Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет594/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  функциональная  грамотность,  повышение  качества  образования, 

изучение теории, проведение эксперимента, решение задач, внеклассная работа. 



Key words: study the theory, performing an experiment, the solution of problems, out – of – grade 

work. 



832

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ 

М.С. Көбеева 

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі 

Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, 

kobeeva84@mail.ru

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті 

мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, тереңінен зерделене бастады.

Бүгінгі таңда, Қазақстан тәуелсіздік шыңынан орын алып, халық санасын жаңарған кезеңге 

жастарға  білім  беру,  соның  ішінде  тарихты  оқыту  талаптары  түбегейлі  өзгерді.  Қазақстан 

тарихын оқытудағы басты міндет жас ұрпақтың санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбиені 

қалыптастыру. Сондықтанда тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінде Отан тарихын тереңдете 

оқыту уақыт талабы болып отыр.

«Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы» білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен 

және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. 

Қазіргі  таңда  қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  қарым-қатынас  тілі  –  орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  – 

әлемдік  кеңістікті  тану  тілін  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр  сабақта  жан-жақты  қолданып, 

жаңаша  оқытудың  тиімді жолдарын  тауып, жүйелі түрде  қолдану-заман  талабы болып отыр. 

Оқытудың  парадигмасы  өзгерді.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда 

болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру 

және  технологияларды  меңгеру,  оны  тиімді  қолдана  білу  міндеті  тұр.  Мемлекетіміздің  білім 

беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек 

ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай  елдің  болмасын  өсіп-өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның  ұлттық 

білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  «Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы 

бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім 

беру - бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында  мұғалімнің  алдында  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен 

жауапкершілік  тұр.  Әрбір  оқушыны  оқытып  тәрбиелеуге  байланысты  мәселелерді  өздігімен 

және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, 

білімді  де  білікті,  тың  серпіліске,  өзгеруге  дайын  және  жаңа  талап  межесінен  көріне  алатын 

шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың 

мектепте  табысты  оқуы  ғана  емес,  өмірде  де  табысты  болуы    мұғалімнің    қабілетіне,  оның 

құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән 

бойынша  білім  беретін  адам  ғана  емес,  сондай-ақ  олардың  оқудағы  еңбегін  қызықты,  тиімді 

ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен 

күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін 

көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру 

үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, 

жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Тарих пәні ерекше. Пәнді оқытуда оқытушы оқушымен өте көп жұмыс жүргізуі керек. Жаңа 

технологиялардың  түрлерін  тарих  сабағында    пайдалану  –  оқушылардың  еркін  сөйлеуін, 

логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Пікір-сайыс, сұхбат және тағы басқа әдіс-тәсілдер 

араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып, ізденуге шабыт береді. Жаңа технологияны 

жүзеге  асыруда  оқытушы  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі,  өз  мамандығына  деген 

сүйіспеншілігі,  алдындағы  шәкірттерін  бағалауы  ерекше  орын  алады.  Жаңа  технологияның 

өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Әр 

сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру - ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған 

ұстаздың қолында.

Осындай  оқытудың  жаңа  технологияларының  біріне  -  сабақты,  дәрісті  өткізуді  «Сыни 

тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып 

отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер 

келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз 

пікірін,  өз  тоқтамын  жасайды.  Оқушы  бұрын  тек  тындаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойланушы, 

өз  ойын  дәлелдеуші  болады,  ал  оқытушы  осы  әрекетке  бағыттауда,  оқуды  ұйымдастыруда 

жетекші рөл атқарады

.



833

Соңғы  жылдары  педагогикалық  теорияда  және  оқу-тәрбие  үдерісінде  айтарлықтай  

өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына 

ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби 

шебер»  түсінігіне    пәндік,  дидактикалық,  әдістемелік,  психология-педагогикалық  білім  мен 

дағды  ғана  емес,  педагогтің  жеке  тұлғалық  потенциалы,  кәсіби  құндылықтары  да  жатады. 

Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны 

оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі 

және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге 

қызығушылығын  арттыра  отырып  дарындылығын  дамытудағы  іздену-зерттеу  бағытындағы 

тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Сондықтан да тарих сабағында әр түрлі тиімді әдіс-

тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  -  білім  мазмұнының  жаңаруымен  қатар, 

критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әртүрлі  құралдарын 

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Тарих пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары білім алушылардың 

бойында  тарихи  сана,  толеранттылық,  өз  елі  және  басқа  елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне 

құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту 

және  зерттеушілік,  ойлау,  коммуникативті  дағдыларды  дамыту.  Жаңартылған  білім  берудің 

маңыздылығы да сол оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын 

тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті 

қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы 

сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін 

қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі,  бағалаудың 

тиімді  стратегиялары)  үйретеді.  [1]  Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі 

спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам 

сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтіп жатыр. 

Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерийлердің 

нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: 

қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.  Бұл  бағалау  түрлері  баланың  жан-жақты 

ізденуіне  ынталандырады.  Критериялық  бағалау  жүйесі  Филиппин,  Сингапур,  Жапония, 

Франция,  Финляндия  сынды  дамыған  елдерде  пайдаланылады.  [3]  Бұл  бағалау  жүйесінің 

артықшылығы,  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып,  ғылыммен  айналысуына  ықыласын 

туғызады.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі 

болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз 

жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және 

балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу 

бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу 

жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл 

және  баға  қою  арқылы  өткізіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау  барлық 

пәндер бойынша қолданылады.

 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  тарих  пәнінің  берілу  жайы  да  өзгеше. 



Бағдарлама  2018-2019  оқу  жылынан  бастап  5,6,7-сыныптарда  «Қазақстан  тарихы»  пәні 

мазмұнына  «Өлкетану»  материалдары  кіріктіріліп  оқытылады.  Курс  мақсаты  туған  өлкенің 

қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және 

басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа 

ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Өлкетану мәдени 

және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім 

жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 

ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 

барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс  істеуде.  Өйткені  қазіргі  заманда  елдің 

бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім 

беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен 

оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап 

отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін 

мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. 




834

Қорыта  айтқанда,  жаңа  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. 

Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған.  Ұстаздарға 

үлкен  жауапкершілік  міндеттелді.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  аясында  тек  өз  пәнін,  өз 

мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер 

ғана  жұмыс істей  алады.  Үйренгеніміз  де,  үйренеріміз  де  көп Үнді  халқының  тарихи  тұлғасы 

Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында 

жаса»  деген  ілімін  негізге  ала  отырып,  оқушы  бойындағы  қабілетті  жетілдіріп,  оқушыларды 

болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет