ҚАЗАҚ ФАНТАСТИКАСЫ ЖҼНЕ ЖҤНІС САХИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Байс Қ. И.,
kunduz_92@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – Р.С. Тҧрысбек
Фантастика (гр. Phantastike - кҿзге елестету ҿнері) - ҽдебиеттің ҿмір шындығын қиял
тҧрғысында ҽсірелеп бейнелейтін жанры. Ғылыми тҥсінік жоқ кезде фантастика
мифологиялық жҽне діни шығармаларда орын алған (Гомердін "Одиссеясы", Овидийдің
"Метаморфозалары", шығыс халықтарының "Мың бір тҥні" т.б.) ғылымның дамуына
байланысты халық қиялынан шыққан тҧындылар жарық кҿре бастады. Мысалы, ғылыми-
фантастикалық ҽдебиетте ғылым мен техниканың перспективалары, адамзаттың табиғат
сырларына тереңірек ҥңілуі ҿмірдегідей тартымды суреттеліп, басты идеясы ғылымда негіз
бар, бірақ ҽлі іске аспаған жаңалықтармен ҧштасып жатады. Ғылыми-фантастикалық ҽдебиет
Ф.Бэконның "Жаңа Атлантида" кітабынан (1627) басталады. 17-18 ғасырда планетааралық
сапар (Сирано де Бержерак, Ф.Годвин), болашақ туралы шығармалар (С.Мерсье, "2440
жылы", т.б.) жарық кҿрген. Фантастика саласында Жюль Верннің шығармашылығы ерекше.
19-20 ғасырларда Г.Уэллстің "Уақыт машинасы" (1895), "Ҽлемдер соғысы" (1898), А.Х.
Дойлдың "Жоғалған ҽлем" (1912), т.б. фантастикалық романдары жарияланды.
Р.Брэдберидің "Марс хроникалары" жинағына енген "Фаренгейт бойынша 451" романы
дараланып шықты. Поляк жазушысы С.Лем космос кеңістігіне жауапкершілікпен қарау
жҿніндегі философиялық ой-толғамдары арқылы ("Астронавтар", 1951; "Солярис", 1961;
"Тҧмау", 1976, т.б. романдары) ҽлем жҧртшылығына танылды. Кеңес ҽдебиетінде А.К.
Толстой фантастика жанрының негізін салды.
Қазақ ҽдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял-
ғажайып, тҧрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, "Ер Тҿстікте", "Керқҧла атты
58
Кендебайда", "Қырық ҿтірікте" фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба
ҽдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Қҧнанбайҧлының "Масғҧт", "Ескендір"
дастандарында, С.Ерубаевтың "Келешек соғыс туралы" повесінде, М.Ҽуезовтың "Дос - Бедел
дос" жҽне "Елу жылдан соң" пьесаларында да бар. Қазақ кеңес ҽдебиетінде фантастика 1950
жылдан басталады. А.Машановтың "Жер астына саяхат" повесі (1957) республикада
ғылыми-фантастикалық ҽдебиеттің тууына ҧйтқы болды. М.Сҽрсекеевтің "Ғажайып сҽуле"
(1959), "Кҿрінбестің кҿлеңкесі" (1960), Т.Сҧлтанбековтың "Кҿшпелі алтын" (1964), «Лҧхман
Хакім» (1966), Ш.Ҽлімбаевтың "Данышпандық альфасы" (1967). Т.Шахановтың "Кҿгілдір
мҧнаралар" (1968), Т.Сҥлейменовтің "Жҧлдыз адамы" (1969), "Ҽл-Фараби кҿпірі" (1968),
Ҽ.Мархабаевтың "Ғарыштағы қымыз" (1972) повестері қазақ фантастикасына елеулі ҥлес
қосты. Соңғы кезде жарық кҿрген Т.Ҽбдіковтің "Айтылмаған ақиқат" (1980), М.Гумеровтың
"Жҧмбақсҽуле" (1981), С.Ғаббасовтың "Кҽусар" (1985), Н.Кенжеғҧлованың "Қиын шешім"
(1985), Р.Бектібаевтың "Ионосферадағы алаң" (1988) атты жинақтарында болашақ ҿзгерістер
туралы болжамдар бейнеленеді. Фантастикалық шығармалар кинода елеулі орын алады. [1]
Қазақ ҽдебиетінде фантастика саласына келетіндер некен-саяқ. Тіпті бірен-саран ғана.
Сол бірен-саранның бірі де бірегейі Жҥніс Сахиев 1950 жылы 1 наурызда Оңтҥстік
Қазақстан облысы, Бҽйдібек ауданы, Алмалы ауылында туған. Еңбек жолын байланысшы
болып бастаған. 1966–1972 жж. телеграфшы, Алматы қаласы автоматты телефон
стансасының жҿндеушісі, қысқ атолқында жҧмыс жасайтын радио стансаларда радист, Қазақ
КСР Гидро қызметінде ауа райын бақылаушы болды. Қазақ мемлекеттік университетін
бітірген (1977). 1977–1980 жж.мерзімді баспасҿзде аудармашылық қызмет жасады. 1980–
1986 жж.«Рауан» баспасының редакторы, 1986–1988 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия жҽне
кітап саудасы істері жҿніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1988–1999 жж. «Қазақ
энциклопедиясы» бас редакциясында редактор, аға редактор, жетекші ғылыми редактор,
бҿлім меңгерушісі. Астрономия-геодезия қоғамының толық мҥшесі (1990). [1]
Ҽуелден аспан денелерінің қҧпияларына қызыға қарап, тҥнімен жымыңдаған
жҧлдыздардан кҿз алмайтын бала Жҥністің фантастикаға келуіне техникалық қызмет
атқаруы да оңтайлы жағдай жасаған болар. Ғылыми орталықтардан алыс жатқан,
планетарийі мен обсерваториясы жоқ сонау шалғайдағы ауылда еңбек ете жҥріп, ҽңгімені
былай қойғанда, алғашқы романын жазды. Жҧрт ойлайтындай, мҧндай қҧлашты тың
шығармаға институт немесе университет бітіргендер баруы керек қой. Жоқ, ҽлі жоғары оқу
орнына ҽлі оқуға тҥспеген 21 жастағы Жҥніс болашақ сериялы ғылыми-фантастикалық
шығармаларын «Кеңістік кҿшпенділері» деп, ал оның бірінші романын «Тіршілік ҧясы» деп
атады. Міне, ҥлкен шығармашылыққа осылайша қадам жасаған Жҥніс Сахиев 1972 жылы
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға
тҥсіп, 1977 жылы бітіріп шығады. [2]
Университет қабырғасында білімін толықтыра жҥріп 1974 жылы «Атлантида
жаңғырығы» ҧжымдық ғылыми-фантастикалық повесть-бурименің ҥшінші бҿлімі
«Тҧңғиықта» деген атпен «Қазақстан пионері» газетінде алғаш рет жарық кҿрді. Ал 1976
жылы Мҽскеуден шығатын «Земля и Вселенная» ғылыми-кҿпшілік журналында Айдың 1975
жылғы шілдедегі тҧтылуына жасаған ғылыми зерттеуінің жариялануы автордың сол кезде-ақ
Мҽскеу ғалымдарының назарына ілінгені анық. Кейін Ж.Сахиевтың «Кеңістік кҿшпенділері»
сериясымен жазған бірнеше романы ҽр жылдары «Жалын», «Жазушы», «Білім», «Ғылым»,
«Елорда», «Фолиант» баспаларынан жарық кҿрді. Жҥніс Сахиевтің шығармашылығы жай
фантастика, ойдан шығарылған қиял-ғажайып оқиға емес, қай еңбегі де ғылыммен тығыз
байланысты. Жазушының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-фантастикалық романындағы
кемеммен ауа райын ҿзгерте алу идеясы қазіргі кезде шындыққа айналды. Мҽселен, қазір ҽуе
кемелері арқылы бҧлттарды ыдыратуға болатынын кҿзімізбен кҿріп жҥрміз. «Шолпанға
кҿшкен ауыл» романындағы негізгі мазмҧн тіріні де, затты да жарық сҽулесімен ҿзге орынға
кҿшіруге болатыны туралы еді. Бҧл идеяны кейін Австралия университетінің ғалымдары
қандай да бір затты лазер сҽулесімен бҿлшектеп жіберіп, секундтың бір бҿлігіндей ғана
59
уақыттың ішінде екінші жерге кҿшіріп, қайта қалпына келтіруге болатынын тҽжірибемен
жҥзеге асырды.
Жҥніс Сахиев 1989 жылы Латвияның астанасы Ригада ҿткен фантаст-жазушылардың
семинарында бірінші болып КСРО Жазушылар одағына мҥшелікке ҿтуге семинар атынан
кепілдеме алған. «Қимайтын ҽлем» атты ғылыми-фантастикалық романының журналдық
нҧсқасы чех жҽне ағылшын тілдерінде жарық кҿрді. Ол ғалым ретінде 1988 жылы Марсқа
жасаған ғылыми-зертеу еңбектері ҥшін КСРО Ғылым Академиясы қҧрамындағы
Бҥкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамына толық мҥше болып қабылданды. Биылғы
жылы Қазақстан Республикасы Білім жҽне ғылым министрлігінің орталық ғылыми
кітапханасы «Жҥніс Сахиев» атты библиографиялық кҿрсеткішті қазақ, орыс жҽне ағылшын
тілдерінде шығарды. [3]
Фантаст-жазушы Жҥніс Сахиев «Кеңістік кҿшпенділері» сериясымен «Тіршілік ҧясы»
(1983), «Борыш» (1987), «Шеңбердің тҥйісуі» (1991), «Кҿктен келген кҿшпенділер» (1999),
«Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын ҽлем» (2003), «Шолпанға кҿшкен ауыл»
(2004), «Космотарих куҽсі» (2006), «Су ҽлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында»
(2009)
атты
ғылыми-фантастикалық
романдары
жарық
кҿрді.
С.М.Дагаевпен
В.М.Чаругиннің 9–11 сыныптарға арналған «Астрофизика» (1994; 2-бас. 1996; 3-бас. 1999),
Е.П.Левитанның «Астрономия» (1998) кітаптарын қазақ тіліне аударды. «Шеңбердің тҥйісуі»
кітабы ҥшін Қазақстан Жазушылар одағының О.Жандос атындағы ҽдеби сыйлығының
лауреаты болды (1994).
Осындай шығармашылық жетістіктерінен кейін Жҥніс Сахиев 1971 жылы ҿзі
«Кеңістік кҿшпенділері» деп атаған жалпы айдармен қазақ ғылыми фантастикасы жанрында
тҧңғыш бастап жазған ғылыми-фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығару
жолына тҥсті. 1983 жылы жазушы-фантаст сериясының «Маңызды мақсат», «Ҧрпақтармен
ҧшырасқанда», «Қайтар жолда», «Тіршілік ҧясы» деп аталынатын тҿрт ірі бҿлімнен тҧратын
«Тіршілік ҧясы» ғылыми-фантастикалық романының кітаптық нҧсқасы «Жалын»
баспасынан жарық кҿрді. Автор мҧнда «Жер ғаламшарымыз саналы адам баласы ҿсіп-
жетіліп, жҧлдызды ҽлемді игеріп, жаңа ғаламшар тауып кҿшіп кетіп отыратын тіршілік ҧясы
емес пе екен?» деген ғылыми негізді ой тҥйеді. 1987 жылы «Арман сапарында», «Адамзат
ҥшін арпалыста», «Бақытты жолда», «Борыш» бҿлімдерінен тҧратын, «Топырақ қой» деп біз
елемейтін топырақтан ҿсіп-ҿнетін кҥллі тіршілік иелерінің бҥгінгі ҧрпақтың ҿміріне ғана
емес, келешек ҧрпақтардың ҿмірлеріне де зардап беретін қару атаулыға жиіркенішпен
қарауға баулитын сериясының екіншісі – «Борыш» ғылыми-фантастикалық романын, 1991
жылы «Шеңберлі аралда», «Даңқ шеңберінде», «Шеңбер ширегінде» жҽне «Шеңбердің
тҥйісуі» делінетін бҿлімдерден тҧратын, ғылым жетістігін жеке мансапқорлыққа
айналдырудың адамзат тағдырына қандай қара дақ тҥсіретінін кҿркем тілмен суреттеп,
ғылымға абай болуға шақыратын серияның ҥшіншісі – «Шеңбердің тҥйісуі» ғылыми-
фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығарды.
Ал еліміз тҽуелсіздік алғаннан кейін Жҥніс Сахиевтің сериялы ғылыми-
фантастикалық романдарын бірінен кейін бірін шығаруына мол мҥмкіндік туды.
Сериясының тҿртіншісі – «Кҿктен келген кҿшпенділер» ғылыми-фантастикалық романы
«Жазушы» баспасынан 1999 жылы жарық кҿреді. «Қазақ жері», «Тарылған табиғат»,
«Тазарған табиғат», «Жер жайлау» делінетін тҿрт ірі бҿлімдерден тҧратын бҧл ғылыми-
фантастикалық романның мазмҧнына қысқаша тоқтала кетсем, бас кейіпкер Жайлау
Жаһангерҧлы кезекті еңбек демалысында туып ҿскен ауылына келіп, бақытты балдҽурен
балалық шағы ҿткен табиғатты тамашалайды, алысқа, ҿткен уақытқа кҿз жібере тҧрып, сол
кезде ҿзі басып жҥрген жолдарды, тау мен тас, ҿзен суы мен тау беткейлерінде, сай-салада
ҿсетін жабайы жеміс ағаштарын, сол жемістерді достарымен бірге терген сҽттерін, ҿзен суын
кешіп жҥріп індеріне қол жҥгіртіп ҧстаған балықтарын, балалықпен ҧстап алардай болып
қуалаған жабайы аң мен қҧстарды есіне алады. Сҿйтіп, ағасынан алған атқа отырған ол кең
жайлауға қарай сапар шегеді. Содан ол жайлау тҿсіне жақындай бере аспаннан бір дҽйім ақ
бҧлт болып жайлау тҿсіне қонып келе жатқан қандай да бір ғажайып денені кҿреді. Ҿзі
60
жҧлдызшы болған соң оның сырын ашпаққа асығып, оған жақындағанда қандай да бір иістен
манаурап, аттан тҥскен бойда ҧйықтап кетеді. Ал ҿз ҿзіне келгенде ҿзінің аспаннан келген
қандай да бір ҿркениет иелерінің арасына тҥскенін кҿреді.
Осылайша Жер ғаламшарымыздағы жері мен пейілі кең дала қазақ халқымыздың ҿкілі
Жайлау Жаһангерҧлы мен жҧлдызаралды ауылдың ауласындай игерген ҿркениетті елдің
ҿкілдерінің арасында тҥсіністік қарым-қатынасы орнайды. Оларды қонар жер таңдағанда
қазақ жерінің табиғи кҿрініске байлығы мен тазалығы, қазақ халқының табиғатты қорғай
білудегі даналығы еді. Біздің ата-бабаларымыздың бір жерден екінші жерге қоныс аударып,
енді–енді ғана бҿлінуге айналған табиғатты тыныстатып, екінші жерге кҿше тҧрып, сол
табиғат қалпына келе бергенде қайта кҿшіп келетін дҽстҥрі ҧнаған. Жҥніс Сахиев оларға
халқымыздың даналығын шығармада осылай танытады. Содан, бҧл кездесу дҥние жҥзін
мекен еткен халықтарға жария болып кетеді. Ел-елден ағылған меймандар халқымыздан
ҥлгі-ҿнеге ала бастайды.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
www.wikipedia.kz
2.
«Ақтӛбе» облыстық газеті, 4 қараша 2010 ж.
3.
Жҥніс Сахиев: Библиографиялық кҿрсеткіш/ Қҧраст. Қ.Ҽ. Наурызбаев. – Алматы,2010.
УДК 82-38(09)
Ш. МҦРТАЗАНЫҢ «ЖҤЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАРА» ҼҢГІМЕСІНІҢ КҾРКЕМДІГІ
Большебек Т. Е., shopik_20_93mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – С.Ш.Айтуғанова
Қазақ ҽдебиетінің ірі ҿкілдерінің бірі – Шерхан Мҧртаза биыл сексенге толды. Бҧл жасқа
жазушы ҥлкен қаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтың
жанашыры, жоқтаушысы болып келіп отыр. Жазушы бірден жарқ етіп шығып жалт етіп
сҿніп қалған жоқ. Қарқынына қарқын қосып, жігеріне жігер жанып, жетілген сайын жетіліп
еңбек еткен қҧрметті азамат. Шерағаның талантты, адамның адами болмысының осындай
болуының ҿзі қоғамның жетістігі болар. Енді менің қозғағым келіп отырғаны да осы, қазақ
руханиятының жарық жҧлдыздарының бірі ҧлт мақтанышы Шерхан Мҧртазаның«Жҥз
жылдық жара» атты ҽңгімесі.
Бҧл ҽңгіме ақынның туған жері Мыңбҧлақ ауылындағы Шоқыбас сайындағы Бақтияр
баба бағында ҿскен киелі ҽулие ағаш Байшынар жайында болмақ. Қырық ҥшінші жылдың
қақаған суығы, ақпанның ақ бораны батыстан апталап тоқтамай соғып ауыл халқын ҽбден
ҽбігерге салады. Сонда ауыл адамдары ҥй-ішін жылытып, шеттей бала-шағаны тоңдырмауға
тырысып жасарға амалдары қалмай Бақтияр баба бағына кҿз салып, алдымен кішкентай
шіліктерді сосын барып ақ терек, кҿк теректерді ағаштардың барлығын кесіп отын қылады
бірақ, Байшынарға тиісуге ешқайсысының батылы бармайды. Ҿйткені бҧл киелі ағаш ауыл
адамдарының жандарына сая болып, арман-тілектерін орындайтын ҽулие ағаш болған екен.
Ауылда бір есі кіресілі- шығасылы Кенжегҥл атты кемпір болған. Бахтияр баба бағының
жанында қыр басында ҥнемі ыңылдап ҿлең айтып «Ҽккҽй-ҽй ҽккҽй, когда солдат дамой-ай»
деп, ҿзімен-ҿзі сҿйлеп, бар емдік шҿптерді жинап дҽрі-дҽрмек жасап, тҥрлі емдердің дауасын
тауып жҥреді. Алайда ауыл ҽйелдері оны менсінбей, елемейді де екен ал, балалары ауырып
сырқаттанып қалса тҥн жарымы болса да Кенжегҥл кемпірді іздеп жҥгіреді. Ауыл
председательі Жуанқҧлды да ҿзі дҽу қара, денелі, сондай арамтамақ, билік пен байлыққа
ҧмтылған жауыз, жҥрегі тас адам ретінде сипаттайды. Бҧл Жуаңқҧл қаладағы бас штаптың
61
бастығы Дадабайдың туысқаны, қалаға барғанда тойып ішіп алып ауылға келіп ҿзінің қол
астында жҧмыс жасайтын Қабасақалға тиісе беретін болған. Содан бір қҧні Дадабай мен
Жуаңқҧл екеуі шанамен ауылға келеді жандарында Қабасақал бар. Шоқыбас сайындағы
Байшынар талға қарай беттейді. Барлық қҧрал- саймандарды алып алған. Содан оны
Кенжегҥл кемпір кҿріп қыр басына жҥгіріп шығып «Аттан Бахтияр, аттан! Бахтияр, Бахтияр»
деп айғай салады оны ҥй ішінде отырған соғыстан бір аяғы ақсақ болып келген Ахмет шалда
естіп, ҥйінен шығамын дегенше ауылда ферма да жҧмыс жасайтын Сҽрсенгҥл, Кҽмҽсия т.б
келіншектер жҥгіріп барады. Барса Кенжегҥл кемпір председательмен военкомды қарғап-
сілеп, «Желкелеріңе қара қҧрт, жылан жҧмырқалағырлар» деп айхай салып жатады. Ҥйтіп-
бҥйтіп Ахмет шалда жетеді Байшынардың жанына ол бірақ аттан дегенге аттана бермей
ҽріптің артын бағады. Бірақ ол кезде Қабасақал кірісіпте кеткен еді Байшынарды шабуға.
Кенжегҥл кемпірдің «Қҧдайдан қорықсаңдаршы!» деген сҿзіне ешкім де мҽн бермейді. «Ҽй,
Ахмет Герман мен соғысып аяғыңды аямағанда мына имансыз Жуаңқҧлдан қорқасыңба?
Айтсаңшы бірдеңе! Ҽй ҽккҽй-ҽй ҽккҽй, когда солдат дамой-ай! » деп қала береді. Қабасақал
аралап еді араның жҥзі мен тістері сынап ортасынан бҿлініп қалады. Қабасқал «Ой! Мынау
алып қой мҧны қайтіп қҧлатамыз?» дегенде араққа тойып алған Дадабай ҿзі барып
Байшынардың белінен балта мен шауып жібергенде кҥн кҥркіреп, найзағай жарқылдап,
аспан тҥнеріп қап-қараңғы болып Байшынар тал жылағандай болып дауыс шығарады. Сонда
Алла тағаланың кҥшті қҧдіретінен қорыққан Дадабай мен Жуаңқҧл барлығын тастап қаша
жҿнеледі, Қабасақал тҥрып «Ойпырмай, мына жердің тауларының басын қараш ара іспеттес,
тҽубҽ!» деп таң қалады. Қолдарындағы темір-терсектің барлығын тастайды. Кенжегҥл мен
ауылдың бір топ ҽйелдері ақсақ Ахмет шалда Байшынарға қарай жҥгіріп барып, қҧшақтап
тізерлеп отырып жылайды. Қабасақал таңқалып Башынардың соншалықты киелі, адам
баласының тірегі екендігін тҥсінеді. Содан бҽрі қалталарынан бір уыс жыртық мата алып
Башынардың бҧтақтарына арман – ниеттерін айтып байлап ҥйді-ҥйлеріне тарқасады.
Сҿйтіп Байшынарды қҧтқарып қалады. Бірақ Кенжегҥл кемпір селеу шашты жайып
жіберіп, екі қолын ҥкінің қанатындай қақырата сермеп, Кенжегҥл кемпір зікірін салып,
аттандап, азынап, омбы қарды теңіз кешкендей еседі. Кҿбінесе тҥсініксіз зікірдің арасынан
ара-тҧра зҽрлі қарғыс естіледі. - Аяғыңа аш ішегің шырмалып, тобығыңа тоқ ішегің оралсын!
Жҧлыныңды қарабас аққҧрт кемірсін! – деп, кҥнде қарғап отыратын болған.
Содан бері де қырық жылдан асып кетті. Енді бҧл дҥниеде Ахмет те, Кенжегҥл кемпір де
жоқ.Ал Жуанқҧл ҽлі тірі. Баяғы Байшынар тірі, қасқайып тҧр. Бірақ екеуі де жарадар.
Байшынардың бір бҥйірі ҽлі ҥңірейіп, қап-қара шор болып тҧрады. Тоғыз тарау тҿбесі тҥгел
жапырақ жайғанда, кҿлеңкесіне бір колхоздың адамы тҥгел сыйып кетердей ҽлі жайқалады
екен. Тек қыста Шақпақтаудың атақты «ақ мылтық» дауылы соққандай, Байшынардың
сансыз бҧтақтары баяғыдай маңырап, шулап жатады. Сол қалың шудың арасынан қҧлаққа
ыңырсыған сарын естіледі. Баяғы балта шапқан жара сықырлайды. Сол кезде тҿсегінде
Жуанқҧл да бебеулеп жатады. Сонау қырық ҥшінші жылдың қысында ауданнан боз айғырды
сабылтып, кештетіп келе жатып, Байшынардың тҧсынан ҿте бергенде, шынардың бҥйіріндегі
ҥңгірден бір ҥкі қалбаң етіп ҧшып шыққанда, боз айғыр кісінеп жіберіп шалқалай жалт
бҧрылғанда, Жуанқҧл аттан тҧңғыш рет қалпақтай тҥсіп, белі мертіккен. Омыртқасы
опырылып, жҧлынын қысып қалған. Содан бері тҿсектен тҧрмайды. Бірақ қҧдайдан кҥндіз-
тҥні ҿлім тілесе де, қҧдай қҧлақ аспайды. Ҽсіресе дауылды тҥндері Жуанқҧл сарнап шығатын
кҿрінеді. Байшынардың ыңырсыған ҥніне ҥн қосып сарнайтын кҿрінеді. Жуанқҧл айтқан
кҿрінеді: - Бҽрі де ҿзімнен болды. Ешкімге налам жоқ. Тек тілегім - менің тҿсегімді
Байшынар кҿрінетін терезенің тҧсына салып беріңдер, - деп тілейді. Сол терезеден далаға кҿз
салып Байшынарды кҿреді, одан ҽрі кҿк аспан кҿрінеді. Жуанқҧл кҥні-тҥні Байшынарға: «-
Кеш, кеше гҿр, - деп жалбарынады. - Жайрағыр, жай тҥсіп, жайрасаңшы! Сен жайрасаң,
менің де демім таусылып, жаным жай табар еді » , - деп зарлайды екен. Кесепаттан аман
болса, адамдар кҿп жасар еді. Бірақ кҥнді тҥн аңдып тҧрғаны сияқты адамды да анадан туар-
тумастан қырсық аңдиды да тҧрады, – дейді Шерағаң.
62
Шерхан Мҧртаза бҧл ҽңгімені ҿте жоғарғы дҽрежеде жазаған.Жазушы жан-жақты
білімдар адам. Шағын ҽңгімеге кҿп мағына сыйдырған. Жҥрегінде оты бар, адам жанын
тҥсіне алатын, табиғатты тіршілік дҥниесі деп танитын, елін, жерін қҧрметтейтін ҽрбір адам
ҽңгімені оқығаннан кейін ойға қалуы керек. Ҿз жерінің ҽрбір тал-шыбығы қасиетті екенін
мықтап, жақсылап ойға тҥйгені абзал.Жазушы суреттеген Кенжегҥл кемпір теретін
шҿптердің қҧны ешқашан да тҿмендемейді. Дҽрігері мен дҽрісі жоқ ауылға ҿте қажет болған
дҽрілік шҿптердің тҥр-тҥрін Шерағаң дҽл танып кҿрсетеді.Туған жердегі емдік қасиеті бар
шҿптерді біздер де біле жҥруіміз қажет. Ал, шапағатын халық кҿретіні анық.Соғыс кезінде
тылдағы халықтар ҿмір тауқыметін аз кҿрген жоқ. «Жҧт жеті ағайынды» демекші ел
азаматынан бір айырылса, майдан ҥшін кҥн-тҥн демей еңбек етті, ҧйқы дегенді ҧмытты десе
де болады.Оның ҥстіне елде қулық-сҧмдықпен соғысқа бармай қалған Жуанқҧл, Дадабай,
Қабасақал сияқтылардың онсыз да қажыған халыққа тізесін батырып, жағымсыз іс-ҽрекетпен
шҧғылданғаны тарихи шындық болып табылады.Шығармадағы Байшынар ешқандай бомба
тҥспей, снаряд жарылмай тып-типыл болған Бахтияр бауындағы жалғыз шынар. Оның
бауырларын халық «ақ мылтықтан» қорғану, қырылып қалмау ҥшін амалсыздан отқа жақты.
Ал Жуанқҧл еріккенінен жасады. Байшынар ҿзегіне тҥскен жарадан кҥңіренеді, жауын
қарғайды. Жуанқҧл жаратушыдан жазасын алған сияқты.Омыртқасы опырылған Жуанқҧл
Қҧдайдан кҥндіз-тҥні ҿлім тілесе де келмейді. Байшынардан кешірім сҧрайды, – ол кешпейді.
Ендеше ағашта да жан бар. Ол-тіршілік иесі. Оған жҿнсіз тиісуге болмайды.Атам қазақ
шынарды шаппаған, аққуды атпаған, сарқыраған ҿзенін, шалқар кҿлін қорғаған, қастерлей
қадірлеген. Жҥз жасаған шынарға «қасиетті» деп бҧтағына қызыл-жасыл шҥберек байлаған,
оған тиіскен адамды «Қҧдай жазалайды» деп білген. Байшынардың қасқайып тҧрған
тҧрысынан «Ей адамдар, ҽр ағашта тіршілік бар, кие бар, қажетсіз кеспе, жаулық жасап
ҿртеме!» дегенін ҧғынамыз. Ғасыр ақыны Мҧқағали Мақатаев:
Жапырақ жҥрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың! – демеп пе еді.
- Ҽр ағаш – тіршілік иесі. Ендеше қаламгердің мҽнді де мағыналы, ҽсерлі ҽңгімесін оқи
отырып, қоршаған ортаға араша болу – біздің міндетіміз. Менімше Шерхан ағамның айтайын
деген ойы да осы шығар деймін.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
Ш. Мҧртаза «Соғыстың соңғы жесірі» Алматы, 2003 256- б
2.
Жамбыл обл, Жуалы ауд, «Жаңа ҿмір» газетінің №91-92 (8127) саны
3.
М.Мақатаев «Ҿмір-ҿзен» кітабы, ҿлеңдер жинағы Алматы,1993 344-б
І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КҾШПЕНДІЛЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ АТАУЛАРЫНЫҢ
ЭТНОМҼДЕНИ ЖҼНЕ СИМВОЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ғазизов Ғ.
Ҽрбір жекелеген ҧлт тҥсінігінде ҽлем ҽр тҥрлі кҿрініс табады. Яғни, тілдегі ҽлем бейнесі –
адамның ҽлемді тануының негізі.
Кҿшпенділер танымында, салт-санасында жылқы – интеллект (ақыл-ой) белгісі, ата-
бабалар символы. Мҽселен, батырлар жырында, жылқы кҿлік қызметін атқарушы ғана емес,
ақылшысы ретінде кҿрініп, иесін қорғап жҥреді. Жылқыны қазақ ең бірінші орынға қояды. Қаза
болған адам жерленген соң, оның мінген атының жал-қҧйрығын кесіп, «тҧлдаған».
63
«Тҧл» ат иесінің асына дейін мінілмей, бос жіберіп, жыл толған соң, асына сойылып, еті атақты
адамдарға таратылған.
Жылқыға қатысты табу, эвфемизмдер кҿп емес. Қазақ жорыққа аттанған кезде аттан
түс, атты байла деп айтпайды. Жамандыққа бастамасын деп, сол мағынаны білдіретін қон,
бекіт, кір деген сҿздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда ҿлең айтпайды, жыламайды.
Саптыаяқты жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса – ат деп атайды. Жорыққа байтал мінсе, жол
болмайды деп есептеген. Байтал – жорық кҿлігі емес, қҧлындайтын, сауылатын мал.
Теңеу – барлық кҿркемдеу қҧралдарының негізі, сонымен бірге ҧлттық менталитеттің
айнасы. Теңеуде этнос болмысының табиғаты кҿркем бейнеге айналады. Теңеу этностың
дҥниетанымын, ҧлттық ерекшеліктерімен, кҿркем ойлау негізін байқатып тҧрды. Ҿйткені теңеу
– тіл мен ойлаудың, ҧлттық дҥниетанымның тоғысуынан туындайтын кҥрделі қҧбылыс.
Романдағы жылқыға қатысты теңеулерді топтауда Т.Қоңыровтың жіктеуі негізге алынды [6,41].
Т.Қоңыров: «Кҿру теңеулерінің негізгі алатыны – заттардың ҥш белгісі: біріншісі –
заттардың тҧлға-тҧрпаты, формасы; екіншісі – олардың қимыл-ҽрекеті; ҥшіншісі – заттардың
тҥр-тҥсі, бояуы»,- дейді [6,41]. Жылқыға қатысты кҿру теңеулерінің ішінде осы ҥш белгінің
алғашқысы кҿп кездеседі. Ҿйткені халық ҧғымында жылқы – сҧлулықтың, беріктіктің,
шыдамдылықтың символы. Бҧл топқа жататын теңеулер шығарманың ҿң бойында кездесіп
отырады. Олардың кейбірінде негізге жылқы алынатын болса: Адамға тесіле қарайтын үлкен
сұрғылт кӛзді, ат жақты, ақсұр жігіттің топ жылқының ішіндегі ақалтеке, арғымағындай,
бойшаң келген дене бітіміне қарағанда, оны он тӛрт-он бес жастарда деу қиын еді [1,319],
енді бірінде тҥрлі жанды-жансыз заттар (жануарлар, жҽндіктер, бҧйымдар т.б.) алынады.
Әсіресе, бұлардың кӛзге түсері батыр Қобыланды мен астында есік пен төрдей қара сирақ
тұлпары бар Жәнібектің екінші баласы Қамбар болатын [1,209].
Кҿру теңеулеріне негіз болатын заттардың екінші белгісі – олардың қимыл-ҽрекеті. Мұның
да жалғыз жолы бар: Ол бүкіл Дәшті Қыпшақты ӛзіңе бағындырып, жылқыдай жусатып,
қойдай ӛргізуің керек [1,226]. Теңеудің бейнесі де, заты да – деректі, нақты. Теңеу затының,
яғни, Дҽшті Қыпшақтың қимылы бейненің, яғни, жылқының, деректі, нақты қимылына
ҧқсатылып отыр.
Салыстырудың, теңеудің нҽтижесінде Дҽшті Қыпшақтың қимылы нақтылық сипатқа ие
болып, эмоционалды-экспрессивті бояуы қанық кҿркем бейне жасалған. Жазушы қалың
бҧқараны ашса, алақанында, жҧмса, жҧдырығында ҧстаған, халыққа дегенін орындатқан деген
мағынаны осындай кестелі теңеу арқылы жеткізген. Кҿру теңеулеріне негіз болатын заттардың
ҥшінші белгісі – олардың тҥр-тҥсі, бояуы. Бҧл теңеулердің мҽні – заттардың қҧр бояуын
хабарлап қана қоймай, олардың бояуларының тҥсін қанықтыру, заттың реңін ашып,
кҿріктендіре тҥсті. Мҽселен, жазушы: Ал, біз тайлы-таяғына дейін айдап алдық десек, арғы
түбекте әлі әлі үш мыңдай кілең ақ шағала асаулары қалыпты [3,134] деген сҿйлемдегі
теңеудің жылқылардың тҥсін ҽншейін ғана ақ не боз емес, кілең ақ шағала(дай) деп суреттеу
арқылы ҿте бір ҽсем, тіл жетпес сҧлу тҥске айналдырған.
Жылқыға қатысты есту теңеулері аз кездеседі. Олар дыбыстың кҿмегімен адамның мінез-
қҧлқын, тҥрлі ҽрекеттерін бейнелейді. Тұтқын қыздың сұлулығына күйіндім бе, «сен нәзік
сұлусың ғой, бауырыңды құлындай шыңғыртып жатқанда сенің сұлу түрің қандай болады
екен, кӛрейін» деп қыл бұрауды тұтқын қыздың кӛзінше салғыздым [1,350]. Теңеуде асау
қҧлынды бҧғалықтап ҧстағанда, қасқыр тартқанда шошып, қиналғанда шығаратын ҥні арқылы
теңеу затының мҽні ашылады. Жазушы қыл бҧрау салынған жігіттің қиналып шығарған ҥнін
басына ноқта тҥсіп, шошынған асау қҧлынның шыңғыруына ҧқсата отырып, эмоционалды-
экспрессивті ҽсері мол картина жасап, оқырман кҿңіліне жол тапқан.
Жылқыға қатысты сезім-кҥй теңеулері де шығармада кездесіп отырады.
Бейнесі де, заты да деректі сезім-кҥй теңеулеріне деректі заттар негіз болады. Бірақ
ақиқат ҿмірде зат пен бейнеге негіз болған заттар мен қҧбылыстардың бір-біріне еш ҧқсастығы
болмайды: Қалың ойға шомып кетіп, басын тӛмен салып, үн-түнсіз отырған қарт жырау,
шапқан дүбірді естіп, тыпыршып қалған кәрі тарландай, кенет басын кӛтеріп алды [1,55].
64
Бірақ ӛр мінезді, жалын жанды Қазтуған Қотан толғауынан мойымады. Қамшы тиіп, ырши
түскен жүйріктей енді тіпті долданып кетті [1,55].
Бейнесі деректі, заты дерексіз сезім-кҥй теңеулері рухани заттарды материалдық заттарға
ҧқсату арқылы жасалады. Бҧлардың заты абстракциялық ҧғымдардан тҧрады, дҽлірек айтқанда,
бҧл теңеулердің затына адамның жан-дҥниесінің тҥрлі кҥйін бейнелейтін ҧғымдар алынады.
Ҽдеби тілдегі ұшқыр жылқыдай (қиял), ит қуған тайдай қаша жөнелген (арман), тұсаған
жылқыдай (ой) теңеулерінде қиял, арман, ой тҽрізді адамның жан-дҥниесіндегі психологиялық
қҧбылыстар, дерексіз заттар ұшқыр жылқыға, ит қуғандай қаша жөнелетін тайға, тұсалған
орнынан ұзай алмайтын жылқыға баланып, рухани қҧбылыстар материалдық сипатқа ие
болған. Осылайша, кҿзбен кҿріп, қолмен ҧстауға болмайтын абстракциялық қҧбылыстарға жан
бітіп, бейнелене тҥседі, белгілі бір қасиеттерге ие болады. Былтыр ӛзі айтқан жоқ пе еді,
«мінез деген бір асау байтал ғой, талай асауды үйреткенде ӛз сезімімді ӛзім үйрете
алмаймын ба» деп [1,235] . Мҧнда адамның мінезі байталға, асау байталға ҧқсатылады.
Шығарма жылқыға қатысты теңеулерге ҿте бай. Шығармада кҿру теңеулері мен бейнесі
нақты қимыл-ҽрекетке негізделген сезім-кҥй теңеулері мол. Жазушы жылқыға теңеулерді
қолдану арқылы халық танымына жақын, ҧлттық менталитетімізге сай, ҽсем де кҿркем
бейнелер жасап, шығарманың кҿркемдік, психологиялық, эмоционалды-экспрессивтік сапасын
кҥшейте тҥскен.
Қазақта нҽресте дҥниеге келгенде ҧл баланың кіндігін «ат құлағында ойнасын» деген
тілекпен, аттың жалына, байлап қоятын дағды бар. Баланы бесікке сапарда «Тақымынан тұлпар
кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын» деген тілек айтады. Бала ес біліп, етек жия бастаған
кезінен-ақ нағашылары жиендерін баулып, ҥйірлі жылқының ішінен таңдап жҥріп, тай
мінгізеді. Ол жиеннің бәсіресі, бәсіре той немесе «жиенқұрық» деп аталады. Кҿшпенділер
ҿмірінде жылқыға байланысты сан қилы қуаныштар кездесіп, оған ел-жҧртын ортақтастырып
жатады. Атап айтсақ, атқа (ашамайға – баланың ері) мінгізу тойы, ашамайдан кейінгі үзеңгілі
ерге міну, жайдақ тайға міну, бәйгеде тайға, құнанға, атқа мініп шабу, тоқымқағар, сайысқа
түсу, асау үйрету. Бҧл дҽстҥрлер баланы азамат болып, атқа мініп, ел қорғауға ҥйрету
мақсатын кҿздеген. Бҧлардан басқа биебайлар (қымызмұрындық), сіргежияр (сіргемӛлдіретер)
сияқты салт-дҽстҥрлер де бар.
Қазақ біреуге ат мінгізгенде я сатқанда, ноқта-жҥген бермейді. Малдың қҧты, бағы басында,
жылқының басына пайдаланған ноқта мен жҥгенде де қҧттың демі бар, бҧлар атпен қоса
берілсе, ҥйдің байлығы, қҧты кетеді деп ырымдаған. Ҥйірлі жылқысынан мал бергенде сол
жылқының жалынан бір тал қылды жҧлып алып, ырыс бірге кетпесін деп қылға оның сілекейін
жағып, қалтаға салып сақтаған. Бҧл «сілекей сірне» деп аталады.
Қазақтар жылқыны ҧрып-соғу былай тҧрсын, киелі санап, киесі атады деп, жылқының
қҧрығынан, бақанның ҥстінен аттап ҿтпеген. «Бақан аттаған байымайды, балта аттаған
жарымайды» деген сҿз содан қалған. Сҥрінген атты да ҧрмайды. Сайтан аттың кҿзін басып
тҧрса, кетсін деп, кҿзін оң қолымен сҥртіп, тазалайды. Жолаушы келе жатып, аттың сауырынан
ҧрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр ата аттың
сауырында отырады деп жориды.
Сондай-ақ, халқымыз тҥске сенгіш. Жақсы тҥс кҿрсе, балаша қуанып, жаман тҥс кҿрсе, мҽн
бермеуге тырысса да, кҿрген тҥсін жоруға шебер-ақ! «Тҥсіңде ақ боз ат кҿрсең, ісің оңалады,
қара ат кҿрсең сҽтсіздікке ҧшырайсың, жылқы сатып алсаң, жаңа хабар аласың, жылқы мініп
жҥрсең – қуаныш» деп жорыған. Шығармада Бҧқар жырау Абылай ханның тҥсін былайшы
жориды: Жалынқұйрыққа мінгенің –хан тағына мінгенің [3,382]. Жалынқҧйрық – Абылай
ханның жорыққа мінетін аты.
Қазақ біреуге алғыс білдіргенде де жылқы малын аузына алады. Мысалы: Жайлауың
байсалды болсын, Айғырың байталды болсын! Атыңның басы ойнақты болсын, қораңның
іші торпақты болсын!
Қарғыс мҽнді фразалар да кездесіп қалады: Атың арып, тулақ болсын, ерің арып, аруақ
болсын! Ат қадірін білмесең, жаяушылық берсін сазайыңды!
65
Кҿшпенді халықтың ҿмірінде жылқының маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты
салт-дҽстҥрлері мен ырым-пайымдар кҿп кҿрініс тапқан. Шығармада рухани мҽдениетіміздің,
тҧрмыс-тіршілігіміздің негізгі кҿзі болып саналатын жылқы бағу дәстүрі сипатталады.
Қорыта келе, шығармада жылқы атауына қатысты мол дҥние замандастарымның
тілдерін байытуға, дҥниетанымын кеңейтуге мол септігін тигізетініне кҽміл сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |