяғыңды баса ғой!   

                

Екі қолдың саусақтарымен қимылдату.

Екі саусақты үстелге тіреп қимылдату.




629

Бас бармағым - атам, үйдің данасы, [1]

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.

Ортан терек - әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек - мен, бәрінің базары.

Саусақтарға кигізілген отбасы мүшелерінің 

бейнелерін жазып көрсету.

Бір қазан сүт



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет