Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет672/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   674
Болжам  –  бұл  әлі  айқындалмаған,  логикалық  дәлелденбеген  және  тәжірибеден  өтпеген 

білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс. 

Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты мате-

риалдармен келісілуі тиіс. 



Зерттеу  объектісі  –  теория  мен  практикадағы  байланыстар,  қатынастар,  қасиеттер 

жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады. 



Зерттеу  пәні  нақтырақ.  Ол  жұмыстағы  танысуға  жататын  қатынастар  мен  байланыстан 

тұрады,  ғылыми  ізденістің  шекарасын  орнатады.  Әрбір  объектіде  бірнеше  зерттеу  пәндерін 

бөліп  алуға  болады.Мақсат  зерттеушінің  негізгі  жоспарына  сәйкес  қысқа,  нақты  болады.  Ол 

зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады. Зерттеудің келесі зерттеу әдістерін таңдау 

болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады. 

Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа 

негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу 

әдісі ретінде түрді сипаттайды. 

Эксперимент – зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен 

бірге қолданылады. “Эксперимент” деген  сөз латынша “experimentum”, аудармасы “тәжірибе” 

деген ұғымды білдіреді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар 

қатаң  бақылау  мен  басқару  жағдайында  зерттеледі.  Кез  келген  эксперимент  тексеру  мен 

салыстыру  мақсатында  қандай  да  бір  практикалық  әрекетті  көздейді.  Эксперимент  ойлану 

кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін[4]. 

Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі 

тәртіппен жүйелейді:

Ойлау;

Өзіне өзі сұрақ қою;



Басқа адамнан сұрау;

Кітаптардан қарау;

Бақылау; 

Эксперимент жүргізу;




935

Интернет жүйесін қарау;

Материалдар жинақтау

Қорытынды жасау. [2]  

Кітапхана орталығымен жұмыстың мақсаты: оқушылардың кітапхана-ізденушілік дағдысын 

қалыптастыру.  Оқушыны  зерттеушілікке  жетелейтін  сабақтар  тек  кітапхана  көмегімен  жүзеге 

асырылады.  Мектеп  кітапханасы  оқу  процесін  кіріктіруде  негізгі  дидактикалық  қор  болып 

табылады. 

Мақсат оқушының жеке ізденушілік дағдыларын қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне бақылау 

жасауға баулу. 

Іс-әрекеттер түрі:

- Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпартты табуға көмектеседі. 

- Энциклопедия анықтамалық қызмет атқарады. 

Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу.

Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі, 

мифологиялық сөздіктер, т.б.

Анықтамалықтар: қоғамдық пәндер бойынша: тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, 

хронологиялық анықтамалықтар, т.б.

Библиографиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар таңдау негізімен 

және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жұмыс, т.б.Мерзімді 

басылымдармен (газет, журнал) жұмыс.

Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу.

Кітапханадағы  жұмыс  нақты  тапсырмаларды  орындау  кестесі  бойынша  кітапханашының 

немесе мұғалімнің басшылығымен пәндік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 

Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу, электрондық каталогпен жұмыс 

істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау, хат жазысу, т.б. 

Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу үшін оқушыға қажетті зерттеу дағдылары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет