Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет644/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   674
Ключевые  слова:  оценивание,  критериальное  оценивание,  формативное  оценивание, 

методы и стратегии формативного оценивания, критерий, критериальная карта



Key words: assessment, criterial assessment, formative assessment, methods and strategies of 

formative assessment, criterion, criterial map.




889

МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ – 

 МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ 

Н.К. Нуртаева 

Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған 

«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі, 

Екібастұз қ., Павлодар облысы, 

nur_naz@mail.ru

Бүгінгі  күні



  әлем  ақпараттық  ғасырға  аяқ  басқанда,  ынтымақтастық,  серіктестік  сияқты 

оң  қарым-қатынастарға  құрылған  біріккен  іс-әрекеттер  басымдылық  танытып  келеді.  Басқа 

адамдармен  тиімді  ынтымақтастық  орнату  –  ашық  қоғамдағы  өмірге  дайындау  барысында 

маңызды қажеттілік. Сол себепті мектеп бұр әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруы керек. 

Белгілі педагог Ю.К. Бабанский мұғалімнің кәсіптік маңызды және жеке тұлғалық қасиеттерін 

үш топқа бөліп қарастырады: 

Жеке  тұлғалық  (балалармен  жұмыс  жасауға  қабілеттілігі),    саяси-идеялық  және  мәдени 

өрісі, жұмысқа табандылығы; педагогикалық такт, педагогикалық бағдары, жаңаны сезе білуі, 

оған ынтамен кірісуі; өзіне және басқаларға талап қоя білуі.

1.  Оқу іс-әрекетіне байланысты қасиеті (пән бойынша білімі; білім, іскерлік пен дағдының 

сапасын  бағалай  білуі;  жұмысты  жоспарлай  білуі,  ойды  дамыта  алуы,  қызығушылықты 

қалыптастыру,  жоспарды  уақытылы,  сапалы  орындау  іскерлігі,  пәнаралық  байланысты 

орнату, балаға жеке ықпалы, әр баланың қабілетіне, жеке қасиеттеріне орай қарым-қатынас 

жасай  білуі,  оқушылардың  оқу  еңбегіне  дағдысын  қалыптастыру;  оқытудың  педагогикалық-

психологиялық негізі жөніндегі білімі).    

1.  Мұғалімнің тәрбие жұмыстарына байланысты сапасы (нәтижені бағалай білу іскерлігі; 

тәрбие  жұмысын  жоспарлау;  тәрбиелеу  барысында  жекелей  ықпал  ету,  жоспарланған 

жұмыстарды  тиімді  ұйымдастыру,  мұғалімдер  мен  ата-аналар  іс-әрекеттерінің  тұтастығы; 

тәрбие  теориясының  педагогикалық-психологиялық  негізі  бойынша  білімі;  пән  бойынша 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыра  білуі).    Педагогика  оқулықтарында  белсенді  оқыту 

әдістері төмендегіше сипатталады: 

2.  білім алушылар мен оқытушының оқу барысындағы өзара іс-қимыл, амал-тәсілдерінің 

жиынтығы; 

3.  Білім  алушыларды  жаңа  идеяларды  іздестіру,  шығармашылық  белсенділігін,  ойлау 

әрекетін  жаңа  мәселелерді  шешуге  ынталандыратын  педагогикалық  ықпал  ету  әдістері  мен 

тәсілдері [1]. 

Дәстүрлі оқыту мен қазіргі таңда кеңінен қолданылып келе жатқан біріккен шығармашылық, 

ынтымақтастық педагогикасы аясында пайда болған оқыту жүйесі бойынша сабақтың мақсаты 

– санаткерлік, рухани, физикалық қабілеттерін қызығушылығын, дәлелдерін дамыту, ғылыми 

көзқарасын  қалыптастыру  болып  табылады.    Ал  сабақтың  мазмұнына  келер  болсақ,  ол  – 

таным  тәсілдерін,  айналадағы  орта  мен  өзінде  болып  жатқан  қоғамдық  және  жеке  адамға 

қатысты маңызды қайта құруларды меңгеру. Ынтымақтастық педагогикасы аясында құрылған 

оқытудың қозғаушы күші деп шығармашылық қуаныш, өзінің өсуін сезіну, білімін жетілдіру, өзіне 

сенім арту танылады.  Ал жұмыс әдісі – біріккен қызмет, іздену, танымдық әңгіме, пікірталас, 

оқытушы мен студенттің ынтымақтасу мүмкіндігі. Озық сабақ ұйымдастыру үдерісі оқушымен 

біріккен  мақсатқа  жету,  сұрақтарға  жауап  іздеу,  әр  түрлі  өмірлік  міндеттерді  шешу,  ұжымдық 

мақсаттың орындалуы, игерілуге тиіс материалды уақыт шеңберіне сыйғызу, топтық және жеке 

жұмыстардың болуы арқылы жүзеге асады. 

Педагогикалық үдеріс – белгілі бір мақсаты бар және қол жеткізілуі тиіс нәтижелері алдын ала 

анықталған мақсатты үдеріс. Тәрбиешілер мен тәрбиенушілер іс-әрекеті тұрғысынан қарағанда 

педагогикалық үдеріс элементтерін өз алдына топтауға болады: 

мақсаттылық компонент



мазмұндылық компонент

іс-әрекеттілік компонент



нәтижелік компонент [2]

Ильин Е.П. пікірінше, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің компоненттері: (слаид 5)

-  педагогикаға бағытталу 

-  білім 



890

-  іскерлік және кәсіби біліктілік (дидактикалық, ұйымдастырушылық т.б.)

-  бедел 

П

сихология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  жазушы 



Вачков  И.В.  мұғалімдер 

типологиясын төмендегідей жіктейді: 

«Наполеон» 

Балаларға деген  дұшпандық көзқарасы оларды өзінің мақсатына пайдалану басым. Бұл 

мұғалім оқушыны солдат деп қабылдайтын әскер басын елестетеді. Оның шығармашылығы өте 

жоғары, түрлі әдістерді пайдалануымен ерекшеленіп, әкімшіліктің жоғары бағасына ие болады. 

Бірақ ар жағын адам ретінде бет бейнесі көрінбейді. 

«Әмірші» 

Түрлі жағдайларға байланысты мектепте жұмыс істеп жүрген адам. Бала үшін өте қауіпті. 

Ешқандай  шығармашылық  икемі  жоқтығынан  баланы  қатаң  бақылауға  алумен,  түрлі  тыйым 

салумен шектеледі. 

«Нарцисс» 

Балаларға деген  дұшпандық көзқарасы бар, бірақ оларды өзінің мақсатына пайдаланбайды. 

Тек  өзі,  өзінің  шығармашылығына  бар  ынта-жігерін  жұмсайды.  Керемет  шабытпен  баяндама 

оқып жатқан лекторға ұқсайды. Ал тыңдаушылар оның керемет кәсібилігіне тәнті болу керек. 

«Бақылаушы» 

Педагогикалық іс-әрекет ештеңеге араласпайтын белсенділіктің төмендігімен ерекшеленеді.  

Шығармашылығы жоқ. Олардың педагог қызметіне еш икемі жоқ. 

«Штамповшы» 

Бұл ең кең тараған мұғалім типі. Ол балаларды жақсы көреді, бірақ шығармашылық бастамасы 

болмағандықтан және белгілі стереотип, шаблон, ескірген талаптар, дайын рецептер бойынша 

барлық сыныппен, барлық оқушымен жұмыс істейді. Сол себепті оқушыға қысым көрсетеді. 

«Леопольд мысығы» 

Шығармашылық  бастамасы  әлсіз,  баланы  құрметтеу,  баланы  қатты  жақсы  көру  басым. 

Бірақ  бұл  қасиет  балаға  зиян  келтірмейін  деген  сезіммен  толық  әрекетсіздікке  апарады.  Көз 

алдымызға отырғызған ағашына зияны тиіп кетуден қорқатын бағбанды елестетеді. Бағбан су 

құюға да, артық бұтақтар кесіп тастауға да қорыққандықтан, ағашы өспей қалу да ғажап емес. 

«Доктор Фаустас» 

Оқушыны қоғамға керек адам ретінде қолдан жасайды. Өз түсінігі бойынша жеке тұлғаны  

жасайды. Көптеген талантты мұғалімдер осыдан сүрінеді. 

«Белсендіруші» 

Дәл осы мұғалім оқушымен қарым-қатынасты тамаша орнатып, құндылықтарға мән береді. 

Сол арқылы дамуға бағыттайды. [3]

Шет елдегі түрлі зерттеулердің ішінде Таленнің мұғалімдердің типологиясына байланысты 

моделі қызығушылық тудырады.

Педагогикалық қарым-қатынас стилдері 

1. «Сократ» моделі. 

Мұндай  ұстанымдағы  оқытушы  пікірталас  пен  пікірсайыстардың  құптаушысы  және  өз 

сабақтарында оларды қасақана түрде тудырушы. Оның сабақ беру әдісінде белгілі жүйе жоқтың 

қасы, өйткені ол оқу процесінде әрқашан да біреулермен қақтығыста болады. Оның шәкірттері 

өз позицияларын ұдайы нығайта отырып, оларды қорғай біледі.

2. «Топтық пікірталастың жетекшісі» моделі. 

Ол  оқу-тәрбиелік  процестің  басты  мақсаты  үйренушілер  арасындағы  келісім  мен 

ынтымақтастыққа жету деп есептейді. Ал өзін шәкірттерінің арасындағы делдал деп түсінеді, 

өйткені ол үшін пікірталас нәтижелерінен гөрі демократиялық ымыра мен бітімгершілік маңызды.

3. «Шебер» моделі.  

Бұл ұстаз өз шәкірттеріне үлгі болуды қалайды. Үйренушілердің оның  барлық әрекеттерін тек 

оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге жалпы өмірге деген тұрғыдан бұлжытпай қайталауы 

керек. 


4. «Генерал» моделі.  

Қатаң талап қоюшы, қайткенмен де өзінің айтқанын орындатуға ұмтылады, өйткені өзінің 

сөзін әрқашанда дұрыс деп бағалайды. Оның ойынша, студент солдат тәрізді тек бұйрықтарға 



891

ғана  бағынуы  керек.  М.Таленнің  айтуы  бойынша,  оқытушылардың  бұл  типі  педагогикалық 

тәжірибеде басқаларға қарағанда анағұрлым жиі кездеседі. 

5. «Менеджер» моделі. 

Студенттік топтың тиімді жұмысынан құралған атмосферамен тікелей байланысты. Оқытушы 

студент тарапынан бастама мен өзіндік әрекеттерді барынша қуаттап отырады. Педагог әрбір 

студентпен  оның  шешіп  отырған  проблема  мағынасын  талқылауға,  студенттің  әрекеттерін 

бақылап, оларға әділ баға беруге әзір. 

6. «Жаттықтырушы» моделі. 

Аудиториядағы қарым-қатынаста оқытушы мен студенттер бір-біріне жақын екендігін әбден 

сезінетіндей. Студенттер өздерін құдды бір команда ойыншылары ретінде сезінетіндей: мұнда 

жеке тұлғаның еш маңызы жоқ, өйткені олар тек бірлесіп қана көп шаруаны тындыра алады. 

Педагог мұнда ұжымдық ұмтылыстардың ұйытқысы рөлін орындайды. Ол үшін ең басты мәселе 

– аяққы нәтиже, табыс, жеңіс.

7. «Жол сілтеуші» немесе «Гид» моделі. 

Бұл оқытушының «білмейтіні жер астында», ол – тірі энциклопедия тәріздес. Оқытушы өте 

байсалды, қысқа әрі дәл сөйлейді. Барлық сұрақтарға ол жауап бере алады, тіпті оған қандай 

сұрақтардың да қойылатындығын біледі. Оның міні жоқ сияқты, сол себепті де ол көп жағдайда 

студенттерге қызықсыз көрінеді. [4]

Мұғалім  мен  оқушының  өзара  іс-қимылы  –  мұғалімнің  кәсіби  әлеуетін  жетілдіру  жолы 

мәселесін  қарастырған  себебіміз  –  мамандырылған  мектептерде  мұғалімнің  жеке  оқушымен 

жұмысы негізгі үдеріс. Оқушыларды жалпы білім беретін пәндер бойынша пән олимпиадасы, 

ғылыми  жобалар  сайысына  дайындау  мәселесінде  жеке  жұмыс  іске  асады.    Екі  субъектінің 

бірлескен жұмысы ғана нәтиже беретіні сөзсіз. Егер бұл үрдістің басында мұғалім беделі жоғары 

болса, ортасында тең, ал соңына қарай оқушы арқылы мұғалімнің кәсіби әлеуетінің артуына 

әкеледі.


Қорытындылай келе, мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің нәтижелілігіне тоқталамыз:  

1.  үдеріске қатысушының әрқайсысы белгілі бір рухани-материалды нәтижеге қол жеткізе 

алса;

2.  жеке адамның құндылықтар жүйесі қайта түрлендіріледі (бұрын осылай ойладым, енді 



ойымды өзгертемін...

Мектептегі үйлесімділік 

1.  жоғары кәсіби деңгей 

2. сенім 

3.  парызды орындауға ұмтылу, өзінің күш-жігерін оқу үдерісінің өзге де қатысушыларымен 

біріктіру 

Әр  мұғалімнің  педагогикалық  өмірбаяны  басқаға  ұқсамайды,  бірден  шебер  болып  кете 

алмайды.  Ол  үшін  көптеген  жылдар  кетеді.  Өкініштісі,  өзін-өзі  дамытпай,  орташа  қалпында 

қалатын мұғалімдер де бар [5]. 

Дегенмен мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі бүгінгі күні өзекті [6]. 

Өмірдің өзі мұғалімнің үнемі болып жатқан өзгеріске дайын болуын талап етеді. Яғни өзін 

тану, өзінің өмірін өзгеру жоспарын құру, өзін-өзі дамытуына жағдаят тудыру – бүгінгі күн талабы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет