Ключевые слова: читательская грамотность, конкурентоспособность, новые подходы в
обучении и преподавании.
Keywords: reader’s literacy, competitiveness, new approaches in learning and teaching.
932
ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ж.М. Шотыкова
А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия, Шымкент қ. zhankomaks@mail.ru
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін
орта, оның жүрегі - мұғалім. «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры – ұстаздың қолында», – деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі.
Ж.Аймауытов:«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
дегендей дәстүрлі оқыту үдерісіндегідей жобалық–зерттеумен тек дарынды оқушылар ғана
емес, әрбір оқушының үлесінде болуы тиіс,ал ол шырақты тұтандырып жағу,әрине, ұстаздың
қолында.
Жобалау технологиясын қолданудың негізгі мақсаты – оқушылардың қызығушылығын
арттыру, өз бетімен жұмыс істеу арқылы білімдерін жетілдіру және сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық
ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны
немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана
емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы:
құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. [1]
Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін
олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған
білімнің интеграциясын пайдалануы керек. Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға
түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс- әрекетін ұйымдастыруы.
Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны
проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы
У.Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден
алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз
білімін пайдалана алатындай болу керек. [1]
Жобалық әрекет - бұл толық аяқталмаған әрекетті (сол мезеттегі) өзгертуге әрдайым
талаптанушылық және сол сияқты жобалау авторларының пікірі бойынша келешекке
бағытталушылық.
Жобалау әдісі іс-әрекеттердің өзбетінше жүргізілетін түрі. Жобалау кезінде, әзірше жоқ нәрсе
жасалады, ол үшін басқадай сапаны немесе оны алудың жаңаша жолы көрсетіледі. Жобалау
әдісінің басты тезисі – «өзімнің барлық танитыным, барлық білгенім маған не үшін керек, бұл
білімдерге қандай орында, қалай пайдалана аламын – болып табылады.
Балалармен жүргізілетін барлық іс-әрекет сонымен бірге білім беру де, әрбір баланың
өзіндік тәжірибесіне негізделіп, оның қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып,
жүргізілуі тиіс.Жобалау әдісімен білім берудің негізгі мәселесі ол оқушының мұғаліммен бірге
өзін қоршаған өмірді зерттеуі. Балалардың барлық іс- әрекетті: жекеше, топтық, педагогпен
бірге т.б. өзбетінше болуы керек ,яғни оқушы өзбетінше жоспарлайды, орындайды, талдайды,
бағалайды, түсінуге әрекеттенеді т.б. [1]
Зерттеушілік қызмет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-
ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл оқушылардың арнайы шығармашылық
қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді.
Мұның барлығы өз кезегінде оқушыларға меңгерген білімдерін сауатты қолдана алуы мен үнемі
білімін жетілдіріп отыру үдерісіне, немесе функционалдық сауаттылық ұғымына алып келеді.
Тіпті жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің бағыттаушы сұрақтар, нұсқаулар беруі мен
қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлуі орынды. Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлай
тура нұсқау беруді азайтып, мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруына
болады. Оқушыларды мұғалімге және сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын
түсіндіруге ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар
мен ашық сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертуге көмектесе алады. Алайда
933
уақыт өте келе, оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге
қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет.
Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті,
күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болып табылады. Осы ретте, мұғалім үшін мыналар маңызды
болмақ:
- сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
- оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық
ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
- оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
- топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
- оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
- оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
- оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін ашық сұрақтар қою;
- оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды
ескертіп отыру;
- жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
- оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау
және ұйымдастыру. [3]
Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа
білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Оқыту үрдісінде оқушыларға зерттеу іс-әрекетін игертуді
– баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған
оқытудың негізгі тәсілі деп қарауға болады. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды
көздемейді. Ол – белгісізді іздеу, яғни жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық
әрекеттерінің бірі. Олай болса, оқушыларға білімді жаттанды түрде игерту емес, шығармашылық
түрде меңгерту арқылы пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана
емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер
қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен
бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы
кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады және оқушылардың
логикалық ойлауы мен зерттей білу дағдылары алдыңғы қатарға шығады. [3]
Қазіргі кезде қолданысқа енген жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының
мазмұндық бір ерекшеліктері болған бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы. Бұл бір мәселені
зерттеуде мәселені әр қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.Қазіргі білім беру үдерісі
мұғалімнен балаға білімді «дайын күйінде» беруді емес, керісінше, білімді әр оқушы өз мүмкіндігі
шегінде өзі ала алатындай орта туғызуды талап етеді.
Американдық психолог Карл Роджерс өзінің зерттеулерінде оқушылар тарапынан айтылған
басты тілек ретінде мына мәселелерді баса көрсетеді:
Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды, ...мұғалімнің оларды кейін қалушы
емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды.
Оқушылар өздерін отбасы мүшесі ретінде сезінгісі келеді, барлық қатысушылар бірлесе
жұмыс істей алатындай қоғамдастыққа ұқсас болғанын қалады.
Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін
қалайды.
Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды.
Оқушылар таңдау жасағанды қалайды. Олар белгілі бір дәрежеде өз оқуын басқаруды
қалайды.
Яғни қоғамдық пәндерде оқушылардың жобалық–зерттеу қызметі дағдысын қалыптастыруда
бірінші ескеретініміз осы жайт болу керек. Қызығушылық бар жерде білім оңай игеріледі.
Шығармашылық ұмтылыс пайда болады. Шығармашылық жоба әр оқушының жыл бойы
немесе белгілі бір уақыт аралығында мұғалімнің көмегімен атқарған өзіндік жұмысы және оның
нәтижесі. [2]
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып,
зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни, оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға
хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз
934
бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен
жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет.
Оқушының талабын, қызығушылығын аңғармай тұрып оған баяндама жасауды тапсыруға
болмайды. Сондай-ақ топпен жұмыс істеп үйренбеген баланы аудитория алдында сөйлеуге
мәжбүрлеуге болмайды. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін оларды қызықтыратын,
ізденушілікке баулитын танымдық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мұндай сабақтарды
кітапханашы, психолог, әдебиет пен тарих пәндерінің мұғалімдері жүргізеді. Мектеп
кітапханашысы оқушыны каталогпен, ғылыми ақпаратпен жұмыс істей білуге үйретеді. Мектеп
психологы оқушының интеллектуалдық білігі мен коммуникативтік мәдениетін дамытады. Егер
біз оқушының бойынан өз ойын нақты жеткізіп, өз ісін әділдігін дәлелдей алатын, пікірталасқа
еркін түсе алатын қабілетті көргіміз келсе, онда олардың интеллектуалдық және коммуникативті
қабілеттерін дамыту қажет. Психологтың баламен қарым-қатынас жасау жұмысы оқушының
дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынастың мәнін сезінуге үйретеді.
Зерттеу жүргізуде ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай
ғана мәселе деген сөз емес, “problema” сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда (міндет”, “кедергі”,
“қиындық” деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін.
Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты
ізденісті талап етеді.
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең
бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін. Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
- қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
- өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты
эмпирикалық тақырыптар;
- түрлі қанаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына
бағытталған теоретикалық тақырыптар.
тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – “hypothesis”
ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме
деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |