ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДЕГІ ІЗДЕНІСТЕРІМ
С.К. Сулейменкулова
«Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қазақ ауылы
Білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформалар әрбір азамат үшін өз жаңалығын әкелуде.
Ата-аналар үшін ол – өз баласына деген тынымсыз көмек пен ізденіс болса, білім алушы үшін
тың мәселелерді өз бетінше меңгеруге деген талпыныс.
Ал, мұғалім бұл реформаға мынадай көзқараста болады деген ойдамын: біріншіден,
өз білімін үздіксіз жетірлдіру мақсатындағы көп ізденіс; екіншіден, білім алушы алдында
«мұғалімдік» қасиетін сақтап қалу мақсатындағы адамгершілігі мен жанашырлығы; үшіншіден,
балаға берілген материалды қалай және қандай формада бергенде олар өз бетінше меңгеруге
дайын болады деген ойдағы іс-тәжірибесін жан-жақты дамыту.
Әр мұғалім білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуде өз қиындығы болды деп ойлаймын.
Бұлай дейтінім, 2017-2018 оқу жылы барысында көптеген семинарлар мен дөңгелек үстелдерге
қатысу барысында өз әріптестерім тарапынан естіген көптеген сұрақтар мен ұсыныстар.
Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуде өз тәжірибемде кездескен қиындықтарым:
-
Білім алушылардың білімді өз бетінше меңгеруге дайын еместігі;
-
Уақыттың тапшылығы.
Бұл мәселелердің шешімін табу үшін мен көптеген тәсілдер қолдандым. Бірінші және екінші
мәселені шешу, яғни білім алушылардың білімді өз бетінше меңгеруге дайын еместігі. Кез келген
адам «мына дүние маған қажет» деп оны оқи бермейді, сол сияқты оқушылар да оқулықта
берілген тақырыпты оқысам осы маған қажет деген ойда болмайды. Оқулықта берілген материал
мұғалімге арналып жазылған дүние ретінде қабылдауға дағдыланған. Әрине, мұғалім үшін оның
алдындағы баланың оқуын қамтамасыз ету деген күрделі дүние, бірақ әрекет жасауды қажет
етеді. Осы орайда ең алдымен балаларға берілген материалды оқып шығу мен оның түсінігін
айту бойынша талап қойдым, бұл сынағым оқу жылының бір тоқсанына созылды, балалар оқуға
қарсы болды әрине. Оқушылар өз көзқарастарын өзгертуі уақытты көп қажет етті, бір жарым ай
ішінде оқушыларым кітапты оқып, ондағы тақырыпты түсінуге болатынына көз жеткізді, кейбір
оқушылар өз беттерінше сыныптастарына түсіндіруге құлшынды. Бұл мен үшін алға басқан бір
қадам болды. Балалар оқуды үйренгеннен кейін, сабақ барысында түрлі әдістер көп қолдандым,
олардың кейбіреулері тиімсіз де болып жатты. Бірнеше реттен қайталау барысында оқушыларым
жаттықты десем де болады, себебі, көптеген тиімсіз деп тапқан әдіс-тәсілдер өз жемісін бере
бастады. Балалар не істеу керек екенін және қанша уақытта тапсырманы аяқтау қажеттігін
түсінді. Сабақ барысында тек бір ғана әдіс емес сабақ кезеңіне сай бірнеше әдісті қолдануды
үйрендім және үйреттім. Осылайша балалар білімді өз бетінше меңгеруге дағдылана бастады.
Осы әрекеттер барысында «екі қоянды бір оқпен аттым» десем артық болмайды, себебі, «уақыт
тапшылығы» артта қалды. Жоспарлаған әдіс-тәсілдерді өз уақытында аяқтауға дағдыландық.
905
Білім мазмұнын жаңартудағы тағы бір қағидат бала бойында түрлі қабілеттерді дамытып, өз
тәжірибесінде қолдануға дағдыландыру. Жоғарыда аталған дағдылармен қатар сабақтарымда
АКТ-ны қолдануды дұрыс көремін, мұндағы мақсат оқушыларымның бойында компьютер
мен телефонды ойын құралы ретінде емес, ресурс ретінде пайдала білуге үйрету. Көптеген
видеолар көрсету арқылы оқушылар сабақ тақырыбын анықтап, сабаққа мақсат қоюды үйренді.
Әрине, бұл АКТ-ны қолданудың пассивті түрі, ал активті түрде АКТ-ны қолдануда Plickers
бағдарламасымен жұмыс атқардым. Бұл мұғалімдер үшін өте тиімді болып табылады, өйткені,
аздаған тесттерді үй тапсырмасы ретінде дайындап, баланың қаншалықты деңгейде сабаққа
дайын екенін анықтауға болады. Сабаққа деген оқушының дайындығын да тексересіз, уақытты
да үнемдейсіз. Қазіргі таңда Қазақстан мұғалімдері мен оқушылары үшін көптеген көмекші
интернет ресуртар да бар. Мәселен, «BilimLand.kz» сайты, Cahoot бағдарламасы т.б. Аталған
ресурстарды пайдалана отырып, оқушылармен сабақтарды қызықты өткізуге тырысудамыз.
Басты мәселелердің бірі – баланың қызығушылығын арттыра отырып, білімді өз беттерінше
меңгерулеріне ықпал ету.
Жалпы алғанда біздің еліміз жаңартылған білім мазмұнына көшкенде болашақ ұрпақты
күнделікті өмірде мектептен алған білімдерін қолдануға үйретуіміз қажет деген ойдамын. Ол үшін
бала өз бетінше ізденуі қажет, ал оны ізденуге итермелейтін мұғалім жаңаша көзқарастарға бейім
болуы міндетті. Сондықтан, БІЗ (мұғалімдер) іштей жаңарып, бала қажеттілігін қанағаттандыруға
дайын болуымыз керек. Бұл заман талабы!
Ойымды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс
– біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер
тарихтың шаңына көміліп қала береді», - деп түйіндемекпін. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |