1. Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу.
Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу – ғылыми зерттеудің негізі. Материалдарды
ретімен, терминдермен, түсініктермен таныса отырып оқу керек. Әрбір терминмен, түсінікпен
жете таныс болу үшін олардың практикалық түсініктерін ашуға тырысу керек.
2. Кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы.
Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды салыстыратын өзіндік пікірі
болуы тиіс. Ол үшін өзіне мынадай сұрақтар қоюға болады:
Әдебиеттегі қай пікір нақтырақ?
Теориялық пікірлер практикада дәлелді ме?
Өзінің зертеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп, бір мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып
өту қажет. Жұмыста “Менің ойымша”, “менің пікірімше”, “маған” белгілі”, “дәлелдемелер жасалған
талдау көрсеткендей” деген сияқты сөздер қолданылуы тиіс.[4]
Оқушы үшін әсіресе,арнайы бір тақырып іздеп,уақыт созудың қажеті жоқ. Қоғамдық пәндер
бойынша әр күн сайын өтілген тақырыптың өзектілігін таба білуге мұғалім жетелеу. Мысал
ретінде қазақ әдебиеті сабағынан «Қыз Жібек» жырын алайық. Неше дәуірден бері кітаптарда
жазылып қойған бойынша емес, оқушыларға Төлеген өлімі мен ғашықтардың қосылмауына
себеп болған жайтты іздеп, зерттеудің өзі де бір жоба.Төлегеннің өліміне себеп болған тек
сотқар Қодар ғана деп ойлайсыңдар ма? Басты қандай себеп бар, қандай дәстүрден аттап өтті,
оның қандай маңыздылығы бар деген ойтүрткі сұрақтарды қозғау арқылы оқушының бойында
өз бетімен іздену, ойлану, саралау,зерттеу,тұжырым жасай білу сияқты ідеттерді қалыптастыра
отырып, сонымен қатар «теріс батаның» қазақ болмысында қаншалықты маңызды екенін
ұғындыру.Сол арқылы көшпенді халықтың өз болмысын, тарихын,ділін, дәстүрі мен заңдылығын
түсінеді. Бұл Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
айтып өткен идеяларды жүзеге асырамыз. Яғни Елбасының сөзімен айтқандай «Біз жаңғыру
жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген,бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан
ізгі қасиеттердіқайта түлетуіміз керек.» Оқушыны осы арқылы «шын ғашықтар қосылмайды»
деген пессимисиік пікірден ата-ана сөзінен аттап өтудің қасиет емес екенін түсінгені абзалырақ.
Тағы бір мысал, М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне берілген 4 сағатта мазмұнын баяндап,
талдау жасатып қана қоймай сонымен қатар түз тағысы қасқырдың табиғатын, мінезін зерттеу
тапсырылып, жетекші сұрақ ретінде «Қазақ неге көкбөрінің ұрпағымыз деген? Немесе қазақ
936
неге өзін қасқырға ұқсатады? Ортақ қандай қасиеттер байқадың? Не себепті? деген ойқозғаушы
сұрақтар қойғанда, оқушы жауап іздеймін деп көп ізденіс жасайды. Былтырғы оқу жылында
7-сыныпта оқушыларымен болған практикамнан айтып отырмын.Сонда оқушылардың тауып
келген мәліметтері мені қайран қалдырды. Ол мәліметтерді жүйелеп талдағанда дап-дайын
ғылыми зерттеу жұмысы шыға келді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары менің өзімді де қатты қызықтырады. Әрбір сабақтан бір сұрақ
туындататын мәселе шығарып және оны оқушы өз деңгейінде шешуге ұмтылуы баланың
бойында ізденімпаздық қасиетті дамытатыны сөзсіз.
А.Байтұрсынов былай деген: «Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері ұстаздың
күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс деген шешімді айта алуыма негіз бар деп санай-
мын.Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да , мұғалімнің шеберлігі оқушының өз бетімен бел-
сенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтижені бере алмайды.
Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы.
Питер Клайннің «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи
түседі» –деген қағидатына орай мынаны айтқым келеді,оқушының бойында жобалық–зерттеу
қызметі дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де өмір бойы ізденуді, зерттеуді талап
етіп шәкірт жүрегіне жол тапқанда ғана толық нәтижеге жетуге болады деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |