Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет169/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  Модернизация  общественного  сознания,  обязанности  в  системе 

образования.



Key words: Modernization of public consciousness, the tasks of educational system. 


235

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

С.С. Мукашбекова

Жалпы білім беретін №5 орта мектебі, Балқаш қ. ulzhan-arai@mail.ru

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен 

мектепалды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді 

пайдалануда.  Қазақстан  мемлекетінің  ертеңгі  болашағы  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  тікелей 

байланысты.  Сондықтан  да,  қазіргі  кезде  болып  жатқан  тарихи-әлеуметтік  өзгерістер  жас 

ұрпақтың жан-жақты дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Бүгінгі 

басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру 

жүйесінде  түрлі  ақпараттық  технологияларды  қолдану.  Келешек  қоғамымыздың  мүшелері  – 

өскелең ұрпақтың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең 

басты міндет.

 

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік 



технологияларды  құзыреттілігін  арттырып,  пайдаланудың  маңызы  зор.  Жалпы  ақпараттық-

коммуникативтік  технологияға  тоқталатын  болсақ,  коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап 

жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және  оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын 

қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника 

негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ету,  білімді 

бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе 

білу,  педагогикалық  іс-әрекетке  өзгеріс  енгізу,  білімді  қабылдау,  білім  сапасын  бағалау,  оқу-

тәрбие үрдісінде баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу 

деп түсінуге болады.

Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  окытудың  әдіс-

тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Ақпараттық 

технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас 

білімдік  ақпараттық  ортаны  құру,  жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  Қазақстан 

Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып 

табылады.

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген 

ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы 

ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады. 

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік 

технологияларды пайдалану өте тиімді. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамытуды  білім  берудің  бір  бөлігі  ретінде 

қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық 

оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, 

ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске 

асырылуда.

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)  мектепке  дейінгі 

ұйымдардың жұмыс істеу практикасында пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесі 

менеджментінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, мектепке дейінгі жастағы балалардың 

қарапайым компьютерлік сауаттылығын игеруге және балаларды мектепте оқытуға дайындауға, 

балаларды қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі.

[4 ]

 

Мектепке  дейінгі  білім  беруде  ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияларды  қолдану 

педагогтың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  жол  ашып,  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу іс – 

әрекетінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, 

қиялдауын  және  шығармашылығының  дамуына  септігін  береді.  Слайд  –  шоулар  мен 

бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, 

толқынның  қозғалысы,  жаңбырдың  жаууы  сияқты  мезеттерді  көруіне  мүмкіндік  береді,  және 

күнделікті өмірде көрсетуге және көруге қиын (мысалы, табиғаттың дыбысын, көліктің жұмысын 

және т.б. көрсету) өмірлік жағдайлардың үлгісін жасап шығаруға да болады.

Жаңа ақпараттық технология – коммуникациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу 



236

іс-әрекетіне енгізуде тәрбиеші алдына жаңа бағыттағы мақсаттарды құрады.

1. Ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша оқу әдістемелік электронды кешендер көрсету;

2. Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

3. Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, 

құралдар жасау, (мультимедиялық технологиялар);

АКТ-ны  әр  педогог  өз  сабақтарына  пайдалана  отырып,  тәрбиеленушілердің  білім,  білік 

дағдыларын  қалыптастыруға  қызғушылығын  арттырып,  логикалық  ойлау  қабілетін  дамытуға 

болады. 

АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік 

береді:

фонематикалық есту қабілетін дамытады;



лексикалық сөздік қорын дамытады;

қарапайым  сөйлеу дағдыларын дамытады;



ақпараттарды экранда ойын түрінде көрсетеді, бұл балалардың жоғары қызығушылығын 

туғызады, өйткені ол мектепке дейінгі жастағылардың негізгі қызметі – ойынға жауап береді;

мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ойлау  қабілетіне  сәйкес  материалды  көрнекті, 



түсінікті етіп қолжетімді түрде ұсынады;

материалды  көп  мөлшерде  жүктемей,  қозғалысымен,  дауысымен  және 



мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады;

мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  зерттеушілік  қабілеттерін,  танымдық 



белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді;

балаларды есептің шешімін тапқанда, қиындықтарды жеңген кезде марапаттап отырады.



Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу қызметінде 

қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз тәжірибемде мынандай бағыттарын 

ұсынар едім:

Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер,



Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету,

Слайд шоу,ертегілер,



Электронды ойындар, 

Электронды логикалық тапсырмалар,



Ғажайыпстанға саяхат, 

Электронды слайд шоу,



Электронды дыбыстар,

Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер,



Биленгвалды компоненттерге арналған слайд шоу,

Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу



Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Инновациялық  білім  беру  құралдарына:  аудио,  бейне  күйтабақ  құралдары,  компьютер, 

интерактивті тақта, интернет жүйесі, компьютер – мультимедиялық құрал, электронды оқулықтар 

мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен 

айтқанда оқу үдерісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды 

пайдалану деп атуға болады. [2-3]

 

АКТ-ны  пайдалану  -  бала  танымын  жан-жақты  дамытудың  шешуші  құралы.  Мектепке 



дейінгі  ұйымдар  сабақтарында  оқу  материалын  дайындау  мен  берудің  неғұрлым  жақсы  түрі 

мультимедиялық  презентациялар  құру.  Мультимедиялық  презентациялар  –  бұл  ақпаратты 

компьютерлік бағдарламалармен берудің ыңғайлы және тиімді тәсілі. Ол баланың санасында 

ұзақ  уақыт  сақталатын  динамиканы,  дыбысты  және  бейнелеуді  құрайды.  Мультимедиялық 

оқулықтар  біріншіден  бүлдіршіндердің  қызығушылығын  арттырады,  екіншіден  зейін  қойып 

көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағұлматты нақтылауға 

мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  баланың  білім  алу  кезеңінде  оқу  іс-әрекетіне  белсенділігін 

арттыра түседі. [4-5] Себебі бұл кезеңдегі  балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, 

әдемі суреттерге, яғни әдемілікке, әсемдікке әуес болады. 

Ақпараттық-технологияларды  пайдалану  тәрбиеленушілердің  танымдық  белсенділігін 

арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек 

етуіне жағдай жасайды.

Өзімнің  тәжірбием  барысында  АКТ-ны  пайдалану  арқылы  балалардың  жаңа  ойларын, 



237

әсерлі  идеяларын  тартымды  етіп  көрсететіндігін  байқадым.  Осыған  орай,  ұйымдастырылған 

оқу қызметінде интерактивті ойындарды жиі қолданауға тырысамын.

 

Ойындарды ойнатқанда 



балаларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, 

сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Сонымен қатар, бұл ойындар арқылы көру, 

есту  арқылы  қабылдау,  зейін,  есте  сақтау,  логикалық  ойлау  қабілеттері  артады.  Баланың 

зейінін, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамытуда мынадай ойындарды қолдануға болады. 

Мысалы:  «Саңырауқұлақтарды  санап  жина»,  «Сыңарын  тап»,  «Көкөністер  мен  жемістерді 

ажырат», «Суретті есіңе сақта». Кеңістікті бағдарлауда «Өнімдерді жина», «Фигураларды ор-

наластыр», «Ағашқа дейін жеткіз», «Тышқанға көмектес», «Жолды жалғастыр», «Артығын тап», 

«Не екенін тап?», «Жұбын тап». Уақыт, апта, жыл мезгілдері ұғымдарын қалыптастыруда «Күн 

мен түн», «Жыл мезгілдері», «Апта күндері», «Бұл қай кез?», «Қай мезгілде киеміз?», «Сөзді 

аяқта», «Сағаттың тілі» т.б ойындары. Күнеділікті сабақ беру кезінде 

https://imektep.kz/kz, https://

bilimland.kz/kk

  сайттарындағы  видеосабақтарды  және  тапсырмаларды  жиі  пайдаланамын.

 

Сайта  бастауыш,  мектепке  дайындық,  мектеп  бағдарламасын  толық  қамтитын  танымдық 



анимациялық  сабақтар  мен  оны  бекітуге  көмектесетін  жүздеген  ойын  түріндегі  тапсырмалар 

бар.


 

Балаларға сабақ түсіндіру барысында көп көмегі тиеді және аса қызығушылықпен қатысып,  

белсенділік танытады. Нәтижесінде уақытты үнемдеймін. 

Сондай-ақ  суреттерді  немесе графиктерді  жасыруға болады,  содан  кейін  қажетті  уақытта 

көрсетуге болады. Балалар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын интерактивті 

тақтада орындайды. Бұл әдіс тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына 

жол ашады. 

Балаларға  оқыту  бағдарламасын  қарағаннан  гөрі  ертегі,  әңгіме  немесе  танымдық  фильм 

көрген  немесе  тыңдаған  әлдеқайда  қызығырақ.  Ағылшын  тіліндегі  жазбаларды,  аудио 

жазбаларды  тыңдау  –  бұл  заттық-дамытушылық  ортаны  мектепке  дейінгі  балаларға  жағдай 

жасау. Олар тілдің  семантикалық негізін  жылдам ұғып алады  және өздері  сөйлей бастайды. 

Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Әрбір ұйымдастырылған 

оқу қызметі қызықты өту үшін слайдтар, мультихикаялар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. 

Интерактивті тақтаны қолдана отырып объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, суреттер 

мен түстерді қосуға болады. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір 

көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден 

байқауға болады. 

Балалар педагогпен бірге түрлі елдерге интерактивті тақтада (оқу құралынан мультимедиялық 

практикалық  курсты  қолданады,  дәптерлер,  CD,  интерактивті  постер,  флешкарталар) 

әсерлі  слайдтар  қолданып,  қызықты  саяхаттар  жасайды.  Жұмыстың  түрлі  нысандары  және 

пьесалардың қойылымы, ертегі түріндегі есептік іс-шаралар тамаша нәтиже береді. Бала ойнай 

отырып, күрделі түсініктерді жеңіл үш тілді үйрену ашық және қызықтыратын іске айналады.

ондай  қарым-қатынас  білім  алушылар  әлдебір  мәселені  талқылап,  шешімін  табуға 



тырысқан кезде қалыптасады;

онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды 



болады. Бұл әдісте білім алушы адамдар, сандық техникамен қарым-қатынасқа түседі:

1.  тәрбиешімен (сұраққа жауап берген кезде);

2.  өзге балалармен (қосақталып жұмыс істегенде кезде);

3.  шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде);

4.  кейбір техника түрлерімен (компьютер, нетбук т.б.).

Жаңа  технологияларды,  АКТ-ны  пайдалану  тек  ғана  нәтиженің  құндылығын  көрсету 

емес, білім беру үрдісін көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін ақпараттық технологияларды 

сабақтарымда  көбірек  қолданамын.  Сонымен  қатар,  қаламызда  мектеп  күніне  байланысты 

мектепалды  даярлық  сыныбында    «Стартап»  жобасы  бойынша  On-line  арқылы  ашық  сабақ 

жүргіздім. Бұл менің жан-жақты ұстаздық шеберлігімді шыңдауға, жаңа әдістерді қолдануыма 

себебін тигізді.

Қорыта келе, АКТ-ны қолдану тиімділігі нәтижесінде - балалар мектепке дейінгі жастан-ақ оқу 

үдерісіне белсенді қатысады, ал тәрбиеленуші оқу үдерісіне қатысқан кезде ғана материалды 

терең меңгереді; тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады; тақырып бойынша 

сындарлы сөйлеуге ынталанады; білімге деген құштарлығы дамиды, бір-бірінен үйренеді, басқа 

балалардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға дағдыланады




238



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет