Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет96/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   674
Түйін сөздер: халық, мәдени мұра, ұлттық мақтаныш, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Ключевые слова: народ, культурное наследие, национальная гордость, духовно-нравст-

венное воспитание.



Key words:  people, mass culture, national pride, spiritual and moral education. 


126

«КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ЖӘНЕ ЗАҒИП БАЛАЛАРДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» 

З.Ү. Буғибаева 

Шымкент қаласы



№51 жалпы орта мектеп. b.zagi@mail.ru

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың 

жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне 

толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 

білім  беру  жүйесі  Инклюзивті  білім  беру  қағидаларына  бет  бұрды.  Инклюзивті  білім  беру 

дегеніміз  -  барлық  балаларды,  соның  ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім 

үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына 

қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға, 

баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы 

білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту 

–  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін 

сипаттауда қолданылады. Бұл ерекше қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде 

жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. 

Әсіресе, көз жанарларынан айырылған немесе көру мүмкіндіктері төмен балаларды оқытып, 

тәрбиелеуде,  әр  баланың  жеке  қасиеттеріне,  психологиялық  дамуына,  қабілеттеріне,  көру 

мүмкіндіктеріне қарап терең үңілмей білім берудің жүйелі ұйымдастырылуы мүмкін емес. 

Көру  қабілетінің  бұзылуы,  соқыр  және  нашар  көретін  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу 

жұмысында ерекше әдіс-тәсілдерді талап етеді. Бұл балалар оқу материалын бақылау әдісімен 

қабылдай  алмайды.  Арнайы  түзету  (коррекция)  сабақтары,  олардың  екінші  кемістіктерін 

түзетуге  бағытталады.  Көру  арқылы  қабылдау  логопедия,  ритмика,  дене  шынықтыру  т.б. 

сабақтарын  оқытудың  сараландық  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  уақытта,  тифлопедагогика  мен 

тифлопсихология  ғылымдарындағы  өзекті  мәселе–әлеуметтік,  психологиялық  реабилитация. 

Сондықтан, соқыр және нашар көретін балалардың әлеуметтік белсенділігі мәселесі, күрделі 

мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеулер жүргізуде, ғалымдар бұл балалардың жасын, 

кемістік дәрежесін, пайда болу уақытын, соған байланысты психикалық ерекшеліктерін есепке 

алады. 


Заттар  мен  құбылыстар  туралы  тікелей  әсер  алудың  тапшылығы,  басқа  сенсорлық 

қабілеттермен толықтырылады. Бұл оқу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Бірақ, сезу арқылы 

қабылдау мен есту арқылы қабылдау, мағлұмат алуға, қажетті білім қорын жинақтауға, ойлау 

операцияларын  жүзеге  асыруға  толық  мүмкіндік  бере  алмайды.  Біздің  елімізде    және  шет 

елдерде,  нашар  көретіндердің  бұрынғы  (көру  мүмкіндігі  бар  кезіндегі)  алған  білім  базасына 

сүйену, тәжірибеде өте қолайлы болып есептеледі. Осыған байланысты, тифлопедагогикада 

баланы  психологиялық  зерттеу,  онымен  түзету  жұмыстарын  жоспарлауда,  сараларды,  жеке-

дара әдістемелер керек, әрбір мектепте арнайы психологиялық қызмет жүйелерін ұйымдастыру 

қажеттілігі туындайды. Тіпті, әрбір сыныпта бұл балалармен өткізілетін жұмыс саралауды қажет 

етеді. 


Көрмейтін және нашар көретін балалардың психологиялық ерекшеліктері 

Зағип және нашар көретін балалардың даму процесі көретін балалар сияқты бір заңдылыққа 

бағынады.  Алайда,  көруден  айрылу  немесе  қалдық  көруі  бар  балаларды  дамытудың  кейбір 

ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы - 

жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, 

орналасуын,  бағытталуын,  қашықтығын,  көлемін,  нәрсенің  бедерін  т.б.  бағалауда  үлкен 

қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте 

бағдарлауын  әсіресе  қозғалыс  барысын  қиындатады,  сенсорлық  және  интеллектуальдық 

қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады.[1]

Алайда,  зағип  балаларда  қоршаған  ортаны  тануға  негізделген  қызмет  жасайтын  есту 

және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы 

адамдармен  қарым-қатынас  барысында  ауызша  байланыстырып  сөйлеуді  үйренеді.  Сөйлеу 

арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. 

Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды 

өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке 



127

келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін 

байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни 

қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып 

үйренуін тежейді.

Нашар  көретін  балалардың  көруінің  төмендеуі  танымдық  іс-әрекетіне  кері  әсер  етеді, 

қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы, нақтылығының төмендеуі байқалады. Нашар 

көретін  балалардың  көру  елестері  нақты  емес,  бұрмаланып  қалыптасқан.  Оларда  үнемі 

кеңстікте  бағдарлауының  қиындығын  байқауға  болады.  Көру  жұмыстары  барысында  оларды 

дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің 

нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің 

төмендеуіне әкеліп соғады.

Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың 

жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне 

немесе  өз  мүмкіндігінен  төмен  үлгерімге  әкеледі.  Нашар  көретін  балалар  мұндай  жағдайда 

ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі 

болып табылады.

Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы 

болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, 

көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы 

қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен 

дәптерлер  ,  артық  бөлшектерсіз  суреттер,  ірі  әріптермен  жазылған  кітаптар  қажет.  Зағип 

және  нашар  көретін  балалардың  сенсорлық  тәжірибесі  процесін  қалыптастыруда  олардың 

танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтік-

педагогикалық  түзету  құралдарын,  физикалық  дамуын  түзететін  емдеу-дене  шынықтыру 

шараларын пайдалануды талап етеді. 

Көру қабілеті зақымданған балалардың түйсігі мен қабылдауы .

Көру,  есту,  иіс  сезу    және  тағы  басқа  сезім  түрлері,  қабылдау,  түйсіну,  елестету  күйлерін 

туғызып, дүниені сезіммен тану болып табылады. Әрбір анализатор сезім мүшелері жүйесіне 

ене отырып, тұтас жүйе қызметінің ықпалын сезінеді, көру қызметінің бұзылуы, оның мүлдем 

жоғалуы,  анализторлардың  өзара  әрекеті  мен  анализатораралық  байланыстарды  өзгертеді. 

Сенсорлық  жүйе–сезім  мүшелері  жүйесі  немесе  адамның  сезімдік  танымды  жүзеге  асыруға, 

сыртқы орта туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін анализаторлар.[4]

«Көру  арқылы  қабылдау.  Адам  90  %-ға  жуық  ақпаратты,  көру  арқылы  алады.  Бірақ,  бұл 

соқырлық пен ауыр көру кемістігінд, адам соншалықты ақпаратты ала алмайды деген сөз емес: 

көру арқылы танылатын заттың қасиеттері мен белгілерін, басқа анализаторлар тани алады

Мысалы, сипап сезу қабілеті, көру сияқты заттың формасы, шамасы, алыс-жақындығы жайлы 

ақпарат бере алады.Математика, ана тілі, дене шынықтыру пәндерін оқыту, айналамен таны-

стыру  үдерісінде  түрлі-түсті  рельефті,  дидактикалық  материалдардың  көмегімен,    соқыр  ба-

лалар сипап-сезу арқылы қабылданған объектінің қасиеттері мен белгілерінің  үлкен көлемін 

көрсете  алуымен  қатар,  ең  бастысы–сипап-сезу  мен  көру  мүмкіндігінің  біріккен  әрекетінің, 

оқушылардың танымдық саласына, эмоционалды күйіне оң әсер ететіндігі. 

Сигналдардың әртүрлі модальдылықта қайталануы,  олардың тұрақтылығы мен тиімділігін 

арттыратын құрал болып табылады.

Мүлдем көрмейтін соқыр балалар мен көру мүмкіндігінің қалдығы бар балаларды, Брайль 

кодтарына  үйрету  үдерісін    салыстыру,  соңғылардың    оқу  мен  жазуды  сипап-сезу  арқылы  

үйренуі қиын, әрі ұзақ уақытты қажет ететіндігін анықтады. Бәлкім, олар сипап-сезу мүмкіндігін, 

дәл соқырлар сияқты деңгейде пайдаланбайтындықтан, модальдылықтың  бұл түрін меңгерудің 

нәтижесі, аз болуы керек. 

Қалдық көру мүмкіндігінің көмегімен, сыртқы ортадағы заттардың бейнелерін саналы ұғыну 

соқырлар үшін жылдамырақ, әрі оңай, нақты іске асады және есте ұзақ сақталады. Бұл олардың 

сипап сезу қабілеттерінің анағұрлым жоғарылығын дәлелдейді.  Брайль кодтарына үйретудің  

бастапқы кезеңдерінде, яғни, әрбір таңбаның бейнесі, сипап-сезу мен көру арқылы  орнығатын 

кезде, қалдық көру мүмкіндігі бар балалар, өте аз уақыттың ішінде, онша қиналмай, бірден меңгеріп 

шығады. Есту арқылы қабылдау. Соқыр және нашар көретін балаларда, есту арқылы сыртқы 

ортаны  қабылдау,  қалыпты  балалардағыдай  қалыптасады.  Есту  анализаторының  көмегімен 

алынған ақпаратты, санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының 



128

қызметі, көру анализаторларының орнын басады. Дыбысты дистантты түрде қабылдау мүмкіндігі 

өзгеше құндылыққа ие, ол дыбыстарды сыртқы ортадағы объектілердің өзара әрекетінің белгісі 

(сигналы)  ретінде  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Дыбыстар  сигналдық    маңызға  ие  болған 

сайын,  соқыр  адамның  санасында,  заттар  мен  адамдар,  олардың  әрекеттері  туралы  нақты 

мағлұматтар қалыптаса бастайды».

Жалпы  алғанда,  соқырлар  үшін  есту  қабілетінің  маңызы  ерекше.  Өткен  ғасырлардағы 

зерттеу жұмыстарында (Д.Дидро, Н.Дюфо), соқыр адамдарда көру қабілеті жоғалғаннан кейін, 

есту  мүмкіндігі  компенсация  ретінде,  өзінен-өзі,  автоматты  түрде  күшейе  түсетіндігі  жайлы 

айтылады. 

Әртүрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі, олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды 

саралай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді 

талап  етеді,  сондықтан,  олардың  есту  қабілеттері    жетіле  түседі.  Жалпы  психологияда,  есту 

түйсігінің 3 түрі бар: сөйлеу, музыка және шу.

Соқыр  балалардың  фонемалық  қабылдау  қабілеттерінің  жақсы  дамуы,  сау  балалардағы 

сияқты,  сауат  ашу  ісінде  қажет,  фонемалық  қабылдау  оқу  үдерісінде  жетіле  түседі,  сөздің 

дыбыстық  құрамы  туралы  мағлұмат  орнығады.  Есту  арқылы  қабылдауды  дамытуда,  сөйлеу 

қабілетінің қалыптасуы маңызды рөл атқарады.

Сипап-сезу  арқылы  қабылдау.  М.И.Земцова,  Ю.А.Кулагин,  Л.И.Солнцева,  В.М.Воронин, 

Р.Б.Каффеманас  тәрізді  бірқатар  ғалымдардың  жүргізген  зерттеулері,  сипап-сезудің  тек 

соқырлықтың ғана емес, нашар көрудің орнын толтыра алатын, күшті құрал екендігін дәлелдейді. 

Оқу  мен  еңбек  ұдерісінде  олар  сипап-сезу  мүмкіндігін  көбірек  пайдаланады.  Әрине,  мұндай 

нәзік  сезімталдық,  іс-әрекетке  қатысатын  тері  аймақтарында  көп  болады.  Мысалы,  саусақ 

терісінің сезімталдығына орай, рельефті-нүктелі Брайль  шрифтін меңгеруге болады. Рельефті-

нүктелі Брайль жүйесінің көмегімен, оқу үдерісін зерттеумен, көптеген тифлопсихологтар мен 

тифлопедагог ғалымдар айналысты (Б.И.Коваленко, М.И.Земцова, Н.С.Костючек, Л.И.Солнцева 

т.б.). Брайль әрпі бейнесінің қалыптасу үдерісі жүйелі, кешенді сипатқа ие.

Дәм сезу арқылы қабылдау. Соқыр балаларда, олардың жасына сәйкес, дәм сезу қабілеті 

қалыптасады. Олардың дәм сезінуі, дәм сезу анализаторына, тамақтың әсер етуімен  жүзеге 

асады. Дәм сезу арқылы алынатын түсінікке, аштық, оттегінің тапшылығы, жарық, температура, 

кейбір  токсиндік  және  дәрілік  қоспалар  әсер  етеді.  Дәм  сезу  тәтті,  тұзды  сияқты,  жеке    дәм 

түрлерін меңгеруге көмектеседі.  

Иіс  сезу  арқылы  қабылдау.  Бұл  сезім,  көру  қабілеті  бұзылған    балалардың  өмір  сүру 

әрекетінде, маңызды рөл атқарады. Иіс сезу анализаторының көмегімен, соқыр адам әртүрлі 

иістер жиынтығын, айналасындағы болып жатқан әрекеттер мен оқиғалардың белгісі ретінде 

қабылдайды. Өмір бойы соқыр адамдар, түрлі иістерді ажыратуды үйренеді. Сөйтіп, ол өзінше 

қорытынды жасайды. Мысалы, резина ойыншықтың бейнесін қабылдау, сау бала мен нашар 

көретін  балада  бірдей  болады.  Олар  көру  және  иіс  сезу  анализаторларына  сүйенеді.  Ал, 

соқыр  бала  оның  пішіні  мен  иісі  арқылы  ғана  қабылдайды.  О.М.Скороходованың  жүргізген 

бақылаулары мынаны көрсетеді: көрмейтін балалар  таныс адамдарды иісінен таниды. Қажет 

заттарын, қажет бөлмені иісі арқылы табады. Тіпті, гүлдердің түрлерін,  иісінен ажырата біледі. 

Жалпы, бұл балалардың қоршаған ортаны тануы мен қабылдауында, иіс сезу анализаторлары 

маңызды  рөл  атқарады.  Олардың  иіс  сезуінің  күштілігі,  қоршаған  ортаны  бағдарлауға,  қауіп 

сигналдарын ажыратуға көмектеседі. Айталық, химиялық улы заттар, улы саңырауқұлақтарды 

ажырата  білу.  Әрбір  соқыр  баланың,  айналасындағы  негізгі  иістер  туралы  мағлұматы  болуы 

керек. 


Бұл балалардың иіс сезу қабілетінің қалыптасуына, әртүрлі факторлар әсер етеді. Дәрілік 

кейбір препараттар, ағзадағы функционалды  бұзылулар, патологиялық күйлер, кейбір жоғары 

концентратты химиялық  қоспалар, иіс сезу клеткаларын зақымдайды. Сондықтан, ата-аналар  

мен  тәрбиешілер,  бақытсыз  жағдайлардың  алдын-алу  үшін,  балаларды  тиісті  ережелермен 

таныстырады. 

Иіс  сезу  және  иістер,  жалпы  жұмыс  істеу  қабілетіне,  зат  алмасу,  қан-тамыр  және  жүйке 

жүйесіне әсер етеді. 

Қандай  бір  іс-әрекетті  сәтті,  дұрыс  орындау  үшін,  зейіннің  тиісті  сапасы  қажет  болады. 

Мысалы,  оқу  әрекетінде  зейіннің  еріктілігі,  шоғырлануы  маңызды.  Себебі,  оқу  материалын 

ұғыну үшін, барлық назар соған аударылуы керек, көңіл бөлінбеуі шарт т.б.

   Соқырлық пен ауыр көру кемістіктері, танымдық әрекеттің барлық түрлерінде ауытқулар 



129

туғызады. Баланың сыртқы ортадан алатын ақпарат көлемі азаяды, сапасы өзгереді. Сезімдік 

тану саласында, көру сезімінің болмауына байланысты, бейнелі есте сақтау мен қиял қабілеттері 

шектеледі. Көру қабілеті бұзылған балалардың дамуын сапалық тұрғыдан алып қарағанда, ең 

алдымен,  психологиялық  жүйелердің  қалыптасуындағы  өзгешелекті,  олардың  құрылымын, 

жүйелер арасындағы байланысты айтқан жөн. Анализаторлардың өзара байланысы жүйесінде 

сапалық өзгерістер болады, ұғымдар мен бейнелердің қалыптасуы, сөйлеу, ойлау және кеңістікті 

бағдарлау үдерістерінде өзгеше ерекшеліктер пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет