Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет480/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   674
Түйін сөздер: STEM білім беру, оқу модулі, инженерлік ойлау, интеллектуалдық даму.

Ключевые слова: SТЕМ-образование, образовательный модуль инженерное мышление, 

интеллектуальное развитие.



Key words: STEM education, educational module, engineering thinking, intellectual development.


701

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨЗҚАРАС

А.А. Тлеулесова

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты

Павлодар қаласы, tlassema88@mail.ru 

Қазіргі білім берудегі басты бағыт – мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету. Жаңартылған 

оқу  бағдарламаларын  сынақтан  өткізу  және  ендіруде  оқытушыларға  әдістемелік-ғылыми 

жағынан қолдау, НЗМ тәжірибесіне сүйену, оны орта білім жүйесіне сәйкестендіру, біліктілікті 

арттырудың жаңа бағдарламаларын оқыту мәселелерін қозғап отыр. Мұғалімнің жаңартылған 

білім жүйесінде ең алдымен кәсіби тәжірибеге дайындығы болу керек, яғни ұстаздың сабақты 

жүргізуге  дайындық  деңгейін,  оқушыға  сабақ  түсіндіргенде  әдістерді  орынды  пайдалануды 

анықтаймыз.  Бұл  тәжірибеде  қалай  жұмыс  істейтінін  білу  емес,  сонымен  қатар  түсіну  де 

маңызды  болып  табылады.  Егер  практикалық  білімі  болмаса,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамытуына  ұстаз  қабілетті  бола  алмайды.  Сондықтан  да  практикалық  білімі 

жоғары болғаны абзал [1]. 

Оқулықтардың,  оқу  материалдарының  жаңартылған  білім  беру  мазмұнындағы  оқу 

мақсаттарымен сәйкестендірілді. Болашақ педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру үшін келесі 

шарттар  басшылыққа  алынады:  дағдылар,  сыни  ойлау,  ынтымақтастық,  оқытуға  арналған 

бағалау, қалыптастырушы бағалау, оқыту құралдары.  Кәсіби стандарттарға келсек, қазіргі таңда 

Қазақстанда  педагогтің  кәсіби  стандарттары  әзірленіп  жатыр.  Пәнаралық  байланыстардың 

болуы мұғалімдер арасындағы ынтымақтастыққа жақсы әсер етеді.

Мысал ретінде, жаңартылған оқу мазмұны бойынша оқитын 7-сыныптарға информатиканы 

ағылшын тілінде оқытуға арналған факультативтік курстың бағдарламасы алынып отыр. 

Курс  мақсаты:  информатика  негіздерін  ағылшын  тілінде  меңгерте  отырып,  оқушылардың 

коммуникативтік біліктілігі мен функционалдық сауаттылығын арттыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет