Литература
1. Назарбаев Н.А. Социально-экономическая модернизация –
главный вектор развития Казахстана. Послание Президента Республи-
ки Казахстан народу Казахстана от 27 января 2012 года.
2.Государственная программа развития образования Республики
Казахстан на 2011-2020 годы
137
3 Абитаева Р.Ш. Развитие управленческой компетентности руко-
водителей организаций образования в системе повышения квалифика-
ции – Диссертация на соискание ученой степени…к.п.н. – Караганда,
2010. C. 204
4 Аганина К.Ж, Утебаева Н.М. Подготовка менеджеров сферы
образования как условие эффективного функционирования системы
образования // Білімәлемінде. В мире образования. Intheworldof Education.
№ 2. 2011. C. 3-6
5.Поздняков Николай Александрович. Стратегия эффективного
менеджмента организаций в области образовательных услуг. Дисс.,
2004г.
6.Нарибаев К.Н., Аганина К.Ж. Организационно-педагогические
вопросы построению модели менеджера образования. // Педагогики
и психология Вестник КазНПУим. Абая № 2. 2012. C. 34-39
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ
ӘДІСТЕРІ
Наурызбаева Р.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік
қоғамының Қызылорда облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Қызылорда қаласы
Республикамыздың стратегиялық мақсат-міндеттерін шешу
жолында
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық,
мәдени-рухани
мәселелері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні
белгілі. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам
дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы бірден-бір қажеттілік
екені сөзсіз. Жас ұрпаққа, қазақстандықтарға сапалы білім мен
ұлағатты тәрбие беру, әрбір қазақстандықтың өміріне жолдама алуына
барлық жағдай жасауда білім беруді әлеуметтендірудің маңызы зор.
Жаңа білім беру жүйесіне көшу жағдайында, әсіресе мемлекеттік
тілдің өз мәніндегі дәрежеге жетуі үшін әрбір қазақстандық азаматқа
тіл үйрету барысында оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше
мән бере отырып, олардың алған білімдері, білік, дағдылары өмірлік
азығы болатындай мүмкіндіктерді жасай алудың маңызы зор.
Бүгінгі күнде мемлекеттік тілді жүзеге асыруға жауапты білім
беру ұжымдары саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке
бағыттылық, әрбір тіл үйренушінің жеке басының дамуына жағдай
138
жасайтын және өзін-өзі тануына, өз мүмкіндіктерін пайдалана алуына
көмектесетін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза,
ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен
жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан,
әлеуметтік
өмірге
бейімделген,
бәсекеге
қабілетті
тұлға
қалыптастырып, дамытып, жетілдіретін кәсіби шебер мекеме,
жаңашыл мамандар болуға тиісті.
Осы
орайда,
президентіміз
Н.Ә.
Назарбаевтың
кезекті
Жолдауларында білім саласының бағыты мен мақсат-міндеттерін
нақты айқындауы да өте маңызды: «2015 жылға дейін Қазақстанда
ұлттық инновациялық жүйе қалыптасып болуы керек. Ал 2020 жылы
осы жүйенің жемістері: ашылған жаңалықтар, қоғамды алға апаруға
ықпал ететін тың идеялар, талантты тұлғалар дүниеге келуге тиісті», -
деген болатын. Педагог-психолог ретінде осы идеяларды таратып
айтсақ, қандай бір болмасын күрделі білім, ғылым мазмұны жас
ұрпаққа, тіпті ересектерге де ұлттық санаға, ұлттық бейсанаға
негізделе, сүйене отырып берілсе білім сіңімді, құнарлы топыраққа
еккен дәндей бітік болары сөзсіз дер едік.
Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында
Білім беру жүйесін жаңғыртудың үш басты бағытын айқындап берді:
- білім беру мекемелерін оңтайландыру;
- оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;
- білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру [1].
Қазіргі таңда педагогиканың ең озық идеясы өзіңді өзің таны,
өзіңді өзің дамыт, өзіңмен кеңес, өзіңді қалаған дәрежеңе жеткіз, яғни
осы өмірде қоғамға толыққанды, айтарлықтай із қалдыратындай өзіңе
де, айналаңа да шуағыңды шаша алатындай тұлға болып қалыптасу
жолдарын өзің ізде және осы идеяларды жүзеге асыруға әрбір адамның
толық мүмкіндігі бар деп дәлелдейді. Бұл идеяға жауап ретінде тағы да
Президентіміздің соңғы бағдарламасын алуымызға болады. Әрине
мемлекет, құзырлы орындар, қызметкерлер, педагогтар - осы идеяның
жүзеге асуына бірден бір ықпал етушілер.
Мемлекеттік тілді терең және тартымды етіп меңгерту жолдары
саналуан. Бұл бағытта орасан жұмыстар атқарылып та жатыр. Тіл
үйренуге, оны терең меңгеруге деген ықыласты ояту қажеттілікпен
қатар жүреді. Ең кішкентай балалардан бастап ересектерге тілді
меңгерудің ең тиімді жолдарының бірі ойын арқылы деуге болады.
Себебі әрбір адамға ойын барысында арнайы қажеттілік, ойын
шартына сәйкес жағдаят туындайды. Мысалы: екі түрлі тілде
сөйлейтін екі түрлі ұлт өкілі бетпе-бет кездескенде бір-бірімен
139
түсінісу, сөйлесу қажеттілігі туындайды. Тіл үйрену үдерісі
жеделдейді. Әрине оған ынта мен ықыласты қосыңыз. Жалпы,
ойынның түрлері: өнер, ертек, театр, поэия, айтыс, ән т.б. тіл
үйренудің арнайы ортасын тудырады. Ойын арқылы тіл үйрену
барысында тіл үйренушінің, әралуан біліктілігі қалыптасып, икемділігі
артады, қиялы шарықтап, сол тілге деген қызығушылығы оянып,
түсінем дегенше-ақ жақсы көріп кетеді. Себебі әрбір тілдің музыкалық
әуені, интонациясы, үні адамды баурайды, тіл үйренушілер ойын,
көрініс барысында үдерістің белсенді қатысушысы, оқиғаны көрумен
қатар, сөзді естиді, текстіні оқиды, тілдің аясында өмір сүреді.
Тіл үйрену ортасын жасауға ықпал ететін арнайы дәрісте немесе
дәрістен тыс жасалатын ұжымдық ойын іс-әрекетінің түрлері туралы
айтпас бұрын жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарға да
тоқтала кеткеніміз жөн:
- өзге ұлт өкілдері, тіпті орыс тілінде сөйлеуге дағдыланып
кеткен бауырларымыз мемлекеттік тіл - қазақ тілін үйренуді
қиынсынады, нәтижесінде нашар біледі;
- тіл үйренуге бөлінген уақыт аздық етеді;
- тіл үйренушілер тек дәріс кезінде ғана сол тілде сөйлеседі;
- сонымен қатар, қазір кітап оқу сирек, тіпті оқымайды да.
Осы қиыншылықтардан арылу жолы қандай? Әрбір тіл
үйренушіге өз ойын жеткізу тәсілдерін қалай үйретеміз? Ойнай
отырып сөйлеу мен жазуды қалай меңгертеміз? Әр адамда «тілдік
кедергі» деген болады, яғни тілді меңгере алмаспын деген күдік,
қорқыныш, қате сөйлесем айналам күлер деген қымсыну сезімі билеп,
шынымен де батыл іске кірісуге айтарлықтай кедергілер туындайды.
Бұл жерге қазақ тілін үйренем, жетік меңгеруім керек дегендерге
психологиялық көмек те қажет.
Дегенмен тілді меңгертудің тиімді әдістерін шебер пайдалану
арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады. Іскер, тартымды ойын іс-
әрекеті тілдік шекараны кеңейтеді. Ойын барысында орнайтын
еркіндік, ойын шарттары, көңілді ахуал тіл үйрену әрекетін анағұрлым
жеңілдетеді. Ойын барысында тіл үйрену үдерісі шығармашылық
ойлау мен білік, дағдылардың қалыптасу құралына айналады. Ойын
іс-әрекетінің бір түрі ретінде ертектің де ерекше маңызы зор.
Педагогикалық тұрғыдан қарағанда ертегінің өзіндік сипаты бар.
Ертегінің тексті қысқа, сюжеті тартымды, оқиғасы аяқталған. Сонымен
қатар, ұлттық сананы қалыптастыруға тигізетін әсері, тәрбиелік
маңызы да зор. Ертегіні оқу, тыңдаудың өзі балаға да, ересектерге де
ұнамды. Оқу мен баяндауға жеңіл, көңіл көтеретін қуаты бар.
140
Ертегімен
жұмыс
барысы
екіге
бөлінеді:
түсіну
және
шығармашылық [2,254]. Түсіну үдерісіндегі жеке оқу мен ұжымдық
талдау, пікірталас, жаттығулар текстіні терең сезінуге, ой түюге,
түйсінуге ықпал етеді. Ертегінің негізгі оқиғаларын иллюстрациялау
үйренушінің қиялын оятады, қызығушылықты арттырады. Үйренуші
суреттерге түсініктеме жасайды, сипаттайды, іріктейді, басты
кейіпкерлерге мінездеме жасайды, сұрақтар қойып, жауап іздейді.
Оқиғаның болған кезеңі мен орнын айқындайды, жағымды, жағымсыз
кейіпкерлерге сипаттама береді. Ертегіні бөлімдерге бөліп, тақырып
қояды. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдама жасайды, пікір айтады.
Үйренушілер текстінің түрін анықтайды (баяндау, суреттеу, әсірелеу,
диалог, өлең т.б.).
Шығармашылық үдеріс кезеңінің ауызша және жазбаша
аспектілері бар. Шығармашылықтың жазбаша аспектісінің өзіндік
ерекшелігі бар. Ертегілердің қалыптасқан құрылымы бар. Мысалы:
Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты.... Немесе: ерте, ерте, ертеде,
құйрық жүні келтеде... т.б. Ертегінің арнаулы сызбасы бар. Мысалы:
оқиға ақ пен қараның күресінен басталып, соңында адалдық жеңеді.
Осыған байланысты да алуан түрлі жаттығулар жүргізуге болады.
Мысалы: Ертегілердің кейіпкерлерін салыстыру, жеке кейіпкерді алып
оған сипаттама беру, кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігін айқындау,
ойдан ертегілер құрастыру, жаңа кейіпкерлер ойлап табу, ертегіні
аяқтау т.б.
Шығармашылықтың
ауызша
аспектісінде
құрылымдық
жаттығулар жүргізіледі. Яғни оқытушы білу керек ережеге сәйкес
текстіден
белгілі
бір
сөз
тіркесіне
тоқталып,
үйренушіге
қайталаттырады да, сол тіркестің мағынасын басқа сөздермен
алмастыруға тапсырма береді. Ертегідегі сөздерге баламалар табуға
жаттықтырады, нәтижесінде ауызша баяндау тәсілдерін меңгертеді.
Әңгімелеушінің баяндау шеберлігін арттырады, кейіпкерлердің жан
дүниесін ашу мақсатында дауыс ырғағына мән беріледі т.б.
Ертегілерді
әралуан
ойындарда
шебер
пайдалана
отырып,
үйренушілердің шығармашылық қабілетін ашып, дамытудың да тиімді
тәсілі болып табылады. Ертегілерді сахналау барысында балалар мен
ерекесектер
де
ұжымдық
іс-әрекетке
енеді.
Ертегілерді
қуыршақтармен сөйлету, мултфильм жасау, кейіпкерлердің мүсінін
жасау т.б. жұмыстар барысында тіл үйренушілер актер, режиссер,
техник, монтаждаушы, гример, суретші, суфлер, әнші, биші, көркемсөз
шеберіне айналады. Бұл жұмыстар ұжымдық шығармашылықты
жандандырып, тір үйренуге деген ынтаны арттырады. Бұл әдістер
арқылы тіл үйренуші айқындауды, салыстыруды, бағалауды, сынауды
141
және аңғаруды меңгереді. Ертегіні сахналандыру үдерісінде барлық
қатынасушылар қамтылады. Әрбір тіл үйренушінің өзіне лайық
жұмысқа ие болу мүмкіндігі туады.
Жалпы қай жұмысты болмасын адам санасына жанама басқару
арқылы үлкен нәтижеге жетуге болатыны дәлелденіп отыр. Бұл
ұйымдастыру шеберлігіне жатады. Адам психологиясы бұйрықпен
жұмыс істегенді қабылдамайды. Қоғамда бұйрықтың қажетті
аймақтары да бар. Дегенмен, мемлекеттік тілді меңгеруде қажеттілікті
сезіне отырып, әркім өзіне-өзі мақсат қойып, өз ынта-ықыласымен
кіріскенде ғана үйрену үдерісі зор нәтижеге жеткізеді. Сонымен қатар,
халық ертегісі белгілі бір интеллектуальді қабілеттерді: жадыны,
қиялды, талдауды, ойтолғау жасауды, шығармашылық қабілеттерді
дамытады.
Мемлекеттік тілді үйрету үдерісінің нәтижелі болуы үшін
функциональды жағдайды қалыптастырудың да рөлі ерекше.
Функциональды жағдай деп атқарылатын іске сай ыңғайлануды
айтамыз. Мысалы: біз салтанатты мерекеге баратын болсақ, соған
сәйкес өзімізді дайындап, көңіліміздің көтеріңкі болуы үшін лайықты
киініп, таранып дегендей ыңғайланамыз. Ал тіл үйрету дәрісіне де
үйренушілердің ыңғайлануы, алдын ала не мақсатпен келгенін сезінуі,
ойын, бойын жинақтауы жұмыстың табысты болуының кепілі десек те
болады. Яғни үйренушілердің оқуға деген ынтасымен қоса,
психологиялық дайындығы да маңызды. Тіл үйретушіге мұндай
жағдайда қандай кеңес беруге болады? Дәрістің жайлы эмоционалдық
ахуалда өтуі үшін функциональды ахуал тудырудың тәсілдерімен
жетік қарулану керек.
Ал, жайлы қарым-қатынастың орнауы дәрісті қалай бастағанға да
байланысты. Тыңдаушылар дәріскердің дауыс реңкіне (тонына), көңіл-
күйіне ыңғайланады. Сондықтан күнделікті таптаурын болған
жаттанды сөйлемдермен дәрісті бастау сабақтың әрін келтірмеуі
сөзсіз. Сабақты бастаудың кемшіліктерін атасақ:
Сабақты формальді бастау. Мысалы: «ұйымдастыру кезеңі»
деп аталатын «Бүгін кім жоқ? Бүгін қай күн?» деген күнде
қайталанатын
жаттанды
тіркестер
үйренушілерді
жалықтырып
жібереді де, сабаққа деген ықыласын төмендетеді.
Оқытудан бастау. Мысалы фонетикалық жаттығудан бастау.
Яғни оқыту үдерісіне бірден кірісіп кету. Бұл да тиімді әдістердің
қатарына жатпайды. Бұл әдісті сабақтың басқа кезеңінде ұтымды
пайдалану керек.
Іскерлікпен бастау. Бұл әдісті «артық сөздің керегі жоқ, бірден
іске кірісу керек» деген қағидаға сүйенетін оқытушылар қолданады.
142
Олар дәрісханаға кірісімен, жүзін қатал ұстап, салқынқандылықпен:
«Кәне, іске кірісейік! Бәріңнің сабаққа толық дайын екендіктеріңді
көре алмай отырмын. Мені мұқият тыңдаңдар». Бұл әдіс те тиімді
әдіске жатпайды. Шектен тыс қаталдық, әсіресе сабақтың басында
мұғалім мен үйренушінің арасына кедергі орнатып тастайды. Мұғалім
талапты ретімен қойып үйренгені жөн.
Сабақты жаттанды бастау. Мұғалім дәрісті «бүгін біз кино
(тақырыпқа сай: ауа райы, демалыс т.б.) туралы әңгімелейміз», - деп
бастайды. Мұғалімнің тілдік қарым-қатынасты орнатуға ынтасы,
дайындығы бар, алайда, шынайы өмірде сөйлесу бұлай басталмайды.
Егер ауа райы туралы сөйлесу керек болса әңгімені былай бастауға
болады: «Бүгінгі ауа райын-ай! Күнұзаққа бір толастамай жауып тұр.
Өткен жылы дәл осылай болған жоқ қой. Меніңше былтыр ауа райы
биылғыдан анағұрлым жақсы болды. Сендер қалай ойлайсыңдар?».
Тыңдаушыға сенім арту арқылы біз сөзге тартамыз. Осындай тәсіл
арқылы адамдардың арасында табиғи қарым-қатынас орнайды.
Келесі бір дәрісті былай бастауға болады: «Сау-сәлеметсіңдер
ме? Сендер «Жаужүрек - мыңбала» фильмін көрдіңдер ме? Тамаша ғой
ә! Кеше мен тағы да қайталап көрдім, керемет әсер алдым». Сонан
кейін актер шеберлігі, оның шығармашылығы, басқа да фильмдер
туралы әңгімені жалғастыра беруге болады.
Оқу үдерісі – ақыл-ой мен эмоционалдық ахуалды астастыра
отырып жүзеге асатын іс-әрекеттің түрі. Тіл үйрену барысында
өзбетінше жұмыс істеп үйренбеген, тұйық, өзара қарым-қатынасқа,
оқытушымен қарым- қатынасқа түсуге қиналатын, қорқатын, тез
шаршайтын үйренушілерге әлбетте өте қиынға соғады. Алайда, бұл
қиыншылықты жеңу жолдары да бар. Функционалдық жайлы ахуал
тудырудың, қиыншылықты жеңудің екі жолын атауға болады. Олар:
гетеротреннинг және аутотреннинг жүргізу. Біріншісін басқа адам
яғни мұғалім басқарып жүргізеді, екіншісін адам өзін-өзі басқару
арқылы жүзеге асырады. Бұл жұмыстың екі түрін меңгеру ұзақ
жаттығуды қажет етеді. Сондықтан да оны тренинг яғни жаттығу деп
атайды.
Оқытушы мен оқушының бір-біріне деген оң көзқарасы, бір-
біріне деген сыйластығы ойын барысында ерекше дамиды. Ойын
кезінде жеке адамның шығармашылығы неғұрлым артады. Ойын
үдерісінде жеке адам сыртқы ортамен еркін қарым-қатынасқа түсуді
үйренеді. Ойынның ең қарапайым түрі - қайталау. Ойынның күрделі
түрі
-
ойынға
қатысушылардың
ойыны.
Ойын
барысында
ойыншылардың өзін-өзі бақылау қабілеті дамиды. Жалпы, тілді
143
меңгеру - ұзақ, үздіксіз жүргізілетін және өмірде жүйелі қолдануды
және қайталау мен жаттығуды қажет ететін күрделі үдеріс.
Әдебиеттер
1. Н.Назарбаев.
Қазақстанның
әлеуметтік
жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. 03.07.2012. Астана.
2. Н. Чеботарева. Сказка как средство обучения французскому
языку. /Ученые записки Казанского университета. Том 140. - Казань:
изд. «ДАС», 2000. -266с.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ
Ноғаева А.Қ.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және PHD докторантура
институты, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында
еліміздің
индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз
ету мәселесі негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылуы заман
талабынан туындап отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың
негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл
бөлінуде. Осы ретте мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындары
алдында үлкен де, салмақты мақсат-міндеттер тұр. Бұл мақсат-
міндеттердің шешімі студенттерге мемлекеттік стандартқа, оқу
бағдарламаларына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен ғана
шектелмейді. Жоғары мектепті бітірушілер болашақ кәсібін терең
түсінетін, меңгерген білім-біліктерін тәжірибеде қолдана алатын,
сонымен қатар теориялық білімін мазмұнды, дәлелді түрде, кәсіби
шебер жеткізе алатын маман болып шығуы тиіс. Сондықтан, жоғары
оқу орнында оқытылатын білім беру салалары арқылы студенттің өз
ойларын жүйелі, түсінікті етіп жеткізе білу, алған білімдерін
күнделікті өмірде іске асыра алу білігіне үйрету маңызды мәселе
болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, болашақ мұғалімдерді
144
терең кәсіби білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары,
пікірін жүйлі түрде жеткізе алатын тұлға болуы тиіс.
Көтеріліп
отырған
мәселенің
өзектілігі
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық
дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың
басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін
дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде
басты міндеттер қатарында қойылған.
Біздің тұжырымдауымыз бойынша болашақ мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекеттері олардың білімге, іскерліктер мен
дағдыларға, шығармашылыққа деген ұмтылыстары. Жеке тұлғаның
жоғары сапалы білім арқылы дамуы, күнделікті тәжірибеде туындаған
мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған іс-
әрекеттер жиынтығы және жүйесі болып табылады.
Инновациялық іс-әрекеттер жаңаны меңгеру және пайдалану,
жаңашылдықты енгізу, білім беру мазмұнының белгілі бір кәсіптік
салаға бағытталған білім, іскерлік және дағдыны дамыту мақсатына,
күтілетін нәтижеге бағытталуы.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық іс-әрекеттерді
оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа
инновациялық іс-әрекеттер түрлері сан алуан, оларды таңдау және
одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей
байланысты;
- жаңа инновациялык іс-әрекеттерді енгізу жүйелі әрі
мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық іс-әрекеттерді енгізу барысында әрбір оқу
орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай
еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі
жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-
бір шарты - жоғары оқу орындарындағы білім беру процесіне
жаңа инновациялық іс-әрекеттерді енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.
Сондықтан білім жүйесіндегі әлемдік жаңалықтардан шет қалмай,
жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап,
өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті
болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық
басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
145
Жаңа
инновациялық
іс-әрекеттердің
негізгі
міндеттері
мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін
мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай
дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Инновациялық іс-әрекеттер білім беру жүйесіне тың жаңалық,
жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие
жұмыстарына
енгізу
болып
табылатындықтан,
ол
білімінің
мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу-тәрбие жұмыстарының
түрлерінде, тәсілдерінде, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда,
мектеп жүйесін басқаруда көрініс табатыны сөзсіз.
Енді болашақ мамандардың жаңа инновациялық іс-әрекетті
қолдануға
даярлығының
кезеңдерін
және
оның
мазмұнын
қарастырайық.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты
факторлар,
енгізілген
технологияның
ерекшеліктерімен,
жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу
жолдарымен ерекшеленетінін ескерсек, жаңалықты енгізу жолындағы
болашақ мамандар даярлығының мазмұны мен кезеңдерін қарастыру
маңызды болады.
Әрбір
педагогті
инновациялық
іс-әрекетке
даярлаудың
кезеңдеріне келесілер жатады:
1. Инновация туралы білімді іздестіру;
2. Инновацияны жан-жақты меңгеру;
3. Инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
4. Инновацияны
тәжірибеге
ендіру
жұмыстарын
жүзеге
асырудың талаптарымен танысу;
5. Инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Енді осы инновациялық іс-әрекетке болашақ мұғалімдерді
даярлау кезеңдеріне жеке-жеке, жан-жақты тоқталып кетсек.
Инновация туралы білімді іздестіру кезеңі барысында әрбір
болашақ мұғалім бұл үрдісте ақапарат іздестіреді. Егер болашақ
мұғалім инновациялық іс-әрекетке даярлану барысында өзі атқаратын
міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін-өзі басқару, жаңа іске
бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады.
Жаңаны басқару үшін бағыт беру мәселе болып табылады. Оған алға
қойылған
мақсатқа
жету,
талдау,
жоспарланған
қадамдар,
146
педагогикалық технология, жаңаны басқару, тәжірибелік бақылау,
яғни басқарудың барлық элементтері кіреді.
Инновацияны жан-жақты меңгеру кезеңінде кез келген
инновациялық үрдістің көзделген мақсатқа жете алуы жорамал түрінде
болатындығын
ескерсек,
осы
бағытта
кездесетін
көптеген
қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ оны алдын-ала анықтау мүмкін
емес. Жоба деңгейінде көптеген қателіктер мен ескермеушіліктің
алдын алу үшін инновацияны жан-жақты меңгеру үшін инновациялық
жоспарды жан-жақты талдап, соның негізінде қорытынды бағдарлама
жасаған дұрыс. Бұл бағдарламаны зерттеуші жасауды да, ол ғылыми-
әдістемелік кеңесте талдаудан, сыннан өткізіледі. Жаңалық енгізудің
жоспарын сыннан өткізуде төмендегі көрсеткіштердің ескерілуі
қадағалануы қажет:
- жоспар мазмұнының біртектілігі;
-бөлімдері мен тараулардың құрылымдық байланысы;
-жүйелілігі, қисындылығы, құрылымдылығы;
-бағдарламаға қосымшалар мен ұсыныстар енгізу;
- сындық қорытынды (жүргізуге, қабылдауға немесе ескертпелер
негізінде толықтыруға ұсынылады).
Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына
жауапкершілікпен қарауы үлкен рөл атқарады. Сондықтан болашақ
ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр
елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
Педагог іс-әрекетінің құрылымын іс-әрекеттің психикалық
кезеңдеріне байланысты талдауға болады. Олар: болжау, шешім
қабылдау, орындау, бағалау және бақылау. Оқыту процесінде
педагогқа
басты
назарды
іс-әрекеттің
рефлексивті
кезеңінде
жоспарланған және шығарылған әрекеттерді талдау, коррекция мен
өзіндік бақылау, өз әрекетін нәтижеге байланысты бағалау керек. Осы
процесс оқу – педагогикалық жүйені қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Педагог іс-әрекеті кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады.
Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан
басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең
іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын
құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту үдерісін іске
асыратындықты сараптаудан өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет
бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін
бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай
білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін
эвристикалық
жолмен
шеше
алуы,
оқыту
технологияларын
147
қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің
бұл кезеңі педагог компетенттілігінен шешіледі.
Кәсіби іс-әрекет құрылымы өзгеріссіз қалып, мазмұндық
жаңаруға түседі. Оқытылатын пән ерекшелігі оқу ақпараты құрамына,
әрекетіне ал таным ғылыми зерттеу әдістеріне әсер етеді.
Оқыту технологиялары өзара бір-бірімен тығыз байланыста
болуы, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзінің
ерекшелігі бар. Егер проблемалық технологиялардың міндеттері мен
диалогтық формалары, эвристикалық тәсілдер, ал ақпараттық
технологияларда танымдық логикалық тәсілдер басты орын алады. Ал
түсіндірмелі көрнекілік технологиялар оқыту технологиясы болып
табылады. Оның негізгі сипаты оқушыларға ғылыми факторлар мен
заңдылықтарды үйрету.
Бұл инновациялық іс-әрекет тек ақпарат беру ғана емес,
құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға
негізделеді. Оқушылар білім алуда өзінің тұлғалық мәнділігін
бейімделуден өтудің терең ғылыми мазмұнын меңгереді.
Педагог жұмысы тұтас психологияны жүзеге асырумен ғана емес,
оқытудың технологиялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруден де
тұрады. Мысалы, лекция, әңгіме, түсіндірудің ортақ белгілері -
ақпаратты жеткізудің монологтық құрылысын ақпараттық хабарлау
болғанымен, оқу материалын ақпарат құрылымында, логикалық
мазмұндаудың да, проблема қою мен оны шеше білуді де, ақпараттың
логикалық блоктарын монтаждауда эвристикалық процедуралар жасау
маңызды болмақ.
Инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру кезеңінде білім
үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылатын диагностиканың
маңызын ұғыну үлкен мәңге ие болады. Диагностика жәрдемімен
белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады.
Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес.
Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды
тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «Тексеру»
нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны
жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол
жеткізген әдіс – тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық
процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны,
жинақталған
статистикалық
деректер
талдауын,
дидактикалық
процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды.
148
Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау –
білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды
аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл
білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін
жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.
Мән – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс
түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі
жөніндегі
мәліметтерді
алу
мүмкіндігін
ашады.
Оқытушы
өз
шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат
қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге
оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын
байқастырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының
қаншама
дәрежеде
жемісті
болғанын,
педагогикалық
үдерістің
мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын
сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу
жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім
игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге
өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай
тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді
қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына
үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Инновацияны тәжірибеге ендіру және оны практикада дұрыс
қолдану кезеңі болашақ мұғалімді инновациялық іс-әрекетке
даярлаудың басты кезеңі ретінде анықталады.
Қорыта келгенде «болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті»
ұғымын
жаңа
білім
беру
жүйелерін
немесе
оның
кейбір
компоненттерін жасау, тарату және игеру үдерісі ретінде түсінеміз.
Оның барысында білімберу іс-әрекетінің субъектісі (мұғалім)
педагогикалық тәжірибені мақсатты түрде өзгертуі тиіс.
Сонымен
болашақ
мұғалімді
инновациялық
іс-әрекетке
даярлаудың бірнеше кезеңдерін қарастырамыз: инновация туралы
білімді іздестіру; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-
әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру
жұмыстарын жүзеге асырудың талаптарымен танысу; инновацияны
практикада дұрыс қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |