Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет358/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ш.Қ. Қажығалиева 

Ақмола облысы оқу-әдістемелік кабинеті, Көкшетау қаласы, skazhgalieva@mail.ru

Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе 

жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала 

оқыту ісін түзетуден бастау керек», – деген [1].

Сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, 

нақтыланған,  үйлестірілген,  стратегиялық  жаңа  жұмыс  жоспар  жасалуы  тиіс  екендігі  белгілі. 

Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми 

тұрғыда ұйымдастыру қажет. Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі 

мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады. 

Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» – деген. [2].

Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет. Басқа 

ешбір  мамандық  адамға  дәл  мұғалімге  қойылғандай  жоғары  талаптар  қоймайды.  Қай  елде 

болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске 

итермелеп отырған. Себебі еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешегі – жас 

ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Қазіргі  таңда  еліміздің  келешегін,  нағыз  тікелей  ұлтжанды,  өз  елін  сүйетін,  әдет-ғұрпын, 

салт-санасын, қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты парызымыз. Жас жеткіншектерді 

тәрбиелеуде,  білім  беруде  алдына  қойған  басты  мақсат:  білім  беру  мен  тәрбие  үрдісіне 

инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті 

мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра 

білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты-білім  мазмұнының  жаңаруымен  қатар, 

критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әртүрлі  құралдарын 

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.[3]. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті    пәндеріне  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары 

оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған 

білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің 

маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын 

тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті 

қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, 

шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-

тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Әрбір 

сабақ мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді. 

Әйтпесе оқытуда қажетті нәтижеге жету мүмкін емес болар. Сонымен бірге тартымды сабақтың, 

ондағы оқушыларға берілетін саналы білімнің кепілі – оқытудың тиімді тәсілдерін қолдануда да 

дер едім.

Қазіргі  уақытта  өздерімізге  белгілі  сабақтарымызда  пайдаланып  жүрген  жаңа 

технологиялардың  бірі  –  сын  тұрғысынан  ойлау.  Бұдан  бірнеше  жыл  бұрын,  оқу  үрдісіне 

енгізілгеніне  көп  болмаса  да,  қандай  пәнде  болмасын,  соның  ішінде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінде де  сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі мол.

Атап айтар болсақ:

Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;



Сабақ кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану;

Оқушылардың өзара пікір алысуына мүмкіндік жасау;



Мұғалім мен оның оқушылары арасындағы ізгілік 

қарым-қатынастар орнауы және т.б.

Жастарды жан-жақты білімді, мәдениетті азамат ретінде тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің 

бірі - оқушылардың жалпы тілін дамыту және жоғары дәрежедегі тіл мәдениетін жетілдіру болып 

қалады. 


Тіл мәдениетіне тіл тазалығы, тіл дәлдігі, ойдың анықтығы, мазмұн тереңдігі, сөздерді дұрыс 

айту, дұрыс жазу нормалары, сөйлемдерді дұрыс құру, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі, сөйлеу, 




525

тыңдау әдептілігі деген мәселелер жатады.Тіл мәдениеті саласында оқушылардың өзіндік пікірі, 

ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі.

Оқушылардың  сөйлеу  дағдылары  сөзді  ауызекі  сөйлеуден  немесе  жазу  жұмысында 

орнымен қолдана  алатындай дағдылар  жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра 

алуынан, оқығандары мен көргендерін ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-

машықтарынан шығарма, хат, ертегі, эссе жазу дағдыларынан құралады. [4].

Оқулықтағы тіл ұстартуға байланысты жұмыс түрлері қазіргі қазақ әдеби тілінің нормасымен 

сөйлемді дұрыс қарау, дұрыс жазу дағдыларын жетілдіруді көздейді. Соңғы кездерде балаларға 

қазақ тілінің байлығын игерту ,оның мүмкіндіктерін пайдалана да, жұмсай да алуға жаттықтыру 

мәселелерімен байланысты бағдарламаға «Тіл мәдениеті және стилистика», «Тіл ұстарту», «Тіл 

мәдениеті» деп аталатын салалар енгізіліп, оларды жүйелі оқытумен жүргізу тәртібі көрсетіле 

бастады.  Бағдарламада  бұл  жөнінде  мынадай  талап  қояды:  Қазақ  тілін  оқыту  барысында 

оқушылар білім мен іскерлік дағдыларын қалыптастырады, ана тілінің грамматикалық құрылысы 

заңдылығын, сөздік қорын байытады, ауызша және жазбаша тіл стильдерін меңгереді, оқыған, 

көргендерін өз сөзімен жатық баяндауға, тезис, баяндама, әңгіме, шығарма жазуға дағдыланады, 

қазақ әдеби тілі нормасында тіл мәдениетін, оның жазылу және оқылу сауаттылығын арттырады.

Осы мақсатта әдебиет және тіл сабақтарында: 

тақырып мазмұнына қарай сауаттылық ашатын хаттар жаздыру;



әдеби шығармалардан қазақ тілі ережелеріне мысал, дәлел болатын сөйлемдер құру; 

өз пікірлері мен көзқарастарын қағаз бетіне түсіру;



сюжетті әңгіме құрастыру;

кейіпкерлерге хат жазу;

жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді жақтау немесе даттау;



эссе, өлең жазу жұмыстары жүргізіледі. Бұның қай-қайсысы да баланың еркін отырып, 

өзінше жазуына, өз бетімен жұмыстануына мүмкіндік береді.

Шығармашылық – бұл адам іс-әрекетінің түрі,бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға 

ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді 

шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін 

түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі 

күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының 

алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс – әрекетіне 

қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. [5].

Әрбір  әдіс  оқушылардың  ойлауына  және  қиялына  негізделіп  келеді.  Баланың  тереңде 

жатқан  ойын  дамытып,  оларды  сөйлеуге,  дәлелдеуге  үйретеді.  Оқушылардың  білім  сапасы 

артты.  Пәнге  қызығушылығы  артты.  Сонымен  ортақ  пікірге  келсек,  шығармашылық  –  ол  таң 

қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және 

өзі  ашқан  тәжірибені  ұғына  білу  қабілеті.  Сабақта  қолданылған  стратегиялар  оқушыларыма 

өздерінің, бір- бірінің ой пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына 

жол  ашты.  Сонымен  бірге  ерекше  белсенділік  пен  шығармашылық  шабыттың  шарықтауы 

нәтижесінде  олар  еркіндік  әлемінде  еркін  шарлағандай  болды.  Ал,  қазіргі  қоғамда  ақыл-ойы 

кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі – әр ұстаздан талап 

етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет