Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет67/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123
5. Көркем шығармалар
Көркем шығармалар санатынан бүгінгі таңда армян графика-
сымен қыпшақ тілінде жазылған көркем-дидактикалық жанрдағы «Дана Хикар сөзі» атты еңбек 
табылған. Бұл қолжазба қазіргі таңда Венадағы Армян мхитаристтер конгрегациясы кітапха-
насында №468 нөмірмен сақтаулы. Алғаш рет бұл қолжазбаға қатысты жарияланымды Ж. Дени 
мен Э. Трыярский жасаған [28]. Мұрада Ассирия елі, ондағы Ниневия қаласы, Синахериб, 
Ассархаддон патшалардың аттары аталуына және б.з.д. V ғасырда арамей тілінде папирусқа 
жазылған, қазірде Берлинде сақтаулы үзінді табылуына сәйкес бұл шығарма әуел баста 
Ассирияда, Вавилонияда пайда болған деп шамаланады. Синахерибтің ақылды, тапқыр, дана 
кеңесшісі Ахикар өмірінің кейбір тұсы мен асырап алған баласына айтқан өсиеттері толық 
болмаса да, сақталып, араб, армян, грек, орыс, парсы, румын, т.б. тілдерде әр елге тарап, әр кезде 
жинақталып басылған. Бұлардың бірі Львов маңайын мекендеген қыпшақтарға жетіп, армян 
әліпбиімен қыпшақ тіліне көшірілген. 
Отандық ғалым С. Құдасов 1990 жылы «Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар 
сөзінің тілі» еңбегін жариялап, қолжазбаны қазіргі қазақ тіліне транскрипциялап, алғаш рет 
қазақ тіліне аударып, ескерткіш тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйесін 
талдап көрсетеді. Шығарманың армян жазуымен қыпшақ тілінде бізге сәл қысқартылып, тек 
өсиеттері жеткен. Онда дүние, өмір, тіршілік, адам қасиеттері, әділдік, жақсылық, жамандық 
туралы қысқаша сипаттамалар, ой-түйіндер, теңеу, эпитет, әсірелеу, мақал-мәтелдер тәрізді 
көркем тәсілдермен бейнеленген. «Дана Хикар сөзінде», мысалы, мынадай тәлім-тәрбиелік, 
үгіт-өсиеттер молынан кездеседі: «Дүниеде не тәтті? Хикар айтты: Беттің ұяты. Кімнің жүзінің 
ұяты болса, ол сүйкімді, өйткені барша жаман нәрсе арсыздықтан туады»; «Ұяттан тәңірден 
қорыққандай қорық»; «Тіліңді жаман сөзден сақта», «Ұлым жығылған дұшпаныңды көрсең, оны 
күліп, масқара етпе, тұрса саған жамандық жасар», «Ұлым садақа бергенде жарлыны ашын-
дырма, бергенің тәңріге қабыл болмас» [29]. 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет