Ключевые слова: профессиональное образование, профессиональная подготовка,
профессиональная направленность.
Keywords: vocational education, vocational training, professional orientation.
БІЛІМ САЛАСЫН АРТТЫРУДА ОҚЫТУДЫ ИННОВАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУ
Г.К. Мусабеков
Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы gani-musabekov@mail.ru
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын
құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі
заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету
және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен
байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен
тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мне техниканың даму деңгейі әрбір
адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді
шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен
жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы
Ақпараттық -коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта,
радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы
оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік
алады. Мультмедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп.
1. Мұғалім оқушы білімінін бағалуды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің
нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне
қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі.
Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық
қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.
Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине,
мұғалім. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы,
бағыттаушы рөлінде болады.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман
талабы. ХХІ ғасыр ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін
дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруде
ақпараттандыру және пәндерді ғылыми–технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушыны
даярлау мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы
жан-жақты, жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9- тар-мағында оқытудың
жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек
нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан
оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті
қойылған.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті
құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
626
үрдісін модернизациялау тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Құзірет–оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты
іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзіреттілік – оқушының әрекет
тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Құзіреттілік-оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу,
проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі.
Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және топтарда (коммуникативтік)
шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс,
өз бетімен және басқаның көмегімен қажетті ақпаратты іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған
сапалар мен қасиеттер кез келген іс – әрекеттерге қажет. Содан да олар негізгі құзіреттер
деп аталады. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада
төмендегі құзіреттіліктер болуы тиіс:
•
Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі
•
Коммуникативті құзыреттілігі
•
Мәдениеттану құзыреттілігі
•
Оқу-танымдық құзыреттілігі
•
Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
•
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзіреттілігі
•
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі
1. Құндылықтарды бағалау құзіреттілігі- жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу, біліктілігі,
азаматтық белсенділігі,саяси жүйені түсіну, ең алдымен –өз жерінің, Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттану құзыреттілігі-өз халқын және әлем елдерінің мәдениетін түсіну,білу,бағалау,
жалпы адамзаттық мәдениетінің жетістіктері мен этномәдени құбылыстарды тану.
3. Оқу –танымдық құзыреттілігі оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін
қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемдік ғылымның бағытын ізденушілік-зерттеушілік
әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативті құзіреттілігі-адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау
тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі-өз бетінше іздей білу,талдау, таңдап алып өзгерте
білу, ақпараттық технологияны игеру. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты
– оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін
қалыптастыру. Ақпараттық құзіреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу,
сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық –коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
жан-жақты қолдану қабілеті.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі –жанұяда, еңбекте, экономикада, саяси, қоғамдық азаматтық
тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім
қабылдай білу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі- өзіндік қадір- қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз
мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді.Ол – оқу
нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу
қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни,
бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз
зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып
қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен
болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің
нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір
мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай
білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, «ОҚЫТУШЫ-ОҚУШЫ» қарым-
қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.
627
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың
оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық
лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |