Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН



Pdf көрінісі
бет49/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

М.С. Аманбаева

Қазіргі кезде жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға 

белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену 

жұмыстарын жатқызуға болады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру  жаңа педагогикалық 

технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Осы  міндеттерді  іске  асыру  мақсатында  білім  беру 

саласы  қызметкерлерінен  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыруын,  сандай-ақ 

қазіргі  замандағы  педагогикалық  технологияларды  меңгерген,  психологиялық-педагогикалық 

диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.

Инновациялық технологиялар тілдік білім сапасын арттырып,қарым-қатынаста еркін қолдана 

алу мүмкіндіктеріне жол ашады. Әр сабақта қазақ тілін игеруге қатысты интерактивті әдістерін 

қолдану;  әр  оқушының  психологиялық  ерекшеліктерін  ескеру,  қазақ  тілін  үйренуге  деген 

ынтасына,  зейіні,  қызығушылығына  көңіл  аудару;  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра 

отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін 

арттыру, жоғары оқу жағдайына бейімдейді.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануды оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір 

білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін  өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал 

оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Қазақ  тілін  оқытуда  инновациялық  технология  әдіс-тәсәлдері  оқышылардың  тілге  деген 

қызығушылығын,  талпынысын  арттырып,  өз  ізденістері  мен  шығармашылық  деңгейлерін 

дамытуға жол ашу болып табылады.

Елбасымыздың  жолдауында  ХХІ  ғасырдың  табалдырығы  алдында  білі  беру  капиталға 

айналуда.  Оның  өзі  мазмұны  жөнінен  стратегиялық  ресурстармен  бәсекелесе  алады.  Елдің 

даму  деңгейі  осы  арқылы  бағаланатын  болады  -  деп  сапалы  білім  беруге  ерекше  назар 

аударылып  отыр.  Педагог  К.Д.Ушинский:  «Біз  жан-жақты  жеке  тұлға  тәрбиелегіміз  келсе,  ол 

тұлғаны  жан-жақты зерттеп білуіміз керек деген ойды айтады». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім 

әрекетінің тұжырымдамасы іспетті. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты 

белгілері мен сапаларын аныөтаудың мәні зор. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің 

рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде 

жаңа мақсат-міндеттер  жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың 

алғышарты мектепте жасалынады. 

ХХІ  ғасыр  мектебінің  мақсаты  жас  жеткіншектерді  жауапкершілігі  жоғары,  парасатты, 

адамгершілік мәдениеті қалыптасқан , өмірге икемді , ұлт жанды тұлға қалыптастыру. Болашақ 

мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.

Білім  - үздіксіз  білім берудің басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, 

білік  дағдыларды  меңгертумен  бірге  табиғат,  қоршаған  дүние  туралы  түсініктерін  кеңейте 

отырып,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы. 

Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тірбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін 

іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Қазіргі таңда сексеннен астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүр.

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған 

жаңа  педагокикалық  технологиялар  баршылық.  Соның  ішінде  төмендегілерді  атап  айтқым 

келеді:

Дамыта оқыту;



Деңгейлеп оқыту технологиясы:

Модульдік оқыту;



Проблемалық оқыту;

Қатысымдық технологиясы;



Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

Сатылы кешенді талдау;



Жобалау технологиясы;

Тірек сигналдары технологиясы;




49

Саралап даралап оқыту.



Қазіргі  жаңа  технологиялардың  алдарына  қоятын  мақсаты  –  тіл  үйренушілердің  дербес 

ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді.

Оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  –  модульдік  оқыту  технологиясы.  Модульдік 

оқытудың өзегі – оөу моделі. Модульдік оқыту – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін 

дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек қана ақпаратты игеру емес, сонымен 

қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады. Оқу үдерісін 

модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу, яғни, оқу 

пәнін ірі тарауларға бөліп, сонымен қатар  әр тараудың мазмұны , білімі мен ептілігі анықталып, 

сол модульді меңгеруге қажетті бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін 

қарастырады.  Модульде оқу уақытының басым бөлігі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне 

жұмсалады. Алған бөлімдері күнделікті бақылау, тексеру әдістері арқылы анықталып тұрады. 

Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау жүргізіледі.

Қазақ тілін оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне тоқталсақ: 

біріншіден,  білім  деңгейі  әр  түрлі  оқушылармен  жеке  тұлғалық  жұмыс  ұйымдастыру  жүйесін 

жүргізуге  бағытталады;  екіншіден,  оқу  үрдісін  оқушы  әр  деңгейлі  жұмыстарды  таңдауда, 

бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен бағаланатын күрделі тапсырмаларды 

орындауға,  қорытынды  бақылау  тапсырмаларына  алдын  ала  дайындалуға  мүмкіндік  алады; 

үшіншіден, технологиялық картада күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу 

үрдісінің тиімділігі жоғарылайды. 

Модульдік технология жаңа және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді сабақтастырып қолданумен 

қызықты әрі тиімді.

Қазақ тілін оқытуда жаңа техологиялардың бірі – деігейлік оқыту. Деігейлік оқытудың басты 

ерекшелігі – білім беру, оқыту, үйрету үдерісін топтап, жіктеп бөледі. Білім беру, дағды мен білік 

қалыптастыру классикалық әдіс негізінде болса, инновациялық әдісте, керісінше, алдымен дағды 

мен біліктілік, соңынан білімін жинақтау ұстанымын алға шығарады. Әрбір деңгейге арналған 

лексика-грамматикалық минимумы болады, үйренуші әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, 

ондағы оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделеніп отырады. Деңгейлік 

оқыту  бойынша  әрбір  деңгейдің  өз  әдістемелік  мақсаты,  әрбір  деңгейдің  өз  деңгейдің  тілдік, 

әлеуметтік лингвистикалық және дискурсивтік қызметі болады.

Педагогикалық технология –  әр  пәннің  ашық және  күрделі  жүйесі. Ол  жүйелер  негізгі  оқу 

мақсаттарына, бағытына, мазмұнына қарай топтастырылып, соңында оқушының дамуындағы 

өзіндік  ізін  қалдырып  отырады.  Көптеген  жаңа  замандағы  технологиялары  Қазақстан 

Республикасы мектептерінде белсенді түрде қолданылуда. Қазақстан Республикасының Білім 

туралы заңында әр ұстаз пәніне байланысты  оқушымен бірлесе жұмыс істеуге  барынша тиімді 

оңтайлы нәтижелерге жеткізетін әдіс-тәсіл түрлерін , педагогикалық технологияларды таңдап 

алып жұмыс істеуге немесе авторлық бағдарламаны жасап қолдануына болады делінген.

Қазіргі  кезде  қазақ  тілін  оқытатын  мамандарға  қойылатын  талап  –  жаңа  технологиялық 

әдістерді  қолдана  отырып,  сапалы  және  терең  білім  беру,  ойлау,  есте  сақтау,  көру,  сқйлеу 

қабілеттерін жетілдіру.

«Нағыз  тәрбие  мен  білім  ережелерден  емес,  жаттығулардан  тұрады»  -  деп  Жан-жак 

Руссо айтқандай енді оқушылармен жұмыс жасау барысында қандай жаттығулар мен талдау 

жұмыстарын жасайтындығыма тоқталайын. Біріншіден, ҰБТ нәтижесінде біз 11-сыныпта жұмыс 

жасау  барысында  ғана  жете  аламаймыз,  бұл  жұмыстарды  5-сыныптан  бастауымыз  керек. 

5-сыныптан бастап қазақ тілінің әр саласын өткеннен кейін Нұрша Оразахынованың « Сатылай 

кешенді  талдауын»  әр  сыныпта  сабақ  сайын  пайдаланамын.  Бұл  талдау  әр  тарауды  жүйелі 

түрде есте сақтауларына көп септігін тигізеді.

Сөлемдерге талдау жасау барысында жан-жақты талдап, әр саланы қамтуға тырысамыз.

Өткені балалар білетін теориялық материалды жұмыс жасау барысында қолдана білуі керек. 

Кейде оқушылар қолданып тұрған материалды ережемен сәйкестендіре алмайды, сондықтан 

да  екеуін  қатар  ұстану  керек.  Өзім  өз  тәдірибемде  талдау  жұмыстарына  көп  көңіл  бөлемін, 

әрине, ол оң нәтижесін көрсетуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет