Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»


Дерек: Геродот. Тарих. ІV- кітап, Мельпомена



Pdf көрінісі
бет11/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Дерек: Геродот. Тарих. ІV- кітап, Мельпомена
] / Қазақ тіліне 
ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. – 3000 дана. – ISBN 9965-35-640-8-( Т.1. – 52-53 бб.). 
«46... «Бізге мәлім барлық ұлыстардың арасында скифтер ғана тек бір өнерді жақсы 
меңгерген. Ол – әскери өнер. Скифтер өздерінің жеріне шабуыл жасаған жауларының бірде – 
біреуін аман құтқармайды. Ал егер өздерінің қалауымен ғана тосып тұрып, жаумен шайқасқысы 
келген жағдайдан басқа кездің бәрінде де оларға қарасын көрсетпейді, байтақ далаға сіңіп
таптырмай кетеді. Өйткені скифтердің белгілі бір қаласы да, белгілі бір бекінісі де жоқ – олар 
баспаналары мен үй-жайларын, бала-шағасын өздерімен бірге ала жүреді.Скифтердің бәрі де ат 
құлағында ойнайды, садақ тарту өнерін шебер меңгерген. Олар егіншілікпен айналыспайды, мал 
өнімдерін әрі қорек, әрі киім-кешек етеді. Баспаналары – күймелі арба. Ондай халықтың 
жеңілмейтін жауынгер, жауға алдырмас айлакер болмасқа құқығы жоқ». 
Ежелгі дүниедегі және 
византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы [Мәтін]: 4 томдық / Құрас. А.Н. Гарковец. – 
Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы [
Дерек: Геродот. 
Тарих.
 
ІV- кітап, Мельпомена
] / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. – 3000 
дана. – ISBN 9965-35-640-8-( Т.1. – 69 бб.).
«5. 
Аннонға.
Менің киімім – скиф шекпені, аяқ киімім – екі аяғымның өз терісі, төсек – 
орным – қара жер, түскі асым да, ертеңгі асым да – сүт, ірімшік, қуырылған ет, ал сусыным – 
қара су ғана......... 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
10 
6. 
Патшаның ұлына.
Сенің сәнің – сыбызғы-сырнайлар мен бүйірі бұлтиған әмияндар, ал менің 
сәнім – сұр жебе мен адырнасы ала өгіздей мөңіреген садақ. Сондықтан да сенің кәдімгі құлдың 
халінде болуың, ал менің өз еркім өзімдегі азат адам болуым – әбден табиғи нәрсе. Сенің жауың 
толып жатыр, ал менде олардың біреуі де жоқ. Егер алтын-күмісіңді лақтырып тастап, садақ пен 
қорамсақ асынып жүрсең және скифтермен бірге тұрсаң, онда тұп-тура мен сияқты боласың. 
9. 
Крезге.
Скифтер мұдай жағдайға душар болудан аулақ: өйткені біз бүкіл жерімізге 
бәріміз бірдей ортақ иелік етеміз. Бұл ол жердің өзі ерікті түрде не сыйласа, соны ғана аламыз, 
ал өз қойнауында жасырып қалатын байлығына қол сұқпаймыз. Мал жандарымызды тағы өсетін 
жыртқыш аңдардан қорғаймыз. Соның есесіне, біз олардың сүтін, ірімшігін қорек етеміз. Бір 
қару – жарақты басқа біреулерге тиісу үшін емес, қажет болған кезде өзімізді-өзіміз қорғау үшін 
ұстаймыз. Бірақ бұған дейін бізге ондай ештеңе бола қойған жоқ. Өйткені біз өзімізге басқын-
шылықпен шабуыл жасағандарға қарсы қасық қанымыз қалғанша ерлікпен шайқасатын күрес-
керлер әрі жеңіске жеткен жақтың жүлдесі болып табыламыз. Бірақ ондай жүлдеге ие болуды 
екінің бірі қалай бермейді...». 
Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала 
тарихы [Мәтін]: 4 томдық / Құрас. А.Н. Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі 
грек авторлары Ұлы Дала туралы [


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет